Читать книгу Коллоидтық химияның көрнекі тəжірибелері - Əзімбек Қоқанбаев - Страница 6
2-тарау
КОЛЛОИДТЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІҢ ТЕОРИЯЛАРЫНА АРНАЛҒАН ТӘЖІРИБЕЛЕР
Оглавление2.1. Электркинетикалық және электрқылтүтіктік құбылыстар
1-тәжірибе. Электрфорез құбылысын бақылау. Рейсс тәжірибесі
Тәжірибеге қажетті нәрселер: 1) Саз; 2) Құм; 3) Ұзындығы 4 см 2 платина немесе мыс электродтары; 4) ВСА-10 ауыспалы тоқты түзеткіш; 5) Диаметрі 10 см кристализатор; 6) Диаметрі 12 мм, ұзындығы 15 см 2 шыны түтікше; 7) 1 мл-лік тамшуыр
Алдын ала жүргізілетін жұмыс: Сазды бөлшектердің электрфорезі бойынша ойдағыдай тәжірибе жүргізу үшін алдын ала сазды қойыртпақ дайындап алу керек. Шамамен 200-300 г бейтарап сазға жақсылап араластыра отырып, аз-аздан 0,02 н 250-300 мл КОН ерітіндісін араластырамыз. Шыны кристализатордың шетіне дейін алынған қойыртпақ толтырамыз.
Шамамен 5-10 г ұсақ өзен құмын барлық қоспалардан тазарту үшін кезекпе-кезек тұз және күкіртқышқылымен өңдейміз, сосын айдалған сумен жақсылап шайқап, кептіреміз.
Тәжірибенің орындалуы: Саз қойыртпаққа бір-бірінен шамалы қашықтықта екі шыны түтікшені тығамыз да, қалыңдығы 0,5 см болатындай етіп жақсылап жуылған өзен құмынан қабат жасап себеміз.
Түтікшелерге 0,1 н КОН ерітіндісінен 15-20 мл құямыз, бірақ оның жоғарғы деңгейі түтікшенің шетіне бірнеше см-дей жетпей тұруы керек. Екі түтікшеге платина немесе мыс электродтарын қойып, оларды жоғары вольтты түзеткіштің клеммасымен жалғастырып, тоқты қосамыз. 120 В кернеудегі ток күші шамамен 50-250 А болады.
Тәжірибенің нәтижесі: Ток қосқаннан кейін бірнеше минут өткен соң, катод жазықтығындағы ерітінді шамамен 1 см-ге көтеріледі, ал анодта 1 см-ге түседі. Екі жақтағы деңгейлердің айырмашылығы 2 см болады. Сонымен бірге оң элоктродты түтіктің құм қабатының ішіне саз болшектері өтіп, лайлы жүзгін байқалады. Теріс электродты түтікшеден ерітінді мөлдір болып табылады.