Читать книгу Экономикалық талдау негіздері - Жанар Оралбаева - Страница 3
2. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ ӘДІСІ МЕНӘДІСТЕМЕСІ
Оглавление1. Ұйым қызметін экономикалық талдау әдістемесі
2. Факторлық талдау әдістемесі
3. Экономикалық талдауда қолданылатын ақпараттарды өңдеу әдістері
4. Экономикалық талдауда факторлардың әсер етуін бағалау әдістері
5. Экономикалық талдауда резервтердің көлемін анықтау әдістемесі
1. Ұйым қызметін экономикалық талдау әдістемесі
Экономикалық талдау әдісі – бұл ұйым қызметінің тиімділігін жоғарылату жолдарын іздестіру мақсатымен қызмет нәтижесін жүйелі және кешенді түрде зерттей отырып, оған әсер ететін факторларды анықтау және жалпылау.
Экономикалық талдау әдісі аналитикалық зерттеулердің бірқатар нақты әдістемелерін қолдануды қарастырады.
Экономикалық талдау әдістемесі – бұл ұйым қызметіндегі экономикалық құбылыстар мен процестерді зерттеудің аналитикалық тәсілдері мен ережелерінің жиынтығы.
Экономикалық талдау әдістемесінің негізгі екі элементі бар:
1. Талдау технологиясы (аналитикалық жұмыстарды орындау тізбектілігі);
2. Объектілерді зерттеу тәсілдері.
Талдау технологиясы мынандай кезеңдерден тұрады:
1. Талдау объектісі, мақсаты мен міндеттері нақтыланады, аналитикалық жұмыс жоспары жасалады.
2. Талдау объектісі сипатталатын синтетикалық және аналитикалық көрсеткіштер жүйесі жасалады.
3. Талдауға қажетті ақпараттар жинақталады.
4. Нақты нәтижелер жоспар көрсеткіштерімен салыстырылады.
5. Факторлық талдау жүргізіледі: факторлар анықталады және олардың нәтижеге әсер етуі анықталады.
6. Өндіріс тиімділігін жоғарылату резервтері анықталады.
7. Әртүрлі факторлардың анықталған резервтерге әсер етуін ескере отырып, ұйымның қаржылық нәтижесі бағаланады.
Экономикалық талдау әдістемесінің маңызды элементі – объектілерді зерттеу тәсілдері болып табылады (талдау құралдары). Олардың ішінде кең түрде қолданылатын келесідей дәстүрлі логикалық тәсілдерді атауға болады: салыстыру, графиктік, баланстық, орташа және қатысты шамалар, топтастыру және т.б.
Ұйым нәтижесіне әсер ететін факторларды зерттеу үшін тізбектелген қойылымдар, абсолюттік айырма, қатысты айырма, интегралдық әдістер қолданылады.
2 . Факторлық талдау әдістемесі
Ұйым қызметіндегі барлық құбылыстар мен процестер бірбірлерімен өзара байланыста, өзара тәуекелділікте болады, яғни олар тікелей және жанама байланыстарда болуы мүмкін. Мысалы, ұйым пайдасының көлеміне сату көлемі мен құрылымы, баға, өзіндік құн сияқты факторлар тікелей әсер етуі мүмкін, ал басқа факторлардың барлығы осы көрсеткішке жанама түрде әсер етеді.
Әрбір құбылыс себеп және нәтиже ретінде қарастырылуы мүмкін. Соған байланысты, егер қандай да бір көрсеткіш бірнеше себептердің әсерінен нәтиже ретінде қарастырылса және ол зерттеу объектісі ретінде көрінсе, онда өзара байланыстарды зерттеу кезінде оны нәтижелік көрсеткіш деп атайды. Ал нәтижелік белгіні анықтайтын көрсеткіштер факторлық көрсеткіштер деп аталады.
Әрбір нәтижелік көрсеткіш көптеген факторларға тәуелді болады. Нәтижелік көрсеткішке факторлардың әсер етуі неғұрлым терең зерттелген сайын, талдау нәтижесі соғұрлым нақты болады. Сондықтан да экономикалық талдау маңызды әдістемелік сұрақтарының бірі зерттеліп отырған көрсеткіштердің көлеміне әсер ететін фак-торларды анықтау болып табылады.
Факторлық талдау дегеніміз – нәтижелік көрсеткіштердің көлеміне әсер ететін факторларды кешенді және жүйелі түрде зерттеу және анықтау әдістемесі.
Факторлық талдау келесідей типтерге бөлінеді:
– детерминантталған (функционалды) және стохастикалық (корреляциялық);
– тура (дедуктивті) және кері (индуктивті);
– бір сатылы және көп сатылы;
– статикалық және өсіңкілі (динамикалық);
– ретроспективті және перспективалық (болжамды).
Детерминантталған факторлық талдау ретінде факторлардың әсерін нәтижелік көрсеткішпен байланысы функционалды сипатта болатын зерттеу әдістемесі, яғни нәтижелік көрсеткіш факторлардың қосындысы, көбейтіндісі ретінде көрінуі мүмкін.
Стохастикалық талдау факторлардың нәтижелік көрсеткіштермен байланысы ықтималдылыққа (корреляциялы) негізделетін зерттеу әдістемесі. Мысалы, әртүрлі ұйымдарда өндірістің бірдей жарақтануына қарамастан еңбек өнімділігі әртүрлі болуы мүмкін.
Тура факторлы талдау кезінде зерттеу дедуктивті тәсілмен жүргізіледі, яғни жалпыдан жекеге қарай жүргізіледі.
Кері факторлы талдау логикалық индукция әдісімен себепсалдарлық байланыстар зерттеледі. Яғни, жеке, бөлек факторлардан жалпыға қарай.
Бір сатылы талдау – бір деңгейдегі бір-біріне бағынышты факторларды ғана зерттеу үшін қолданылады, яғни факторлар құрамдас бөліктерге бөлшектелінбейді. Мысалы, у = а*Ъ.
Көп сатылы факторлық талдау кезінде а және Ъ факторларын олардың мәнін зерттеу мақсатында құрамдас элементтерге бөлшектеу жүзеге асырылады. Факторларды бөлшектеу әрі қарай жалғастырылуы да мүмкін. Сол сәттегі бағынушылықтың барлық деңгейіндегі факторлардың әсері зерттеледі.
Статикалық факторлық талдау – белгілі бір күндегі нәтижелік көрсеткіштерге факторлардың әсер етуін зерттеу үшін қолданылады.
Динамикалық факторлық талдау – бірнеше кезеңдегі (өсіңкіліктегі), яғни өткен жылдардағы себеп-салдарлық байланыстарды зерттеу әдістемесі.
Ретроспективті талдау өткен кезеңдегі нәтижелік көрсеткіштердің өзгеру себептерін зерттейді.
Перспективті талдау факторлар мен нәтижелік көрсеткіштің мәнін зерттейді.
Экономикалық талдауда факторлар әртүрлі белгілері бойынша жіктелуі мүмкін:
Табиғаты бойынша:
– табиғи-климаттық факторлар;
– әлеуметтік-экономикалық факторлар;
– өндірістік-экономикалық факторлар.
Нәтижеге әсер ету деңгейі бойынша:
– негізгі факторлар;
– қосалқы факторлар.
Зерттеу объектісіне қатысы бойынша:
– ішкі факторлар;
– сыртқы факторлар.
Таралу деңгейі бойынша:
– жалпы факторлар;
– арнайы факторлар.
Әсер ету уақыты бойынша:
– тұрақты факторлар;
– ауыспалы факторлар.
Іс-әрекет сипаты бойынша:
– экстенсивті факторлар;
– интенсивті факторлар.
Шаруашылық қызмет нәтижелеріне әсер ету көзқарасынан олар негізгі және екінші деңгейлі, ішкі және сыртқы, объективті және субъективті, жалпы және спецификалық, тұрақты және үзілісті, экстенсивті және интенсивті болып бөлінеді.
Негізгілері нәтижелі көрсеткіштерге шешуші әсер ететін факторларды қамтиды. Екінші деңгейлі берілген жағдайларда щаруашылық қызмет нәтижелеріне шешуші әсер етпейтіндер жатады. Осында бір фактор шарттарға байланысты, негізгі де және екінші деңгейлі де болуы мүмкін екендігін белгілеп кету керек. Түрлі факторлардан анықтайтын талдау нәтижелері бойынша негізгілерін ерекшелей алу шешім шығарудың дұрыстығын қамтамасыз етеді.
Экономикалық құбылыстар мен процесстерді зерттеуде және кәсіпорынның қызмет ету нәтижелерін бағалау кезінде факторлар ішкі және сыртқы факторларға жіктеледі, яғни берілген кәсіпорын қызметіне тәуелді және тәуелсіз болады.
Әр кәсіпорын жұмысының нәтижесіне көптеген жағдайларда жетілген өндірістік байланыстар және қатынастар кезінде мәнді дәрежеде басқа кәсіпорынның қызмет етуі әсер етеді, мысалы, уақытылы шикізаттар, материалдар жеткізу, оның сапасы, құны, нарық конъюнктурасы, инфляциялық процестер және т.б. Кәсіпорын жұмысының нәтижесіне мамандандыру саласындағы және өндірістік кооперацияларда үзілістердің көрініс табуы сирек емес. Бұл факторлар сыртқы болып табылады. Бұл берілген ұжымның күшін сипаттамайды, бірақ олардың ішкі себептерінің әсер ету дәрежесін нақтырақ және өндірістің ішкі резервтерін толық анықтауға мүмкіндік береді.
Кәсіпорын қызметін дұрыс бағалау үшін факторларды объективті және субъективтіге бөлу қажет. Объективті адамдардың еркіне және қалауына байланысты емес, мысалы, табиғи апат. Объективтіден субъективті себептер жеке адамдардың, кәсіпорынның, ұйымдар және мекемелердің қызметіне тәуелді болады.
Факторлар, сонымен қатар жалпы және спецификалық болып бөлінеді. Жалпыға экономиканың барлық саласында қызмет ететін факторлар жатады. Спецификалық экономиканың немесе кәсіпорынның жеке салалары жағдайындағы жайттарды қамтиды. Факторлардың мұндай бөлінуі жеке кәсіпорындардың өндіріс салаларының ерекшеліктерін толық есепке алынуына және олардың қызмет етуінің нақты бағалауына мүмкіндік береді.
Өндіріс нәтижесіне әсер ету мерзімі бойынша тұрақты және үзілісті болып бөлінуі мүмкін. Тұрақты факторлар зерттелетін құбылыстарға барлық уақыт бойы үзіліссіз әсер етеді. Үзілісті факторлардың әсер етуі кезеңді түрде көрініс табады, мысалы, жаңа техниканы, жаңа өнім түрлерін, өндірістің жаңа технологиясын игеру және т.б.
Кәсіпорын қызмет етуін бағалау үшін факторлардың интенсивті және экстенсивті болып бөлінуі үлкен мәнді әсер береді. Экстенсивтілерге нәтижелік көрсеткіштердің сапалы өсуімен емес, сандықпен байланысты факторлар жатады, мысалы, егіс көлемін кеңейту жолымен, мал басының, жұмысшылар санының өсуі арқылы өнім өндіру көлемін өсіру. Интенсивті факторлар өндіріс процесінде еңбектенудің дәрежесін сипаттайды, мысалы, ауылшаруашылық мәдениетінің өнімділігі, жануарлардың өнімділігі, еңбектің өнімділік деңгейін көтеру.
Талдау кезінде шаруашылық қызмет нәтижесіне әр фактордың әсерін өлшеу мақсаты қойылады, онда оларды сандық және көлемдік, күрделі және жай, тура және жанама, өлшенетін және өлшенбейтін болып бөлінеді.
Құбылыстардың сандық айқывдылығын көрсететін факторлар сандық болып есептеледі (жұмысшылар, құралдар, шикізат және т.б. саны). Сапалық факторлар зерттелетін объектінің ішкі сапасын, сипаты мен ерекшеліктерін анықтайды (еңбек өнімділігі, өнім сапасы және т.б.).
Факторлар талдауында көптеген зерттелетіндер бірнеше элементтерден құралады. Алайда құрама бөлімдерге бөлінбейтіндері де бар. Мұнымен байланысты факторлар күрделі (кешенді) және жай (элементті) болып бөлінеді. Күрделі факторға еңбек өнімділігі, ал жай факторға есептік кезеңдегі жұмыс күнінің саны мысал болады.
Көрсетілгендей, бір факторлар нәтижелі көрсеткіштеріне тура, басқалары жанама әсер етеді. Осыған тәуелді басқары-лымның бірінші, екінші және үшінші және әрі қарайғы деңгейін ажыратады. Бірінші деңгей факторларына нәтижелі көрсеткішке тура әсер ететіндер жатады. Нәтижелі көрсеткішті бірінші деңгейлі факторлар көмегімен жанама анықтайтын факторлар екінші деңгейлі факторлары деп аталады және бірінші деңгейлі факторлар болып жұмысшылардың орташа жылдық саны және бір жұмысшығак келетін орташа жылдық өндірілген өнім көлемі болып табылады. Бір жұмысшының жұмыс істеген күндерінің саны және орташа күндік жұмыс сағаттары – жалпы өнімге қатысты екінші деңгей факторлары. Үшінші реттегі факторларға жұмыс күнінің ұзақтығы және орташа сағаттық жұмыс өнімділігі жатады.
Нәтижелі көрсеткіштерге жеке факторлардың әсері сандық түрде анықталуы мүмкін. Сонымен бірге толық факторлар қатары бар, олардың әсері кәсіпорын қызметі нәтижесіне қатысты емес, мысалы, жұмысшыларды тұрғын үймен, балалар мекемесімен, кадрлар дайындығы деңгейімен қамтамасыз етілуі және т.б.
Шаруашылық қызметті талдаудағы жүйелі түрден келу факторларды, олардың ішкі және сыртқы байланыстары, өзара қызметтілігі және өзара басқарушылығы есебімен өзара байланысты зерттелуін талап етеді, бұл оларды жүйелендіру арқылы жүзеге асырылады. Толығымен жүйелендіру – зерттелетін құбылыстар мен объектілерді анықталған тәртіпте, олардың өзара байланыстылығы және қалауындағыларды анықтаумен орналастыру.
3. Экономикалық талдауда қолданылатын ақпараттарды өңдеу әдістері
Экономикалық талдауда ақпараттарды өңдеудің келесідей әдістері қолданылады:
– салыстыру әдісі;
– ақпараттарды топтастыру әдісі;
– баланстық әдіс;
– эвристикалық әдіс;
– анықталған мәліметтерді кесте және график түрінде көрсету әдісі.
Салыстыру әдісі – экономикалық талдауда кең түрде қолданылады. Оның көмегімен зерттеу объектісінің өзгеру деңгейі анықталады.
Экономикалық талдауда салыстырудың келесідей типтері қолданылады:
Қол жеткізілген нақты нәтижені өткен кезең мәліметтерімен салыстыру, яғни бүгінгі күнгі нәтиже өткен кезеңдермен (күн, ай, тоқсан, жыл) салыстырылады. Бұл зерттеліп отырған көрсеткіштердің өзгеру қарқынын бағалауға мүмкіндіктер береді. Мысалы, ұйымның негізгі көрсеткіштерінің динамикасын келесі кесте түрінде көрсетейік.
1-кесте
Ұйымның негізгі көрсеткіштерінің динамикасы
Салыстырылып отырған жылды базистік жылға бөліп 100 пайызға көбейтеміз, мысалы, 2010/2009*100.
Яғни, 3 жылдың ішінде өндіріс көлемі 1 пайызға артқан. Бұл көрсеткішке жұмыскерлердің санын азайта отырып, еңбек өнімділігін жоғарылатумен қол жеткізілген.
Нақты көрсеткіштерді жоспарлық көрсеткіштермен салыстыру. Бұндай салыстыру жоспардың орындалу деңгейін бағалау үшін және ұйымның пайдаланылмаған резервтерін анықтау үшін қажет. Мысалы, өндіріс көлемі бойынша жоспардың орындалуын келесі кесте түрінде талдайық.
2-кесте
Өндіріс көлемі бойынша жоспардың орындалуы
Жұмсалған шығындарды бекітілген нормамен салыстыру (шикізаттар, материалдар, отын, энергия, су және т.б.). Бұндай салыстыру өндіріске жұмсалған ресурстардың үнемделгендігін және олардың артық жұмсалғандығын анықтау үшін және өндіріс процесінде оларды пайдалану тиімділігін бағалау үшін қолданылады. Мысалы, ұйымда материалдық ресурстардың пайдаланылуы туралы мәліметтер.
3-кесте
Материалдық ресурстардың пайдаланылуы
Ақпараттарды топтастыру әдісі – зерттеліп отырған объектілерді белгілі бір белгілері бойынша топтарға бөлу. Талдау мақсатына байланысты типологиялық, құрылымдық және аналитикалық топтастыру қолданылады.
Типологиялық топтастыруға мысал ретінде ұйымдарды меншік формалары бойынша топтастыру, халықты топтастыру жатады.
Құрылымдық топтастыру көрсеткіштердің ішкі жеке бөліктерін зерттеуге мүмкіндіктер береді. Мысалы, жұмысшыларды мамандықтары, жастары, еңбек өнімділіктері, жұмыс еңбек өтілі бойынша бөлу жатады.
Аналитикалық зерттелген көрсеткіштер арасындағы байланыстарды анықтау үшін қолданылады.
Баланстық әдіс – бір-бірлерімен байланысты экономикалық көрсеткіштердің 2 тобының қосындылары бірдей болатын әдіс. Бұл әдіс бухгалтерлік есеп пен жоспарлауда кеңінен қолданылады. Мысалы, кезең басындағы товарлардың қалдығы+келіп түскен тоуарлар саны=сатылған тауарлар+кезең соңындағы тауарлар қалдығы.
Эвристикалық әдіс – экономикалық міндеттерді шешудің формалды емес әдісі. Ол белгісіздік жағдайында объектінің жағдайын болжау үшін қолданылатын әдіс. Бұл жағдайда қажетті мәліметтерді алудың негізгі көзі мамандардың ғылыми интуициясы болып табылады. Көбінесе сұрау-жауап жүргізу, сараптамалық бағалау жасау жолымен жүргізіледі.
Анықталған мәліметтерді кесте және график түрінде көрсету әдісі.
Кестелер мен графиктер жинақталған мәліметтер мен көрсеткіштерді көрнекті етіп көрсету әдісі.
4. Экономикалық талдауда факторлардың әсер етуін бағалау әдістері
Экономикалық талдауда факторлардың әсер етуін бағалау үшін келесідей әдістер қолданылады:
– тізбектелген қойылымдар әдісі;
– абсолюттік айырма әдісі;
– қатысты айырма әдісі;
– интегралды әдіс.
Өндірілген өнім көлемін факторлық талдау мақсатында қолданылатын мәліметтер келесі кестеде келтірілген.
Өнім көлемі жөнінде ақпараттар
4-кесте
Тізбектелген қойылымдар әдісі – бұл базалық кезеңдегі әрбір факторлық көрсеткіштерді ағымдық кезеңдегі нақты көрсеткіштермен біртіндеп ауыстыру жолымен жеке факторлардың нәтижелік көрсеткіштердің көлемінің өзгеруіне әсер етуін анықтауға мүмкіндіктер беретін әдіс. Ол үшін бірнеше факторлардың өзгеруін ескеретін нәтижелік көрсеткіш анықталуы керек.
Бәрімізге белгілі, өндірілген өнім көлемі ӨК негізгі екі факторға тәуелді: жұмысшылардың саны ЖС және 1 жұмысшының орташа жылдық еңбек өнімділігі ЖӨ. Осыған байланысты келесі формула шығады.
ӨК=ЖС*ЖӨ, (екі факторлы модель)
1. Алдымен, нәтижелік көрсеткішке, яғни ӨК әсер ететін факторларды анықтау керек:
1) ЖС, жұмысшылар саны
2) ЖӨ, бір жұмысшының орташа жылдық еңбек өнімділігі
2. Есептеулер тәртібі:
Егер 2 фактор болса, онда 3 есептеу болады
Егер 3 фактор болса, онда 4 есептеу болады тағы сол сияқты…
Тізбектелген қойылымдар әдісі үшін есептеу алгоритмі келесідей болады:
1) өткен жылдағы барлық көрсеткіштер алынады:
ӨК0=ЖСо*ЖӨо= 100*4=400
2) Көрсеткіштерді бір-бірден ауыстырамыз:
ӨКшартты көрсеткіш=ЖС і *ЖӨ0= 120*4=480
3) ағымдық жылдағы барлық көрсеткіштер;
ӨК1=ЖС1*ЖӨ1=120*5=600
3. Факторлардың әсер етуі
1) Жұмысшылар саны есебінен: 480-400=+80 (2-1)
Қорытынды, яғни жұмысшылар санының 20 көбеюі, өндірілген өнім көлемінің 80 мың теңгеге көбеюіне әсер еткен
2) бір жұмысшының орташа жылдық еңбек өнімділігі есебінен 600-480=+120, (3-2)
Қорытындысында, яғни 1 жұмысшының орташа жылдық еңбек өнімділігі 1 мың теңгеге көбеюі есебінен, өндірілген өнім көлемі 80 мың теңгеге көбейген.
Сонымен, өндірілген өнім көлеміне келесідей факторлар әсер еткен:
1. Жұмысшылар санының көбеюі +80.
2. Еңбек өнімділігінің деңгейінің жоғарылауы +120.
Жалпы әсері немесе барлығы +200 мың теңге.
Факторлардың әсер ету сомасы міндетті түрде нәтижелік көр-
сеткіштің жалпы өсім сомасына тең болуы керек.
АӨКжс+АӨКжө=АӨКжаЛпы
Осындай теңдіктің сақталмауы есептеулерде қате жіберілгендігін білдіреді.
Егер 4 фактордың әсер етуін анықтау керек болса, онда 1 емес, 3 шартты көрсеткіш есептеледі, яғни нәтижелік көрсеткіштің шартты көлемдерінің саны факторлар санынан біреуге аз болады. Оны кесте түрінде келесідей көрсетуге болады.
5-кесте
Нәтижелік көрсеткішті есептеу шарттары
Осы 4 факторлы модел ретінде көрсетейік:
ӨК=ЖС*К*Ұ*СӨ,
Кесте мәліметтерін осы формулаға қояйық:
Өткен кезең көрсеткіштері:
1) ӨКо=ЖСо*Ко*Ұо*СӨо=100*200*8*2,5=400
Бір көрсеткіштен өзгертеміз:
2) ӨКШАРТТЫ !=ЖСІ*КО*ҰО*СӨО=120*200*8*2,5=480
3) ӨКШАРТТЫ 2=ЖСІ*КІ*ҰО*СӨО=120*208,3*8*2,5=500
4) ӨКШАРТТЫ З=ЖСІ*КІ*ҰІ*СӨО=120*208,3*7,5*2,5=468,75
5) ӨКІ=ЖСІ*КІ*ҰІ*СӨІ=120*208,3*7,5*3,2=600
Факторлардың әсер етуін есептеу:
1) ЖС есебінен: 480-400=+80
2) К есебінен: 500-480=+20
3) Ұ есебінен: 468,75-500=-31,25
4) СӨ есебінен. 600-468,75=+131,25
Барлығы: =+200 мың теңге
Тізбектілік қойылымдар әдісін пайдаланған кезде, ең алдымен, сандық өзгерістерді, содан кейін сапалық өзгерістерді ескеру керек.
Абсолюттік айырма әдісі – нәтижелік көрсеткіштің өсіміне факторлардың әсер етуін есептеу үшін қолданылады.
Абсолюттік айырма әдісінде сандық факторлардың әсерін есептеу үшін оның ауытқуын сапалық көрсеткіштердің базалық мәніне көбейтеді.
Яғни ЖС=ΔЖС*ЖӨО=+20*4=80.
Ал сапалық факторлардың әсерін есептеу үшін оның ауытқуын сандық факторлардың нақты мәніне көбейтеді.
Яғни ЖӨ=ΔЖӨ*ЖСІ=+1*120=120
Жалпы әсері 80+120=200
Сонымен, абсолюттік айырма әдісінің көмегімен тізбектелінген қойылымдар әдісінде алынған нәтиже алынады. Бұл жерде жеке факторлар әсерінен болған нәтижелік көрсеткіш өсімінің сомасы оның жалпы өсіміне тең болуы керек.
Қатысты айырма әдісі – бұл коэффициентнемесе пайыз түрінде көрінетін факторлық көрсеткіштердің қатысты өсімі пайдаланылатын әдіс.
Қатысты айырма әдісі нәтижелік көрсеткіш көбейтінді түрінде есептелген кезде ғана қолданылады.
Бұл әдісті қолдану өте көптеген факторлардың (8-10 және одан көп) әсер етуін есептеу қажет болған жағдайда тиімді болады.
Біздің мысалымыз бойынша, нәтижелік көрсеткіш – бұл өндірілген өнімдердің көлемі, яғни оған 4 фактор әсер етеді деп қарастырайық:
ӨК=ЖС*К*Ұ*СӨ
Енді осы факторлардың шығарылған өнім көлеміне әсерін анықтайық.
1- фактордың әсерін есептеу үшін (ЖС) нәтижелік көрсеткіштің базалық мәнін 1-фактордың ауытқуына көбейтіп, шыққан санды осы фактордың базалық мәніне бөлеміз. Формула түрінде келесідей болады:
1Ф=Z0*Δ1Ф/1Ф0
ӨКжс=ӨК0*ΔЖС/ЖС0=400*20/100=+80
Қорытынды, есептеу көрсетіп отырғандай, өткен жылмен салыстырғанда жұмысшылардың орташа тізімдік саны 20 адамға көбейді, соның әсерінен ӨК 80 мың теңгеге көбейген.
2- фактордың әсерін есептеу үшін (К) нәтижелік көрсеткіштің базалық мәніне 1-фактордың әсерін қосып, одан шыққан санды 2- фактордың ауытқуына көбейтіп, оны осы 2-фактордың базалық мәніне бөлеміз. Формула түрінде келесідей болады:
2Ф=(Z0+Δ1Ф)*Δ2Ф/2Ф0
ӨКк=(ӨКо+ ӨКЖс)*АК/Ко=(400+80)*8,3/200=+20 мың теңге
3- фактордың әсерін есептеу үшін (Ұ) нәтижелік көрсеткіштің базалық мәніне 1және 2 факторлардың әсерін қосып, одан шыққан санды 3-фактордың ауытқуына көбейтіп, оны осы 3-фактордың базалық мәніне бөлеміз. Формула түрінде келесідей болады:
3Ф=(Z0+1Ф+2Ф)*Δ3Ф/3Ф0
ӨКұ=(ӨК0+ ӨКжс+ ӨКк)*ΔҰ/Ұ0=(400+80+20)*(-0,5)/8=-31,25 мың теңге
Қорытынды, есептеу көрсетіп отырғандай, 4-фактордың әсерін есептеу үшін (СӨ) нәтижелік көрсеткіштің базалық мәніне 1, 2 және 3 факторлардың әсерін қосып, одан шыққан санды
4- фактордың ауытқуына көбейтіп, оны осы 4-фактордың базалық мәніне бөлеміз. Формула түрінде келесідей болады:
4Ф=(Z0+1Ф+2Ф+3Ф)*Δ4Ф/4Ф0
ӨКұ=(ӨК0+ ӨКжс+ ӨКк+ӨКұ)*ΔСӨ/СӨ0=(400+80+20+(-31,25))*0,7/2,5=131,25 мың теңге
Қорытынды, есептеу көрсетіп отырғандай, жалпы әсері: 80+ 20 + (-31,25)+131,25=200 мың теңге. Көріп отырғанымыздай, есептеулердің нәтижесі өткен әдістермен бірдей болып шықты.
Интегралды әдіс – бұл тізбектелген қойылымдар, абсолюттік айырма және қатысты айырма әдістеріне қарағанда факторлардың әсер етуін есептеу кезінде неғұрлым нақты нәтиже алуға мүмкіндіктер беретін әдіс. Себебі факторлардың өзара байланысынан пайда болған нәтижелік көрсеткіштің қосымша өсімі соңғы факторға қосылмайды, олардың арасында бірдей болып бөлінеді.
Факторлардың әсер етуін есептеу алгоритмін қарастырайық.
f=xy
Δfx=1/2Δx (y0+y1)
Δfy=1/2Δy (x0+x1)
Біздің мысалымыз бойынша,
ӨК=ЖС*ЖӨ
ΔӨКжс=1/2*20(4+5) =+90
ΔӨКжө=1/2*1(100+120) =+110
Жалпы әсері: 90+110=200 мың теңге.