Читать книгу Меншікке қарсы қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық - Гүлзағира Атаханова - Страница 4

1 МЕНШІККЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ
1.3 Меншікке қарсы пайдакүнемдік және басқа да меншікке қарсы қылмыстар

Оглавление

Заң әдебиеттерінде қылмыстық құқық ғалымдары меншікке қарсы қылмыстарды пайдакүнемдік және пайдакүнемдік мақсаттағы емес деп екіге бөлуді ұсынады. Біріншіден, мүлікті бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсу (ұрлық, алаяқтық, иеленіп алу мен ысырап ету, тонау, қарақшылық, ерекше құнды заттарды заңсыз айналымға түсіру) және басқа да пайдакүнемдік меншікке қарсы қылмыстар (қорқытып алушылық, алдау немесе сенімге қиянат жолымен мүліктік залал келтіру, көрінеу қылмыстық жолмен мүлікті алу немесе өткізу).

Мұндай жіктеу қылмыста «пайдакүнемдік ниеттің бар немесе жоқтығын» анықтауды қажет етеді. Қылмыс жасаудың ниеті ретінде пайдакүнемдік қылмыс құрамында маңызды роль атқарады. Бұл адамдарды қылмыс жасауға итермелейтін кеңінен таралған және мәжбүрлеп итермелейтін пиғыл. Пайдакүнемдік ниет қоғамдық қауіпті тудырып, көбірек залал келтіреді. Пайдакүнемдік өзінің туындау жағынан кекшілдік және меншіктің пайда болуымен, мемлекеттің пайда болуымен, қоғамды жіктеп бөлуімен бірге пайда болған. Осылай, жағымсыз қасиет ретінде пайдакүнемдіктің тууымен дамуы, нысандары мен мазмұны, қоғамдық-экономикалық формацияның ауысуымен, меншік нысандарының дамуымен тікелей байланысты болады. Пайдакүнемдік бөтеннің меншігіне қол сұғуын, баюға бағытталған адам белсенділігінің негізгі ынталандыру ұмтылыс қайнар көзі. Пайдакүнемдік, әсіресе қазіргі нарықтық заманда кеңінен өршіген ниеттердің бірі. Пайдакүнемдіктің қылмыстық маңызын бағалау кезінде осы ниет нақты көрінісін табатын нысандардың елеулі түрде өзгеруін де ескергеніміз қажет деп есептейміз. Сот тәжірибесінде кездесетін мұқтаждық, әлеуметтік жағдайдың төмендігі салдарынан және осы типтес ниеттер арқылы меншікке қарсы қылмыс жасаудың қылмыстық – құқықтық және криминологиялық маңызын анықтау барысында ескермеске болмайды. Қазіргі қолданыстағы заңға сәйкес, бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсудің міндетті белгісі болып пайдакүнемдік ниет пен мақсат қатар танылады. Мүлікті алаяқтық жолмен бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсуде пайдакүнемдік мақсат қажет, ал мүліктік залал келтіруде пайдакүнемдік мақсат міндетті емес. Сондықтан да біздің көзқарасымыз бойынша дұрысырағы болып пайдакүнемдік мақсаттың бар немесе жоқтығы меншікке қарсы қылмыстарды жіктеу критериясы ретінде ұсынылады. Бір жағынан, мүлдем түсініксіз авторлардың бірқатары автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын талан-тараж мақсатынсыз заңсыз иеленуді меншікке қарсы қылмыстардың пайдакүнемдік мақсаттағы түріне жатқызады. Заңға сәйкес пайдакүнемдік мақсат немесе ниет бұл оның міндетті белгісі деп даулы пікір табылмайды, бірақ та кейбір жағдайларда кездесіп те қалатын жағдайлары мүмкін. Сот практикасы бойынша және арнайы оқу әдебиеттерінде осы пікір қолдау көрсетілуде .

Мүлікті бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсудің түріне қарақшылықты жатқызғанына мүлдем келісуге болмайды, біздің пікіріміз бойынша қылмыстық заң қарақшылықтың пайдакүнемдік мақсаттағы қылмыс екендігіне толығымен негіздей алмаған. Бірқатар авторлардың ойы бойынша меншікке қарсы қылмыстарды тікелей объектісіне байланысты бөліп қарастыру ұсынылады. Мысалы, Э.Тенчов аталған критерияға байланысты үш топқа бөліп қарастырады:

1) Мүлікті бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсу;

2) Басқа да қылмыстар, мүліктік пайданы табуға бағытталған;

3) Мүліктік пайданы табуға бағытталмаған қылмыстар.

Біздің ойымызша, мұндай бөлу- меншікті экономикалық категорияға жатқызу ұтымды болып саналмайды. Меншікке қарсы қылмыстардың объектісі жөнінде заң әдебиетінде әртүрлі пікірлер қалыптасқан: меншік экономикалық категория ретінде емес, субъективтік құқық ретінде. Л.Д.Гаухман келесі топтарды меншікке қарсы қылмыстар ретінде қарастырады: талан-тараж, басқа да заңсыз бөтен мүлікті иемдену мен пайдалану, мүлікті жою немесе бүлдіру. Бұл қылмысты саралауда қылмыста конструктивтік белгі ретінде, екінші топта 185 баптың белгілері кездеседі.

Меншікке қарсы қылмыстарды басқа авторлардың ойы бойынша былай бөлген: бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсу (175 бап – 178 бап, 180-бап); заңсыз айналымға түсу белгілері жоқ (қорқытып алушылық 181-бап, қорқытып алушылық, алдау немесе сенімге қиянат жолымен мүліктік залал келтіру, көрінеу қылмыстық жолмен мүлікті алу немесе өткізу); мүлікті жою немесе бүлдіру (187 бап, 188 бап). Аталған жіктеу, жоғарыда қарастырылғанмен салыстырған да, екінші топ қоғамға қауіпті зардап (мүліктік немесе басқа зиян) туғызады. Айтылғандарды қорытындылай келе, біз меншікке қарсы қылмыстарды былай топтастырғанды жөн көрдік: заңсыз айналымға түсіру (175 бап, 176 бап, 177 бап, 178 бап, 179 бап, 180 бап); заңсыз айналымға түсіру белгілері жоқ, меншікке қарсы пайдакүнемдік қылмыстар ( 181 бап, 182 бап, 183 бап); басқа да меншікке қарсы қылмыстар (187, 188 баптар). Жасыратыны жоқ, меншікке қарсы пайдакүнемдік сипаттағы қылмыстардың объектісі жөнінде әліге дейін қылмыстық құқық ғылымында жауабын таппаған мәселелер аз емес. Кейбір мамандар талан-тараждың объектісі ретінде экономикалық категорияны санайды, ал басқалары меншік құқығы ретінде, үшінші біреулері мүліктік мүдде, төртіншілері мүлік деп санайды. «Меншік» ешқандай қоғамдық экономикалық жүйе элементі де емес, субъективтік меншік құқығы да емес, тіптен меншікке қарсы қылмыстардың объектісі ретінде санамайтындар да бар. Әрбір автор өз позицияларын ұстанады. Біздің ойымызша меншікке қарсы қылмыстардың объектісі ретінде меншік экономикалық категория және құқықтық категорияны ұстанғандардың позициясы орынды деп есептейміз.

Меншікке қарсы пайдакүнемдік қылмыстың заты болып жылжымалы мүлік танылады. Бірақ қылмыстық заңда алаяқтықта немесе қорқытып алушылықта жылжымайтын мүліктерді де жатқызады.

Жекелеген пайдакүнемдік меншікке қарсы қылмыстардың құрамында міндетті белгісі ретінде әрекет (мысалы, қарақшылықта–күш көрсету, ал қорқытып алушылықта-бөтеннің мүлкін беруді талап етеді) болып саналады. Басқалары үшін, зардап және себепті байланыстың (мысалы, алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіруде) болуы да қажет. Аталған екі жағдай заңда қоғамға қауіпті зардап ауырлататын жағдай ретінде роль атқарады. Қазақстан Республикасының ҚК-нің алтыншы тарауы пайдакүнемдік қылмыстардың құрамы көбінесе материалдық, ал қарақшылық пен қорқытып алушылық формальды құрам болып келеді. Меншікке қарсы пайдакүнемдік қылмыстың субъективтік жағы кінәнің тікелей нысанымен сипатталады. Міндетті субъективтік белгілер ретінде пайдакүнемдік мақсат және пайдакүнемдік ниет болуы тиіс және қарақшылықтың негізгі мақсаты талан-тараж болуы да назар аудартпай қоймайды. Біздің ойымызша, мүмкін «талан-тараж» ұғымын қылмыстық заңда бірнеше мағынада қолданған болар.

Меншікке қарсы басқа да пайдакүнемдік қылмыстардың бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсумен ұқсастықтары көп. Олар да меншікке қастандық жасайды, қылмыстық қастандықтың заты бөтен мүлік болып табылады. Бұл қылмыстар бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсу сияқты тікелей ниетпен және пайдакүнемдік мақсатпен жасалады. Бұлардың объективті жақтарының да ұқсастықтары көп, атап айтқанда екі жағдайда да бөтен мүлік өз пайдасына заңсыз айналдырылады.

Сонымен қатар, бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсу мен басқа да пайдакүнемдік қылмыстардың арасында елеулі айырмашылықтар да бар. Оларға, ең алдымен, қылмыстық қастандық заты жатады. Егер бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсу заты иеленушінің немесе заңды иеленушінің қолма-қол қорларындағы мүлік болса, біз қарастырып отырған қылмыстардың заты иеленушінің иелігінен шығып кеткен мүлік немесе оған келіп түсуі тиіс мүлік болып табылады. Сәйкесінше, объективті жағында да кейбір айырмашылықтар бар. Меншікке қарсы басқа пайдакүнемдік қылмыстар иеленушінің немесе иеленушінің қолма-қол қорларынан мүлік алумен байланысты емес. Айыпты иеленушінің иелігінен шығып кеткен материалдық құндылықтарды құқыққа қайшы иеленудің немесе заңды иесіне келіп түсуі тиіс болған, бірақ айыпты өз пайдасына заңсыз айналдырып алған мүлікті өз пайдасына айналдырудың арқасында заңсыз ауқаттанады.

Қарастырылып жатқан қылмыстардың бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсуден кейбір айырмашылықтары субъективті жағында да, атап айтқанда ниеттің мазмұнында да бар. Айыпты иеленушінің иелігінен шығып кеткен немесе иеленушінің қорларына түсіп үлгермеген, бірақ түсуі тиіс болған бөтен мүлікті иеленіп отырғанын түсінеді және сол мүлікті иеленгісі келеді.

Мүлікті алумен байланысты емес меншікке қарсы пайдакүнемдік қылмыс деп көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу немесе өткізу) (ҚК 183 б.) және бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсу белгілер жоқ алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіруді айтады (ҚК 182 б.).

Көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті алу немесе өткізу (ҚК 183 б) сәйкес мүлікті алдын ала уәделеспей сатып алу немесе сату.

Меншікке қарсы басқа қылмыстарға қарағанда аталған жағдайда қастандық заты ерекше мүлік болып саналады: біріншіден, табылған бөтен мүлік және, екіншіден, қазына.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 250-252 баптары бойынша, иеленушінің немесе өзге заңды иеленушінің иелігінен осы тұлғалардың аталған затқа құқықтарынан бас тартқаны туралы еркінің бар екендігін растамайтын жағдайларда шыққан зат табылған болып саналады. Осыған байланысты табылған зат оны тапқан тұлғаның меншігі бола алмайды.

Бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсу белгілері жоқ мүліктік зиян келтіру.

Қорқытып алушылық. ҚК-тің 181 бабының 1 бөлігіне сәйкес, жәбірленушіге немесе оның жақын адамдарына күштеуді қолдану, олардың мүлкін жою немесе бұзу, құпия сақтағысы келетін өсек-аяңды немесе басқа да мағлұматтарды тарату қаупін төндіріп талап ету арқылы мүлікті немесе мүлікке құқықты беруді, я болмаса мүліктік сипаттағы кез-келген әрекеттерді жасауды талап ету қылмысы болып табылады.

Қорқытып алушылықтың объективті жағы жәбірленушіден кінәліге мүлікті немесе мүлікке құқықты беруді, я болмаса одан мүліктік сипаттағы әрекет жасауды талап етуді білдіреді. Талап жәбірленушіге немесе оның жақын адамдарына күштеуді қолдану, олардың мүлкін жою немесе бұзу, құпия сақтағысы келетін өсек-аяңды немесе басқа да мағлұматтарды тарату қаупін төндіру арқылы жасалады. Жоғарғы Сот Пленумы өзінің 2001 ж. 21 желтоқсанындағы Қаулысында көрсеткендей , бұл жағдайда айыптының төндірген қаупін іске асыру ниеті бар-жоқ болғаны маңызды емес. Жәбірленушінің оны шын мәнінде қабылдағаны жеткілікті.

Заң шығарушылар қорқытып алушылықтың нышандар құрамын формальды түрде құрастырған. Ол тиісті қауіп төндіре отырып қылмыс затын беруді талап ету сәтінен бастап аяқталған болып табылады.

Кез-келген жасы 14-ке толған жауапқа қабілетті тұлға қорқытып алушылықтың субъектісі болып табылады.

Бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсу ұғымы мен нысандарына жасалған талдау қысқа болғанымен де, қорқытып алушылықтың бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсуге жатқызылуы қаншалықты заңға сәйкес деген мәселені қоюға негіз болып отыр. Белоруссия қылмыстық заңнамасында бұл мәселе бір мағынада шешілген: қорқытып алушылық – бұл бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсудің бір нысаны. Алайда бұл күмән тудырып отыр. Қорқытып алушылық кезінде мүлік жәбірленушінің еркінен қарсы алынбайды [21]. Ол өзі тиісті қауіп төндіріп отырғанымен де, өз еркімен мүлкін айыптыға береді. Бұл кездейсоқ емес, сондықтан Ресей авторларының еңбектерінде осы мәселе бойынша ортақ пікір жоқ. Авторлардың кейбіреулері қорқытып алушылық бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсудің бір нысаны емес, бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсумен ұштаспайтын меншікке қарсы қылмыс болып табылады деген пікір білдіреді. Бұл жағдайда олар ұрлық пен басқа формаларға қарағанда, қорқытып алушылық бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсудің бір нысаны болып табылады деген анықтама шынында да берілмеген Ресей Федерациясының ҚК-не жүгінеді. Басқа авторлардың пікірлері қарама-қайшы. Олар қорқытып алушылықты бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсудің бір нысаны ретінде қарастыру керек деген пікір айтады. Ал, біздің ойымызша бірінші авторлар тобының пікірі дұрысырақ деген қорытындыға келдік.

ҚК-тің 182 бабы бойынша, бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсу белгілері байқалмайтын алдау, сенімін теріс пайдалану немесе компьютерлік ақпаратты жаңғырту нәтижесінде мүліктік пайда алу арқылы едәуір мөлшерде зиян келтіру қылмыстық әрекет болып саналады.

Алаяқтыққа қарағанда, аталған қылмысты жасау кезінде жәбірленушіге зиян қолма-қол мүлікті алу арқылы емес, айыптының өз пайдасына оған келіп түсуі тиіс болған мүлікті айналдыруы арқылы келтіріледі. Мұндай зиян алуан түрлі алдау әрекеттерін жасаудың нәтижесінде келтірілуі мүмкін. Қарастырылып жатқан қылмыс объективті жағынан үш нысанда байқалады.

Бірінші нысаны нәтижесінде айыпты нақты материалдық зиян келтіретін жәбірленушіні алдап-арбауды білдіреді. Жәбірленушіге мұндай зиян оның табыстарын толық алмауының немесе айыптыға көрсетілген нақты қызметтерінің нәтижесінде келтірілуі мүмкін. Мысалы, мемлекеттік баж мөлшерін азайту мақсатымен жылжымайтын мүлікті сату-сатып алуды тіркеу кезінде нотариалдық органдарды алдау, көлікте жүру үшін жасанды жол билеттерін қолдану, жәбірленушінің телефон желісіне заңсыз қосылу және оны халықаралық сөйлесу үшін қолдану, жасанды құжаттарды ұсыну нәтижесінде коммуналды қызметтер үшін ақы төлеуден, бас тартқаны үшін дербес жауапкершілік қарастырылған салықтар мен кеден төлемдерін қоспағанда басқа да төлемдерді төлеуден бас тарту (ҚК 214 және 221 баптары).

Қарастырылып жатқан қылмыстың екінші нысаны айыптының жәбірленушінің сенімін пайдаланып оның алуға тиіс болған мүлкін өз пайдасына айналдыратынын білдіреді. Мысалы, айыпты мүлік иелерінің сенімін пайдаланып олардың мүлкін (мысалы, көлік құралын) өзіне мүліктік пайда ала отырып қолданады, бірақ оларға ол үшін тиісті ақысын төлемейді.

Мүліктік зиян келтірудің үшінші нысаны – нәтижесінде мүліктің иеленушісі табысының айыпты иеленіп алған белгілі-бір сомасын толық алмайтын компьютерлік жаңғырту.

Қарастырылып жатқан қылмыстық құрамы материалдық болып табылады. Қылмыс жәбірленушіге едәуір мөлшерде материалдық зиян келтірген сәттен бастап аяқталған болып саналады. ҚК-тің 6 тарауының 175 бабына сәйкес, қылмыс жасалған күні белгіленген он еселенген айлық есептік көрсеткіш зиян елеулі зиян болып табылады. Он еселенген айлық базалық мөлшерден аз зиян келтірілген жағдайда әкімшілік жауапкершілік қарастырылады.

Субъективті жағынан қарастырылып жатқан қылмыс тікелей ниетпен және пайдакүнемдік мақсатпен сипатталады. Тұлға алдау, сенімді теріс пайдалану немесе компьютерлік ақпаратты өзгерту арқылы материалдық пайда алып отырғанын және әрекеттерінің нәтижесі иеленушіге немесе өзге тұлғаға елеулі мөлшерде зиян келтіретінін түсінеді және соны қалайды.

Жасы 16 толған жауапқа қабілетті кез-келген тұлға субъект болып табылады.

Сот-тергеу тәжірибесінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, тұрмыстық қызмет көрсету, көлік пен медициналық мекемелер және азаматтардан немесе ұйымдардан ақшаны көрсетілген қызмет үшін ақы ретінде иеленетін қызметкерлердің әрекеттерін бағалау кезінде белгілі-бір қиындықтарға тап болады. Олардың әрекеттері әртүрлі бағалануы мүмкін. Егер қызметкерлер төлемді қабылдауға уәкілетті болса, ақша түбіртектің жазылған-жазылмағанына қарамастан алынған кезде кәсіпорынның қорына түсті деп саналады. Сондықтан олардың алған ақшаны кірістемеуі және оларды өзінің я жақын адамдарының пайдасына айналдыруы иелену немесе ысырап ету түріндегі бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсу деп танылады. Кәсіпорын қызметкерінің көрсетілген қызмет үшін ақы алуға уәкілеті жоқ болған жағдайларда оның ақшаны өзінің немесе жақын адамдарының пайдасына айналдыру бойынша әрекеттері сенімді теріс пайдаланып мүліктік зиян келтіру деп бағаланады, себебі мүлік кәсіпорынның қорына әлі түсіп үлгерген жоқ. Халыққа қызмет көрсету саласы қызметкерінің кәсіпорынның шикізаты мен материалдарын қолданып клиенттерден прейскурант бойынша жұмыстарды орындағаны немесе қызмет көрсеткені үшін алған ақшалай қаражаттарын иеленуі қолданылған шикізаттар мен материалдардың құны мөлшерінде бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсу және бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсу белгілері жоқ мүліктік зиян келтіру ретінде бағалануы тиіс. Кәсіпорынның шикізаттары мен материалдары қолданылмаған жағдайларда жасалған әрекет ҚК-тің 214 бабы бойынша бағаланады.

Айтылғандарды қорытындылай келе, қасақана ниетпен пайдакүнемдік мақсатпен жасалатын қоғамға қауіпті, мүлікке қарсы бағытталған пайдакүнемдік меншікке қарсы қылмыстарды айтамыз.

Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену. ҚК-тің 185 бабы көлік құралын немесе өзге де көлік құралдарын заңсыз иеленуді және оны бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсусіз айдауды қылмыстық әрекет деп таниды.

Көлік құралдарын немесе өзге де көлік құралдарын заңсыз иелену ҚК-тің алтыншы тарауында қарастырылған барлық қылмыстар сияқты бір объектіге – меншік қатынастарына қол сұғылады. Алайда аталған қылмыс тағы бір объектіге – көлік қозғалысының және оны пайдаланудың қауіпсіздігіне қастандық жасайды.

ҚК-тің алтыншы тарауында қарастырылған басқа қылмыстарға қарағанда, көлік құралдарын немесе өзге де көлік құралдарын айдап әкетудің өзіндік ерекше қастандық жасау заты бар: 1) көлік құралы; 2) өзге де көлік құралдары. Өзге де көлік құралдарына тракторлар, мотоциклдер және өзге де өздігінен жүретін машиналар (жол, құрылыс немесе ауылшаруашылық машиналары), басқа механикалық көлік құралдары (комбайн, автогрейдер, асфальт төсегіш) деп түсініледі.Темір жол, әуе немесе су көлігі (шағын су кемесі, моторлы қайық, байдарка, яхтадан басқалары) осы көрсетілген қылмыс құралының заты болып табылмайды, аталған көлік құралдары басқа арнаулы қылмыс құрамының заты ретінде саналады (295-бап). Бұл жағдайда көлік құралы бөтен болу керек. Айдап әкетушінің оны иелену немесе пайдалану құқығы болмау керек. Сондықтан оттұлғаның басқа мүшелерінің келісімінсіз өз бетінше көлік құралын пайдаланып отырған және бұрын оны пайдалануға мүмкіндік берілген отбасы мүшесінің әрекеттерінде қылмыстық нышандар құрамы жоқ. Еңбек қатынастарына байланысты көлік құралы бекітілген тұлғаның әрекеттерінде де қылмыстық нышандары жоқ деп саналады.

ҚК 295 бабының ескертпесіне сәйкес, жолдармен қозғалуға және жолаушыларды, жүктерді немесе оған орнатылған құрал-жабдықтарды тасымалдауға арналған механикалық көлік құралы, сондай-ақ өздігінен жүретін машина көлік құралдары болып табылады.

Айта кететін жайт, қарастырылып отырылған 185 баптағы қылмыс құрамының заты болып өздігінен жүретін, моторлы механикалық көлік құралдары ғана танылады. Мотормен жабдықталмаған көлік құралдары (велосипед, ат көлігі) бұл қылмыс құрамының затына жатпайды. Сондай-ақ жол қозғалысы ережесіне сәйкес двигателінің жұмыс сыйымдылығының көлемі 50 км аспайтын, жылдамдығы сағатына 40 км аспайтын көліктер де механикалық көлік құралдары болып табылмайды (мотовелосипед).

Қарастырылып жатқан қылмыстың объективті жағы екі өзара байланысты әрекеттерден құралады: көлік құралын немесе өзге де көлік құралдарын заңсыз иелену және оны айдау. Қылмысты аяқталған деп тану үшін айыптының көлік құралын заңсыз иеленуі жеткіліксіз, оның оны айдаған болуы қажет.

Иеленіп алу – бұл көлік құралын иеленушінің немесе иеленушінің иелігінен әр түрлі тәсілдер арқылы ашық немесе жасырын, алдау арқылы, күш қолдану немесе қолданбай, итеріп әкету арқылы уақытша алу болып табылады. Айыптының көлік құралына қатысты ешқандай құқықтары жоқ болса (иелену, пайдалану), оның әрекеттері заңсыз деп танылады.

Айыптының көлік құралына мініп оның тұрған жерінен (тұрақтан, азамат, кәсіпорын аумағынан, жағалаудан және т.б.) алшақтап кетуі оны айдау болып саналады. Бұл жағдайда айыптының жүрген ара қашықтығының мағынасы жоқ. Айдау қалай жүзеге асып отырғанының қылмыс құрамы үшін маңызы жоқ: қозғалтқышты пайдалану, итеру немесе тарту, есу арқылы және т.б.

Әрекеттерді ҚК-тің 185 бабы бойынша саралау үшін мүлік тек уақытша алынғандығы анықталу керек. Тұлғаның көлік құралын пайдаланған немесе пайдалануға ниеті болған уақыт кесіндісі маңызды емес.

Қарастырылып жатқан қылмыстың субъектісіне жасы 16 толған жауапқа қабілетті тұлғалар жатады, ал 185 баптың 2б, 3б, 4б бойынша 14 жасқа толған есі дұрыс адамдар танылады.

Субъективті жағынан көлік құралын немесе өзге де көлік құралдарын айдап әкету тікелей қасақаналықпен сипатталады. Айыпты көлік құралын уақытша заңсыз алып отырғанын және оны заңсыз айдап жүргенін түсінеді және соны қалайды. Бұл жағдайда айыптының мақсаты бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсу болып табылмайды.

Меншікке қарсы қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық

Подняться наверх