Читать книгу Köttı qysqan investor - Даулет Арманович - Страница 10
1 -ШІ тарау. Ақшаны қайдан алу және бизнес нұсқалары
1.5 Инвестициялар
ОглавлениеБіз қызығушылығымызды тудыратын ақша көзіне де жеттік. Оның ең бірінші артықшылығы-ешнәрсемен шектелмегендігінде: уақыт, географиялық тұрғыда. Мансабыңыз болған кезіңізде тәуліктегі 24 сағаттың сегізі ұйқыға, сегізі басқа: отбасына, жолға, ойын-сауыққа тағы басқа нәрселерге кетіп жатады. Жұмысқа уақытыңызды көп жұмсай алмайсыз. Біреуді жалдасаңыз, оларды қадағалап басқару керек. Ол үшін адамдармен қарым-қатынас жасай білу үшін тәжірибе, білім, эмоционалды күш-қуат қажет.
Бұл бизнесіңіз болса да, келесі көрініс орын алады. Өз қолыңмен әртүрлі он шақты бизнесті басқару қиын. Сіз ол үшін көмектесетін адам жалдап, ақысына ақша төлейсіз. Үнемделген ақшаңыз күннен күнге өсе беруі мүмкін. Көз алдыңызға өсіп тұрған гүлді елестетіңізші: жан жағына ұрығын сеуіп, ол ұрықтардан тура сондай гүлдер өсіп жатса. Бұл гүл құмырамен шектелген боп тұр. Бір гүл жылына тура сондай гүлді өсірсе екі гүл болады. Жыл сайын бір гүл- екіге, екі жылда-төртке, үш жылда-алтыға көбейе береді делік. Инвестицияңыз да сол сияқты, мұнда бір ғана «гәп» бар-оның капитал сияқты құмырасы жоқ. Бұл жақсы. Біз гүлді құмырада өсіреміз, себебі оларға құмыра далада өскеннен гөрі ұнайды. Бұл жерде де солай: біздің қаражатымыз «құмырасыз» жақсы өседі. Олар көбею арқылы өсіп отырады. Сондықтан ірі капитал құруға көп жинақтар қажет емес, ең алдымен тәртіп пен ертерек инвестицияны бастау керек. Тағы да нені айтып кетсек болады? Мүмкін, сіздер инвестиция арқылы көптеген бай адамдардың одан ары байығаны туралы білмейтін шығарсыздар. Әрине, бұл өте тамаша, ал оны пайдаланбағандық – ақымақтық шығар.