Читать книгу Коллоидтық химияның көрнекі тəжірибелері - Əзімбек Қоқанбаев - Страница 1

КІРІСПЕ

Оглавление

Коллоидтық химияның демонстрациялық тәжірибелеріне арналған қазақ тіліндегі алғашқы оқу-әдістемелік құралын 2002 жылы «Қазақ университеті» баспасынан шығарған едік. Ол бүгінде библиографиялық тапшылыққа айналды. Оның үстіне коллоидтық химияның жаңа терминологиялық сөздіктерін ескере отырып, сол бұрынғы оқу-әдістемелік құралда жазылған материалдарды толықтырып, заманауи талаптарға сәйкестендіріп, әдістемелік нұсқаулықты «Коллоидтық химияның көрнекі тәжірибелері» атты тақырыппен баспаға ұсынып отырмыз.

Әдістемелік нұсқаулық бес тараудан тұрады. Бірінші тарауда коллоидтық жүйелердің жалпы қасиеттеріне арналған тәжірибелер берілген. Онда коллоидтық жүйелерді алу, оларды тазарту әдістері және кірнелердің оптикалық, молекулалы-кинетикалық қасиеттері бойынша тәжірибелер жазылған.

Екінші тарауда коллоидтық жүйелердің теорияларына арналған тәжірибелер берілген. Онда электркинетикалық, электрқылтүтіктік құбылыстар және үлкен молекулалық қосылыстар ерітінділеріне арналған тәжірибелер жазылған.

Үшінші тараудағы тәжірибелер адсорбциялық құбылыстар мен хромотографиялық талдауға арналған, ал төртінші тарауда коллоидтық жүйелер күйлерінің өзгеруіне (кірнелердің коагуляциясы мен сірнелердегі құбылыстар) арналған тәжірибелер жазылған.

Бесінші тарауда микрогетерогендік жүйелердің (майғындардың, көбіктердің және аэрокірнелердің) қасиеттерін түсіндіретін көрнекі тәжірибелер берілген.

Әр тәжірибе бойынша қажетті заттар (реактивтер, құрал-жабдықтар, құрылғылар, ыдыстар және т.б.) көрсетіліп, тәжірибенің орындалуы мен нәтижесі беріліп, соңында түсіндірілуі жазылған.

Әдістемелік нұсқаулық химия, химиялық технология және басқа да коллоидтық химия пәнін оқитын студенттер мен оқытушыларға арналған.

Коллоидтық химияның көрнекі тəжірибелері

Подняться наверх