Читать книгу Köttı qysqan investor - Даулет Арманович - Страница 5
1 -ШІ тарау. Ақшаны қайдан алу және бизнес нұсқалары
1.1.1 Шағын бизнес
ОглавлениеШағын бизнестің қызмет көрсету саласындағы жақсы жақтары неде? Ол – аз уақытта тәуір ақша тауып капиталды жинап алу. Қызмет көрсету саласындағы бизнес едәуір инвестицияны қажет етпейді, көбіне жарнама мен үй-жайларға саласыз. Бизнестің алғашқы кезеңін алсақ, мынадай математика шығады: сіз 100 мың саласыз да (2020 жылдың тамыз айының доллар бағамы 240$), 1 айдың ішінде қайтара аласыз. Сөйтіп бір жылда бір айлық пайдаңыз 100 мың боп тұрады. Ал бизнесіңізді дамыта берсеңіз, өсімі де көбейе береді; миллион, 5 миллион… Қызмет көрсету саласының бір жақсысы – тез кеңейте аласыз, мысалы, онлайн арқылы бүкіл елге немесе әлемге де шығуға болады. Бұл бизнес сізден тек бастауды, көңіліңіз, күш-қуат пен көзделген мақсатыңызды талап етеді.
Бірақ сізде бұл бизнеспен қаншама уақыт айналаса аласыз деген сұрақ туындауы мүмкін? Жұмыс жасамай, сол өсімнің пайдасымен өмір сүру уақытын аңсаймыз, дегенмен ол тез арада болмас. Бұны тек мен ғана емес, көптеген кәсіпкерлерде де кездесетін жағдай. Бұны сол деңгейге жеткендер ғана түсінетін шығар. Сол себептен шеберлік пен дағдылыққа апарар жол ұзақтау. Статистикаға сүйенсек, неден жоғалтып, неден пайда көретінімізді анықтауға болады. Бізде осы бизнеске құйған 100% ақшаны жоғалту қаупі бар делік, егер де бұл іспен айналысу қиындық туындатса, өсімінен де айырыламыз. Бұл, мысалы, капиталымызды құрған 100 мың теңге (2020 жылдың тамыз айының доллар бағамы 240$). Ықтимал пайдамыз -1200$, бұл көрсеткіштің сәттілігі 20-ның ішінен 1-і ғана болуы мүмкін.