Еуропа жəне Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1945-2009)

Еуропа жəне Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1945-2009)
Автор книги: id книги: 803699     Оценка: 0.0     Голосов: 0     Отзывы, комментарии: 0 186 руб.     (1,82$) Читать книгу Купить и скачать книгу Купить бумажную книгу Электронная книга Жанр: Учебная литература Правообладатель и/или издательство: КазНУ Дата публикации, год издания: 2010 Дата добавления в каталог КнигаЛит: ISBN: 9965-29-514-X Скачать фрагмент в формате   fb2   fb2.zip Возрастное ограничение: 0+ Оглавление Отрывок из книги

Реклама. ООО «ЛитРес», ИНН: 7719571260.

Описание книги

Оқу құралында Еуропа жəне Америка елдерінің қазіргі заман тарихының екінші кезеңіндегі саяси-экономикалық, əлеуметтік дамуы жəне олардың жүргізген сыртқы саясаттары жан-жақты қарастырылады. Оқу құралы халықаралық қатынастар жəне аймақтану мамандығы бойынша білім алатын студенттерге арналған.

Оглавление

Бақыт Бөжеева. Еуропа жəне Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1945-2009)

КІРІСПЕ

1-тарау. ЕКІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫСТАН КЕЙІНГІ БЕЙБІТ РЕТТЕУ МӘСЕЛЕСІ

2-тарау. АМЕРИКА ҚҰРАМА ШТАТТАРЫ (1945-2009 ж.)

3-тарау. ГЕРМАНИЯ ФЕДЕРАТИВТІК РЕСПУБЛИКАСЫ (1945 – 2009 ж.)

4-тарау. 1945-2009 ЖЫЛДАР АРАЛЫҒЫНДАҒЫ ФРАНЦИЯ

5-тарау. 1945–2009 ЖЫЛДАР АРАЛЫҒЫНДАҒЫ ҰЛЫБРИТАНИЯ

6-тарау. 1945-2009 ЖЫЛДАР АРАЛЫҒЫНДАҒЫ ИТАЛИЯ

7-тарау. ИСПАНИЯНЫҢ ЕКІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫСТАН КЕЙІНГІ САЯСИ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ

8-тарау. ОРТАЛЫҚ ЖӘНЕ ОҢТҮСТІК-ШЫҒЫС ЕУРОПА ЕЛДЕРІ (1945-2009 ж.)

9-тарау. ЕУРОПАЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯ ҮРДІСІ: АЛҒЫШАРТТАРЫ, ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

Тест тапсырмаларының жауаптары:

Отрывок из книги

Екінші дүниежүзілік соғыс адамзат баласының тарихындағы ең ауыр және қанды соғыс болды. Соғыс барысында 60 млн-ға таяу адам қаза болып, оның ішінде 27 млн-ға таяуы Кеңестер Одағының азаматтары және 6 млн адам Польша мемлекетінен еді. Ондаған миллион адамдар жараланды және мүгедек болды. І дүниежүзілік соғыспен салыстырғанда ІІ дүниежүзілік соғыстағы адам шығыны 6 есеге, ал материалдық шығын 12 есеге көп болды. Германия мемлекетіне қолға түскен 4,5 млн кеңестік әскери қызметкерлердің тек 1,8 млн ғана үйіне оралған болатын. Арнайы құрылған неміс лагерьлерінде 11 млн-нан астам адамдар өлтірілді, оның ішінде 6 млн еврей халқы бар.

Барлық мұхиттар мен құрлықтарды (Антарктикадан басқа), жер шарының 4/5 бөлігін қамтыған екінші дүниежүзілік соғыс – адамзат баласының тарихындағы өте өзгерісті кезеңнің бірі. Екінші дүниежүзілік соғыстың ең маңызды қорытындысы – фашизмді жеңу болды. Фашистік және соғысқұмар басқыншы-мемлекеттер – Германия, Италия, Жапония және олардың одақтастары толығымен талқандалды.

.....

Клинтонның әлеуметтік бағдарламасы да көңілге қонымды болды. Ол өзіне балалар мен жасөспірімдерге көмек көрсету, жастарға мамандық беру орталықтарының жүйесін кеңейту, мектепке дейінгі мекемелерге қаржылай көмекті ұлғайту, бүкіл мемлекет бойынша балаларға міндетті вакцина салу, шағын кәсіпкерлікке салықтық жеңілдіктер жасау, жоғары білім беру мен денсаулық сақтау саласында реформа жүргізу, жұмыссыздыққа байланысты жәрдемақының мерзімін ұлғайтуды енгізді. Жалпы алғанда экономиканы тұрақтандыруға жылына 6 млрд доллар керек болды. Клинтон әкімшілігі алғашқы төрт жылда 500 мың жаңа жұмыс орындарын ашады деп жоспарланды.

Жаңа әкімшіліктің сайлау алдындағы уәделерінің жартысын болсын орындауға деген талпыныстарына қарамастан елдегі әлеуметтік- экономикалық жағдай нашар болды. Клинтонның атағы елде төмендеп, 1995 жылы тек 10-15 % құрады. Бұл демократтардың 1996 жылғы сайлауда жеңуі мүмкін емес екенін көрсетті. Бұл жағдайда президент Клинтон өз бағдарламасын қайтадан қарастырды. Басқаша айтқанда, Клинтон жеке капиталды арттырып, әлеуметтік шығындарды азайтуға кірісті. Көп ұзамай бұл шаралар халықтың көпшілігіне жағымды өзгерістер алып келді, ал елдің экономикалық жағдайы жақсара бастады. Бұған, әрине, әлемдік нарықтағы қолайлы жағдайлар да әсер етті.

.....

Добавление нового отзыва

Комментарий Поле, отмеченное звёздочкой  — обязательно к заполнению

Отзывы и комментарии читателей

Нет рецензий. Будьте первым, кто напишет рецензию на книгу Еуропа жəне Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1945-2009)
Подняться наверх