Читать книгу Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер - Канат Нуров - Страница 2
Оглавление«Кейбір өркениеттерде кейде мынандай ақиқатты түсінуге сәті түседі: оларды билеген шабытты идеяға қарағанда, олардың иелігіндегі байлық пен билік түкке тұрмайды»
(Эмерсон Р.)
2011 жылдың мамырында Vox Populi баспасы Қ.И. Нұровтың «Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер» кітабының 2-ші басылымын шығарды. Автор ғылыми негізде жеке тұлғалық ашықтықтың ежелгі қазақ дәстүрлерін модернизациялаудың ұлттық идеясы жөнінде өзінің жеке пікірін әйгілейді. Монографияның мазмұны – Қазақстанның тарихи мұрасы және оның модернизацияға қабілеті жөніндегі этнографиялық зерттеу. Қазақтардың тарихы көптеген құпиялар мен жұмбақтарға толы. «Қазақ» сөзінің мағынасы және жүздердің үлкендік бойынша бөлінуі жөнінде қызу пікірталастар өтіп жатыр. Кітап бұл сауалдарға жауап береді және қазақтардың этникалық мінезі негізінде барлық қазақстандықтардың ұлттық (жалпыазаматтық) миссиясын қояды – ақпараттық қоғамның үлгісі болу. Қазақ Идеясы Қазақстан ұлтын тек қана индустриалды емес, қауышу мәдениетінің ақпараттық деңгейіне көтереді. Онда «қазақ» және «қазақстандық» ұғымдары біржолата теңеледі. Сонымен бірге, далалық еркіндіктің төлтума дәстүрлері және Қазақстанда болашақта дамитын ашық азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет арасында ұқсастықтар тізбегі ұсынылады.
Жұмысты оның дау-дамай тудыратын өткір стилі де дараландырады (автордың өзінің ертедегі кейбір идеяларын қайта қарауы, 1995 жылға 30-шы жылдар стиліндегі зірк-зірк еткен тас-талқан рецензия, т.ғ.д. Абылхожина Ж.Б. және т.ғ.д. Толеубаева А.Т. сияқты қазіргі рецензенттердің салмақты ғылыми бағалаулары). Сондықтан бұл кітап бірінші басылымында болсын, екінші басылымында болсын, қоғамдық санада түрлі пікірлер тудырды, оны қостайтын да және оған қарсы шығатын адамдар да табылды:
«…Автордың осы тақырыпты ғажап ашқанын мойындау керек… Автор тарихшылардың көптеген көбіне тыйым салынғандай мәселелерге өте адал, көлгірсімей, айтар ойынан тайқымай, тура барған…» (2011 ж.) – Темірғалиев Р. Тарихшы-көсемсөзші
«…Іс жүзінде кітап «Қазақстанға тарихын қайтаруға» емес, әйтсе де, әбден нақты нәтижелер тудыру үшін жазылған —…ұлттық идеяның беделін түсіру, халыққа жат құндылықтарды күштеп тығу… барлық жерде сенімсіздік тудыру, алаңдаушылықты көбейту, міне, автордың талпынысы».(1995 ж.) – Қойгелдиев М. – тарих ғылымдарының докторы (ҚазҰУ), Нұртазина Н. – тарих ғылымдарының кандидаты (ҚазҰУ)
«Бұл кітап бойынша, этнос – қан туысқандығы емес, мәдени-тұрмыстық қауымдастық, өмір дағдысы жөнінде… XXI ғасырда титулды ұлт басшылығымен Қазақстанның жалпыазаматтық ұлтын құру тек қазақ дәстүрлерін олардың қауышуға және мәдениетте, саясатта, экономикада бәсекелесуге жеке тұлғалық ашықтық бөлігінде модернизациялау ұлттық идеясы аясында ғана мүмкін. Қазақтардың ұлттық қасиеті ретіндегі жеке тұлғалық ашықтықты Қазақстанның барлық ұлттары мойындайды және қолдайды… Қандайда болсын либералды демократиялық құндылықтардың енгізілуі, егер ол біртұтас халық ретіндегі көпұлтты тұрғындардың өз-өзін өзінше тануының шын өлшемін бере алатын ұлттық идеямен қамтамасыз етілмесе, сәтсіздікке ұшырайды. Бұл кітап осы жөнінде…» (2011 ж.) – Арманжан Байтасов, Раймбек Баталов, Ораз Жандосов, Айдан Кәрібжанов, Алидар Өтемұратов.
Тұтастай алғанда, қоғамның талғамына ұсынылып отырған монография барлық халықаралық ғылыми талаптарға жауап береді, Қазақстанның модернизациясына бағытталған және өз елінің тарихы мен болашағына жаны ашитын ойлы оқырманға қызық болар. «Аспандау» ғылым және білім беру қоры автордың барлық тезистерімен келіспесе де, олар «2030 – Ақпараттық қоғам» ҚР Білімін Дамыту Саясаты» жобасының бөлігі ретіндегі Қор бекіткен тұтастай ұлттық идеяны және еркін құқық сезінуді ашуға бағытталған деп есептейді (www.aspandau.kz).