Дипломатия тарихы
Реклама. ООО «ЛитРес», ИНН: 7719571260.
Оглавление
Амангелді Әліпбаев. Дипломатия тарихы
КІРІСПЕ
1-дәріс «ДИПЛОМАТИЯ» ЖӘНЕ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
2-дәріс. ЕЖЕЛГІ ҮНДІСТАН ДИПЛОМАТИЯСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
3-дәріс. ЕЖЕЛГІ ҚЫТАЙ ДИПЛОМАТИЯСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
4-дәріс. ЕЖЕЛГІ ЕГИПЕТ ДИПЛОМАТИЯСЫ
5-дәріс. ЕЖЕЛГІ ГРЕКИЯ ДИПЛОМАТИЯСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН НЫҒАЮЫ
6-дәріс. ЕЖЕЛГІ РИМ ДИПЛОМАТИЯСЫНЫҢ ДАМУЫ
7-дәріс. ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ДИПЛОМАТИЯ ЖӘНЕ ВИЗАНТИЯ
8-дәріс. БАТЫС ЕУРОПА ЕЛДЕРІНІҢ ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ДИПЛОМАТИЯСЫ
9-дәріс. ЕЖЕЛГІ ОРЫС ДИПЛОМАТИЯСЫ
10-дәріс. ЖАҢА ЗАМАН ДӘУІРІНДЕГІ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЩ ДАМУЫ
11-дәріс. КОНСУЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ
12-дәріс. ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ДИПЛОМАТИЯСЫ
13-дәріс. ШЕТ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ
14-дәріс. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ ҮРДІСІ
СЕМИНАР САБАҚТАРЫН ЖҮРГІЗУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ҮШІН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ӘДЕБИЕТТЕР
ТЕРМИН СӨЗДЕРГЕ ТҮСІНІК (ГЛОССАРИЙ)
Отрывок из книги
– Дипломатия пәні мен «Дипломатия» терминінің шығуы.
– Дипломатия және дипломаттар.
.....
Дипломатиялық қызмет жазба жұмысымен өте тығыз байланысты. Дипломатиялық хат алмасу арқылы мемлекеттердің дипломатиялық қарым-қатынастары жүзеге асады. Дипломаттар өздерінің жұмыс уақытының басым мөлшерін өз Үкіметі мен Сыртқы істер министрлігі арасында ресми хат алмасуға арнайды: саяси хаттар, шартты белгімен жазылатын жеделхаттар, әртүрлі нұсқадағы анықтамалар, ұсыныстар, сұхбат жазбаларын, келіссөздер мен баспасөз мәслихаттарына арналған мәлімдеме жобаларын, жадынамалық жазбаларын, келісімдер мен шарттардың жобаларын және т.б. дайындайды, сондайақ шетелдік дипломатиялық өкілдіктер мен министрліктер арасындағы дипломатиялық құжаттарды: ноталар, мәлімдемелер, декларациялар, жеке жолдамалар, меморандумдар, коммюникелер, басқа да ресми құжаттарды жобалайды. Осы құжаттарды дайындау барысында дипломатиялық тілге ерекше көңіл бөлінеді.
Дипломатияда дипломатиялық тіл екі түрлі түсінікті білдіру үшін қолданылатын ұғым. Біріншіден, бұл ресми дипломатиялық қатынастар жүргізілетін және халықаралық келісімшарттар жасалынатын тіл. Екіншіден, бұл жалпы қабылданған дипломатиялық сөздікті құрайтын дипломатия саласындағы белгілі бір түсінікті дәл бейнелейтін терминдер мен сөз орамдарының жиынтығы. Мысалы: агреман, атташе, альтернат, денонсациялау, пакт, ратификациялау сияқты терминдер дипломатия саласына тән терминдер.
.....