Өнімділікті басқару
Реклама. ООО «ЛитРес», ИНН: 7719571260.
Оглавление
Сейсембай Жұмамбаев. Өнімділікті басқару
АЛҒЫ СӨЗ
КІРІСПЕ
1. ӨНІМДІЛІКТІ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Тиімділікті белгілейтін факторлардың болмысына көзқарастардың дамуы
1.2. Өнімділік түсінігі. Өнімділік факторларын жіктеу
1.3. Өнімділік концепциясы
1.4. Өнімділік факторлары мен резервтерінің өзара байланысы
2. ӨНІМДІЛІКТІ ӨЛШЕУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ
2.1. Өнімділікті өлшеу және талдау туралы көзқарастар
2.2. Өнімділікті талдау мәселелері
3. ӨНІМДІЛІКТІ ЖОҒАРЫЛАТУ ҮДЕРІСІН БАСҚАРУ
3.1. Өнімділікті басқару үдерісі
3.2. Өнімділік компоненттері (сыңарлары)
3.3. Өнімділікті жоғарылату үдерісін басқару жүйесі
3.4. Өнімділікті жоғарылату үйірмелер концепциясы
3.5. Тиімділікке топтық қолғабыс ету (көмектесу) әдісі
4. ТИІМДІЛІКТІ БАСҚАРУ ДАМУЫНЫҢ ЗАМАНАУИ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ
ҚОСЫМША МАТЕРИАЛ (шартты мысал)
СӨЗДІК
ӘДЕБИЕТ
Отрывок из книги
Курс мақсаты – студенттерде өнімділікке негізделген басқару туралы білімдер мен тәжірибелік тәсілдер кешенін қалыптастыру, осыған байланысты олардың кәсіби қызметінде қажет әдістермен қаруландыру. Студенттер бұл курсты оқып біткеннен кейін келесілер қолынан келетін болады:
– өнімділікті басқару стратегиясы мен мақсаттарын қалыптастыру;
.....
Көптеген зерттеулер білімге жұмсалған қаражаттар тиімділігі оқу мерзімі ұзарған сайын өсетінін көрсетті, бөлінген қаржының рентабельдігі физикалық капиталға жұмсалған қаржының пайдалығынан артық болып келетінін дәлелдеді. Осы қорытындылар дамыған елдерде ағарту және кадрларды даярлау аясын теңдесі жоқ дамытуға теориялық негіз болды.
Қабылданатын техникалық-экономикалық шешімдер көбінесе бірегей болып келетін биік технология пайдалану саласында, жаңа сапалы жұмыс күшіне қажеттік ерекше сезініледі. Жоғары мобильді және көпфункционалды жабдықтарды пайдалану арқасында техникалық жаңарту мен өнімділіктің артуы персоналдың белсендігі өсуімен, құзыреттілігімен және олардың формальды емес өндіріс үдерісіне қатыстырумен тығыз байланысты болады.
.....