Читать книгу Меншікке қарсы қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық - Гүлзағира Атаханова - Страница 3

1 МЕНШІККЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ
1.2 Мүлікті заңсыз айналымға түсудің түрлерінің қазіргі таңдағы өзектілігі

Оглавление

1955 жылғы 15 қаңтардағы ҚазССР-нің Қылмыстық кодексінде және қазіргі қолданыстағы қылмыстық заңнамалар бойынша қылмысты бағалауда және жаза мөлшерін қолдануда мүлікті талан – таражға салудың мөлшеріне назар аударған. Бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсудің жасалу тәсілдерінің өзі талан-тараждалған мүліктің мөлшеріне қарай бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсу бірнеше түрге бөлінеді. Қазіргі қолданылып жүрген Қылмыстық заңнамада бөтеннің мүлкін ұсақтап талан-таражға салғаны үшін қылмыстық жауаптылық көзделмеген. Талан-таражға түскен мүліктің құны қылмыс істеген уақыттағы зиянмен белгіленген айлық есептік көрсеткішпен белгіленеді. Талан-таражға ұшыраған мүліктің бағасы мемлекеттік өткізу бағасымен, егер мүлік нарық немесе комиссиялық бағамен алынса, осы бағалармен есептелуі қажет. 1959 жылғы қылмыстық заңнаманың 77 бабына сәйкес «ұсақ бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсу 50 рубльден аспауы тиіс, ал 50 рубльден 2500 рубльге дейін елеулі мөлшердегі талан-тараж, ірі мөлшердегі талан-тараж 2500 рубльден 10000 рбль, аса ірі мөлшердегі талан-тараж 10 000 рубльды құрады.». Талан-таражға түскен заттың бағасы белгісіз болса, онда оның бағасы сарапшының қорытындысы бойынша анықталады.

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі № 60-1v Заңы Қылмыстық кодекстен бірнеше бапты шегеріп тастап, бірнеше рет ұсақ бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсуді қылмыстар қатарынан алып тастады [30]. Сонымен қатар, заң шығарушы ұсақ бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсуді бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсудің түрі ретінде қалдырып, оны қылмыс емес, әкімшілік құқық бұзушылықтар қатарына жатқызды. Қылмыстық заңнамада бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсудің үш түрі көрсетілген: жай бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсу, ірі мөлшердегі және аса ірі мөлшердегі бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсу. Егер адам бұрын немесе қорқытып алғаны үшін екі және одан да көп рет сотталған болса және соттылығы заңмен белгіленген тәртіппен жойылмаған және алынбаған болса, кінәлі адамның әрекеттері ҚК-нің 175, 176, 177, 178-баптарының 3-бөлігінің "в" тармағы алынып тасталған және ҚК-нің 179-бабы 3-бөлігінің "г" тармағы алынып тасталынды. ҚК 13-бабының төртінші бөлігіне сәйкес кәмелеттік жасқа толмай тұрып жасалған ұрлық үшін бұрынғы соттылықтар әрекеттерді бірнеше рет немесе екi немесе одан да көп рет сотталған адам жасаған деген белгілері бойынша саралау кезінде ескерілмейді.

ҚК 175 бабындағы ескертпеге сәйкес, ұрланған мүліктің құны әрекет жасалған кезде Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген бес жүз есе асып түсетін айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен асатын болса, мұндай бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсу ірі мөлшерде деп танылады. Ұрланған мүліктің мөлшері көрсетілген мөлшерден бес жүз есе асып түсетін және одан астам есе болса, бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсу аса ірі деп анықталады. Қазіргі қолданыстағы Қылмыстық кодекс бойынша ҚР 2009 жылғы 10 желтоқсандағы № 227-׀V Заңымен 3-4 бөліктері алынып тасталынды. Бұл заң шығарушының тарапынан жасалған ұтымды игі істің бірі деп есептейміз.

Жай бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсу жағдайында алынған мүліктің мөлшері ерекше әдіспен анықталады. ҚК-тің 175 бабының ескертпелерінің 5 бөлігіне және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексінің 51 бабына сәйкес, ұсақ бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсу үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылмаған, алайда ол әкімшілік құқық бұзушылық деп танылады. Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 51 бабының ескертпесіне сәйкес, заңды тұлғаның мүлкін қылмыстық әрекет жасалған кезде он еселік мөлшерінен аспайтын сомада ұрлау, алаяқтық, бөтеннің мүлкін иелену немесе ысырап ету арқылы бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсу, сондай-ақ топтасқан адамдар жасаған ұрлықты немесе оның үстіндегі киімінен, қол жүгінен, болмаса үйінің ішінен жасаған ұрлықты қоспағанда, жеке тұлғаның базалық мөлшердің екі еселік мөлшерінен аспайтын сомалық мүлкін бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсу ұсақ бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсу болып саналады. Аталған ереже бойынша, тонау, қарақшылық, қорқытып алушылық арқылы жасалған талан-таражды (ұрланған заттың мөлшеріне қарамастан) ұсақ бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсуге жатқызуға болмайды.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде, тонау, қарақшылық, қорқытып алушылық арқылы жасалған жай ұрлық жасалған жағдайда ұрланған мүліктің мөлшері он еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен анықталуы мүмкін. Ұрлық, алаяқтық, иелену және ысырап ету арқылы меншікке қастандық жасау туралы айтар болсақ, онда заңды тұлғаның ұрланған мүлкінің құны қылмыс жасалған күні белгіленген базалық мөлшерден 10 және одан астам еселік мөлшерді құрайтын болса, ал жеке тұлғадан ұрланған мүліктің құны базалық мөлшерден екі немесе одан астам есе асатын болса мұндай ұрлық жай бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсу деп аталады. Бұл ортақ ережеге жеке тұлғаның мүлкін топтасқан адамдар жәбірленушінің киімінен, қол жүгінен немесе үйінен ұрлайтын жағдайлар жатпайды. Бұл жағдайда бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсу қоғамға үлкен қауіп төндіретіндіктен, заң шығарушы ұрланған мүлік құнының ең төменгі мөлшерін шектемейді.

Жоғарғы Сот Пленумының 2007 ж. 11 шілдедегі № 8 Қаулысына сәйкес, жалғасып жатқан қылмыстарда ұрланған мүліктің құнын анықтау кезінде ұқсас қылмыстық әрекеттердің ниеті бір екендігі ескеріліп, ұрланған мүліктің жалпы құны есептелу керек. Қылмысқа бірге қатысушылар ұрлаған мүліктің мөлшерін анықтау кезіндегі мәселе жоғарыдағыдай шешіледі. Ұрланған мүлік бірге қатысушылардың әрқайсысына тиесілі сома емес, бірге қатысушылардың ұрлағанының жалпы құны (әрине, субъективті белгілер бар болған жағдайда) негізінде бағаланады. Бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсудің белгілі-бір түрі туралы мәселені шешкен кезде айыпты тұлғаның ниетінің бағыттылығын ескеру қажет. Жоғарғы Сот Пленумының жоғарыда аталған Қаулысында былай делінген: «Егер ұрлық жасау кезінде айыптының ниеті ірі немесе аса ірі мөлшердегі мүлікті иеленуге бағытталған және бұл әрекет айыптыға байланысты емес жағдайлармен іске аспаған болса, жасалған әрекетті нақты ұрланған мүліктің көлеміне қарамастан ірі немесе аса ірі мөлшерде ұрлық жасау қастандығын ойлау деп бағалау керек» [31]. Ірі мөлшерде ұрлық жасау ҚР ҚК 175-бабына сәйкес, егер айлық есеп-мөлшерінен 500 есе қымбат мүлік ұрланған болса, Қазақстан Республикасында ірі мөлшердегі ұрлық деп есептеледі. Бұл ірі мөлшер қылмыстың бір эпизодына да, сондай-ақ жалғасқан бірнеше қылмыстың нәтижесіне де қолданылуы мүмкін. Егер бірыңғай қасақаналық болмаса, бірнеше рет жасалған қылмыстан келген зиянның басын қосуға болмайды. Мұндай жағдайда бірнеше рет жасалғандық бағалау белгісі қолданылуы қажет. Егер қылмыскердің ниеті ірі мөлшерде ұрлық жасауға бағытталған болса, бірақ оның еркінен тыс жағдайларға байланысты ұрланған мүліктің құны ірі мөлшерге жетпесе де, ірі мөлшерде қылмыс жасауға ұмтылғандық деп бағалау қажет.

Қорытындылай келгенде, ұрланған мүліктің мөлшері қылмыстың коғамға қауіптілігін көрсететін бағасы болып табылады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 21.03.1995 ж. баяндамасында қылмыстылықпен аяусыз күрес жүргізу қажеттігін көрсете келіп, былай деген болатын: “Нарықтық қатынастардың дамуы жаңа қылмыстық жағдайды және шаруашылық саласында жаңа қылмыс түрлерін туғызды. Бұл күнде біздің экономикамызда мынадай жағдайлар қалыптасты:

– астық, мұнай, металдар, мал шаруашылығы өнімдері, алтын-валюта қорлары ұрлануда. Іс жүзінде Еліміздің ұлттық байлығы ұрлауға салынуда. Тек қана ірі мөлшердегі ұрлықтың саны 1700-ден асып кетті”. Президентіміздің бұл айтқанынан шығатын қорытынды, қандай мөлшерде ұлттық байлық ұрлауға салынғанына қарамастан, ұрлық мемлекетіміздің экономикасына аса зор зиян келтіріп отыр.

Пайдакүнемдікпен жасалған әрбір қылмыс ұрланған мүліктің белгілі бір бағасына және мөлшеріне байланысты. Сондықтан, құқық бұзушылықтың белгілі бір мазмұны белгілі бір қылмысты бағалауға негіз болады. Яғни, ұрланған заттың мөлшері қылмыстың өлшемі болып табылады. Мұндай мөлшер әлбетте, мүліктердің құны. Демек, қылмыстың қоғамға қауіптілігін анықтау үшін және оны дұрыс саралау үшін ұрланған заттың мөлшері және құны аса маңызды болып табылады.

Бөтеннің мүлкін ірі мөлшерде ұрлау аса қауіпті және оның нәтижесінде мүлік иесіне үлкен зиян келеді.

Егер бөтеннің мүлкін ірі мөлшерде ұрлау тікелей ұрлық түрінде болса, қылмыс әрекетіне сай бағалану қажет, ал, басқа түрде болса, қылмыстың амал-әрекетіне қарай бағаланады.

Бөтеннің мүлкін ірі мөлшерде ұрлау алаяқтық жолымен де жүзеге асырылуы мүмкін. Өйткені, алаяқтық пайдақорлық тұрғыда жасалынған қылмыстардың ішінде жиі кездеседі.

Қоғамға қауіптілігі жағынан ауыр жауапкершілік белгіленетін ірі мөлшердегі ұрлық белгісі біздің заңдарымызда әрқашан көрсетіліп келеді. Республика деңгейінде қандай екендігіне қарамастан, ұрланған мүліктің мөлшері жаза тағайындауға ең басты шарт болып есептеледі.

Ірі мөлшерде жасалған ұрлыққа анықтама бергенде теория және практика жүзінде “ірі залал” және “ірі мөлшерде” деген түсініктер кездесіп отырады. “Ірі мөлшер” және “ірі залал” деген мәселелер қылмыс тұрғысына келгенде заңгерлер арасында түрлі дау туғызып жүр.

Көбінесе ұрлықтың мөлшерін анықтағанда келген тікелей зиянның шамасын және айыпкерлердің қандай мөлшерде байығанын көрсету жеткілікті болмайды екен. Өйткені, ұрлық салдарынан келген зиян ұрланған мүліктің шамасына сәйкес келе бермейді. Бұл зиянды жоғалған мүлік, одан алынуға тиісті табыстар, пайдалану пайдасы т.с.с. жақтарын да қосу керек. Бұл залал меншік иесіне қайтарылуы керек. Алайда, қылмыстық-құқықтық заңнан сырт тұрған бұл сипаттар залалдың мөлшерін анықтауға әсер етпейді. Демек, жоғарыда көрсетілген жағдайларды заң шығарушы ескере бермейді, өйткені, ол ҚК-тің 177 бабының 3 бөлімінде ұрлықтың ірі мөлшерін көрсетіп қойған. Демек, заң тұрғысынан алғанда, “ұрлық мөлшері” мен “залал мөлшері” деген атаулар түрі жағынан біраз алшақ болғанымен, мазмұны жағынан бірдей.

Заңдағы анықтамаларды былай қойып, ғылыми әдебиетте ұрлықтың ірі мөлшері ғана сөз болады, залал мөлшері жөнінде айтылмайды. Бұл орайда біз зерттеуші Ш.И.Чинхоевтың “ірі залал” түсінігі “ірі мөлшер” түсінігінен кеңірек, өйткені, айыпкердің қылмысы нәтижесінде жәбірленушінің ірі мөлшердегі мүлкі ұрланбаса да оған ірі мөлшерде зиян келуі мүмкін.

Ірі мөлшерде ұрлау жалғасқан бір қылмыстың тізбегі ретінде екі немесе одан да көп эпизодтардан тұруы мүмкін немесе басқаның мүлкіне қастық түріндегі бір қылмыстың нәтижесі болуы мүмкін.

А.А.Пинаев осы тұрғыда жалғасқан бір қылмыс болмаса да, қайталанған қылмыстық әрекет ретінде ірі мөлшердегі ұрлықтарды қоса қарастыру мүмкіндіктерін айтқан болатын. Бірақ бұл пікір бір қылмыс және қылмыстың қайталануы туралы қылмыстық-құқықтық нормаларға сәйкес келмейді. Сондай-ақ, әр эпизодты елеулі мүліктік зиян келтіретін жалғасқан қылмысты, келген зиянның жалпы мөлшері ірі болмаса, қайталанып жасалған қылмыс деп бағалау жөніндегі Г.А.Кригердің пікіріне де күдігіміз бар.

Сонымен бірге Қазақстан Республикасы Президентінің І995 ж. 12 мамырдағы Жарғысына сәйкес ірі мөлшердегі ұрлық немесе ірі мөлшердегі зиян ретінде ең аз жалақының 100 есе мөлшерінен асатын ұрлықты есептеу, аса ірі мөлшердегі зиян деп 500 есе мөлшерінен асатын ұрлықты, елеулі түрдегі зиян деп есепті мөлшерден 1000 есе асатын соманы есептеу қажеттігін естен шығармауымыз қажет.

Қарастырылып отырған қылмыс түріне қатысты сөз ететін болсақ, қылмысты әрекетті саралауға мүліктің қандай жолмен ұрланғаны маңызды емес. Бірақ, әрбір қылмысты істе қылмыскердің қандай амалмен ұрлағанын анықтау маңызды.

Ірі мөлшерде ұрлау жөніндегі қылмыстық жауапкершілік туралы заңда қылмыстың қандай түрде және қандай амалмен жасалғандығы ғана емес, сонымен бірге “қайталанғандығы”, “алдын-ала келісім жасалған топтың қылмысы” деген ауырлататын жағдайлар да көрсетілген.

И.Х.Какимов саралау жағдайларының саяси және құқықтық маңызын ескере отырып, “ірі мөлшерде ұрлаудың түсінігін нақтылай түсу қажеттігін көрсетеді. Қылмыс қандай түрде және қандай амалмен жасалған: “таза” қылмыс па (ұрлық, алаяқтық) немесе түрлі қылмыстың қосындысы ма (ұрлау, тонау немесе алаяқтық), осы жағдайларын анықтап алу керек.

Біздің пікіріміз бойынша: ірі мөлшердегі ұрлық деп ұрлықтың барлық түріндегі жазаны ауырлататын белгі ретінде қарастыруды айтамыз. Ірі мөлшердегі ұрлықты жеке бап ретінде бөлудің қажеттігі жоқ.

Атылатын қаруды, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды ірі мөлшерде және аса ірі мөлшерде ұрлағанда қылмысты саралаудың басқа тәртібі қолданылуы тиіс және қолданылады да (255 бап).

Біздің ойымызша мұндай жағдайда, тек қоғам қауіпсіздігіне ғана емес, сонымен бірге меншікке қастандық жасалған деп бағалаған жөн, өйткені жәбірленушіге елеулі түрде мүліктік зиян келеді.

Ұрланған мүліктің мөлшеріне қарай бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсу бірнеше түрге бөлінеді. Әрекеттегі қылмыстық заңнамада бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсудің үш түрі көрсетілген: жай бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсу, ірі мөлшердегі және аса ірі мөлшердегі бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсу.

ҚК-тің 6-тарауының ескертпесінің 3 бөлігіне сәйкес, ұрланған мүліктің құны әрекет жасалған кезде Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген бес жүз есе асып түсетін айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен асатын болса, мұндай бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсу ірі мөлшерде деп танылады. Ұрланған мүліктің мөлшері көрсетілген мөлшерден 1000 және одан астам есе болса, бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсу аса ірі деп анықталады.

Жай бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсу жағдайында алынған мүліктің мөлшері ерекше әдіспен анықталады. Сонымен қатар, заң шығарушы ұсақ бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсуді бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсудің түрі ретінде қалдырып, бірақ оны қылмыс емес, әкімшілік жауаптылыққа жатқызды. 175 бабының ескертпесіне сәйкес және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексінің 51 бабына сәйкес, ұсақ бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсу әкімшілік құқық бұзушылық деп танылады. Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 51 бабының ескертпесіне сәйкес, заңды тұлғаның мүлкін қылмыстық әрекет жасалған кезде он еселік мөлшерінен аспайтын сомада ұрлау, алаяқтық, бөтеннің мүлкін иелену немесе ысырап ету арқылы бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсу, сондай-ақ топтасқан адамдар жасаған ұрлықты немесе оның үстіндегі киімінен, қол жүгінен, болмаса үйінің ішінен жасаған ұрлықты қоспағанда, жеке тұлғаның базалық мөлшердің екі еселік мөлшерінен аспайтын сомалық мүлкін бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсу ұсақ бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсу болып саналады. Аталған ереже бойынша, тонау, қарақшылық, қорқытып алушылық арқылы жасалған ұрлықты (ұрланған заттың мөлшеріне қарамастан) ұсақ бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсуге жатқызуға болмайды.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде, тонау, қарақшылық, қорқытып алушылық арқылы жасалғаннан басқа жай ұрлық жасалған жағдайда, ұрланған мүліктің мөлшері он еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен төмен болса анықталуы мүмкін. Ұрлық, алаяқтық, иелену және ысырап ету арқылы меншікке қастандық жасау туралы айтар болсақ, онда заңды тұлғаның ұрланған мүлкінің құны қылмыс жасалған күні белгіленген базалық мөлшерден 10 және одан астам еселік мөлшерді құрайтын болса, ал жеке тұлғадан ұрланған мүліктің құны базалық мөлшерден екі немесе одан астам есе асатын болса мұндай ұрлық жай бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсу деп аталады. Бұл ортақ ережеге жеке тұлғаның мүлкін топтасқан адамдар жәбірленушінің киімінен, қол жүгінен немесе үйінен ұрлайтын жағдайлар жатпайды. Бұл жағдайда бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсу қоғамға елеулі қауіп төндіретіндіктен, заң шығарушы ұрланған мүлік құнының ең төменгі мөлшерін шектемейді.

Жоғарғы Сот Пленумының 2003 ж. 11 шілдедегі № 8 Қаулысына сәйкес, жалғасып жатқан қылмыстарда ұрланған мүліктің құнын анықтау кезінде ұқсас қылмыстық әрекеттердің ниеті бір екендігі ескеріліп, ұрланған мүліктің толық құны есептелу керек. Қылмысқа бірге қатысушылар ұрлаған мүліктің мөлшерін анықтау кезіндегі мәселе жоғарыдағыдай шешіледі. Ұрланған мүлік бірге қатысушылардың әрқайсысына тиесілі сома емес, бірге қатысушылардың ұрлағанының жалпы құны (әрине, субъективті белгілер бар болған жағдайда) негізінде бағаланады.

Бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсудің белгілі-бір түрі туралы мәселені шешкен кезде айыпты тұлғаның ниетінің бағыттылығын ескеру қажет. Жоғарғы Сот Пленумының жоғарыда аталған Қаулысында былай делінген: «Егер ұрлық жасау кезінде айыптының ниеті ірі немесе ірі мөлшердегі мүлікті иеленуге бағытталған және бұл әрекет айыптыға байланысты емес жағдайлармен іске аспаған болса, жасалған әрекетті нақты ұрланған мүліктің көлеміне қарамастан ірі немесе аса ірі мөлшерде ұрлық жасау қастандығын ойлау деп бағалау керек».

Меншікке қарсы қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық

Подняться наверх