Читать книгу Köttı qysqan investor - Даулет Арманович - Страница 21
1 -ШІ тарау. Ақшаны қайдан алу және бизнес нұсқалары
1.8.4 FIRE (FINANCIAL INDEPENDENCE, RETIRE EARLY) ҚОЗҒАЛЫСЫ
ОглавлениеНеге осы тақырыпқа тоқталып отырмыз? Негізігі тақырыбымыз-үнемдеу. Статистика бойынша адамдар 25 жыл бойы өзінің табысының 20 пайызын инвестицияға құйып, зейнетке шыққанда жұмыс істеген кездегіден де жақсырақ тұрады екенін көрсетеді. Бұл дерек адамдардың қаражатты тезірек жинай бастаса, 45 жасынан бастап зейнетке шыға алатынын белгілейді. Сіздерді FIRE қозғалысымен таныстырғым келеді. «Қаржылық тәуелсіздігі немесе ерте зейнет» атты ұйымының қызметі жай ғана: табысыңның бір бөлігін жина, инвестицияға сал, нақты бір капитал жиналған кезде соның пайызына рахаттанып өмір сүр деген принцип. Мен ол принциптерге жиі тоқталып тұрамын, оны өзіңіз интернеттен немесе YouTube каналдарынан да таба аласыз. Әрі қарай армандаған миллионға жету жолының әр қадамын талдап отырамыз.