Читать книгу Неміс тілі - Балхия Тастемирова - Страница 1
Алғы сөз
ОглавлениеНеміс тілінің оқу-əдістемелік құралы биология факультеті бакалавр жəне магистранттарына қазақ жəне орыс тілдерінде ұсынылып отыр. Оның мақсаты – белсенді шет тілдік сөздік қорын молайту; сөйлеу əрекетінің төрт əрекеттерін: тыңдалым, оқылым, сөйлесім жəне жазылымдарды дамыту; биология саласындағы мəселелерді неміс тілінде екі жақты аударма жасау мен кəсіби коммуникациясын жетілдіру болып табылады.
Оқу-əдістемелік құрал биология саласындағы мəселелерді қарастыратын материалдар неміс, қазақ жəне орыс тілдерінде жазылған оқулықтар мен ғылыми əдебиеттерінің түпнұсқасынан жəне бейімдетілген мəтіндерден құрастырылды.Ұсынылып отырған мəтіндердің мағынасы маңызды ақпараттарды қамтыған жəне олар студенттердің дүниетанымын ары қарай толық-тыра түседа.Əрбір тақырып ауызша мен жазбаша аударма жасауға жəне белсенді жұмыс істеуге арналған мəтіндерді ұсынады жəне негізгі мəтіннен кейін белсенді сөздік қазақ жəне орыс тілдерінде беріледі. Сонымен қатар мəтінге арнайы лексика-грамматикалық жаттығулар мен интербелсенді тапсыр-малар берілген. Грамматикалық материалдар тілдік емес факультеттерде шет тілін оқытуда 1 жəне 2-курстарға арналған типтік жоспарға жүйелі сəйкестендірілген.
Оқу-əдістемелпс кн рал кіріспеден, 20-дан астам мəтіндер мен қосымша қазақ тшшде берілген мəтіндерден, интербелсенді лексика-грамматикалық жаттығулардан, студенттердің өз мамандықтарына байланысты шығармашылықпен қарауды талап ететін тапсырмалардан тұрады. Бұл тапсырмалардың ерекшелігі студенттердің зерттеу жұмысына да жұмылдыруды көздейда. Осының нəтижесінде студенттердің теориялық білімін тереңдетуде шет тілінен сөздік қорларын молайтуға, өмір тəжіри-бесінен табиғатты бақылауына да мүмкіндіктері туады
Авторлар осы оқу əдістемелік құралды əзірлеу барысында өздерінің алдына қойған міндеттерінің күрделі екендігін сезіне отырып, биология ғылымына қызығатын барша қауымның осы еңбекке аса ілтипатпен қарайтынына сенім білдіреді жəне сын-ескертпелер болса, болашақта осы оқу-əдістемелік құралды одан əрі жетілдіруге қосқан үлкен үлес ретінде қабылдайды.