Читать книгу Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер - Канат Нуров - Страница 6

«Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер» кітабының екінші басылымына автордың кіріспесі

Оглавление

Қ.И. Нұров

«Казак ордасы ешкімге бағынбайтын, көпхалықты және әскери»

(И.К. Кириллов, Орынбор экспедициясының бастығы, 1734)

Бұл кітаптың 1995 жылғы бірінші басылымы шыққан бойы бірден тарих ғылымдарының докторы Мәмбет Қойгелдиевтің, тарих ғылымдарының кандидаты Н. Нуртазинамен бірлесіп жазған «Қолайлы әмбебаптық – бұл кімнің философиясы?» деген жанжалды мақаласы шықты. Оны мен қазір осы басылымның соңында келтіріп отырмын. Соған байланысты, менің тақырыбымның ғылыми жетекшісі, тарих ғылымдарының докторы Абылхожин менің диссетациямның қорғауын «келешек жақсы заманға» дейін ысырып қойды. Ол «пысықай» жылдары диссертацияларды кез келген тақырыпта және кез келген бағаға қорғай беретін, бірақ осы мақаланың ұрдажықтау қарқыны мені бір күмәнді тұлға ғып көрсетіп, қорғауыма зор бөгет болды. Менің этнография мамандығынан қорғауыма көмектесуге тырысқан тарих ғылымдарының докторы А.Т. Төлеубаевтың «Мынау жұмысты енді еш жерге жібермейді», – дегені рас боп шықты. Өздерінің бүгінгі позицияларын көрсеткен Абылхожин мен Төлеубаевтың пікірлері де осы кітаптың соңында келтірілген. Осыған байланысты Б.М. Ысқаковқа жақында АҚШ Калифорния штатындағы Йорк университетінде диссертациямды сәтті қорғауыма көмектескені үшін терең ризашылығымды білдіремін. Сонымен қатар, осы кітаптың екінші басылымының ұйымдастырушылары А. Құрмановаға, Р. Тленшиеваға және, әсіресе, мені осы кіріспені жазуыма қажетті арнайы әдебиетпен қамтамасыз еткен Тимур Сакеновке алғыс айтқым келеді.

Кеңестiк кезеңнен кейінгі уақытта қазақстандық тарих философиясы қазақтардың арғы аталары ретіндегі қыпшақтар Русь сияқты монгол-татар шапқыншылығының құрбаны болды деген баяғыда тозығы жеткен позицияны ұстанумен болды. Сондықтан менің Шыңғысхан монголдан шыққан казак ретінде қазақ мемлекеттілігінің атасы деген пікірім бәріне де сандырақ көрінді. Ал қазір, бар болғаны он бес жыл өтсе де, Шыңғысхан қазақ деген пікір бесенеден белгілі ақиқат сияқты. Бұл, әрине, ақиқаттан алыс нәрсе, ол, керісінше, Қазақстан тарихын қияли жорамалдар легінде адастыру. Н.Э. Масанов, Ж.Б.Абылхожин және И.В. Ерофеева өздерінің «Қазақстанның қазіргі тарихнамасындағы ғылыми көзқарас және мифтік ұстанымдар» (Алматы, 2007 ж.) кітабында бұл пікірді жан-жақты әшкерелеген.

Бүгінде дүкен сөрелерінде бірінші басылымның бірде бір данасы қалмай тұрғанда және қазақ этносының һәм мемлекеттілігінің шығу тегіне арналған жаңаша көзқарастағы көптеген кітаптар шығуына байланысты оның екінші басылымының шығуы өте орынды. Мен өзімнің сыншыларыма да, және маған байланысты ма, байланысты емес пе, менің көзқарасыма жақын келген кісілерге алғыс білдіремін. Маған осы кіріспе арқылы Қазақстан тарихнамасының қазіргі жетістіктеріне және менің сыншыларымның негізгі ұстанымдарына қатынасымды білдіруге рұқсат етіңіздер. Өйткені, бұл кітап еш өзгеріссіз, қосып, алусыз, атауы сәл өзгерсе де, сол күйінше басылып отыр.

Сонымен қатар, өзім көп жылдар бойы ұлттық корпорациялар деңгейінде басшылық жұмыста жүргесін, көп нәрсенің жаңа қырлары ашылғандай. Әсіресе, бұл Қазақстан саяси жүйесін жаппай вестернизациялау керек деген ғылыми дүниеден гөрі қиял-ғажайып ертегісіне ұқсайтын соңғы бөліміне қатысты. Маған енді көп нәрсе 1995 жылдағы өзім ұсынған саяси рецепттер сияқты қарапайым және оңай көрінбейді.

* * *

Ең алдымен, қазақ ұлтының қазақлық шығу тегі концепциясының жаңаша резюмесін әйгілеп, қайта басылып жатқан кітаптың негізгі проблемалары жөніндегі Қазақстан историяграфиясының қазіргі жетістіктеріне сүйеніп және, осыған байланысты, өзімнің көшпелі қазақтар этносының, мемлекеттілігінің шығу тегі, оның неге үш жүзге бөлінетіні жөніндегі түсініктеріме қандай өзгерістер енгенін көрсеткім келеді.

Қазақтар этногенезіндегі қазақлық концепциясының резюмесі

Қазақлық концепциясының жеңілдетілген жалпылама жобасы:


Орталық Азия – Орта Азия емес.

Азияның географиялық орталығы Батыс Түркістанда емес, Алтайда (Тыва, Қызыл).

Орталық Қазақстан мен Монголия Алтайдың Батыс және Шығыс жағындағы Ұлы Даланың бөлігі.

Қыпшақ Даласы, ең алдымен, – Еділдің арғы жағындағы Ұлы Даланың бөлігі.

Этнос – туысқандық емес, өмір дағдысы, мәдени тұрмыстық қоғамдастық.

Тіл – өз этносыңды танудың қажетті, бірақ жеткіліксіз шарты.

Мемлекеттілік – этнос болудың жеткілікті, бірақ қажетті емес шарты.

Сактар және көне үйсіндер – қазақтың арғы атасы емес.

Кейінгі ғұндар және көне түркілер – қазақтың арғы атасы.

Отырар – қазақ қаласы емес, оған көшпелі қазақтардың нағыз аталары өрт қойған.

Көшпелі қазақтардың нағыз аталары – көне монголдар, оларды татар казактары деп те атаған.

Йемек, кимак, телеуіт, қыпшақ сияқты жергілікті тайпалар ежелгі монгол суперэтносының қазақы өмір дағдысын қабылдаған, немесе, оларда ол бұрыннан болған.

Орталық Азиядағы қазақылық – ежелгі монгол суперэтносының және оның субэтносы қазақтардың ежелгі түркі монголдық өмір дағдысы.

Kaзak деген еркін жаугерлер және өз ру тайпаларынан бөлініп, өз отбасыларымен жекеше көшіп-қонып жүрген байлар.

Тайпадан тыс казактар әскери мұқтажда әрқашанда жүздік пен мыңдыққа біріккен, өздеріне рубасылар арасынан таңдап атамандар сайлаған, сөйтіп, әскері бар қолбасшылар ретінде ру-тайпаларды билеп отырған.

«Казакия» және «казак хандары» жөніндегі мәліметтер бірінші рет Х-XI ғғ. аталады.

Хан және хандардың ханы – қағандар рубасылар арасынан тайпалар үстінен жоғарғы билікке сайланған әскери қолбасшылар.

Қыпшақтардың Ел бөрі және қияттардың Борджигин (Бөрі тегін) бөрітектес рулары Ашинаның ежелгі түркілер руымен және алашмыңы сияқты өзінің шығу тегін бөріге апаратын уйшин, аргын және алшиндардың kaзak одақтарымен байланыста.

Күшті, мықты деген мағынадағы түркі және монгол деп аталатын тайпалар дүниеде ешқашан болмаған.

Бұл Ашина және Шыңғысхан тұқымына бағынған тайпалардың жалпы саяси атауы ғана.

XIII ғасырда Шыңғысхан барлық далалықтарды казактарға айналдырды, ол тайпалық әскерлерді жойды, ру мен тайпаларды бір-бірімен араластырып жіберді, оларды тұтас және маманданған әскер-ұлттың, орданың жүздік пен мыңдықтарына бөлді.

Осы жүздіктер мен мыңдықтар арқылы өздерінің әскербасылары ру-тайпаларының ежелгі түркі-монголдық атауларын сақтаған мүлде жаңа, саяси тайпалар пайда болды.

Өзінің үлкен ұлы Жошыға Шыңғысхан Қазақстанда ұлыс бөлді.

Жошы өлгесін Жошы ұлысының басшысы қылып Шыңғысхан Жошының бірінші ұлы Ордуды емес, оның екінші ұлы Батуды қойды.

Батухан Жошы ұлысының шекарасын Европа мен Литваға шейін жеткізді.

Еділ бойындағы Сарай қаласында Батухан Жошы ұлысының (Ақ Орда) астанасын салды және, Еділге қарағанда, оның оң жағындағы бөлігіне билік етті.

Батухан Орду Еженге Қазақстанды өзі басқарып отырған Жошы ұлысының сол қанатын (Көк Орда) ретінде қалдырды.

XIII ғасырдың екінші жартысында Батухан Қазақстанды үш ұлысқа бөлді. Орду Ежен ұлысының ішін ол тағы екі ұлысқа бөлді: шығыс пен батысқа дейінгі бөлігін ол Жошының бесінші ұлы Шибанға және он үшінші ұлы Тука Тимурге беріп, оларды Орду Еженге бағындырды.

Енді осы үш ұлыс төрелердің өзара жас үлкендігіне байланысты ең ірі ұлыстар саналатын болды.

XIV ғасырдың бірінші жартысында Өзбекханның өлуіне байланысты Ұлы Бүлік басталды.

Орду Еженнің тұқымы Урусхан XIV ғасырдың екінші жартысында Көк Орданы Алтын Ордадан тәуелсіз қылып, Жошы ұлысын біріктіру мақсатында Ақ Орданы басып алды.

Бірақ, Бату тұқымы құрыған соң, Алтын Орданы қалпына келтіру мүмкін емес еді.

Бату тұқымының оң қанаты жойылды, сондықтан Ақ Орда мен Көк орда Қазақстан төрелерінің иелігінде қалды.

XV ғ. басында шайбани Абулхайр Қазақстанның билігін тартып алып, халқын өзбек деп атады. Онысы Батудың өтірік ұрпағы Өзбек ханға тағзым еткені еді.

Сол ғасырдың екінші жартысында Урусханның немерелері Жәнібек пен Керей Орду Ежен династиясын қайта жандандырғасын, Орду, Шибан және Тука Тимурдың үш ірі ұлысы ОрдуУрус тұқымының бастауымен үш жүзге айналады.

Осы үш ұлыс жүздерге олардың жүзбасы мен мыңбасыларының Шыңғысханға жақындығына байланысты казак ру мен тайпалары қосылған.

Міне, осылай төрелердің жас үлкендігіне байланысты үш жүз пайда болды және ру-тайпалар да Шыңғысханға жақындығына байланысты түрлі статусқа ие болды.

Хорчи ата, өзге аты Усун Эбуген, бақсылардың басшысы, ежелгі монголдардың ең басшы тайпасы баариндерден шыққан және, мүмкін, уйшин одағын басқарған.

Қадан тайшы, өзге аты Арғын ата, ойраттардан шыққан және, мүмкін, арғын одағын басқарған.

Эдыге би, өзі маңғыт, ноғайлардың түп атасы болған және, мүмкін, алшин одағын басқарған.

Ұлы жүз (Үйсін ордасы), Орта жүз (Арғын ордасы) және Кіші жүз (Алшин ордасы) Жүз орданың (Батуханның Ақ Ордасы) тура kaзak мұрагерлері.

Барлық қалған ордалар мен ұлыстар жергілікті тұрғындармен араласып, өз тұрған жерінің атауымен аталған және бір өз билігі өзінде хан, немесе бекке бағынған.

Еке Монгол Ұлысы Шыңғысханның алтын руына бағынған әлемдік империяның казак метрополиясы.

Монголиядағы тайпалардың Қазақстандағыдан айырмашылығы, олар XV ғ. Казак дағдысынан айырылып, Шыңғысхан тұқымын биліктен айырып, қытайланып кеткен.

Шыңғысханның заңы тәңірлік Мәңгі Көкке (Құдай) және әруақтарға сену казактарға отырықшылануға тыйым салған.

XIX ғ. екінші жартысында Ресей Шыңғысхан тұқымы, қазақ төрелерін биліктен айырады.

Төрелер саяси сахнадан кеткесін, қазақтар саяси тайпаларының жүздік иерархиясы өз мәнін жойып, жоқ болады және ол ешқашанда туысқандық қатынастарға тән кландық трайбализмнің негізі болған емес.

Қазақ этносы және оның жүздік құрылымы тарихи түрінде қыпшақ-казак, монгол-казак, могол-казак, кырғыз-казак, өзбек-казак, ноғай-казак, орыс-казак және өзге де ұлты мен нәсілі қалай болса солай болған казактардан құрылған.

Шала казак деп тек көшпелі тұрмысы жоқ казакты атайды.

XX ғ. 30-шы жылдары көшпенді казакты күштеп отырықшы қылды, содан олар казак болудан қалды.

XXI ғ. Қазақстанда титулды этностың басшылығымен жалпыазаматтық ұлт құру үшін қазақтардың дәстүрлік құрылымын әлемге ашық жеке тұлғалық санаға және мәдениет, саясат, экономикадағы бәсекеге қарай модернизация жасай алатын ұлттық идея керек.

Қазақтың ұлттық қасиеті ретіндегі жеке тұлғалық ашықтыққа Қазақстанның бүкіл ұлттары қол қояды.

Бұл ұлттық қасиет бүкіл қазақстандықтарға ұлттық миссия береді: ақпараттық қоғамның этникалық үлгісі болуға.

Жеке тұлғалық ашықтықтың ұлттық идеясы білім беру саласында насихатталуға тиіс.

Ел атауының орыс және ағылшын траскрипциясын қазақ үлгісімен сәйкестендіру керек: Казакстан (Kazakstan) – Еріктілердің Отаны (Freedom State).

Қазақлық концепциясының жеңілдетілген жобасына байланысты қысқаша тезистер

Көшпелі түркітілді халық ретіндегі қазақтың этногенезі үндіеуропалық сақтарға да және, мүмкін, олардың ұрпақтары ирантілдес усуньдерге де қатысты емес, ежелгі түркімонгол тілдік бірлестігіндегі монголоидты алтай тайпаларына қатысты. Бұл алтын адам үшін қайғылы хабар болса да, қазақтың скиф-сақ тамырлары жөніндегі мифті сақтауға енді ресми желеу жоқ. Сонымен қатар, ғұн, көне түркі және қазақтар арасындағы мәдени-тұрмыстық ұқсастық енді ойдан шығарылғандай көрінбейді. Қазақтың этногенезі тоқтаусыз және тұтас қазақлықтың әлеуметтік негізінде болғаны жөнінде еш күмән қалмағандай. Ғалымсымақ әріптестердің миф тудырушы тезистері мазмұнынан гөрі оны дәлелдеу тәсілдеріне байланысты зиянды боп шықты.

Казак деген әлде де аударуға көнбейтін көне түркі сөзінің «бөлінген, қашқын», «өз билігі өз қолындағы еркін адам», «жаугер», «қауіпті сапарға шығушы» сияқты, көптеген жалпылама мағынасы бар. Казактар тек өздерінің ру-тайпа және мемлекетінен қашушы емес, олар белгілі қазақылық құбылысының өкілдері еді. Қазақылыққа арналған арба ретіндегі «хасах терген» көшпелі қазақ тұрмысын ежелгі монголдардан, немесе, тіпті, ежелгі түркілерден шығарады. Ресми ғылымда казак сөзінің ежелгі мағынасы әлеуметтілік саласынан: «тек өзінің қылышына ғана сенген, барлық жерден аласталған бейшара», «қауіпті сапарға еш серік, доссыз жалғыз шығушы, батыр барымташы». «Кейбір кездері белгілі қажеттіліктен бе, әлде өз еркімен бе, kaзak өмір дағдысында жүрген адамдар әрқашанда аз болмаған… Сол кездердің ұғымдары бойынша, ол, тіпті, жақсы деп саналған». Сонымен бірге, қазақылық батырдың әскери мәдениеті болған. Казак болу дегеніміз соғыста жантүршігерлік ер бола білу, ал бейбіт кезде – кез келген билікке түкіру, оның кез келген түрінен безіну. Осы қазақы еркін топты пайдалануға ежелден бүкіл далалық хандар талпынған. Бірақ, одан тұтас мемлекет жасау тек Шыңғысханның қолынан келді. Оны соңғы пайдаланғандардың қатарында ұлы княздығына жарлықты Алтын Ордадан алған Мәскеу княздары болатын.

Экономикалық мағынада қазақылық көшпенділіктің ең жоғарғы стадиясына айналды, өйткені, жәй бақташылықтан да және көшіп қонуға негізделген номадизмнен де жоғары болды. Саяси мағынасында қазақылық әрқашанда әлеуметтік институт, яғни, қоғамдағы белгілі өмір сүру дағдысы болды. Тек қана атаман іздеген жәй жаугерлер емес, сол атамандар мен әскери көсемдердің өзі әлгі жаугерлермен дос болуға тырысты, өйткені, оларға жаугер нөкерлер керек еді. Егер казак ант-су ішіп, атаманға дос болса, соңғысы бірден әлгінің табиғи иесіне айналар еді, яғни, оның келесі таңдауына дейінгі заңды төресіне. Ал егер ол соғыс кезінде өз таңдауынан бас тартса, ол сатқындық деп саналған, яғни өзіне сенген адамды алдап күнәһарлы түрде оның сенімін пайдалану. Осы негізде бөрі руынан шыққан Ашина билігіндегі ежелгі түркілер империясы пайда болған.

Ашинаның қазақлық дружинасы Турфаннан Алтайға көшіп, сол жақтағы Алтай тайпаларын біріктіруші күш болды. Тайпалардың бұл одағын Ашина Түрк елі деп атады. Бұларға бағынышты тайпалар Түрк Бодун аталды. Ашинаның казактары Түрк еліне кірген ру-тайпаларды ыдыратпады. Керісінше, хандар ретінде оларға арқа сүйеді. Сондықтан негізгі түркі тайпасы жоқ түрк елі жоқ болды. Атап айтқанда, түркілерді оғыздар, ұйғырлар, қырғыздар және өзге де ежелгі түркі тайпалар ауыстырды. Бірақ, Ашина руының тайпалардан тыс казактары одан сайын көбейді және кейде өте қатты қақтығыстарда жеңіп, кейбір ежелгі билік етіп жүрген түркі тайпаларының ханы, қағаны болып жатты. Сол кезде олар өздерінің әскери нөкерлері ретінде казактарды шақырған.

Қазақ елінде негізгі этносжасаушы арғындардың Ашина руымен байланысы өз-өзінен түсінікті. Түркіттердің тайпалық одағы, немесе, 546 жылы Алтайда Ашина руы айналасында топтасқан нағыз түркілер арғындардың казак арғы атасы телеуіттер, гаогюй динлиндері, басмылдар сияқты, теле тайпаларынан тұрған. Шәкәрім де өзінің шежіресінде арғындарды хой-ху, немесе хо-хо ежелгі түркілерінің ұрпақтары деп санайды, яғни арбалы, көшпелі ұйғурлардың. Бұл пікірді ол Улуг Еркін, қытайша Бай Егу (Ұлы Ер) Орхон-Енисей жазбаларына сүйеніп айтады. Сонымен қатар, Шәкәрім Жошы мен Шағатай ұлыстарының бірдей кұрамында болған Арғынот/Ариканут руы жөнінде білген. Қағанатта бұрын «түрк» сөзі «ондық одағы» мағына берген. Егер Арғын/Аргун сөзінің монгол тілінде де дәл сол мағына беретініне назар аударсақ, және оны монгол өзені Арғынмен байланыстырсақ (аңызға айналған Эргене Кун), онда Арғын Одағы (Орта жүз) Ашинаның бөрі руымен қайта түленеді. Уйсун Ордасы (Ұлы жүздің) және Алшын Ордасы (Кіші жүздің) бұл румен байланысы белгілі. Нәтижесінде, тек қана монгол руы баарин уйшиндері (уйсун) және мангут алшиндері (алшун) емес, сонымен бірге, телес арғындары да Ашинаның ежелгі түркі руымен байланыста екені белгілі болды. Ашина Абылғазы мен Рашид-ад-дин «татарлар мен монголдардың арғы атасы» деп атаған аңыздық Алаша ханның прототипы болуы мүмкін.

Көшіп кету арқылы қара бодан руы мен тайпаларының бөлініп кету мүмкіндігі ежелгі түркі қағандардың басқару жүйесін тітіркендіріп отырған. Қазақылық қаупінен қорыққасын, олар әрқашанда өз халқының аузын майлап отырған, яғни, әскери жорықтар ұйымдастырып, түскен түсімді бөліп берген. Мұқтажы көп, қалалық тауарларға зәру көшпелі бақташылыққа сауда орындары керек еді, ал Қытай болса бірікпеген дала тайпаларын саудаға кейде жіберсе, кейде жібермеген, осы мәселені өздері бір орталықтан басқарып отырған. Осындай саясатқа табиғи түрде қарсы тұру арқасында бірінің соңнынан бірі ғұндардың, ежелгі түркілердің, монголдардың көшпелі империялары пайда болды. Олардың мақсаты Ұлы Жібек жолына өз билігін жүргізу еді.

VI–VII ғғ. рубасылардың басшылығынан биік тайпалардан тыс жоғарғы билік институты ретіндегі барынша дамыған мемлекеттілігі бар ежелгі түрік дәуірі басталды. Бұл тұрғыда 1951 жылдың өзінде Казакстан VII ғасырда пайда болып Х ғасырда тұрақты қауымдастыққа айналды деген Аманжолов және Альдигереевтің пікіріне келісетін заман келді. Сөйтіп, кез келген сұранған тайпаға әскери көсем сайлаған атамандары басшылық еткен ортаазиялық жаугерлер ретінде түркі казактары Х-ХІ ғасырлардан бұрын пайда болған. Оларды Х ғасырда Константин Порфирородный «Казакия» деп атаса, ХІ ғасырда Фирдоуси «Казацкие ханы» деп атаған.[1]

Әлгі казак хандарымен Казакия тарих қойнауында жоғалған, өйткені, Ел Бөрі руына бағынған қыпшақ тарихына сіңіп кеткен болу керек.

Әйтсе де, казактардың өзі қалған. Олар әрқашанда ауылымен, яғни жеке отбасылық көл-көсір байлық дағдысымен көшіп-қонған көшпенділер болды. Олар номадтардан қорғаныс іздеген. Ал соңғылар көшпелі өркениеттің төмендеу деңгейінде болған, өйткені табор құру арқылы ұжымдық тәсілмен көшіп қонған. Казак ауылдары өздерінің ең жақсы кездерінде әскери мақсатта жүздіктер арқылы ұйымдасқан, бірақ олар тайпалардан көбінесе ұтыла беретін, өйткені оларда мемлекет жоқ еді. Сондықтан казактар бүкіл далаға таралған еді және ежелгі монгол тілінде қашқын орданы белгілейтін (хасах терген)деген сөз тіркесі болған.

XIII ғ. kазаk Тэмуджин немесе Теміршін (мұндағы шін-шино-бөрі) тайджиут тайпасындағы қият-бөрі руынан шыққан қазақлық ежелгі монголдар империясын құрайды, онда ол барлық дала халықтарын құрама халық әскерін (ополчение) казактардың маманданған әскеріне айналдырады және оларды ру мен тайпаларға емес, жүздік пен мыңдықтарға бөледі. Ол өзінің төл тайпасына емес, өзінің казактарына арқа сүйейді және чжурчжэн династиясына қарсы күрестің саяси бағдарламасын әйгілеу үшін барлық далалық тайпаларды монголдар (мангу-л) деп атайды. Ол енді Шыңғысхан (Теңіз Каған) титулын қабылдайды. Онысы өзін киіз үйде тұратын бүкіл ұрпақтар Мұхитының Билеушісімін дегені еді, соның ішінде «хасах тергендердің». Енді оның қазақлық империясы Ұлы монголдардың ұлысы деп аталады, яғни оның қият-борджигин алтын руынан шыққан «мемлекет-иелігі». Онда бүкіл ру мен тайпалар жойылып, араласып, «жүздіктерге» таратылып, өзінің рулық табиғатын жоғалтқан. Бірақ олардың аттарымен енді Шыңғысханның жүздік пен мыңдықтарын атайтын болған. Кім қолбасшы болса, соның руының атымен мыңдығы аталған.

Монголияның татар, найман, керей, жалайыр, қырғыз төл түркі тілді болған турлигиндердің арасында түркімонгол тілдес нирундар болған (баарин, дуклат, ойрат, маңғұт, барлас, чонос – немесе жаныс (?), тағы сол сияқтылар). Нирундардың арасында ішінде әскери көсемдерден тұратын қият руы бар тайджиуттер тайпасы көзге түсетін. Яғни тайджуиттер қият руының ұлысы болған. Ал қияттар тағы джуркиндерге, чаншуиттерге және бірінші монгол ханы Кабул басқарған-мыс ясарға бөлінген. Осыған қарағанда көккөзді борджигиндер (бөрі тегін) Шыңғысханның казактары тайджиуттерді өздеріне бағындырғаннан кейін көтерілген, содан кейін ғана олар Алтын ру, билеуші ру атанған.

Іс жүзінде тайджуиттерге қарсы тұрған қияттар емес еді. Монголдар деп қияттарды емес, Шыңғысханның казактарын айтуға болады. Және тек қана солар тайджуиттердің ғана емес, сонымен қатар, нирундар мен турлигиндердің бүкіл тайпаларына қарсы тұрған. Қарсы тұру этникалық түрде емес, әлдеқайда әлеуметті негізде жүрді. Шыңғысханның қият болмауы да мүмкін еді, бірақ бұл бәрібір бай ауылдары және тайпалық көштер арасындағы азаматтық соғыс болар еді. Шыңғысханның сыртында ешбір тайпа болған жоқ және бұл монгол мемлекеттілігінің асқан даралығын көрсетеді. Ежелгі монгол мыңдықтары тайпалық құрылым емес, мемлекет қызметіндегі әскери бөлімдер еді. Кейін мыңдықтар тайпаларға ауыса бастады, бірақ тура туысқандық емес, потестарлық-саяси негізде.

Қазақ шежірелерінің біресе былай, біресе былай келетіні осыдан. Шыңғысхан империясының бұрынғы рулық және тайпалық атаулардың орнына көбінесе бұрынғы рулық атаулармен, немесе мыңбасының атымен аталатын мыңдықтардың атаулары пайда болады. Хорчи ата, немесе Усун Эбуген, яғни бақсылардың атасы (Бэхи Ноян) ежелгі монгол тайпаларының ең үлкен баарин руынан болатын және, мүмкін, Уйшун одағын басқарды. Қадан тайши, немесе Арғын ата, ойраттан шыққан және, мүмкін, Арғын одағын басқарды. Эдыге би маңғұттан шыққан беклер бек ретінде ноғайларды жарыққа шығарды және, мүмкін, оның тұқымдары Алшин одағын басқарды. Ал йемек, қимақ, телеуіт, қыпшақ, қырғыз, қарлық, қаңлы сияқты жергілікті тайпалар, арасында таулықтар және жартылай отырықшылар бар, ежелгі монгол одағына бағынған және бұрыннан қазақлық өмір дағдысында болған, немесе осы дағдыны кейін қабылдаған.

Сол XIII ғ. Шыңғысханның өсиетімен Еділдің сыртындағы батыстық жорыққа Жошының екінші баласы Бату және Жошының өзге балалары да жіберіледі. Солардың қатарында – ең үлкен ұлы Орду. Орду Жошы ұлысының Еділдің сол жағындағы қазіргі Қазақстанды құрайтын жерлеріне иелік етті. Осы жорықтан кейін Жошы ұлысы Еділден Еуропаға дейін кеңіді және Бату өзінің ордасын Еділдің бойындағы Сарайға (Ақ Орда) орналастырды. Сол Ақ Орданы, Жошы ұлысының астанасын орыстар Алтын Орда деп атады. Сонымен қатар, ол Жүз Орда деп те аталды. Өйткені, Бату әскерді жергілікті казактардан құрады. Бұл жорықтан кейін Батухан Орду Еженнің сол қанатынан тағы ұлыстар бөледі. Жошының бесінші баласы Шейбанға Орду ұлысының батысынан және он жетінші баласы Тука Тимурге Шейбан ұлысының батысынан. Ең мүмкіні, төрелер тармақтарының үлкендігіне байланысты қазақтың үш жүзіне негіз болған, өйткені, заң бойынша, бұл ұлыстардың бәрі Ордуға бағынған. Бұл ұлыстардың ру-тайпалық құрамымен қазақ жүздерінің құрамы негізінен бір және өз кезегінде Шыңғысханның жүзбасылары мен мыңбасылары шыққан ежелгі монгол тайпаларымен байланыста.

Төрелердің туыстық үлкендігіне байланысты осы үш дербестенген ұлыстың шартты түрде оларға бағынған өзге ұлыстардың арасындағы шартты үлкендігі шыққан. Кейін осы Орду, Шейбан, Тука Тимурдың үш дербестенген ұлыстары Орду мен Урус тұқымдары басқарған жүздерге айналған. Оларға түрлі жылдамдықпен қазақ рулары мен тайпалары қосылған. Олардың осы ұлыстардағы үлкендігі Шыңғысханның жүзбасылары мен мыңбасыларының шежірелік жақындығымен, ал кейде, өте сирек, төрелердің қай кезде осы ұлыстарға қосылғандығына байланысты есептелген. Осылайша төрелердің туысқандық үлкендігіне байланысты үш жүз пайда болды, ал олардың ру-тайпалық құрамы қазақ рулары мен тайпаларының төрелерге жақындығына байланысты болды.

Тайпадан тыс ноғайлар, тайпадан тыс моголдар сияқты, шыныменде тайпалардан тыс қазақтармен туыс еді және олардың төрелерге саяси жақындығы һәм олардың шежірелерінің төрелер шежірелеріне жақындығы қазақтар қосылған сәтте мәлім болған. Бірақ моголдар, ноғайлар сияқты, Ұлы және Кіші Жүздің құрамына кіргені болмаса, оларды құрамаған. Тек осы мағынада ғана барлық жүз арқылы өтетін барлық ру мен тайпаларының үлкендігі қазақтарға және өз төрелері династиясы жоқ ноғайлар мен моголдарға ұнамды болар еді.

XIV ғ. ортасында Жошы ұлысының оң қанаты ру-тайпалық ақсүйектерінің билігі асқасын және Тоқты мен Бердібек хандар барлық Бату тұқымын өлтіргеннен кейін, Орду тұқымының үлкендігі Алтын Орданың бас тағынан үміт етуге мүмкіндік берді. Және XIV ғ. екінші жартысында Урус хан (билік еткен жылдары 1368–1377), Шыңғысханның үлкен немересі, Орду Еженнің тұқымы, солай жасады. Алаш ханның прототипінде, ол Алтын Ордада Ұлы Бүлік басталғанда, Жошы ұлысын қайта құру мақсатында, Ақ Орданы басып алып, Көк Орда (Қазақстанның) тәуелсіздігін жариялады. Бірақ Бату тұқымдары өлгеннен соң, Алтын Орданың бірлігін қайта жандандыру мүмкін емес еді. Ақ Орда және Көк Орда қазақ төрелеріне қалды. Осыған байланысты Қазақстан өзінің төл астанасы Сығнақтан айырылып қалды. Оны Тамерланның көмегімен Тоқа Темірдің тұқымы Тоқтамыс тартып алды. Және содан кейін Тоқтамыс Сарайды да басып алып, Урусты қуды, бірақ Ақсақ Темірмен жауласа бастады. Амал жоқ, Темір Алтын Орданың Еділ бойындағы бүкіл сауда қалаларын қиратып, Сығнақ тағын Урустың баласы Құйыршыққа алып беруге мәжбүр болды. Содан бері Жошы ұлысы Сарай астанасы бар Алтын Орда ретінде жойылады да, ал Ақ Орда мен Көк Орда саяси құқықтық мағынада араласып және кірігіп, қазақ хандарының төрелік династиясы ретіндегі урусидтердің иелігіне айналады.

Кейін, XV ғ. басында шейбанид Абулхаир хан урусид Барак ханның өлімін ұйымдастырып, Қазақстандағы билікке қол жеткізеді және оны бұрын Алтын Орданың билігін тартып алған, өзін өтірік батуид деп сендірген Өзбек ханды есіне алып, Өзбек ұлысы деп атаған. Сол ғасырдың ортасында Абулхаирдың өлімінен кейін урусидтер Керей мен Жәнібек Қазақстандағы Урус ханның династиясын қайта таққа отырғызады. Бірақ өзбек урусидтер арасында тұтас хандыққа иелік ететін хан болмағасын, олар урус деп аталмай, «казак» деп аталды, ал Орта Азияға көшкен шейбанидтердің тұқымы өздеріне өзбек атауын қалдырған. Сөйтіп, қазақтар ақыры өздерін өздерінің әлеуметтік өмір дағдысымен атаған.

Осы сәттен бастап ежелгі монгол суперэтносының казактары Қазақстанды мекен еткен, ал олардың жүздік пен мыңдықтары потестарлық-саяси негізінде тағы да ру-тайпалық сипатқа көшкен. Казактар өздерінің атауларын өзгертсе де, әрқашанда Шыңғысханның руы мен заңының билігінде қалған. Монголдан кейінгі дәуірде қазақ даласын қыпшақтікі деп атау өте шартты, ал ежелгі монгол руы мен тайпаларының түркіленуі жөнінде сөз қозғау артық кету болады. Негізі, қыпшақтардың кимактардан, телеуіттерден және казактың өзге көшпенділерінен өзгешелігі —олар Еділдің батысында және Сырдарияның оңтүстігінде жартылай отырықшы боп өмір сүрген. Монголдар қыпшақтар ақсүйегі Ел Бөрі руын жойғасын, қыпшақтар, ежелгі татар тайпалары сияқты, жүздіктерге таралып, дербес саяси, демек, этникалық (Ұлы Дала мәдениетiндегі) биліктен айырылған.

Сөйтіп, XVI ғ. басында өзге халықтарша бөлінбейтін біртұтас ұлт ретіндегі көшпелі қазақтың қалыптасуы басталды емес, бітіп үлгірді. Қазақтардың «халық-мемлекет» ретіндегі елдердің барлығы саяси тайпалар болды және өзге бөліктерге бөлінген жоқ (айрықша елдердi құрамаған). Өйткені олардың бүкіл мәдени-тұрмыстық ерекшеліктері ежелгі монгол суперэтносының өмір дағдысынан мұраланған еді. Оны айтасыз, әлгі мәдени-тұрмыстық ерекшеліктер тіпті ежелгі түркі суперэтносына да тән еді, егер ежелгі түркілердің қаны бір, туыс ру-тайпаларға бөлінетінін ұмытсақ.

Сөйтіп, XVI ғ. казактар нағыз қазақтарға айналып, өздерін жартылай отырықшы украин және орыс казактарынан тарихи жолы мен өмір салтында ұқсастық болса да, бөлек санады. Нағыз орыс казактары «ордалықтар» («ордынские») Русьтың тек оңтүстік шетінде емес, барлық жерде Алтын Орданың ежелгі монголдарынан, «татар» казактарынан шыққан. Және Мәскеу Русін қорғау қызметіне олар татар-монгол езгісінен азатталғаннан кейін тұрған.

Қазақтар құрамында қазаққа өз атын беретін рубасы, немесе тайпалар болған емес. Бұл қазақ этносының жастығы жөнінде емес, оның таза әлеуметтік арқылы құрылғанын айтады. Қазақ хандарының Могулистанға көшіп кетуі көшпелі өзбектердің казак деп қайта аталғанына мегзейді. Еркін болмыстың әлеуметтік статусы ежелгі монголдарда болған және көшпелі қазақтарда толығынан этникалық ерекшелікке айналған. Бұл әбден-ақ заңды, егер этнос негізінде туысқандық, нәсілдік, антропологиялық ерекшеліктерін емес, әлеуметтік қоғамдастықтың өмір дағдысын, мінез-құлқын және өзге де мәдени-тұрмыстық қасиеттерін алсақ. Өйткені әлеуметтіліктің этнос болмысына қазір кіргені сонша, өзге теориялар сын көтермейді. Сөйтіп, бізде қазір мода боп кеткен казак, киргиз-казак, немесе кайсак сөздерін қазіргі орыс сөзі казахқа ауыстыру дағдысын мүлде қабылдауға болмайды, өйткені ол қазақ этнонимінің тарихына, этимологиясына, семантикасына қайшы.

Қазақтың шаруасы, ежелгі монголдың карачуі, сияқты қатардағы көшпенді, барлық жеке және дүниелік жекеменшігіне құқықтары бар заңды ерікті тұлға, бірақ нағыз казак ретінде ол, әлдеде қолданылып келе жатқан Шыңғысханның заңы бойынша, әскерге шақырылатын және қару ұстауға міндетті еді. Өйткені қаруы болмаса ол халық жиындарында дауыс бере алмайтын. Бір сөзбен айтқанда, хан өз міндетіне қоғамдық тәртіпті сақтау және территорияны қорғауды алған һәм өзге елдер және халықтармен келіссөз жүргізу хұқығына ие жоғарғы сот және бас қолбасшы болатын. Қазақ төрелерінің қазақлық тағдыры қиын: «бүгін қашқын, ертең хан» дегендей және керісінше. Аса қартайған хандардың өздері «билігінен айырылған және мұрагерлік хұқығы жоқ» ретінде, кәдімгі батырлар сияқты, соғыс алдында жекпе-жекке шығып, өзінен әлде қайда жас қарсыласынан қаза тапқан.

Шыңғысханға табыну дағдысының өте маңыздылығы – ол дін деңгейіне дейін көтерілген. Бақсылар рәсімдерін жасағанда, ұлы жаугердің рухын шақырған, ал жәй халық оның ұрпақтарына тек жәй билеушілері ғана емес, киелі, қасиетті рудың өкілдері ретінде тағзым еткен. Осыған байланысты XIX ғ. қазақтың даласы Шыңғысхан ұрпағы өз билігін сақтап қалған бірден бір орын болды.

Ханның мұрагерлік иелігі ретіндегі мемлекет бұрындағыдай орда мен елден тұратын. Орда дегеніміз хан шатырынан және оның казак нөкерлерінен тұратын қарулы әскер. Ел мемлекетті құрайтын халық, көшпенді тайпа мен рулардың және көшіп кетуі ұлысты күйретер қарапайым казактардың одақтастығы. Ұлыс өзіне бағынышты жұртты басқарған. Еркін казак елі ретіндегі Қазақстанда мұндай ұлыстар көп болған, XVII ғ. өзінде олар жиырмадан көп болған, әйтсе де, олар үлкендігіне байланысты үш дербестенген ұлыстың айналасында біріккен. Кейін Ресей, Орта Азия және Қытай шекараларын қазақ даласы айналасында тас қып жапқанда, қазақ елі жүздермен бірігіп кеткен.

Тұтас қазақ хандығы ешқашанда болған емес және XVI ғ. кейінгі қазақ хандықтары Монгол империясының бату, жоққа айналу тарихының бір бөлігі. Егер бәрі де Урус хан, Қасымхан сияқты, қуатты патшалардан басталса, бар егеменді тарихымыз мемлекет басшыларынан гөрі қарақшылар атамандарына ұқсас Абылай хан және Әбілқайыр ханмен бітеді. Ал егемендіктен айырылғаннан кейінгі XIX ғ. тарихымыз ол да белгілі: әлгі хандардың соңынан келген Ресей шенеуніктері қазақ даласындағы барымта мен бұзақылықты тия алмай, жынданып кете жаздаған. Қазақтардың бірінің үстінен бірі жазған арыздарына әлі де Ресей архивтері толы. Жырлары адуынды және асқақ жыраулардың орнына не болса соны сөз қылатын өлеңшілер келді. Қазақтар көбінесе соңғы пассионарларын өздері өлтіреді. Ал ұлттың нағыз мәйегі – Алаш Орда қайраткерлері халық ішінде өте аз қолдау табады. Мұның бәрі, әрине, трагедиямен бітеді.

Көне монгол казактары жаңа билеушілер мен мемлекеттер іздеу мақсатында, көшіп кету дағдысынан айырылғасын, қазіргі қазақтарға айналған. Міне, осыдан арбадағы киіз үй ретіндегі «казак терген» арбалары құрама юрталарға ауыстырылып, қазақтың мәдениеті мен тұрмысына зор өзгерістер енген. Яғни, нағыз жаңа – империялық емес этнос тек XVII ғ. ғана Шыңғысханның ежелгі монгол-казак империясының қирандысында пайда болды. Қазақ этносы Ресейге XVIII ғ. 30-шы жылдарында қосылды және XX ғ. 30-шы жылдарында оны күштеп отырықшы қылды. «Қазақстан трагедиясы» ретінде атышулы болған отырықшылыққа жаппай көшу барысында, Голощекин ұйымдастырған жаппай аштан өлу нәтижесінде, қазақтардың үштен екісі жойылып кетті.

Ендігі мәселе – қазіргі XXI ғ. қазақтары қалай дамиды: бұрынғыдай жалпыазаматтық мағынасындағы титулды, нарыққа бейімделген, этностық санадан биік ұлт боламыз ба, әлде ана тілі мен титулды елдің мемлекеті негізінде бөлектеніп, этнократиялық, нарықты емес қоғамның қамытын киеміз бе? Қазіргі уақытта титулды ел басқаратын Қазақстанның жалпыазаматтық ұлтын жасау үшін қазақтардың дәстүрлі қазақлық мәдениетін жеке ашықтыққа және мәдениет, саясат, экономикадағы бәсекелестікке қарай жетелейтін жаңашылдықтың ұлттық идеясы керек. Қазақтың ұлттық қасиеті ретіндегі жеке ашықтық идеясын барлық елдер қолдайды. Бұл ұлттық қасиеті арқылы жалпы азаматтық Қазақстан ұлты – өзінің ұлттық миссиясын жүргізеді, яғни, ақпараттық қоғамның этникалық үлгісіне айналады. Алдымен, бүгінгі таңдағы ономастикалық логикаға бағынып, ел атауының орысша және ағылшынша транскрипциясын өзіміздің қазақша нұсқасымен сәйкестендіру керек: Казакстан (Kazakstan) – Еріктілердің Отаны (Freedom State).

Ұлттық идея қолдан жасалатын нәрсе емес, шынайылық ретінде ашылатын нәрсе. Кез келген ұлттық идея, қазақы болсын, орысша болсын, кез келген халықтың ұлттық миссиясын беретін ұлттық қасиеттен және оны этнос ретінде, мәдени-тұрмыстық тұтастық ретінде біріктіретін нәрселерден тұрмақ. Ерте ме, кеш пе, біз этностық пен азаматтықты бөлетін боламыз және ұлт деп тек азаматтылықты айтамыз. Әзірше біз, этностар, ұлттық шығу тегіміз бен ұлт деңгейін ажыратуды үйренейік.

Өкінішке орай, индустриалды мәдениеті бар ұлттар жалпыазаматтық қоғамдастықтар ретіндегі елдер жиынтықтарына қарағанда, өзінің басындағы ұлттық мемлекетсіз тірлік ете алмайды. Сондықтан кез келген либералды-демократиялық құндылықтарды енгізу, егер онда тұтас этнос ретіндегі тұрғындардың өз-өзін тану деңгейін беретін («идентификация») ұлттық идеямен қамтамасыз етілмесе, сәтсіздікке ұшырайды. Саяси және экономикалық бағыттама нұсқасындағы мемлекеттік мақсат ұстанулары ұлттық идеяның орнын толтырмайды. Өзге жағынан либералды- демократиялық құндылықтардан қол үзген кез келген ұлттық идеяның өзі дұрыс болмайды, өйткені ақпарат жиюдың глобалды тарихи барысына қайшы келеді.

Қазақтардың жеке ашықтығы жөніндегі ұлттық идея Қазақстанның жалпыазаматтық ұлтын тек қана индустриалды емес, қоғамдасу мәдениетінің ақпараттық деңгейіне көтереді. Міне, тек осы ғана «Аспандау» ғылыми-білім беру қоры шығарған «Ақпараттық қоғам – 2030» ҚР білімін дамыту Саясатында насихатталады (www.aspandau.kz).

* * *

Қазақлық концепциясының қазақ этногенезіндегі және тайпадан тыс дәстүрлерді модернизациялаудағы маңызын баяндаудан соң Қазақстанның тарихтануындағы, нақты айтқанда, осы концепцияны қолдайтын бағытындағы соңғы жетістіктерді зерделеу қажет.

В.П. Юдинның зерттеулері

2001 жылы И.Н. Тасмагамбетов басқаратын редколлегия жарқын қазақстандық зерттеуші Вениамин Петрович Юдиннің «XIV–XVIII ғғ. Орталық Азия шығыстанушының көзімен» жұмыстар жинағын шығарды.

Онда «казах (казак)» этнонимінің этимологиясы жөніндегі 1967 жылғы жұмысы алғаш рет жарыққа шықты. Осы тарихи-лингвистикалық еңбектің Қазақстан историографиясы үшін маңызын айтып тауысу мүмкін емес.

Бұл мақаласында Юдин ерінбей – жалықпай, «казак» этнонимінің этимологиясы жөнінде 22 гипотеза келтіреді және соның нәтижесінде мынандай нақты тұжырымға келеді: «Сөздің негізгі де, қосалқы мағынасы да, сонымен бірге, оның дыбыстық-морфологиялық құрылымы да, оның шығу тегі болатын ешбір негізге сілтемейді. Міне, осыған байланысты оның тіпті қай тілден шыққаны да белгісіз» (с. 147–156). Юдиннің ойынша, «казак» этнонимінің көне түркі тіліндегі «казгак» сөзімен байланысы бар. Бұл сөз Ұйық Тұран өзені бойындағы VIII ғ. руникалық ескерткішінен алынған, мағынасы «өндірілген», немесе Радловша, «асырап алынған». Осы мәселеге аса назар аудару қажет. Юдиннің қайнаркөздерді солардың төл тілінде оқитынын және осы гипотезаның «казак» этнонимінің («еркін» және т.с.) жалпылама мағынасына сәйкес екенін ескерсек, бұл гипотеза ғылыми зерттеулердің ең тиімді бағытын нұсқайды. Сөйтіп, Юдин Левшиннің «казак» ежелгі түркі сөзі мағынасының аударылмайтынын және «бөлінген, жеке ерікті адам» («жаугер», «жортуылшы») сияқты жалпылама ғана мағына бере алатынын растайды және осымен осы жөніндегі этимологиялық дауларды доғару керек екеніне мегзейді.

Юдиннің айтуынша, француз зерттеушісі Gabain А. былай деген екен: «түркі халықтары тарихында казактар тек қашқындар болған жоқ, олар белгілі бір құбылыс болған, казаклык пен казакламактың арнайы көрінісі (с. 140)». Бұл біздің қазақ этносы қазақлық (қазақламақ) дағдысынан шыққан дейтін концепциямызды растайтын нәрсе. Әрі қарай ол «хасаг терген» сөз тіркесі қазақы арба, қазақламаққа арналған арба, тіпті де қазақ арбасы емес және осы мағынасында ол монгол жазба ескерткіштерінде қолданған деген белгілі монголтанушы Б.Я. Владимирцовтың беделіне сүйеніп, бұл тіркес түркі және парсы тілдеріндегі казак және казактар сөз қолданысымен тең деген тұжырымға келеді және әлгі тіркестің іркілген сөзқолданысы ретінде барлық қазіргі монгол тілдерінде сақталғанын айтады. Бұл бізді қазақтың тұрмысы тек қыпшақтардан емес, одан да бұрын ол ежелгі монголдардан деген өз ойымыздың дұрыс екеніне одан сайын сендіреді.

Әрине, қазақлық арбасы деген «тіпті де «қазақ арба емес», арбаға орнатылған киіз үй, бірақ ол қазақ этногенезінің материалдық негізінде жатыр. Юдиннің қазақылықты әлеуметтік институт ретінде мойындауымен қатар, ежелгі монгол хасах тергенін юрта-арба деп мойындауы, казактардың этнос ретінде өз-өзін танудың және олардың «барлық киіз үйде тұратын ұрпақтардың арасында» топтық бөлектенуінің ғылымға еш қайшы келмейтін мәдени-тұрмыстық белгісін анықтап беріп отыр. Юдин айтқандай, әскердің бір түрі болмаған шығар (с. 155), немесе оларды әскери ақсүйек топ деп те артықтау болар, өйткені олар отырықшы тұрғындарды бағындырғанда ғана сондай дәрежеге жететін. Ең дұрысы, олар аракідік Шыңғысханның жеңісіне дейін және, әсіресе, оның таққа отырғанынан кейін әскерге қабылданып, ұрысқа қойылатын жауынгерлер болған, яғни, оларды ру мен тайпаға емес, жүздіктер мен мыңдықтарға бөлген. Осы жүздіктерге бөлетін казак әскерінің құрылымы тек ежелгі монголдар мен қыпшақтарға емес, көшпелі өзбек пен ноғайға да тән болған. Б.А. Ахмедовтың «Көшпелі өзбектер мемлекеті» кітабына рецензиясында Юдин Махмуд бен Валидің «Бахр ал-асрар» кітабына сүйене отырып, Жүз-Орда атауын Ақ Ордамен теңестіреді, яғни, Юдиннің ұғымында, Жошы ұысының (Алтын Орданың) өзгеше атауы. Жүз Орданы ол жүз орда емес, Жүз-Орда («Орда-Сотня») деп аударады, өйткені басқаша аудару түркі тілтануының заңына қайшы келер еді (с. 256–267).

Сөйтіп, Шыңғысханның дәуірінде ол көшпеліліктің тұрақты ауылдық тәсілі бар, ортақ түркімаңғұл тілі бар және мейлінше дамыған мемлекеттілігі бар біртұтас халық болатын. Оны Шыңғысхан монгол деп атаса, қытайлар мен орыстар татар деп атай берген, сосын оны бір кезде өзбек десе, бір кезде ноғай деген, бірақ өмір дағдысы бойынша, яғни, этникалық түрде ол әрқашанда казак (қазақ) болды. Казактар өз атауларын өзгерткен, бірақ әрқашанда Шыңғысханның заңы мен руына бағынған, тіпті Қазақстанға көшіп келгеннен кейін де. Содан соң казактар қазақтың нақ өзіне айналады да, өздерін украин және орыс казактарынан, татарлардан, өзбектерден, қырғыздардан және көбінесе отырықшы этностарға қосылып кеткен ноғай-казак, өзбек-казак, қырғыз-казак (мүмкін тағы бір өзге казактардың) қалдықтарынан құралған өзге ұлттардан ажырата бастаған.

Тағы бір сөзінде Вениамин Петрович «қазақ халқы болжам күйінде айтсақ, кейінірек құралған дейді, өйткені оның ойынша, қазақ құрамында халыққа айналып бара жатқан тайпалық одаққа өзінің қазақ деген атын беретін ешбір билеуші ру болмаған. Алайда, әлгі баяндалған уәждерді ұстанатын болсақ, біз бұл пікірмен келісе алмаймыз. Рас, қазіргі уақытқа дейін өз шежірелеріне қызығатын қазақтар, әрбірі өз әлінше, олардың қатарына, Илья Айсаевич Нұров деген менің әкемді қосайық, Казак деген аты бар жеке адам рубасы болғанына сенбейді. Демек, мәселе қазақ этностың жастығында емес, оның таза әлеуметтік түрде құралғанында боп тұр.

Тағы бір түсініксіз нәрсе, Юдин «монголдан бұрынғы уақытта қайнаркөздерде казак сөзі әзірше тіркелмеген» (144 б.) деген тұжырымынан таймаса да, Порфирородный (Х ғ.) мен Фирдоусидің (ХI ғ.) «Қазақия» және «казак хандары» жөніндегі жалпыға белгілі мәліметтеріне еш комментарий бермейді. Мүмкін, оның осындай үзілді-кесілді пікірі тек түркі тілдегі қайнаркөздерді оқығаннан туындаған шығар.

Парсы және түркі қайнаркөздері жөніндегі мақаласында Юдин «тек қана Абулхаир ханның емес, одан бұрынғы Урус ханның бодандары да көшпелі өзбек болғанын» (с.45) және «Жәнібек пен Керейдің Абулхаир империясының аумағында хан болғандары (с. 47)» жөнінде анық айтады. Егер бұл хандардың шейбандар қайнаркөздеріне Абулхаирге бағыныштылар қатарында аталмайтынын ескерсек, Өзбек ханның көшпелі өзбектерінің өзбектерден гөрі қазаққа жақындығы жөнінде ғана емес, сонымен бірге, қазақ хандарының көшпелі өзбек мемлекетінде дербес болғанына көз жеткіземіз. Міне, осының бәрі Юдин сияқты беделді ғалымның аузымен казақ халқының әлгі хандардың Могулистанға көшуінен, ең кемінде, жүз жыл бұрын құрылғанын растайды. Жәнібек пен Керейдің Абулхаир империясынан бөлінуі көшпелі өзбектердің көшпелі казактарға (қазақтарға) айналуының ақыры еді.

Юдин қазақ пен Тянь-Шань қырғыздарының өзара байланысы жөнінде де біраз маңызды мәлімет қалдырған. Шағатай қайнаркөздерінде олардың саяси одағы жөнінде жазылған екен. Мысалы Зайн ад-Дина Васифидің «Бадаи ал-вакаи» шығармасы бойынша (52 б.) 1537 жылға дейін Киргизия алдымен Қазақстан аталған, ал қырғыздарда өз хандары болмаған және ХVIII ғ. ортасына дейін қазақтардың саяси ықпалы аумағында болған (53 б.). Осыған байланысты парсытілді дерекнамаларда қырғыз бен қазақты бірге атау әдетке айналған. Сондықтан осы этнонимдер… қырғыз бен қазақ грамматикалық одақ арқылы біріккен екі бөлек ұғым емес, біртұтас ұғым ретінде қабылданады (54 б.). Ал 1733 жылы жазылған «Ұлы жүздің сұлтандары мен билерінің императрица Аннаға жазған Ресей бодандағын қабылдау жөніндегі хаттарында» олар өз өздерін қырғыз-қазақ билеріміз деп атайды. Міне осыған байланысты «киргиз-кайсаки» деген орыс ұғымы дүниеге келеді (54 б.).

А.М. Мугиновтың «Ұйғыр қолжазбаларын суреттеу» кітабына рецензиясында Юдин «түпкі қазақ мемлекеттілігі алғашқыда тап Киргизия территориясында, Шу мен Талас бойында осы кезде қалыптасып жатқан саяси одақтағы қазақ және қырғыз этностарының негізінде құралып және дамыған» деген нұсқауы бар (255 б.). Сөйтіп, біз таныстырып отырған кітапта қазақ пен қырғыздардың этникалық туыстығы, не саяси жақындығы Ұлы жүздің тарихымен қатар, Вамбери айтқандай, дала қаңғыбастары болған «могол», «казак» және «кыргыз» этнонимдерінің жалпылама мағынасының жақындығы жөніндегі зерттеулер үшін жөнді бағаланбаған.

Біздің ойымызша, Ұлы жүздің ру-тайпалық құрамы қалыптасуына қырғыз-қазақтардың ықпалы могол-қазақтардан кем емес, артық болған, сол сияқты Орта жүздің қалыптасуына өзбек-қазақтардың орны бөлек болса, ноғай-қазақтардың Кіші жүздің құрылуындағы ықпалы зор. Өкінішке орай, Юдин өзінен кейін қазақтардың үш жүзінің пайда болуының анық болжамын қалдырмады, бірақ оның есесіне, олардың ежелгі монгол империясымен байланыста болғанына сендірді. Оның ойынша, «қазақ жүздерінің өзара орналасуында қазақ хандарының Қазақстан территориясындағы билігі таралу кезеңдері сақталғандай» және олардың Ұлы, Орта және Кіші болатынындағы ең басты нәрсе, олардың билік пен саясаттағы дәрежесі» (255 б.).

Сонымен бірге, Юдин «қазақ хандарының саналы түрде ортаазиялық сопы топтарын далада жасырғандарын» жазып және «қазақтарды ортаазиялық молдалары арнайы фетвамен діннен безген» деп атады деген нұсқаулары (64–65 бб.) біздің қазақ исламы және қожа руы сопылық, яғни исламның дәстүрлі емес және сунниттік емес нұсқасынан тараған деген пікірімізді растайды. Олар сопы болғасын, қазақтың шаманизмнен гөрі митраизмге (шығыстық зороастризм) жақын тәңіршілдігінен тамырын үзбеген.

Могулдар туралы мақаласында Юдин жанама болса да, біздің қазіргі татарлар мен қазақтардың ежелгі монгол жөніндегі тұжырымымызды растайды. Нақты айтқанда, ол «Еділ татарларының этникалық тарихын зерделеуде Еділ татарлары артық бағаланады да, қыпшақ құрамы жете бағаланбайды», – деп жазады және осымен бірге ол қыпшақтарды монгол-татарларға теңегендей, өйткені оның жазуынша: «қыпшақтар» (монгол-татарлар)» (100 б.). Өзіміз таныстырып отырған казак концепциясында монголдан кейінгі дәуірде қазақ даласын қыпшақтікі (Дешт-и Кыпчак) деп атағанға біз келіспейміз және ежелгі монгол ру-тайпаларының түркілерге сіңіп кетіп, монголдығынан айырылды деген тұжырымға да келісе алмаймыз. Рашид ад-Дин бойынша (107 б.) ежелгі монголдар қазіргі монгол, немесе халха-монголдар деңгейінде монгол тілді болмаған. Ал қыпшақтардың қимақтардан және Қазақстанның өзге казак көшпенділерінен айырмашылығы олар қазақ даласында билік етсе де өзінің саяси басым болатын негізінде Хорезмшахтың (Сырдарья сыртындағы) және Еділдің арғы жағындағы Көне Русь княздықтарының шетжақтарында жартылай отырықшы тұрған.

Монголдар қыпшақтардың (Ел Бөрі) ақсүйектік тайпаларын жойғасын, түпкі қыпшақтар, ежелгі монгол-татарлары сияқты, жүздіктерге таралып, сөйтіп, олар саяси билігінен айырылғасын, далалық тұрмыс жағдайында этникалық басымдылығынан да айырылды.

Бұл мағынада бұрын Татар ұлы Ноғайдың атымен аталған маңғыттардың (кәдімгі атышулы ежелгі монголдың «мангуд» тайпасын айтып отырмыз) Еділден арғы Ноғай Ордасындағы басымдылығы қазіргі татарлардың қалыптасуындағы булгар, немесе қыпшақ ықпалдарынан кем болған жоқ. Ең кемінде, татар деген ежелгі монголдық Алтын Ордаға орыстар берген атауы Қырым, Қазан және өзге татарлардың атауына айналды. Сөйтіп, ежелгі монгол және қазіргі татарлар арасындағы атау байланыстығы кездейсоқ емес еді және мүмкін, бұл байланыс бір атаудан бұрын да болған сияқты. Сол сияқты қазақтардың ежелгі монголдармен байланысы атау арқылы болсын, ру-тайпалық құрамы арқылы болсын, одан сайын анықтала түскендей.

«Қазақстан және Орталық Азияның тарихы» оқулығы

Сол 2001 жылы және сол айтылған баспада т.ғ.д. М.Х. Абусеитова, т.ғ.д. Н.Э. Масанов және т.ғ.д. А.М. Хазановтың редакциясымен «Қазақстан және Орталық Азияның тарихы» деген студенттерге, аспиранттарға және ғалымдарға арналған елеусіз ғана оқулық шықты. Бұл оқулық автордың осында қарастырылып жатқан проблемаларға жоғарыда баяндалған әдістемелерін растауға қатысты Қазақстан историяграфиясындағы тыныш революцияның белгісіндей болды. Әрине, бұл оқулықты «ғылым майданының алғашқы шебіндегі» новаторлық болжамдармен салыстыра алмайсыз. Әйтсе де, онда жауапты редакторлардан өзге, Ж.Б. Абылхожин, С.Г. Кляшторный және Т.И. Султанов сияқты, үш көрнекті зерттеушілер болған. Бірақ оның құндылығы да сонда, өйткені ол әр сөзі мен тезисі ғылымның дәлелдене алатын және тұрақты қағидалары ретінде тексерілуге және сәйкестендірілуге тиіс ұжымдық білім беру құжаты болатын.

Ең бастысы, бұл оқулықта Қазақстанның территориясы мен этностарының тарихтары өте анық ажыратылатын. Міне, осының нәтижесінде, қазақ этногенезінде арийлар, турлар және дахтар сияқты андрон тұрғындарының тікелей ұрпақтары ретіндегі үндіеуропалық сақтармен (скифтермен) байланыс жоқ екені көрсетіледі (43 б.). Бірінші ғасырлардағы Жетісудың еуропоидтық, бірақ түркітілді болып кеткен үйсіндері жөнінде тек «олар сақ дәстүрлерінің тура жалғастырушылары болған» деп айтылған. Бұлай деп айтылуы, мүмкін, олар туралы тексерілген ақпараттың аз болғандығынан шығар және этникалық, нәсілдік және мәдени жағдайлардың нағыз өзгеруі шығыс халықтарының IV–VII ғғ. ғұндар бастаған Ұлы жер ауыстыру деп аталған шынында да дүбірлі оқиғаға байланысты (45 б.) деген тұжырымға тірелгендей.

Бұдан соң көшпелі түркі тілді халық ретіндегі қазақтардың ежелгі түркі-монгол тілдік қоғамдастықтағы монголоидты алтай тайпаларымен, кейінгі ғұндармен, ежелгі түркілермен және монгол-татарлармен, тіпті, көшпелі өзбектер, ноғайлар, қырғыздарға дейінгі этникалық байланыстарын дәлелдеп беруге жеткілікті тарихи дерекнамаларға сілтеме беріледі (48 б.). Сөйтіп, бұл қазақтың арғы атасы ретіндегі «алтын адамға» қанша өкінішті болса да, қазақ этногенезіндегі скиф-сақ тамырлары жөніндегі мифті сақтауға еш ресми уәж қалмайды. Оқулықта қытайлық шаруашылық-мәдени нұсқасымен қатар, Орталық Азия шаруашылық-мәдени нұсқасы болған деп айтылады. Ол біздің дәуірімізге дейінгі II және I мыңжылдықтардың аралығында көшпелі және жартылай көшпелі нұсқасында қазіргі сыртқы Монголия территориясында: батыстағы Шығыс Түркістаннан шығыстағы Күнгей Маньчжурияға дейін, оңтүстіктегі Гоби мен Ордостан, солтүстіктегі Тува мен Забайкальеге дейін тірлік еткен (50 б.). Ал, біздіңше, Халықтардың Ұлы жер ауыстыруға дейінгі Орта Азия мен Қазақстанда орталықазиялық мәдени-шаруашылық үлгісі болмаған. Сол сияқты, материалдық мәдениетінің жалпы скифтік ежелгі нұсқасында болғанына қарамастан, алтайлық тайпа мемлекеттерінде әскери соғыс демократиясы құрылымы болмаған.

Ең кемінде, Сыма Цяньнің тарихи жазбаларынан алынған б.д.д. VII–VI ғғ. Орталық Азия көшпенділері жөніндегі деректер Геродоттың Қара теңіз жанындағы кең ауқымды әңгімелеріне еш ұқсамаса да, әлеуметтік-мәдени мағынасында қазаққа да тән ғұндардың, ежелгі түркілердің, монгол-татарлардың және ноғай-өзбектердің тұрмысына таңғажайып ұқсас. Мысалы. қытай қайнаркөздеріне сілтей отырып, оқулық Ішкі Монголиядағы жун мен дунху тайпалары жөнінде мынандай деректер келтіреді: «малымен бірге шөп пен суына байланысты жерден жерге көшеді. Есігі шығысқа қарайтын дөңгелек отауларда тұрады. Ет жейді, қымыз ішеді… ішіндегі өжет, күшті, дау-дамайды шешуге қабілеттілерін би қып сайлайды. Мұрагерлік құқық оларда жоқ. Әрбір тұрақ орнының өз басшысы бар. Жүзден мыңға дейінгі жұрт жұртшылықты құрайды. Биден ең соңғы бағыныштыға дейін әркім өз малын өзі бағады және өз мүлкіне өзі қарайды, сондықтан бір-біріне қызмет етпейді… Әрбір істе әйелдердің пікірін тыңдайды, тек әскери істерді ғана өздері шешеді… Соғысты маңызды іс деп санайды… Жоғарғылар төмендегілермен араласқанда қарапайым, ал төмендегілер жоғарыдағыларға (яғни, сайланатын билер мен көсемдерге) ақ жарқын адалдықпен қызмет етеді (51 б.).

«Шығыс жабайылары» қауымдастығының ежелден жүздіктерге бөлінетіні жөніндегі және оларда саяси бірігу болмайтындығы жөніндегі Қытайлардың көне нұсқауы (б.д.д. VII ғ.) мынандай ойға жетелейді (51 б.).

Орталық Азия жеке ерікті көшпенділерінің жиынтығына бірінен соң бірі билік еткен. Кейін көшпенділер солардың атымен аталған. Содан Шыңғысхан келеді де олардың жүздік құрылымын қайта орнатады, бірақ енді ешбір ру-тайпа ақсүйектерсіз, біртұтас империяның құрамында.

Егер осындай тайпалық одақтың біріншісі жөнінде «антропологиясы жағынан хуннулар маңғұл түсті болған, бұл Монголиядағы хуннулар обаларынан табылған материалдармен расталады және кейінгі б.д. д I ғ. Жетісу мен Шығыс Қазақстанға көшіп кеткен өте сенімді қытай қайнаркөзі баяндағандай «солтүстік» ғұндардың тілі гаогюйлердің тілімен бір болса, онда ғұндар мен қазақтар арасындағы мәдени-тұрмыстық белгілер арқылы мүмкін байланыстар онша беймүмкін көрінбеуге тиіс.

Ең қызығы, К. Данияров пен Б. Адиловтың миф тудыру деңгейіндегі тезистері ғылымға зиян болса тек мазмұны жағынан емес, оларды дәлелдеу тәсілдеріне байланысты зиян.

Аммиан Марцеллин, біраз дәрежеде белгілі және беделді V ғ. ұрым авторы, ғұндардың тұрмыстары мен мінездерінің кейінгі монголтүстес және түркітілдес көшпелі халықтарға ұқсайтынын растайды: «…олардың бәрі айрықша мығым және күшті, шүйделері тоқпақтай… тау мен ормандарға көшіп-қонып, олар бесігінен бастап суық, аштық және шөлге төзімді болады, және жат жерде олар айрықша бір қажеттілік болмаса, үйге кірмейді… олар жаяу ұрыстарда онша жақсы емес, оның есесіне олар өздерінің төзімді, бірақ ұсқынсыз кішкентай жылқыларына жабысып қалғандай, және кейде солардың үстінде әйелше отыра, барлық үйреншікті істерін тындыра береді…егер маңызды заттар жөнінде ойлану керек болса, олар барлығы жиналып кеңеседі; олар патшаның қатаң тәртібіне бағынбайды, оларға кейбір кездейсоқ ақсүйектің билігі де жетеді және барлық жолында кездескен нәрсені қиратады… Олар ешқашанда жер жыртпайды және соқа ұстамайды… мәңгі қашқындар сияқты, әр жерде көшіп-қонып, өмірін жабық арбаларында өткізеді (66–67 бб.)».

Сыма Цянь мен Аммиан Марцеллиннің келтірген деректері біз таныстырып отырған кітапты ғажап толықтырғандай. Егер оларға ежелгі түркі одақтары жөніндегі деректерді қоссақ, көшпенділіктің ең жоғарғы деңгейі ретіндегі қазақылықтың әлеуметтік негізіндегі қазақ этногенезінің үзіксіз және біртұтас екенінде еш күмән қалмайтындай.

«Сөйтіп, менің бабаларым Бумын қаған мен Естеми қаған таққа отырды. Таққа отырғасын, олар Елді орнатты және түркі халқының Заңын орнатты», – деп түркі елінің бастауы жөнінде 732 және 735 жылдары Орхон өзені бойында Білге қағанға және Күлтегінге арналған екі тас жазуында түркілердің бірінші тарихшысы Йоллыг тегін осылай жыр етеді (cонда, 74 б.). Мұндағы «ел» сөзі түркіге де, қазаққа да ортақ. Оның мағынасы көшпелі «халық-мемлекет». Мұнда бір қызығы, «бодун» түрк сөзі тайпалардың жиынтығын белгілейді, «жеке тайпалардан құралған халық», ал оларды біріктіріп басқаратын Түрк Елінің нақ өзі (79 б.). Осы арқылы бодун сөзі ежелгі монголдарда және қазақтарда бар бақылаудағы территория мағынасындағы «жұрт» сөзін еске түсіреді. Мұрагерлік үлес ретіндегі ежелгі монгол ұлыстарын кейін қазақтың жүздері ауыстырады, олардың ордалары «әскер-халықты» басқарады, егер осыны ескермесек, ежелгі түркілер, монгол-татарлар, көшпелі өзбектер мен қазақтардың әлеуметтік-саяси құрылымы бір екені өзінен өзі көрініп тұр.

Тіпті Заң мағынасындағы Төр түрк сөзінің өзі тәртіп пен заңды және сол заңды сақтаушы Шыңғысхан ұрпағын белгілейтін қазақтағы Төре ұғымымен тең.

Бұл тұрғыда ғұндық жерлеу рәсімінің және Монголиядағы түркі тілді тас жазуының түрлі ру-тайпалардан шыққан көшпенділер ретіндегі түркі қазақтарының антропологиялық нұсқасы мен тілдік нұсқасы қалыптасуына қатысты ұқсастығы назар аудартады.

Олардың бірігіп қордалануы I мыңжылдықтың екінші жартысында түркітілдес тайпаларды Оңтүстік Сібірде, Орталық және Орта Азияда, Еділдің төменгі жағында және Солтүстік Кавказда Бірінші Түркі қағанаты, Шығыстүркі қағанаты, Батыстүркі қағанаты, Түргеш қағанаты, Ұйғыр қағанаты сияқты үлкен мемлекеттік құрылымдар және енисей қырғыздары, қарлұқ, кимақтар және Арал оғыздарының мемлекеттерін құруға әкеледі. Бұл уақыт қазір «ежелгі түркі дәуірі» деп аталады (сонда, 75 б.). Сол сияқты Каан\Қаған сөзі де ежелгі монгол және түрк тілдерінде «хандардың ханы» деген бір мағына береді (оны Владимирцов айтқан Канмен шатастыруға болмайды). Тіпті ханды ақ киізге көтеру рәсімі де барлық жерде сол күйінше сақталған. Мысалы, 551 жылы Бумынды Түркі Елінің қағаны деп жариялағанда, оны ақ киізге көтерген (78 б.). Мұндай салыстырулардан кейін ежелгі түрк дәуірі түркіттерден көне ұйғырлар мен қыпшақтарға дейін бір екеніне еш күмән қалмайды. Сол сияқты әлеуметтік институт және этникалық өмір дағдысы ретіндегі қазақылықтың көптеген элементі бар екеніне біраз көз жеткізген сияқтымыз. Ежелгі түркі мемлекеттерінің өз-өздерінің саяси атауындағы айырмашылықтар түрлі билеуші тайпалардың ақсүйек руларына байланысты болған, сондықтан тұтас халықтар жойылып кетті деп шатасуға болмайды. Бұл тұрғыда біз өзіміздің және басқалардың да (мысалы, В.П. Юдиннің) ойларын қайталауға әзірміз. Бұл тұрғыда монгол тілдес жуан-жуандар («аварлар») 460 ж. Турфаннан Алтайға көшірген кейінгі ғұн тайпалары арасында ежелгі түркі мемлекетіне бастау берген Ашина ұрпақтарының тайпасы болды деген түркі аңыздарынан және VI ғ. Қытай тарихи хроникаларының деректері өте қызық және маңызды. Сонымен қатар, Ашина кейін ежелгі түркілердің бүкіл мәдениеті мен мемлекеттілігіне зор ықпал еткен өзімен бірге иран тілді индоеуропа халықтары – соғдықтар мен тохарларды алып келеді. Сөйтіп, біз кейінгі ғұндардан көшпелі өзбектерге дейін созылған түркі казактары ретіндегі қазақ этногенезі үзіксіздігінің тек әлеуметтік-саяси негізін ғана емес, тарихи-мәдени негізін де елестете аламыз. Ашина сөзінің өзі иран тілінен шыққан және оның мағынасы «көк, бурыл көк», бұл Шығыс Түркістанның патшалық ономастикасына байланысты. Демек, Көк Түрк деген Ашина ұрпақтарына бағынған халықтың атауын түркі тілінің заңы бойынша Көк түрктер емес, Ашина және түрктер деп аудару қажет. Алтайда бөрі қаншығынан тараған дейтін Ашинаның «жарқын» руы бірте-бірте жергілікті алтай тайпаларын біріктіріп, осы ежелгі және кейінгі ғұндардан бөлек тайпалық одаққа Алтай тауларының жергілікті аңыздық атауы бойынша Тюрк атауын берген (сонда, 75–76 б.).

Көне ұйғырлардың мифтік Оғыз қағаны (оның мүмкін ежелгі нұсқасы – ғұн патшасы Модэ) мен өмірде бар Шыңғысханның көк бөріден дүниеге келуі, сонымен қатар, қазақ Алаш ұлдарының бурыл бөріден таралуы оларды осы мифтік шығу тегі арқылы біріктіргендей. Осы иран ізінен ежелгі маңғұл тәңіршілдігінің митраистік (зәрдүштік) тамырлары шығады және ислам Алласын да түркілер мағыналас иран сөзі «Құдай» атауымен атаған. Мұның айғағы ретінде VII–VIII ғғ. Тәңірі-Ұмай, Күн мен Ай және Орталық Азиядағы көне түркілер діни-мифологиялық пантеонының (Монголиядағы Орхон-Енисей тас жазулары), оларға Кавказ ғұндарын (Мовзес Каганкаттвацидің Х ғ. «Авган тарихы») және дунай болгарларын (Мадараның грек эпиграфикасы) қосыңыз, бір болғанын растайтын түсініксіз деректерді келтіруге болады. Мысалы, Мовзес кавказ ғұндары жөнінде: «зарлап жылау мен пышақпен беттерін тырнау сияқты қайғы көріністерімен қатар, зиратта бәйге, жын-ойнақ ойындар, ойнас ұйымдастырылған» деп жазса, VI ғ. ақсүйек түрктің жерленуі жөніндегі қытай қайнаркөзі былай дейді: «марқұмның туыстары жануарларды құрбанға шалады, қайғысының белгісі ретінде беттерін тіліп, содан бәйге ұйымдастырып, эротикалық сипаттағы жігіт пен қыз ойындарына көшеді, мұның ақырында жастардың ата-анасы бір-біріне құда түседі» (cонда, 146 б.). Ең қызығы, қазақтардың да түрлі тойларында, тіпті ас бергенде де, осындай эротикалық ойындар болған.

Демек, мұнда да түсініксіз ұқсастық жалғасып отыр. Бірақ егер ғұндар мен түрктер арасындағы барлық осы ұқсастықтарды түсіндіру үшін Кавказ аумағы және IV–VI ғғ. Солтүстік Кавказдың түркітілдес этникалық топтары (ішінде Дағыстан ғұндары да бар) ғұн, болгар тайпаларының негізгі көпшілігімен ажырамас болса, (оқулық осылай түсіндіреді) және теле тайпалар одағының батыс бөлігімен тығыз байланыста болса, (ал олардың негізінде Орталық Азияда V–VI ғғ. көшпелі гуздардың («тогуз – огуз») және монголдан бұрын басымдық еткен ежелгі ұйғырлардың («он уйгур»)жаңа тайпалық одақтары қалыптасқан), онда біздің басмыл теленің қазақ арғындарымен бір дегеніміздің дұрыс болуға біраз мүмкіндігі бар сияқты (сонда, 144 б.).Өйткені қазақтардың басты этнос құраушы субстраты ретінде олардың бірде жоғалып, бірде қайта шығуы беймүмкін еді. Осы қытай мен маңғұл арбалы деген гаогюй телеуттері өз-өздерін (огур) оғыз деген және тілі жағынан да, өмір дағдысы жағынан да түркілерден айнымайтын, өздері көп болса да, VI ғасырға дейін бірікпеген, кейін оларды көшпелі ұйғырлар басқарып кеткен (сонда, 78 б.). Егер түркі аңызы бойынша, «теле Чжучже өзеніне қоныстанған Ашинаның туысы» (80 б.) дегенді ескерсек және Ашина мен Алаш(а) арасындағы этимологиялық және семантикалық байланысты қабылдасақ, сонымен бірге, Шәкәрімнің шежіресі бойынша, оғыз басмылдардың, немесе бай-егудың бірінші қарақытай хандарының кезеңінде наймандарға билік еткенін еске алсақ, онда Гумилев пен Шәкәрімнің арғындарды көне ұйғыр оғыздардан шығаратыны көңілге қонымды. Тағы бір қызық нәрсе, арабтар қазақ даласын қыпшақтікі деп атаудан бұрын оны оғыздікі (Мазафат ал-гуз) деген екен. Бұл дәйектен басқа, гуздарда да, арғындарда да «қазақ арбалары» болса, әлеуметтік институт ретіндегі қазақылық та болған. Олардың монголтүсті және түркітілдес болғаны жоғарыда салмақты расталған. Тек қана ғұндар емес, сонымен бірге, түпкі ежелгі монголдар да (дарлекиндер, турлигиндер) Сыртқы Монголияда түркітілдес болған, олардың ішінде Ішкі Монголияның татарлары да бар. Гардизи (XI ғ.) сақтаған аңыз бойынша, қазақ этногенезіне қыпшақтардан да зор ықпал еткен кимак тайпалар одағының шығу тегі ежелгі монгол татарларының белгілі аумағына байланысты, ал олардың түркітілдес екенін Махмуд Кашгари ХI ғ. өзінде нақты анықтаған (108 б.). Демек, түркілер тайпалық одағына кірген және Ішкі Монголия территориясында гаогюй арбалылары болған теле, тегрек, басмыл аталған оғыздардың түркітілдес екені еш күмән тудырмайды. Егер осыны ескерсек, ол кезде, тіпті, монгол тілді ежелгі монгол нирундар (кияттар, джаджирадтар, сулдуздар және т.т.) таза түркі тілінде сөйлемесе де, алтай тайпаларының барлық ежелгі түркімонгол тіл қауымдастығына тән түркі-монгол тілінде сөйлеген. Соңғы ұғымдарда зерделеніп отырған оқулықтың ерекше маңызды қасиеті жасырынғандай. Демек, Қазақстан территориясында бұрын оғыз, кимак, қыпшақ одақтарына кірген жергілікті тайпалар ежелгі монголдарды түркілендірмеген және соңғылар ассимиляцияға ұшырамаған. Оны айтасыз, егер қазақтардың ру-тайпалық құрамы іс жүзінде ежелгімаңғұлдікіне толығынан тең болса, маңғұлдан бұрынғы қыпшактікі мүлде басқа болса, ал қазіргі маңғұл (халхалардікі) тек мөлшерлі түрде тең болса, онда В.П. Юдиннің мынандай дерегіне аса назар аударуымыз керек: «Кейін сол жаққа (Қазақстанға – авт.) жанұясымен көшкен маңғұл жауынгерлерінің қосымша контингенті келді. Кейбір жеке жағдайларда олар бұрын Шыңғысхан ұлдарына бөлінген төрт мың әскерден әлдеқайда көп болатын (Юдин В.П., Центральная Азия…, 109 б.). Сөйтіп, керісінше, ежелгі монголдар көптеген жергілікті ру мен тайпаларды өздерінің жүздіктеріне таратқан және өздерінің өмір дағдысына көндіріп һәм ру-тайпалық ақсүйектерді билігінен айырып, оларды этникалық ассимилияцияға ұшыратқан. Монгол нируннан шыққан Шыңғысханның казактары бұрын өздерінің ежелгі монгол тайпаларын да (турлигиндерді) сөйткен. Яғни, әзірше монголдардың біздің жерге үдере көшкені жөнінде айтуға негіз болмаса да, олардың ешбір (тілдік болсын, антропологиялық болсын) ассимилияцияға ұшырамағаны жөнінде нақты айтуға болады. Ежелгі түркі-монгол тіл қауымдастығындағы мәдени-тұрмыстық жағынан біртұтас «алтай тайпалары» өзінің шежіресін көне түркілердің көк бөрісінен шығаратын рулардың жоғарғы билігін әрқашанда мойындаған. Борте-Чино, ежелгі монголдардың арғы атасының атауы, ол да көк бөрінің атауы еді. Ал Ашинаның аты тек көк түсті емес, «қасиетті, ақсүйек» бөріні белгілейтін (қыт. «А» және монг. «Шино»), осыған байланысты кейбіреулер еш негізсіз Шыңғысхан ұрпақтарының тотемдік шежіресінен «көк бөрі» белгісін іздей бастады. Біздің ойымызша, ежелгі монголдар жергілікті ежелгі қазақ өмір дағдысына тек әлеуметтік сарын қосқан. Олар қарасүйекті, яғни, қарапайым халықты олардың ру-тайпалық ақсүйегінен босатып, олардың бәрін казак қылған, яғни, жаңа ақсүйек дәрежесіне жеткен Шыңғысханның алтын руының қызметіндегі ерікті жауынгерлер қылған. Казактар ру мен тайпа емес, жүздіктерге, әскери әкімшілік бөліктерге таратылған. Мүліксіз, маманданған әскери сословие ретіндегі казактар Қазақстанда монголдардан бұрын да болған болу керек, бірақ ру-тайпалық ополчениеге қарағанда, олар азшылықта еді. Ал Шыңғысхан келіп, әскерге шақыру рәсімін енгізгесін, ру-тайпалық ақсүйектерге сахнадан кетуге тура келді. Монголдан бұрынғы, ежелгі түркі көшпенділерінің тұрмысы мен мінезін Юсуф Баласагуни Х ғ. былай суреттеген: «олжа табу ниетіндегі жорықтар, оны табу ісіндегі өнегелік және оны таратқанда билеушілер тарапынан жомарттық» (История Казахстана и Центральной Азии. 131 б).

Ежелгі түркі көшпенділерге неге әскери демократиялық құрылымның керек болғанының бұдан түсініктірек себебі де белгілі: оларды ғұн замандарынан бері отырықшы шығыс халықтарымен ерікті саудаға жібермеген, ал көшпенділер отырықшылардың тауарларына өте мұқтаж болған. Махмуд Кашгари айтуынша, ежелгі түркілер казақтарды «кулсыг ер» деп атаған, «яғни, құлға ұқсас», демек, өзіне керек байлықты ру-тайпалық ақсүйектерге нөкер қызметін жасап табатын кедейленген еркін ер. Бірақ әлгі атақты «атлыгтардың» мықтылығы да әл тәуелді болса да, тәуелсіз еркін ерлерге байланысты еді. Елді солар ұстап, ел арқылы кара бодун, немесе қосылған ру-тайпалардың қарапайым халқын басқарған (сонда, 131–137 б.).

Ең қызығы, осы еркін қара халықтың арасында еркі жоқ құлдар қатпары болған, олардың еркегі құл аталса, әйелі күң аталған. Әдетте, оларды осылай атап, өзге тілдерге осылай аударады да. Іс жүзінде олар кезінде тұтқынға алынған және өздерінің иелерімен көшіп қонуға міндетті болған, бірақ оларды батыстағыдай қоғамдық жұмыстарда, немесе шығыстағыдай үй жұмысында еңбегіне ақша төленбейтін тәуелді құлдар ретінде қолданды деп айту қиын. Олар алғашқыда шынымен де еңбегі қатаң, тәртібі жоқ көшпенділер үй шаруашылығында пайдаланылған құлдар болса, кейінірек үлкен көшпелі отбасының мүшесіндей болып, олардан көшіп кетуге хұқығы болмаған. Олар далалық емес үйреншікті ұғымдағы құлдардан гөрі белгілі ақсүйек руға, немесе адамға мәңгі қызмет етуді қалаған ежелгі монголдардың «унаган баголына» ұқсайтын. Осыны растау мақсатында Х ғ. аяғы – ХI ғ. басында жазған араб авторы Ибн Факихтың «құлдыққа түсіп, сосын өзінің жаңа иелерімен өз тайпасына қайта оралғандарға бұрынғы орны қайтарылмаған», өйткені «түркілердің белгілі бір топтары өз тайпасынан кетіп, өзге тайпаға көшеді (сонда, 138 б). Сөйтіп, Ұлы дала жағдайында барлық көшпенділер багол мен құл болудың орнына, көшіп кетіп, тағдырмен тәйкілескен казак болуға мүмкіндік алған. Мысалы, VIII ғ. ортасындағы көне ұйғырдың Онгин тас жазуында Білге қаған мынандай өсиет айтады: «Егер сен, түркі халқы, өзіңнің қағаныңнан, өзіңнің бектеріңнен, өзіңнің отаныңнан бөлінбесең… сен өзің де бақытты боласың» (151 б.). Бір қырғыз бегі де өзінің эпитафиясында оны қайталағандай: «Қара халық, еңбекқор бол! Ел орнатқан заңды бұзба!» (132 б.). Қарапайым халық пен құлдардың көшіп кету идеясы ру-тайпалық ақсүйектер мен қағандарды жаман қорқытқан және қазақылық идеясынан қорыққасын, олар халқын жемдеп отырған, яғни, олжа түсіру мен оны тарату және қорғау жағын ұйымдастырған. Бугут тас жазуының сақталған бөліктерінде түркі еліне осылай қызмет ету формуласы үш рет қайталанған: Мұған қаған жөнінде, Білге қаған жөнінде және Элетмиш қаған жөнінде (134 б.). Өйткені, ежелгі түркілер кейінгі көшпелі қазақтар сияқты байларды («байбар») сыйлаған, «кедейлік аяныш сезімін тудырмаған, оны айтасыз, тіпті, жиіркеніш тудырған», ал «жекеменшік мүлікке… ең алдымен, малға құқық Орхон-Енисей тас жазуларында өте нақты көрсетілген» (136 б.).

Сөйтіп, осы оқулықтағы ежелгі түркі дәуірін суреттеу автордың «казак» ежелгі түркі атауының түркітілдес екенін және көшпелі қазақтардың этникалық өмір дағдысының негізі ретіндегі қазақылық әлеуметтік институтының көне екенін еш жоққа шығармай, қайта растайды. Қазақстанның ежелгі монгол дәуіріне қатысты бұл оқулық «Алтын Орда» орыс атауы Дунайдан Ертіске дейін созылған Жошы ұлысына қатысты болған және кейін ол Өзбек ұлысы аталған автордың ұстанымдарын растайды. Осы ұлыстың Еділдің шығыс жағындағы сол қанаты орталығы Сырдарья бойындағы Сығнақ қаласында халық ішінде Көк орда аталған. Орталық орда ретіндегі Көк орда Орду Ежен иелігінде еді. Ол шартты түрде Ақ орда аталатын (Ақ отау – орталық орда) алтынға хұқығы бар ақ түстің иесі Бату иелігіндегі астанасы Еділдегі Сарайда болатын батыстық оң қанатына тәуелді еді. Өз уақытында Русьқа жорықтар ұйымдастыру үшін ақ отауды Батуға қойып, ал көгін Ордуға қойып, сөйтіп Ордуға күміске құқық беріп және Жошының үлкен ұлын кішісіне бағындырып, осылайша бөлуді Шыңғысханның өзі бастаған. Бұл мәселеде шейбанишіл тарихшыға сенуге болады, бірақ Шыңғысхан үшінші отауды Шейбанға қойды дегенде, бұл күмән тудырады. Өйткені, ол Жошының бәйбішесінен туған ұл емес, сондықтан оның Жошы ұлысының басшысын сайлауға мүлде хұқығы болмаған. Барлық өзге үлес тарату енді Бату иелігінде жасалды, өйткені Ақ орда барлық Жошы ұлысының әскери ордасына айналды. Тек Ақ орда ғана кейін Жүз орда аталды. Өйткені ол Русь пен Батысқа жорық жасау үшін өз ру мен тайпаларынан бөлінген жергілікті тұрғындарды казакка тартып, әскерін көбейту керек еді. Бату және Орду үйлерінің неформалды атауларының ауысуы Орду ұрпағы және қазақ хандары династиясының негізқалаушысы Көк орданың төресі Урус ханның Бату ұрпақтары өлгеннен кейінгі патшасыздық кезеңінде 1375–1376 жж. Ақ орданың билігін тартып алуынан еді. Кейін 80-ші жылдарда билікке Тоқа Тимур ұрпағы, Көк орданың төресі, Тоқтамыс жетеді. Содан бері қазақ хандары болған «көк» ордуидтер өздерін Ақ орданың заңды билеушілері санаған. Және онысы орынды еді, өйткені Бату тұқымы жойылғасын, Жошы ұлысындағы жоғарғы билікке тек Жошының үлкен ұлы Орду Ежен ұрпағы хұқылы еді (сонда, 173–176 б).

Көк орданың кейінгі ішкі бөлуін Әбілғазы мен Махмуд ибн Валидің айтуынша, Батыс Еуропаға жорықтан келгесін, Сарай астанасында Бату жасаған: Орду ұлысының шығысына, Жоғарғы Ертіс және Алакөл аумағында шартты түрде оған бағынған Шейбан ұлысы қосылды, Орал өзенінің шығыс жағында, Ырғыз, Өр және Илектен Сырдарьядағы Қарақұмға дейін және Тоқа Тимурдың ұлысы, Оралдың батыс жағында, Солтүстік Кавказ, Астрахан және Маңғыстау аумағында (сонда, 227–228 б).

Өзге де бөлшектеулер болған, бірақ олар негізгі болған жоқ. Егер Орталық Азия ру-тайпаларының қатаң иерархиясын ескерсек, осы Көк орданың қосымша үш негізгі ұлысқа бөлінуінен Қазақстанның үш жүзінің Жошының аталған ұлдарының үлкендігіне байланысты пайда болғанын болжауға болады. Ал осы үлкендігіне байланысты бөлінетін үш жүздің ру-тайпалық құрамына келгенде, автор өзінің казак ордалары ретіндегі қазақ жүздерінің ұзақ қалыптасқаны жөнінде және ежелгі қазақ руларының Шыңғысханға бірте-бірте қосылғандығы жөніндегі пікірімді сәл өзгертеді. Жақын келешекте мұндай реттілікті дәлелдеу мүмкін емес, бірақ ежелгі қазақ ру-тайпаларының ежелгі монгол қолбасшыларының Шыңғысханға шежірелік жақындығы жөніндегі мәселеге бұл әлдеде фон бола алатын түрі бар.

Қалай болғанда да, бұл оқулық автордың Қазақстандағы Ұлы, Орта және Кіші жүздің қазіргі Қазақстанның мөлшеріне дейін қысқартылған Шыңғысханның казак империясы ретіндегі ежелгі монголдық Жүз Орданың бөлінуінен пайда болды деген пікірін растайды. Ежелгі монгол ұлыстары сияқты, этнотерриториалдық жүздер де, тек ру мен тайпалардың ұйымшалары болды. Егер осыны ескерсек және Орду, Шейбан және Тоқа Тимур ұлыстары Ұлы, Орта және Кіші жүзге тең деген пікірді қабылдасақ, онда «қазақ тарихының ең басты жұмбағы» жартылай шешілді деп сенуге болады (281 б.). Ежелгі монголдың казак болғаны, олардың ру-тайпалары Ұлы Жүзге кірген Жетісудағы Моголистан мемлекеті, сонымен қатар, Джете елі деп аталған, ал оны монгол тілінен аударса «қазақы еркін өмір» боп шығады. Мысалы, Махмуд ибн Вали XVII ғ. былай дейді: «Джетені Мамлакат-и Моголистан деуге болады» (196 б.). Тіпті қатыгездігімен даңқы асқан Ақсақ Темірдің өзі он жорық нәтижесінде Могулистан, немесе Қазақстандағы, еркін өмірлі қазақылықты бағындыра алмады (201 б.). Окулың казак сөзінің этимологиясы мен семантикасына байланысты жоғарыда айтылған Левшин мен Юдиннің қағидаларын қабылдайды. Автор болса, кітаптың 1995 жылғы бірінші басылымында осы қағидаларға сүйенген. Ол кезде, әсіресе, қоғамдық деңгейде мұндай нәрселерге мән берілмейтін және қазіргі кездегідей мойындалмайтын. Көзге түсетіні, бұл оқулықта алғашқы рет абайлы түрде болса да, бірақ беделді, орыс тілінде осы түркі сөзі «белгілі ермегі жоқ ер жігіт» және XIV ғ. ақырында «жұмысын сатушы еңбеккер» һәм орыс қазақылығының алғашқы отаны ретінде тарихшылар Қыпшақ даласына шекаралас Русьтың оңтүстік шетін мойындайды» деген пікірді ақиқат ретінде қабылдайды (сонда, 249 б). Автордың айтуларынан жалғыз өзге нәрсе: оқулықтың редакторлары түпкі орыс казактарының («ордынские») Алтын Орданың ежелгі монгол-татар казактарынан шыққаны және Мәскеу Русі қызметіне тек оның монгол-татар езгісінен босанғанынан кейін тұрғаны жөніндегі өзінен өзі түсінікті ойды ғылыми өмірге жібермеген. Бір сөзбен айтқанда, оқулық былай дейді: «казак сөзінің ежелгі мағынасы әлеуметтік: қазақ дегеніміз қуғындаудағы, тек өзіне ғана және қылышына ғана сенетін жалғыздан жалғыз тұлға; қазақ дегеніміз алыс жолға дос-жарансыз жалғыз өзі шығатын адам; Бабырдың айтуынша, «аса өжетті, жауының малын шаршаусыз талайтын тұлға, ол да қазақ». Кейбір уақытта қажеттіліктен бе, әлде өз еркімен казак өмір дағдысын сүретін адамдар аз болмаған. Тарих-и Рашидидің авторы куәландырғандай, сол заманның ұғымынша, бұл тіпті мақтан тұтатын нәрсе деп саналған (250 б.). Автор пікірінің оқулық редакторлары пікірінен айырмашылығы тек бір-ақ нәрседе: автор барлық көрсетілген деректердің негізінде «еркін болу» әлеуметтік статусы ежелгі монголдарда болған және көшпелі қазақтарда толыққанды этникалық айырмашылыққа айналды деген ақиқатты аксиомаға айналдырады. Бұл әбден-ақ табиғи нәрсе, егер этностың негізі туысқандық, нәсілдік және өзге де антропологиялық белгілері емес, өмір сүру дағдысы, мінез-құлық ұстанымдары және әлеуметтік қауымдастықтардың өзге де мәдени-тұрмыстық қасиеттері болса. Ал нәсілшілдікті дәріптейтін болсақ, ол ғылыми сын көтермейтін нәрсе, әсіресе азды-көпті үлкен ру-тайпалар, ұлттық топтарға қатысты. Казак өмірінің мәдениеті мен тұрмысы аса ерекше болса да, жұпынылау болды. Осыдан оны казакане деген, яғни қазақша. (Мүмкін, осыдан орыстың казакині де шыққан шығар). Казактарға қосылған жолдастарын арнайы казакдаш деп атаған. Осылайша казактардан әскери қауымдастықтар, казактардың еркіндік жайылымы пайда болған, мұсылманша оны джама ат-и казак (251 б.) деген. Мұны этнографиялық нәрселер деп пайымдау артық болар. Кереит Тогрул ханның, Тайчуид Есугай батурдың, тіпті Шыңғысханның өзінің және оның бодандарының қазақылық статусы күмән тудырмайды, әйтпесе, неге олар жалғыздан жалғыз алыс сапарларға шығады? Егер казактар могол, қырғыз, өзбек, ноғай, орыстікі болып бөлінсе, бұл тек қаңғыбастардың түрлі тобына жараса беретін казак ұғымының жалпылама екенін айтып тұрған жоқ, сонымен бірге, осы казактардың бір ежелгі монгол этносынан, немесе далалықтардың саналы империялық жүздіктерге (мыңдықтарға) бөлінген ұйымы арқылы құрылған суперэтносынан екенін айтады. «Өзге сөзбен айтқанда, Өзбек Ұлысынан бөлініп, Жетісуға көшіп келген тек қана Абулхаир саясатына қарсы жәй ғана жекелеген тайпалар емес, жәй ғана саяси топтар емес, 1459–1460 жж. бөлінуден бұрын бөлектеніп үлгірген конгломерат ретіндегі субэтникалық қауымдастық», сондықтан, XIX ғ. этнографы А. Хорошхинның жазбалары бойынша, қазақтар былай деген екен: «Менің ата-бабаларым, менің бастауым – өзбектер» (252 б.). Міне, сондықтан Мәуреннахрға көшкен өзбек-қазақтар Бату ұрпағы емес, Шейбан ұрпағы Абулхаир негізін қалаған ұлыстың атауын сақтай отырып, XX ғ. субэтнос ретінде жойылып кетеді. Ал Урус ханның ұрпағымен Жетісуға көшіп кеткен өзбек-қазақтар, шейбанидтерден бөлек болу үшін, өзбек атауынан бас тартып, өз өмір дағдысының атауын қабылдаған, өйткені, оларда бірінші қазақ хандығының негізқалаушысы Урус ханның атымен оларды урус деп атайтын ешқашанда біріктіруші бір хан болған жоқ. Барлық бұл біртұтас мәдени-тұрмыстық қауымдастығының таза саяси топтары еді.

Бұл қазақ метаэтносының діні ең консервативті мәдени-тұрмыстық элемент еді. Жоғарыда көрсетілгендей, тәңіршілдік онда о басынан ғұндар мен көне түркілер, яғни, қыпшақтан бұрынғы уақыттан болған және ежелгі монгол һәм қазақ дәуірінде ол онда қалған, бірақ түрленіп және исламға кіргендей болып, өйткені, осындай нәрсеге зорлап көндірілген еді және бұл оның тек сыртқы бейнесі болатын. Оқулық бойынша, ең бірінші исламды қабылдаған Берке хан XIII ғ. ортасында, кейін Өзбек хан бүкіл төрелерді исламды қабылдауға мәжбүр қылды, оны XIV ғ. басында Алтын Орданың мемлекеттік діні жариялап, одан кейін әмір Едіге XV ғ. басында көшпенді тұрғындар арасында исламды күштеп енгізуге біраз талпыныс жасады (сонда, 269 б.).

Еділ және Кама бойындағы булгар қалаларының (қазіргі татарлардың арғы аталарының бірі) және Хорезмнің (қазіргі Хорезмнің арғы аталарының бірі) мұсылман тұрғындарынан өзге Алтын Орда казактарының көбі ақыры мұсылман бола алмады, тек XVIII ғ. екінші жартысында ғана Ресей билігі арнайы жарлықпен мешіттер салып, қазақ даласына солтүстіктен мұсылман уағызшыларын алдыра бастады. Ал сол ғасырдың 80-ші жылдарында Әбу-л-Жалиль деген қожа шығып, барлық қырғыз-қайсақ даласының пірі аталды (272 б.). Ресейдің күштеуімен XIX ғ.қазақ даласы мұсылмандық деп аталатын болды. Егер оқулық қазақ исламын ортодоксалды емес десе, автор көбінесе бұл пікірмен келіседі, тек автор қазақ исламын сунниттік емес, суфийлық деп санайды және неге оқулықта монголдан бұрынғы кезеңде қазақ исламының қалыптасуына, монголдан кейінгі кезеңде Ресейден бетер ықпалы болған Қазрет Қожа Яссауидің аты аталмағанын түсінбейді. Сонымен қатар, автор өзінің қожа руы Қожа Ахмет Яссауиден тараған деген көзқарасын біраз түзеуге дайын, өйткені оқулықтың қожаларда бір шығу тегі жоқ, бұл жағынан олар Шыңғысханнан тарайтын төрелер мен Пайғамбар қызы Фатимадан және төртінші халиф Әліден тарайтын саидтарға ұқсамайды деген пікірімен келіседі (сонда, 376–377 б.).

Қазақ даласы өмірінің өзге аумақтарына қатысты оқулықта көшпелі қоғам тарихының XV ғасырдан XIX ғ. дейінгі жартығасыр этникалық біртұтастығы мен жалғастығы, тіпті тура мұрагерлігі жөнінде «қызыл жіппен» зерлегендей айтылса да, онша орнықты айтылмаған. Мысалы, ол ежелгі монгол және қазақ хандықтарының қоғамдық құрылымын зерттеуіндегі егжей-тегжейлі ұқсастықтардан көрінеді (сонда, 365–384 б). Сол сияқты, XVII ғ. Тәуке ханның Ұлы Жүздің Төле биімен, Орта Жүздің Қазыбек биімен және Кіші Жүздің Айтеке биімен бірге шығарған Жеті Жарғысы бойынша, хандық билікке құқық, яғни жоғарғы әскери билікке иелік тек төрелерге беріледі. Азаматтық билік, егер тайпалардың өз-өзін басқаруын осылай аталуына рұқсат етілсе, тек елдегі дау-дамайды шешудің деңгейінде қалған. Дәл Шыңғысханның жасағындағыдай, Жеті Жарғыда «саяси және билік етудегі қылмыстар» ұғымы жоқ және «қару ұстай алатын тұрғындардан тұрақты түрде салық алу» рәсімі заң деңгейіне көтеріледі (368 б.), өйткені, көшпенділерде салық төлейтін отырықшы тұрғындар тым азайып кеткен. Жеті Жарғыда азаматтық қатынастар да жеткілікті қарастырылмаған, ол әдет-ғұрып бойынша шешіле берген. Сотты хандар мен билер жүргізген, бірақ мемлекетте күштеп өндіру күші болмағасын, қабылданған үкімдерді орындауды сотқа қатысушылардың ұтқаны барымталау арқылы өзі жасаған және ол заңды нәрсе деп есептелген. (372 б.). Қазақтың шаруасы, ежелгі монгол карачуі сияқты, заңды жеке және жекеменшік құқығы бар еркін заңды тұлға (377 б.), бірақ нағыз қазақ ретінде әлдеде күші бар Шыңғысханның Заңы бойынша, ол әскерге міндетті болған және қару ұстаған, өйткені қарусыз ол халық кеңесінде дауыс беру құқығынан айырылған. Бір сөзбен айтқанда, жоғарғы сот және бас қолбасшы болған және елдер пәм халықтармен келіссөз жүргізу құқығына ие болған (383–384 б.). Алтын Орданың хандары дәуірлеп тұрған кездерінде дәл осындай болған (сонда, 219 б.).

Экономикалық құбылыс ретіндегі байларға және жеке бостандығы жоқ құлдарға және үй шаруашылығы ішіндегі «құлдыққа» қатысты оқулықта монголдан бұрынғы һәм кейінгі кездерде аса көп айырмашылық табылмаған. Тіпті ғұндардың ұғымдарының өзінде еш айырмашылық болмаған (бай, құл және т.т.). Мұнда автор оқулық редакторларымен бір пікірде, тек оқулықтың кішкене дәл емес пайымдары және негіздерімен келісе алмайтын жерлерін атап өткісі келеді. Кейде оқулық, одан бұрынғы барлық оқулықтар сияқты, арабтың сырттан берген атауларын ежелгі монгол және қазақтың өз атаулары ретінде қабылдай қоятын сияқты. Бұл, ең алдымен, қазақ даласына берілген Дешті Қыпшақ атауына байланысты. Бұл атауды оған қыпшақ тайпалар одағының оғыздардан асқаны үшін дәріптеу ретінде Х ғасыр географы Насири Хосров берген және Х ғасырда Ұлы Селжүктер енгізген Шыңғысхан ұрпағы, төрелерді, негізі сириялық «сұлтан» атауына қатысты. Ежелгі монголдар, немесе одан сайын қазақтардың, тұрмыста төрелерін сұлтан деп атауы, немесе қазақ даласын қыпшактікі деп атауы, әсіресе, олардың монголдардан жеңіліп, Еуропаға кеткен уақытта өте дүдәмал. Бұл мәселеде мұсылман қайнаркөздерін шығыс отырықшы халықтарының далалық өмірдің әлеуметтілігін қабылдауға жат екенін ескеру керек. Немесе неге олардың XVI–XVII ғғ. эфсаналарында қазақ жүздері жөнінде ешбір дерек жоқ, орыстың 1616 жылғы «Сұрақпен сөйлетуде…» («Расспросные речи…») олар бар ғой… (386–387 б.). Сондықтан оқулық редакторларының назарын Валиханов пен Радловтың «би» сөзін «билік» сөзінен шығарғанына және оны түріктің «бек» сөзінен шығарудың қателігіне және оны «эмир» араб сөзіне, немесе монголдың «нойон» сөзіне теңеудің тіпті қателігіне назарларын аударғым келеді (379 б.). Сонымен бірге, тұлғаның тек ру бөлігі ретінде ғана маңызы болды және заңды тұлға ретінде тек ру саналды деген байбаламы да артықтау болып тұр (378 б.). Бұл шешім қазақтарды тек шығыстық және азиялық халық, дәстүрлі қоғамның жемісі деп қараған тұжырымнан туған және дәл болуға жеткілікті негізі жоқ, өйткені, кез келген тұлға, ол тіпті қазіргі батыстық адам болсын, өзінің құқықтарын қорғау үшін қоғамға жүгінеді, себебі ол сол қоғамның өкілі. Ру-тайпалық бірлестіктердің территориясына байланбаған әскери-әкімшілік бөліктер ретіндегі ұлыстардың, тайпалар одағы дәстүр арқылы шектеулі территорияға байланған этнотерриториалды жүздерге ауысуы жөнінде оқулықта онша көп айтылмаған, солардың ең маңыздысы мына нұсқалар:

1) Ханның мұрагерлік иелігіндегі ұлыстың негізі – «мемлекетті құраған халық», ел болған, яғни көшпелі тайпалардың, рулардың және қазақтардың одағы және олар кетсе, ұлыс жоқ болған, жойылған деп саналған;

2) ұлыстың өз бақылауындағы территориясы «жұрт», «йурт» деп аталған;

3) жәй ұлыс 60 мың адамнан тұрған, ал ұлыстардың бірлігі ретіндегі дербестенгені – 300-ден 400 мың адамға дейін және де ХVI ғ. Қазақстанда 3 дербестенген ұлыстың ішінде 20 шақтыға дейін жәй ұлыс болған, яғни «жоғарғы биліктің бірлігіне басқару билігі сәйкес болмаған»;

4) үш жүз XVI ғ. аяғына дейін пайда болған және алғашқыда оларды билер басқарған, содан бері олар үш дербестенген ұлыспен бірге тірлік еткен, ал XVII ғ. ұлыстардың орнын өздері толығынан алып алған;

5) XVII ғ. 20-шы жылдарында төрелер билерді ығыстырып, жүздерді өздері басқарып кеткен, ал оларға тек ру-тайпалық билікті қалдырған, содан кейін ұлыстар ешқашан қайта пайда болмаған (сонда, 384–387 б).

Осы қорытындылаушы нұсқаулардан кейін біз Ақ Орданы Жүз Орда деп атағаннан кейін жүздердің әрқашанда болғанын, бірақ ұлыс хандарының саяси экспансиясы үшін шексіз этнотерриториалдық кеңістіктер болғандықтан, жүздер өздеріне территорияны қатаң бекіте алмаған, өйткені көшіп қону бағыттары тұрақтанбаған еді. Бұл тек «монгол-татар езгісінен» босанғаннан кейін және Ресей мен Қытайдың күшейгенінен кейін ғана мүмкін болды. Соңғылар қазақы Қазақстан айналасындағы шекараларын анықтап, тас бекіткендей болды. Ортаазиялық мемлекеттер оларды шейбанид өзбектер жаулап алғаннан кейін бүкіл Сыр бойындағы шекараларын бекітті. Міне, сондықтан Ұлы Бүлік кезеңдегідей билік төрелерден билерге және керісінше ауыстырылғанда, ешқандай қатерлі оқиғалар болған жоқ. Ал егер Алтын Ордадағы сол бүлік заманды еске алсақ, Жошы ұрпағының Тенгиз Бұқадағы құлдығының және ол оларға Джир Кутлының мавзолеін салдырғанының өзі бір көркем шығармаға тұрарлықтай.

Сөйтіп, біз оқулық редакторларымен, олар айтқандай, «қазақ қоғамының ұйымдасу формаларын бірте-бірте ауыстыру жөнінде болды» дегенге келісе алмаймыз (387 б.), өйткені жүздерде дербестенген ұлыстар мен олардың жұрттары бірігіп кеткен. Ал жоғарғы билік қалай төрелерде болды, сол күйінше қалды. Сол сияқты тайпалардың өз-өздерін басқару билігі де сол күйінше билерде қалған. Таратып айтқанда, хандар жаңа ұлыстар ашу, немесе тарату мүмкіндігінен айырылды, ал казактар көшетін территориясы шектеулі болғасын, өздерінің тұрақты көшіп-қону бағыттарын анық орнықтырды.

Міне, осы кезеңнен бастап жаңа патшалар мен мемлекеттер іздеп, көшіп қону мүмкіндігінен һәм қажеттілігінен айырылғасын, ежелгі монгол қазақтары қазіргі қазақтарға айнала бастады. Яғни, шынымен жаңа империялық емес этнос тек XVII ғ. ғана Шыңғысхан құрған ежелгі монгол-казак империясының қирандысында ғана туыла бастады. Міне, сондықтан үйреншікті арбадағы киіз үйлер ретіндегі «қазақ арбалары» (казак терген) сол ғасырда құрама юрталарға ауыстырылып, қазақтың мәдениеті мен тұрмысына орасан зор өзгерістер әкелді (389 б.). Және де егер салдар себепке себеп деген тұжырыммен келісуге болмайтын болса, осы өзгерістер жүздердің пайда болуына себеп болды деген пікірмен де келісуге болмайды.

Сол сияқты оқулықпен XVII ғ. көшіп-қонудың ұлыстық жүйесі ауылдық жүйеге ауыстырылды дегенге де келісуге болмайды (389 б.). Біріншіден, ұлыс – таза саяси құрылым және қазақ даласының жағдайында ұлыстық көшіп-қону есеп-қисап жағынан пайдалы емес, екіншіден, көшіп-қонудың кез келген таборлық тәсілі сияқты, көшіп-қонудың қоралы тәсілі де Монголия территориясында Шыңғысхан казактарының ауылдық тәсілі жеңгеннен кейін тірлік етуден қалады; үшіншіден, көшіп-қонудың ауылдық тәсілі Қазақстан территориясындағы Жошы ұлысы пайда болғаннан бұрынғы қыпшақ-қимақ одағында билік еткен. Қайталап айтайық, басты тұлғасы байлар болатын көшіп-қонудың ауылдық тәсілі көшпенді бақташылық дамуындағы, қазақы, яғни, ең жоғары деңгейдегі кезең. Көшіп-қонудың қазақы тәсілі казактардың үш ордасында да (Ұлы, Орта және Кіші жүздер) басты болған. Сондықтан оқулықтың «егер онша биік емес әскери-әкімшілік ұғымдардың бірі ірі тайпалық (ауылдық) қоғамдастықтардың атауына айналса, ол қалай болды?» деген сауалына казактар о баста ру-тайпаларға емес, жүздіктерге бөлінген деп жауап беру керек. Казак жүздіктері бір жағынан өз ішінде ондықтарға бөлінген және екінші жағынан мыңдық һәм түмен (он мың) ретіндегі ірі әскери-шаруашылық бөлімдерге бөлінген. Міне, дәл сондықтан Жошы ұлысының ең басты «алтын» ордасы ретіндегі Ақ Орда, Махмуд ибн Вали бойынша, «Йуз Орда», яғни Жүз Орда деп аталған (390 б.). Енді неге ру мен жүздер арасындағы үлкендіктің тура мұраланғанын ұғыну керек. Мысалы, неге Ұлы Жүздің ең соңғы руы Орта Жүздің ең үлкен руынан артық болған? (391 б.). Біздіңше, бұл ежелгіқазақ саяси тайпаларының рубасылары ретіндегі Шыңғысханның жүзбасылары мен мыңбасыларының шежірелік жақындығына және де бірінші жағынан, олардың Шыңғысханға қай уақытта қосылғанына, ал екінші жағынан, Жошы ұрпағы, Жошы ұлысының сол қанатының хандары Орду, Шейбан мен Тука Тимурдың үлкендігіне байланысты болған.

Р. Темиргалиевтің публицистикалық мақалалары

2007 жылдан бастап Қазақстанның қазіргі историографиясының кеңістігіне Р. Темиргалиевтің мақалалары атойлап шығады (Zonakz.net). Бұл мақалалар баяндау тәсілі бойынша, публицистикалық болады, өйткені оларда зерттеулерді ғылымда орныққан ережелер бойынша реттеу жағы ұстанылмайды. Соған қарамастан және онда ғылыми дәреже болмаса да, (есіңізде болса, В.П. Юдинде де ғылыми атақ болмаған) оның мақалаларының тереңдігі және өткірлігі оның қайнаркөздердің кең ауқымыммен жете таныс екеніне, оларды зерделеп, пайымдай алатынына еш күмән қалдырмайды. Және де ол қайнаркөздер авторларының ықпалында бола қоймайды. Оның мақалаларының ғылыми шынайылығы және жан-жақты орайластырылуы оның құмарпаздығына және жұмыскерлігіне құрмет тудырады. Ақыры, 2009 жылы оның екі Қазақ хандығы тарихына арналған дерекнама жағынан ғажап кітабы шығады: «Қазақ хандығының нағыз тарихы» және батырлар құбылысы жөніндегі «Соңғы батырлардың дәуірі (1680–1780 жж.)». Бізді шабыттандыратын нәрсе, Темиргалиевтің көптеген ұстанымдары қазір қайта шығарылып жатырған кітаптан бөлек оның кең таралған және әркім-ақ өзі таныса алатын онша көп емес қайнаркөздерге негізделген 1995 жылғы болжам мен мүмкін деп ұсынған нәрселерін растайды. Соның кейбіреулерін келтірейік. Мысалы, оның «Қазақтар және Ресей. Өз еркімен қосылу болды ма?» мақаласын алайық, Алматы,17.07.2007 ж.) (www.zonakz.net/articles):

«Қазір Қазақстанның Ресей және КСРО құрамында болған кезеңді орыс езгісіндегі 260 жыл деп айту жиілеп кетті. М. Қозыбаев, М. Мағауин, К. Данияров және өзгелер еңбегінде Қазақстанның Ресейге күштеп қосылуы еш күмән тудырмайды… Ал Қазақстанның Ресей құрамына кіруінің өзі ғылыми ортада теріс бағаға ие… Тек Қазақстанның Ресейге қосылған кезеңінен, XVIII ғ. бастап, қазақ тарихын зерттеу және ұғыну оңайлана түскендей. Сол дәуір құжаттарының біржақтылығы және қас пікірде екені жөнінде мың есе айта беруге болады, бірақ ең кемінде тарихшылар енді Қасымханның қасқа жолы деген аңызбен емес, «Устав о сибирских киргизах» деген құжаттың мәтінімен істес болды.

Өкінішке орай, қазақтың ұлтшыл тарихшылары үшін Ресей империясы құрамында болғанын негативті бағалауға ешбір объективті себеп жоқ… Ал Қазақстанның Ресей құрамына кіруі іс жүзінде көбінесе бейбіт түрде болған». Қазақ хандары «өз шешімі бойынша Ресей бодандығына кірген, ол туралы олардың тек присягалары емес, өзге де көптеген қайнаркөздері куәландырады… Қазақ батырларының тіршілігі ұлттық азаттық деп көбінесе негізсіз сипатталады… Сырым Датов, Жоламан Тленшиев, Исатай Тайманов, Жанқожа Нұрмухаммедов сияқты көптеген азаттық үшін күресті дегендер өздерінің талаптарында Ресейден бөліну мәселесін еш көтермеген. Тек Кенесары ханды ғана XIX ғ. Ұлт-азаттық күрес идеологиясының жалғыз иегері деуге болады. Бірақ оның қызметіне ең алдымен далалықтардың өзі қарсы болды, өйткені олар Ресей бодандығының пайдасын жақсы түсінген еді. Ресей билігі осы бүлікті басуға жіберген жазалаушы әскерлердің көп бөлігі қазақтардан тұратын…. Тіпті, қазақтың ең қарапайым шаруаларының өзі 1861 жылға дейін крепостной право езгісінде болған орыс крестьяндарына қарағанда, аса жақсы жағдайда болды… Қазақстанның Ресей империясы құрамында болған уақытта жасалған өзгерістерді артық бағалау қиын. 1897 жылы болған перепись бойынша, қазақтар саны 4 миллион адамға жетті, яғни бұрын ешқашан болмаған деңгейге және бұл жағдай орыс билігінің «қазақ халқына қарсы этноцидке өтетін кезеңде геноцид жасады» деген кез келген инсинуацияны теріске шығарады (біздің танымал тарихшымыз М.Абдиров өзінің «Қазақстандағы казачество тарихы» кітабында осылай жазады).

…Большевиктердің кезінде ғана қазақтар кейін шынайы мемлекеттілікке айналған шартты суверенитет алды. Оны айтасыз, Т. Рысқұлов, А. Джангильдин, А. Иманов, С. Сейфуллин сияқты қазақ большевиктері әлі күнге дейін ұлттық батырлар саналады. Қазақ және орыс халықтарының біртұтас саяси, экономикалық және мәдени кеңістіктегі тұрғылас тірлігінің жағымды жақтарын көп әңгіме қылуға болады, бірақ тарихқа салқынқанды адамның бәріне ол еш құпия емес.

Бәлкім, қазақ тарихшыларының дөрекі мылжыңдарының шығуының себебі тек қана ғылымға ене бастаған ұлтшылдықтан ғана емес. Қазақ-орыс қатынастарының осындай пайымдау үлгісін баяғы «салқын соғыс» кезінде Ресеймен геосаяси қақтығыста болғасын американдық және батысеуропалық зерттеушілер жасаған. Егер біздің отандық ғалымдарымыз А. Боджер, Р. Пирс, М.Б. Олкотт және өзге шетел тарихшыларының еңбектеріне сілтеме жасауды жақсы көретін болса, ол кездейсоқ емес. Іс жүзінде көбінесе қазақ-орыс өзара қатынастары жөніндегі кітаптарда біз бұл мәселеге американдықтар көзқарасымен танысамыз».

Сонымен бірге, автордың пікірі Р. Темиргалиевтің «Қазақстан тарихындағы жоңғарлар. Шынайы емес тарих» мақаласына жақын (02.05.2007 ж., www.zonakz.net/articles):

«Қазір ақтабан шұбырынды дәуірін қасиетті бір нәрсе ретінде келтіріп және қасіреттілігі жөнінен ХХ ғ. 30-шы жылдардағы коллективизациямен бір тұрғыда деп санайды… Ұлттық тарихи нұсқа бойынша, батыс монголдар «ойраттар, жоңғарлар, қалмақтар» жүз, яки екіжүз елу жыл уақытында қазақ даласын жаулап алуға тырысқан… қазақ халқын қырып жоюды мақсат тұтқан, ал қазақ феодалдары өзара қырқысқасын оған қарсы тұра алмаған. Осы жаумен күрес қазақ мемлекетінің дамуына кедергі болған және оның Ресейге қосылуына басты себеп болған.

…Тарихты түсінудің мұндай үлгісі тарихшылардың шыншыл еместігінен туындаған. Өйткені, бар құжаттық ақпараттар жоңғар мен қазақ шатағының дәл осындай жәй жергілікті қақтығыстардан еш айырмашылығы жоқ екенін айтады. Қазақ билеушілері мен ортағасырлық шейбанидтердің теке-тіресі «Орбұлақ» пен «аңырақайдан» зор қандыкеш оқиғаларға апарған. Иә, әрине, жоңғарларға Сыр бойындағы маңызды қалаларды, көшпенділер қоныстарын басып алу еш артық болмас еді және олар кейде конфликт тудырушы рөлін ойнаған, бірақ іс жүзінде жоңғарға кіммен болса да соғысу пайдасыз еді, өйткені олардың Цин империясымен соғысында әрбір жауынгер санаулы еді. Оның есесіне, мұндай нәрсеге қытайлардың өздері мүдделі еді… Сол сияқты, мұны білсе де, білмесе де Жәңгір, Тәуке, Абылай өзге билеушілер сияқты, Қытай мүддесіне қызмет еткен.

…Жоңғар қонтайшылары ең болмағанда өздерінің қазақтарға жасаған жорықтарын «олардың бұрынғы бүліктері мен жорықтарына қарымта» деп түсіндірген. Мысалы, 1698–1699 жылдардағы соғыс қазақ ханы Тәукенің ұсқынсыз қылықтарынан туындаған. Ол алдымен көктен шүйілгендей жоңғарлардың бірнеше керуенін тонаған, сосын бес жүз адамнан тұратын елшілігін қырып тастаған, содан жоңғарлар кезекті соғыс ашуға, былайынша айтқанда, мәжбүр болған. Қазақ хандары қақтығыстардың себептері жөнінде жұмған аузын ашпаған… Тек кейін ғана кейбір тарихшылар монголдар Шыңғысхан империясын қайта құруға талпынған-мыс деген. Егер енді мектеп оқулықтарында қазақтар жабайы монгол ордаларының соққысын өзіне қабылдап, Еуропаны құтқарды деген тұжырым болса, мен оған таңданбаймын…. Кім кімді қырғысы келді, кім кімді басып алғысы келді, бұл өте даулы мәселе. Және де егер бұл істің ақыры жоңғарлардың толығымен жойылуымен біткенін еске алсақ… Ал «ақтабан шұбырындының» үйреншікті ұғымнан бас тарта алмайтын қазақ тарихының жандайшаптарына 1712 жылы қазақтардың Жоңғарияға олар үшжылдық жұт пен шөлден азап шегіп жатқанда, басып кіруін есіне салайық. Айтпақшы, «ақтабан шұбырынды» жөнінде ешбір нақты деректер жоқ. Бұл оқиға туралы әңгімелеген авторлардың бәрі тек халық аңыздарына сүйенеді, олардың көркем шығармаға жақын екенін ұмытып… Әрине, «ақтабан шұбырындының» болғаны анық. Бірақ бұл оқиғаға дейін қазақ халқының жарты саны қырылды деген дерек ешқандай құжаттармен дәлелденбеген, сондықтан табанды түрде қарастыруға жатпайды. Біз бір кезде Қазақстан территориясында жезтырнақтар, айдаһарлар және мыстан кемпірлер болды деп айтпаймыз ғой, бұл да сол сияқты. Аңыз бойынша, жас сұлтан Абылай батырлық жекпе-жекте қонтайшы Галдан Цереннің ұлы Чарчаны өлтірген делінеді, ал құжаттар бойынша, Жоңғар билеушісінде ондай есімді бала болмаған. Сонымен бірге, жоңғарлар мен қазақтардың қарым-қатынасы тек соғыс әрекеттерімен шектелмеген. Өткен шақ баяндаушыларын әркездегідей көбінесе саяси оқиғалар толғандырса да, экономикалық байланыстар жөнінде де байланыстар сақталған. Сауда нәтижесінде қазақтар өздеріне нан, жаркент маталарын және түйелер алған, ал өздері түлкі мен қарсақтың терісін сатқан. Осы екі көшпелі этностың өзара мәдени ықпалы зор болатын және тіпті қазіргі қазақ тілінің өзінде монгол сөздері лықа толы, сол сияқты ойрат тілі де жартылай тюркизмдерге толы. Осы екі ағайынды халықтардың дағдысы мен дәстүрі де ұқсас. Оны айтасыз, тіпті атышулы Жеті Жарғының өзі жоңғар заңдар кодексі «Их Цааз»-дың бір нұсқасы сияқты. Қазақ-жоңғар өзара қатынасын дәстүрлі қарастыруға үйренгендердің барлығы жоңғарлардың қазақ этногенезінде де біраз үлесі бар екенін ұғынулары керек. Мысалы, қалмақ сұлулары қазақтар арасында өте жоғары бағаланған. Байлар оларды сатып алса, кедейлер жорықтардан әкелген, өйткені тек жоңғар қыздарынан мықты балдар туады деп есептеген. Ол аздай, тек монгол этностарының өкілдері, дәстүр бойынша, қазақ сұлтаны мен хандарының төлеңгіттер гвардиясын құраған. XVIII ғ. трагикалық оқиғалары нәтижесінде де батыс монголдардың көп бөлігі қазақ халқының құрамына кірген. Сондықтан жоңғарлар мен Жоңғарияның тарихы өте зор мөлшерде қазақ және Қазақстанның тарихы. Жоңғарларға теріс қарау дәстүрі Қазақстанның Ресейге қосылу уақытынан бастап нәр алады. Өте ұғынықты себептерге байланысты алдымен метрополия тарихшылары тырысып бақты. Олардың тарихи оқиғаларды бағалауы толығынан мемлекет идеологиясына тәуелді еді, ал «зюнгорецтерге» қарағанда «киргиз-кайсактар» империяның берілген бұратаналары еді. Кейін бұл баға мұрагерлікпен «Ресейдің сенімді қорғауында» секілді атаулары бар кеңестік монографияларда дамытылды. Әйтсе де, қазақтар жоңғар қаупіне байланысты Ресей империясының протекторатына кіруге мәжбүр болды деген ой осы кезге дейін кең тараған болса да, іс жүзінде еш сын көтермейді. Сібірде өзі шала орнаған патша билігі қанша қаласа да, қазақ хандарына салмақты көмектесе алмас еді. Ресей бодандығын қабылдағаннан кейінгі жоңғарлар және қытайлармен соғыстарда ешбір орыс солдаты қазақ жағында ұрысқа шыққан жоқ. Және қазақ хандары оған аса риза еместігін білдірген емес. Өйткені Ресейге қосылу мал өсіруші қазақтардың Ресей сауда рыногіне еркін шығу мұқтажынан туындаған еді. Өзге қазақ билеушілердікіндей Абулхаир хан саясаты бар болғаны экономиканың қордаланған көрінісі еді. Бұған көз жеткізу үшін Орынборға өте зор түрде мал апарудың сақталған деректерін қарасаңыз жеткілікті. Қазақстан тарихындағы жоңғар басқыншылығы жөніндегі миф Руське половцылардың басқыншылығы жөніндегі мифпен ұқсас. Қанша ғалымдар бұл концепцияны шынайы сынға алды, бірақ ол мызғымас күйінде әлі тұр. Ресми Ресей ғылымы венгрлер мен поляктар кіргенде, половец хандарының Киевті қорғағаны жөнінде, селжүк пен монголдар половецтерге шабуыл жасағанда орыс княздарының оларға көмекке келгені жөнінде жақсы біледі. Сонымен бірге, ол қыпшақ пен орыс арасындағы қақтығыстардың Киев, Чернигов немесе Рязань княздары арасындағы өткен өзара қақтығыстардан гөрі өте аз болғанын да біледі, әйтсе де, соған қарамастан тарихи ақталмаған шешімдерден бас тарта алмайды».

Автордың қазақ мемлекетінің құрылуына көзқарастары да Р. Темирғалиевтың «Қазақ хандығының құрылуы жөніндегі мәселеге байланысты» мақаласындағы тезистеріне жақын, егер оның үзілді-кесілді стилін және кейбір ауытқуларын есептемегенде (www.zonakz.net/articles/19246):

«Іс жүзінде барлық еңбектер, оның ішінде таза ғылыми де бар, ғылыми көпшілікке арналғаны да бар, бізге мынаны айтады: XV ғ. бірінші жартысында Дешті Қыпшақтың шығыс жағында «көшпелі өзбектердің мемлекеті» деп аталатын мемлекет болған. Оның негізін 1428 жылы шейбанид хан Абулхаир қалаған (Шибан Жошының ұлы, Шыңғысхан немересі). Жеңісі мол бірнеше соғыстардан кейін қазіргі Қазақстан территориясының көп бөлігіне ие болды. Алайда, 1457 жыл шамасында ойраттармен соғыста бұл хан ойсырай жеңілді. Бұл жағдайды Абулхаир қол астындағы Керей мен Жәнібек сұлтандар пайдаланып, өзіне берілген бір топпен көрші Моголистанға көшіп кеткен. Қашқындарды кейін тұрақты түрде «өзбек-қазақтар» деп атаған. «Казак» атауымен ол кезде Алтын Орда қирандысында пайда болған ұлыстарға кірмейтін далалық еркін топты атаған. Ал Керей мен Жәнібектің көшіп кетуі, тарихшылардың пікірінше, қазақ этносының тарихында да, қазақ мемлекетінің тарихында да зор мағынаға ие.

Бұған сену қиын шығар, бірақ Жәнібек пен Керейдің көшіп кетуінің ғылыми кітаптардың және жәй мектеп оқулықтарының ондаған беттерінде көркем баяндалған суреттеулер жалғыз-ақ қайнаркөзден алынған, дәлірек айтқанда, XVI ғ. Мұхаммед Хайдар Дуглатидың «Тарих-и Рашиди» шығармасынан. Егер Мұхаммад Хайдар Дуглатиді тура баяндаған кейінгі жылнамаларды есептемегенде, бұл оқиға туралы айтатын өзге қайнаркөздер жоқ. Әрине, тек қана қазақ емес, әлем тарихында да көптеген оқиғалар бізге көбінесе бір қайнаркөзден жеткен. Бірақ ең қызығы, қазіргі тарихшылардың қолында XV ғ. Қазақстан территориясында болған оқиғаларды суреттейтін бірнеше жылнамалар бар. Олардың ішіндегі біріншісі, сөзсіз, Масуд бен Османи Кухистани жазған «Тарих-и Абу-л-Хайр-хани». Бұл шығармада автор XV ғ. 20–60-шы жылдарындағы Өзбек ұлысында болған барлық атауға тұрарлық маңызды оқиғаларды егжей-тегжей баяндайды, Абулхаирдың билігіне бағынған барлық тайпаларды тізбектейді, барлық сарай қызметшілерін және қолбасшыларды атап өтеді, бірақ Керей мен Жәнібекке еш тоқталмайды. Шейбанид тарихшыларының өзге жұмыстарымен танысқанда да, сол картинаны көреміз. Шибан династиясының хандары қазақ төрелерінің ант ішкен жаулары еді және, әрине, олардың тарихшылары мемлекеттік идеологияның талабына сай тарихи нұсқаларды келтіруге тырысты. Егер мысал сұрасаңыз, Кухистанидың Абулхаирдың саяси қарсыластарының суреттеуіндегі мынандай бір үлгіні келтіруге болады: «Жошы ұрпағы падишахтарынан болған Махмудхан мен Ахмадхан бағыну және мойынсыну аяғымен жүрмеді және де бүлік пен керіс туын көтеріп, бағынбаушылық және тыңдамаушылық қонысында тұрды». Міне, сондықтан неге әлгі Кухистани Жәнібек пен Керейді Алла қолдаған билікке қарсы шыққан бүлікші және бұзық деп суреттемегеніне қайран қаласың. Ұғынуға одан да қиыны, неге әзірге тарихқа белгілі жалғыз қазақтың жылнамашысы Қадырғали Жалаири Қазақ хандығының дамуындағы негізқалаушы хандардың рөлін атамайды. Бұл сауалдардың бәріне жалғыз ғана жауап бар. Ешқандай «көшіп кету» іс жүзінде болмаған (яғни қазақ хандары өздері келтірген қайнаркөздері бойынша Өзбек ұлысында тұрмаған, олар одан көп батыс жағында, Ұлы Жүздің сыртында, Кавказ және Қара теңізге жақын жақта қазақылық еткен – (Авт. еск.). Мұхаммад Хайдар Дуглати, иә, барлық кезде молынан кездесетін бір тарихи бопсалауға алданып қалды, немесе саналы түрде себебі белгісіз бір өтірікке барып отыр. Және де бұл автордың барлық деректерді өзгелердің аузынан алып отырғанын есте сақтауымыз керек. Қалай болғанда да, біз енді шындықты біле алмаймыз, бірақ Мұхаммад Хайдар Дуглати ұсынған Қазақ хандығы құрылуы жөніндегі нұсқасынан тарих ғылымы зерттеу қағидаларына сай емес нәрсе ретінде бас тарту керек. «Ал біз сонда аңыз, дастан, ертегі сияқты фольклорлық деректермен не істемекпіз, оларда ең басты орынды Әз Жәнібек хан алмай ма?» – деп сұрауы мүмкін білікті оқырман. Және шынымен де қазақтың ауызекі шығармашылығында мұндай есімді хан жөнінде көптеген материалдар бар. Бәлкім, осыдан болар, кейбір қазіргі қазақ тарихшылары тіпті, құжаттардың куәландыруына қарама-қайшы, Керей – Жәнібек хан тандемінде бас тұлға деп соңғысын санайды. Ал егер тарихи материалды оймен бағаласақ, данышпан билеуші жөніндегі барлық аңыздардың Алтын Орда ханы Жәнібекке арналғанын байқаймыз (билік еткен жылдары 1341–1357 жж.). Ол шынымен де халықтың сүйкімдісі болған және тіпті орыс жылнамаларының өзіне «жақсы патша» атауымен кірген. Егер Қазақ хандығының негізін қалаған Керей мен Жәнібек деген еш негізі жоқ мифтен бас тартсақ, онда мүлде өзге тарихи картинаға көз жеткіземіз. Міне, осыған байланысты қазақтың бірінші ханы деп хан Урусты мойындау қажет(билік еткен жылдары – 1368–1377 жж.), ол өзінің «Йуз Ордасының» астанасы ретінде Сығнақты жариялаған. Айтпақшы, Қадырғали Жалаири тек осы туралы айтады. Барлық қазақ төрелерінің өз шежіресін хан Урустан бастайтыны тегін емес. Және барлық көрші халықтар да бірінші қазақ ханы деп тек Урусты санаған. Мысалы, Сібірді бағындыру уақытындағы бараба татарлары орыс билігіне біз «Урус патша ұрпағына бағыныштымыз» деп дерек берген.

Мұндай тұжырымға қарсы адамдар Урус уақытының орда тұрғындары әлі өзін қазақ атамаған деп уәж келтіруі мүмкін, бірақ іс жүзінде Керей мен Жәнібек кезіндегі далалықтар да бұл ұғымды өз атауы ретінде пайдаланбаған. Бұл саяси ұғым этнонимға өте кейінірек кезде айналды. Ал осылай аталатын «қазақтар» әлі көп уақытқа дейін өзін Орта Азияның ноғайларымен де, қыпшақтарымен де бір халықпыз деп санаған. Мысалы, XVII ғ. қазақ ханзадасы Ораз Мұхаммедті Мәскеу мемлекетінің «татар» ақсүйектері өзінікі санағаны сонша, тіпті Лжедмитрий II өлтіруге дейін барды. XVIII ғ. өзінде Кіші Жүзде Солтүстік Кавказға көшіп кетіп, ноғайлармен бірігу идеясы кең тараған. Тіпті XIX ғ. дейін Орта Азияның билеуші этносы өзбектер қазақтарды өзіміз деп санап, олардың сұлтаны мен хандарының өзін өздеріне «тартып алып» отырған, ал Өзбекстан мен Тәжікстанның байырғы тұрғындары сарттармен тіпті үйленбеген. Ол кезде Қазақстан территориясында ешқандай тәуелсіз қазақ этносы болған емес. Көшпелі татарлар, өзбектер, ноғайлар, қазақтар одан гөрі тілі (қыпшақ)және мәдениеті бір біртұтас тек саяси шекара арқылы ғана бөлінген этностың субэтникалық топтары еді. Сондықтан «Кобланды», «Едыге», немесе «Алпамыс» сияқты сол кезеңнің эпикалық шығармалары қазіргі халықтардың көбіне ортақ болады. Қазақ этносының және хандығының құрылуы мүлде өзге құбылыстар, олар өзара байланыста болды, бірақ түрлі жылдамдықпен құрылған еді. Және көптеген ғалымдар, олардың ішінде Лев Гумилев та бар, қазақ этносы мен қазақ мемлекеті іс жүзінде бір уақытта, XIV–XV ғғ. пайда болды деп мүлде бекер айтқан. Негізі, кейін Қазақ хандығы деп аталатын хандық бұдан бұрын болған және оны құрған Орда Ежен, Жошының ұлы, Шыңғысхан немересі, бірақ ол Алтын Ордаға бағынатын және тек Урус қана Бату ұрпағына шартты тәуелділіктен оны босатты. Сөйтіп, хан Урус «монгол-татар езгісінен кейінгі бірінші тәуелсіз билік иесі Мәскеу князі Иван III ұқсас. Әрине, Урус хандығы, барлық көшпелі мемлекеттер сияқты, онша орнықты емес болатын және кейде ыдырап кететін, бірақ осы ахуалда ол XVIII ғ. дейін тірлік ете білді. Тірі кезінде әлемдік деңгейдегі жаңа жаулаушыға мызғымай қарсы тұра алған хан Урус өлгесін, хандыққа бірінші соққыны Ақсақ Темір жасады. Бірақ, бәрімізге мәлім, Тимур Шыңғыс ұрпағына зор құрметпен қараған, сондықтан Сығнақтың тағына ол 1395 жылы Урус ұлы Құйыршықты қойды. Алайда, жаңа билеуші билік басында көп тұра алмады және көп ұзамай кезекті өзара қырқыста қаза тапты. Бірнеше жылдан кейін 1419 жылдың бүлігі кезінде Құйыршықтың ұлы Барак хан болды. Жаңа билеуші қуатты және тәуекелшіл болатын. Ол Тимур ұрпағынан Сығнақты қайтадан тартып алды және тіпті аз уақытқа Сарайға да иелік етті. Барак өте айқын түрде өзін тәуелсіз мемлекеттің ханы және хан Урустың дәстүрін жалғастырушы ретінде санады, сондықтан ол Ұлықбекке былай деген: «Сығнақтың жайлауы заң және адат бойынша маған тиісті, өйткені менің атам Урус хан Сығнақта тұрған және сонда құрылыс салған». 1428 жылы Барақ қаза тапты және де белгілі қайнаркөздер оның өлімі себебінің бірнеше нұсқасын ұсынады. Біреулердің пікірінше, ол алтынордашылармен соғыста өлтірілген, екіншілердің айтуынша, оның өліміне кінәлі моголдар, үшіншілер оны ноғайлар өлтірген дейді және, ақыры, төртіншілер ол өзінің әмірлерінің астыртын қастаңдығынан өлген дейді. Сол жылы (өзге деректер бойынша 1429 жылы) Түменде аса түсініксіз, күмәнді жағдайларда Дешті Қыпшақ ханы боп Абулхаир сайланады. Он жеті жасар сұлтанның қалай таққа қол жеткізгені жөнінде шибан жылнамалары жұмған аузын ашпайды. Ең қызығы, Абулхаирдың жеті арғы атасында да хан титулы болмаған. Әйтсе де, осы жұмыста аталған Кухистанидің және мысалы, Камал ад-Дин Али Бинаи еңбектерімен танысқанда кейбір шешімдерге келуге болады. Біріншіден, осы авторлардың шығармаларында «қазақылықта» жүрген Абулхаирға көмектескен кейбір кейіпкерлердің аттары аталады. Барлық осындай нәрсеге қарағанда жас сұлтанды далалық аристократия зор қолдаған және егер хан Барақ өз адамдарының қолынан өлді деген дерек болса, оның да негізі бар. Екіншіден, ноғай бектері де Абулхаирдың сенімді жақтаушылары болған, олар оның таққа отыруына көп күш жұмсаған. Сонымен бірге, ноғайлар хан Барактың қас жауы еді, өйткені ол ноғайдың атақты бегі Мансұрдың өліміне кінәлі болған. Мансұрдың жиені Ваккас Абулхаирдың ең жақын жолдасы болған. Сондықтан қайнаркөздер хан Барақ өлімінің тарихында «ноғай ізі» де бар деп дұрыс айтып отыр. Бұл екі нұсқа да бір-біріне қайшы емес және хан Барақтың өлуі мен Абулхаирдың сайлануының бір уақытта болғаны кездейсоқ емес деген ойға жетелейді. Бәлкім, Абулхаир заңды билеушінің өлтірілуіне тікелей араласпаған да шығар, бірақ соны оның одақтастары жасауы әбден мүмкін. Дәл осыдан Абулхаирға өз билігінің ең басынан төрелердің өзге тармақтарымен күресуге тура келді, өйткені олар, қайдан шыққаны белгісіз, затсыз келімсекті ешқашанда нағыз хан деп мойындамас еді. Егер хан Урустың ұрпақтарына тоқталсақ, олар, әрине, узурпаторды тіпті де мойындамаған. Міне, сондықтан шибан тарихшылары ешқашанда оларды хан Абулхаирға бағыныштылардың арасында атамаған. Керей мен Жәнібек көп жетістіктерінен айырылса да, бірнеше қалған тайпаларын басқарып, тәуелсіздігін сақтай білген. Және де тұрғындар үшін және дала әдеті бойынша олар заңды хандар болғасын, олардың жақтастары ұдайы көбейіп отырған. Тек қана халықтың көпшілігі қолдағасын, Абулхаирдың өлімінен кейін олар шығыс Дешті Қыпшақты оңай бақылауына алған. Сөйтіп, Урустың шөберелері хандықтың негізқалаушылары рөліне еш жарамайды, одан гөрі олар өз династиясының билігін қайта жандандырушы. Ал Қазақ хандығының негізқалаушысы деп тек Урус ханды ғана санау керек және де Керей мен Жәнібекте дәл осылай ойлаған болар. Қалай болғанда да, тек осылай ойлағанда ғана осы көшпелі мемлекеттің тарихын ұғынуға мүмкіндік аламыз».

Р. Темиргалиевтің келтірілген пікірі қайта басылып жатқан кітаптың барлық ұстанымдарын растап тұр. Сонымен бірге, Р. Темиргалиев, біз сияқты Ж. Сабитовтың «Алаша-хан» мақаласын қабылдауға әбден лайық деп санайды. (Темиргалиев Р. Настоящая история… с. 111–118). Ж.М. Сабитов өз зерттеулерін төрелер шежіресіне арнайы арнаған және аңыздардағы Алаш хан түпнұсқасына Урус ханнан өзге ешкім таласа алмайды деп санайды. Аңыз бойынша, Алаш хан далалық тайпалардың сол қанаты болатын барлық алашмыңның көсемі болған (әлгі тайпалардың қатағандардың оң қанатынан айырмашылығы, бәлкім, олар оғыз емес болған). Қазақтың бірінші ханы ретіндегі Урусты аңыздағы Алашпен ұқсастыру тек қана Левшин емес, Валиханов деректерімен де дәлелденеді. Урус өмірінен алынған тарихи сенімді деректер аңыздағы Алаш өмірімен толығымен ұқсас, тіпті уақыт бойынша да. Монгол тілінен Алаш – өлтіруші деп аударылады. Ал Урус барлық деректерге қарағанда далалық билікті заңсыз тартып алғандарды өз қолымен өлтірген (мысалы, қият Джир Кутлуды). Асқақтығымен және ұрысқақтығымен белгілі Урус, өз атына байланысты, тумысынан сарышашты болған шығар, ал мінезі ондай болмаған. Қалай болғанда да, оның ежелгі орыстарға тән ныспымен аталғаны қызық. Сондықтан аңыздағы Ақ Нияз ныспысы кейінгі Хак Назар ханнан гөрі Урусқа жарасады, өйткені Хақ ақ немесе ақшыл деген емес. Біз Алашты қарақшы казак үш жүзінің көсемі ретінде және Урусты қазақтың бірінші ханы ретіндегі қолдап отырған Сабитов нұсқасының осал жері Урустың үш жүзге қатысы. Урус ханды қанша сыйласақ та, оның қазақтарды үш жүзге бөлгені беймүмкін және оларды жүздер деп атаған да ол емес, ол тек олардың үлкендік ретін анықтай алар еді. Өкінішке орай, Р. Темиргалиев жұмысының осы беттерінде (сонда, 117 б.) аса бір еркін пайымдау жасайды, ол оқырманды қысқалығы мен нұсқалығы таң қаларлық «Қазақ хандығының нағыз тарихы» кітабына сенімінен онша айныта қоймас деп сенеміз. Р. Темиргалиев Жүз Орда ұғымын онша қисынды деп таппай, оны «Орданың Жүзі», демек «орталық» мағынасындағы Орта Жүз деп оқиды. Ол «орта» ұғымының жас үлкендігі табиғатына және «орталық» ұғымының жердегі орналасу ретіндегі айырмашылықтарына назар аудармаған. Әңгімелеп отырған мәселе ауқымында «орталық» ретіндегі Орта Жүз орта емес, тек «ұлы» болар еді. Сонымен бірге, дыбыстануы мен жазылуы бірдей Жошының бірінші ұлы Ордудың және әскери тұрақ Орданың екі басқа екенін ажырата алмаған. Сосын ол улустың тек қана ру-тайпалық бірлестігі емес, сонымен қатар, бақылаудағы территория ретіндегі жұрт екенін есте сақтамаған. Жүз Орда Орталық Қазақстандағы Орта жүздің жеріне еш орналаса алмас еді. Оны айтасыз, В.П. Юдин осы Жүз Орданы орыс тілінде де жүз орда деп түсінген. Бұл мәселеде біз әйгілі түркітанушыға сенуге міндеттіміз. Және де егер Р. Темиргалиев Шыңғысханның ежелгі монгол суперэтносының шығу тегі мен құрылымының «қазақылық» арқылы болған деген концепциямен таныс болғанда ол, бәлкім, пікірін өзгертер еді. Бағымызға, бұл оның бүкіл кітабындағы өзі ашқан жаңалықтарының артықшылығына қызығудың және өз методологиясына (ереже ретінде жарияланбаған, бірақ осы уақытқа дейін оны мүлт кеткізбеген) көз жұма құлаудың жалғыз көрінісі.Басқа жердегі автор тапқан кейбір сирек ақаулықтар көрегенді, ұғынықты және дауласуға тұратындай. Атап айтқанда Р. Темиргалиев, кеңес тарихшысы С.Е. Толыбеков сияқты, қазақтардың қазақ арбадан құрама киіз үйлерге көшкенін өмір сүруде жеңіп шығудың маңызды факторы санайды, «өйткені өте жәй жүретін үйлі арбалар ойраттың жойқын атты әскеріне оңай олжа болатын» (Темиргалиев Р. Настоящая история… с. 268). Жоғарыда «Қазақстан және Орталық Азия тарихы» оқулығы редакторларымен дискуссияда келтірілген дәлелдерден өзге мынандай нәрселерді айту қажет:

1) Қазақстанда көшіп-қонудың ұжымдық тәсілі Шыңғысхан бүкіл ұлы даланы бағындырғаннан кейін монгол уақытында болған емес,

2) қашқындар юртасы ретіндегі қазақ арбасы куренді құрайтын барлық өзге ежелгі монгол арбаларынан жылдамдығымен ғана бөлектенетін.

Ең кемінде, қазақ арбасындағы «дөңгелектегі өмір» курендік таборлар шабуыл жасағанда, аса көп жиналмай бұрынғы тұрған орынды тез ауыстыруға мүмкіндік беретін. Дәл осы қасиетінде Борис Яковлевич Владимирцов сияқты ірі монголтанушы өзінің «Монголдардың қоғамдық құрылысы…» кітабында атап өткен ежелгі монгол хасах тергенінің мәні болатын. Біз осы мәселеге арналған осы іргелі еңбекті оқығаннан кейін Р. Темиргалиев пікірін өзгертеді деп ойлаймыз.

Радик Темиргалиевтің «Казақтар және Гумилёв» мақаласы да біздің қыпшақтарға қатысты көзқарастарымызды үйлестіру бөлігінде өте қызық, бірақ қайта басылып отырған кітаптың авторы қазақ халқының бір тайпасы ретіндегі Дешті Қыпшақ ұғымын қазақ даласына оның тарихының ежелгі монгол кезеңіне қатысты қолдану дұрыс емес деп есептейді және қыпшақтарды қазақ этногенезінің басты факторы деп санамайды. Өкінішке орай, көшірмесі Еуразиялық университетінде тұрған Л. Гумилевтың қолжазбасы осы уақытқа дейін баспадан шықпады… Л. Гумилевтың пікірі бойынша, қазақтар халық ретінде XIV–XV ғғ. пайда болса да, бірақ далалық суперэтносының бөлінбес бөлігі ретінде XII ғ. бері, Монголия территориясында болған пассионарлық дүмпу уақытынан тараған… Қазіргі кезде қазақтар мен монголдар мәдениет пен өнердің көркею дәуіріндегі инерция кезеңінде тұр. Бұл жолдардың авторы өзін Л. Гумилевтың қызу жақтасы деп санамайды және пассионарлық дүмпулер, немесе дәлірек айтқанда, олардың жерден тыс шығу тегі идеясына сынмен қарайды, бірақ этникалық жас мөлшері жөніндегі шешімдермен келіспеу қиын, оны айтасыз, тарих бұл шешімдерді растап отыр. Жаңа Еуропаға бастау берген VIII ғ. дүмпудің ықпалы қазақ даласына да әсер еткен деген ойды негізі бар деп санауымыз керек.


VIII ғ. Дүмпу.

Руникалық ескерткіштерде және араб тарихшыларының еңбектерінде алғашқы рет қыпшақ этнонимі аталады, яғни, тарихи аренаға жаңа халық шығады. «Қыпшақ» ұғымының көбінесе шартты екенін есте ұстау қажет және кейін бұл халық шарлар, кумандар, половцылар, кундар, ногайлар, татарлар, өзбектер, казақтар сияқты (курсив авт.) түрлі атаулар арқылы танымал болды. Бұл атаулардың кейбірі кейін қазіргі халықтарға көшті,сондықтан автор қыпшақ ұғымын қолдану қажет деп санайды, өйткені бұл осы халық тарихының тұтастығын ұғынуды оңайландырады». Қайта басылып отырған кітаптың авторы да қыпшақ ұғымын кең қолданатын болса да, шынында да өте шартты деп санайды. Бұл ұғым ежелгі монголдардың тілдік «түрктендіру» деп аталатын құбылысқа ғана байланысты. Дұрысы Шыңғысханға дейін қыпшактікі емес, ежелгі түркі суперэтносы, ал кейінгісі ежелгі монгол суперэтносы. Егер өз уақытындағы түркі тілтануының сөзсіз білгірлері ретіндегі XIX ғ. Радлов пен XI ғ. Махмуд Кашгариді есімізде сақтасақ, олар «тек қана қалалықтармен тұрақты кездеспейтін көшпелі өмір дағдысындағы түркілер ғана ең таза және дұрыс тілді сақтайды» деген(История Казахстана и Центральной Азии… С. 157). Сонымен бірге, қазақ даласының көп бөлігін кимактардың батыстық бөлігі ретіндегі «салыстырмалы түрде аз қыпшақтар емес», олардың үстемшілігін мойындаған Махмуд Кашгаридің оғыздары, кимактар, башқұрлар, басмылдар, карлуктар, татарлар, қырғыздар және өзге халықтар құрағанын естен шығармасақ, онда «қыпшақ» суперэтносын таза түркілік, немесе ежелгі түркілік деп атау өте орынды. Қазіргі қазақтар, әрине, өзге түркі этностары сияқты бұл біртұтас далалық түркі суперэтносына кірген, бірақ тек қазақтар ғана бұл біртұтас халықтың тарихи өмірінің үзілместігін сақтаған, өйткені Шыңғысханның өсиеті бойынша көшпенділікті сақтаған және сондықтан ешбір отырықшы, немесе ормандық мәдениетпен араласпаған ежелгі түркі халық боп қалған. Одан әрі Р. Темиргалиев былай деп жазады: «Л. Гумилевтың өзі қыпшақтарды Еуропаға ұқсас динлиндердің ұрпағы, ескі халық деп санаған. Бірақ Л. Гумилевпен келісуге кеңес археологиясының деректері кедергі жасайды. Олар қыпшақтар арасында европоидтық компоненттің бар екенін айтса да, олардың көбінесе монголоидтар екеніне нұсқайды. Сондықтан С. Кляшторный ұсынған IX–XI ғғ. қыпшақтардың өз атауы болған «половцы» деген «шары» («сары») түрк сөзінің орыс тіліне тура аудармасы деген пікірі көбірек сенім тудырады.


Көтерілу.

Алғашқыда Кимак қағанатына кірген қыпшақтар тәуелсіздік алады да жәнеҰлы Даланың барлық батыстық бөлігін оңтүстікке Сырға дейін және батыста Дунайға дейін тез бағындырады. Өздерінің салыстырмалы түрде аздығына қарамастан қыпшақтар олармен отырықшы мемлекеттер келіссөзге ұмтылатын каһарлы күшке айналады. Көптеген шет елдердің дәстүрлі историографиясы әлі күнге дейін қыпшақтардың тарихтағы маңызына, оларды тек тонау мен қанішерлікке ғана қабілетті жабайылар деп санап, тысқары қараған. Қазіргі Ресей тарихшылары половцыларды тек қана қара бояумен көрсететін көне жылнамалардан цитата келтірумен мәз. Және де бұл жылнамалардың авторлары православие монахтары болғанын және бұл жағдай, әрине, олардың көзқарастарына идеологиялық сипат беріп отырғанын есепке алмайды. Ал православиеге өткен қыпшақтарына жылнамашылар зор құрметпен қараған, олардың әкелерін тек «кәпір кощейлер», «қотыр төбеттер» деп атаса, әлгілерді Юрий Кончакович, Данила Кобякович деп өзіне тартып атаған. Ал орыс княздарының көбісі әлде де пұтқа табынушы еді және өздерінің адал одақтастарының діни бағытына онша мән бермеген. Сондықтан княздар теремдерінде қыпшақ ханшайымдары өзге шетелдіктерге қарағанда бәрінен де көп болатын. Және егер бізге қатып семген мұсылмандық Хорезмде шах Мухаммедтің шешесі далалық Туркан хатунның қандай беделі болғанын білсек, онда біразырақ либералды көне орыс қоғамында половчанкалар одан да зор маңызға ие болған ғой дейміз. Және де қыпшақтардың грузиндерге селжүктерге қарсы соғыста көмектескенін, олардың печенегтер қаупінен Византияны қорғағанын һәм венгрлер мен поляктар Руське кіргенде қыпшақтардың Русьті қорғағанын естен шығармау керек». Қайта басылып отырған кітаптың авторы қыпшақ тайпалар одағының негізінде казактар болған, өйткені қыпшақтар:

1) ауылдарымен көшкен (экономикалық тұрғыда),

2) (саяси тұрғыда) қыпшақ тайпалар одағын тұтастаған әскери жасақ болған (орда жанында); және Русь пен Хорезмді өзіне бағындыруға тырысқан, немесе оларға шекаралық күш ретінде қызмет етуге талпынған әскери қатпар болған (мәдени-тұрмыстық тұрғыда).

Одан әрі Р. Темиргалиев былай деп жазады: «XII–XIII ғғ. Шектен асу. Дешті Қыпшақта бітпейтін өзара қырқысу басталады. Пассионарийлардың саны көбейіп, олар бір-біріне кедергі жасайды. Русь тарихы жөніндегі ғылыми және көркем шығармаларда половцыларды көбінесе өте ұйымшыл және біртұтас көпшілік ретінде суреттейді, бірақ бұл кейде шындыққа келіңкіремейді, өйткені қыпшақтар арасындағы ішкі қырқыстар орыстардікінен көп болмаса, аз емес еді. Міне, сондықтан, туысқандары күн көрсетпеген көптеген қыпшақтар ата мекенінен Хорезмге, Кавказға, Русьқа және өзге елдерге қашады, сөйтіп, олар мамлюктерге, гулямдарға және берендейлерге айналады. Осындай жағдайларға байланысты монголдар қыпшақтарды оңай жеңді…Монголдың жаугершілігі, тарихта мұндай нәрсе бола береді, ол жүзеге асқаннан кейін біртұтас мемлекеттің пайда болуына әкелді… Алтын Орда… Қыпшақ тілі халықаралық статусқа ие болады және мысалы «Үш теңізден асып жүру жөніндегі повесте», «Соғыс және бейбітшілік» романында француз тілі қалай пайдаланылса, ол да сондай оп-оңай пайдалынылады.


XIV–XV ғғ. Жарықшақтану.

Өзара қырылысу арқасында және сырттан келген зор соққылардан кейін далалық империя көптеген ұлыстарға ыдырайды. Олардың арасында Ноғай Ордасы, Сібір хандығы, Өзбек хандығы, Қазақ хандығы шығады… Бұл мемлекеттердің әлде де біраз күші бар, бірақ бәсекеге қабілеттілердің әлемдік рейтингіне онша іліңкіремейді.


XVI–XVIII ғғ. Инерция.

Қыпшақ мемлекеттері қорғануға көшіп, бірінен соң бірі қаза табады. Егер бәрі Урус хан, немесе Қасым хан сияқты, шынында да құдыретті патшалардан басталса, біздің тәуелсіз тарихымыз мемлекет басшысынан гөрі қарақшылар тобының атамандарына ұқсас Абылай және Абулхаир хандармен бітеді. Сонымен бірге, Л. Гумилев айтқандай, этногенездің инерциялық кезеңінде жыраулар поэзиясында өзінің шегіне жеткен қыпшақтардың «Қайта Өрлеу Дәуірі» туады. XVIII ғ. қазақтың хандары тәуелсіз тірліктің енді ешқайда апармасына біліп, Ресей империясының құрамына ерікті түрде кіреді.


XIX–XX ғ. басы. Обскурация.

XIX ғ. басындағы Қазақстан тарихын зерттеген әрбір адам мұны растар деп ойлаймыз: бұл уақыт сипатына «обскурациядан» өзге еш термин келмейді. Ресей шенеуніктері даладағы барымта мен бүліктерді тыя алмай, жынданып кете жаздады. Қыпшақтардың бір-біріне жазған арыз шағымдарына Ресей архивтері бүгінге дейін толы. Жыраулардың терең және әсем поэзиясының орнына дүмше ақындардың ұйқас қуалай беретін қара өлеңдері келеді. Қыпшақтар соңғы пассионарийларын көбінесе өздері өлтіреді, ал ұлттың нағыз гүлі, Алаш Орда, халықтан өте аз мөлшерде қолдау табады. Мұның бәрі сөзсіз трагедиямен бітеді. Қыпшақтардың дәрменсіз қалдығы ұжымдастыру кезеңінде қаза табады… Қыпшақтың, немесе көне қазақтың (сізге осылай атау ұнаса) тарихы, міне, осындай. Ал қазіргі қазақ этносы мүлде жаңа этникалық жүйе өзге халықтармен салыстырғанда, ол Гумилев айтқандай, кемел жастағы еркек емес, немесе Е. Ермолаев айтқандай, алжыған шал емес, бала. Дәл осыдан бұл этноста әлі өзіндік мәдени дәстүрі жоқ, сондықтан кейде өз бабаларынан, кейде көрші халықтардан жоқ нәрсесін алуға мәжбүр. Әрине, жас болу деген ұзақ өмір сүру деген емес, өйткені этнос тірлігі адам тірлігі сияқты, кез келген уақытта үзілуі мүмкін». Сонымен бірге, қайта басылып отырған кітаптың авторы көшпелі қазақтардың дәстүрлі құрылымының кеңес кезеңіндегі деформациясынан кейін Қазақстан тіпті Қайта Құрудан бұрын баяғыда отырықшы аграрлы индустриалды мәдениетке көшкен полиэтникалық мемлекетке айналды. Сондықтан осы посткеңестік субэтностың титулды ұлты ретіндегі қазіргі қазақтар таңдау алдында тұр: олар иә ақпаратты қоғамға айналып, жеке ашықтықты және қазақ дәстүрлі мәдениетінің өзге ақпараттық құндылықтарын қайта жандандыру ұлттық идеясы негізінде жалпыазаматтық ұлт ретінде жаңа этнос құру керек, немесе тұрғындардың пассионарлық бөлігі ауып кету, болмаса тұтастығын жоғалтып, бақылаудағы тәуелсіз территориясынан айрылып қалу қаупі бар этнократиялық мемлекет ретінде қала беру.

Радик Темиргалиевтің «Шыңғысхан мұрасы» мақаласы («Эксперт» журналы).

Шыңғысханға қатысты біздің көзқарастарымыздың ұқсастығын, әсіресе Юдиннің чингизизм жөніндегі ілімі растайтын Шыңғысхан өсиеттері мен заңының діни табиғатына қатысты келесі абзац жария етеді: «Сәл бұрынырақ Кеңес Одағы барлық халықтарының тарихындағы Шыңғысханның тарихи маңызы тек біртекті бағаланатын. «Біздің ел халықтарының монгол-татар езгісіне қарсы күресі» – КСРО тарихы жөніндегі оқулықтарда тиісті бөлімдер мен тараулар осылай аталатын. Тарихи ғылымда тек осы езгі ғана Кеңес Одағына кірген халықтардың монголдар ақыры бағындыра алмаған Батыс Еуропа халықтарынан даму жағынан артта қалуының басты себебі деп саналған. Бірақ бұл концепция қазақ халқының тарихи көкейімен онша байланыспайтын. Өйткені қазақ эпосы жырлаған каһармандары ерліктер жасап, Қырымды аралаған және Қазанды қорғаған Улуг Улус (Ногайлы) әсем елі кеңестік оқулықтар мың қарғаған Алтын Орда болатын. Көзімен көргендердің куәландыруынша XIX ғ. өзінде құдыретті көшпелі империяның құлауы жөніндегі дастандар далалықтардың көздерінен жас шығаратын. Шалдар өздерінің әңгімелерінде жауыз хан Бердібекті қарғайтын, Иван Калитаның ғажаб қулығына таң қалатын және Едігенің өжеттігіне тамсанатын. Юдин өте сәтті чингизизм деп атаған Шыңғысханға табыну рәсімінің де қазақтар өмірінде зор маңызы бар еді. Бақсылар өздерінің магикалық рәсімдерін жасағанда, ұлы жаугершінің әруағын көмекке шақырған, ал қара халық оның ұрпағын тек билеушілер ғана емес, қасиетті рудың өкілдері ретінде де құрмет тұтқан. Сондықтан XIX ғ. қазақ даласы төрелер өз билігін сақтаған жалғыз мекен боп қалды. Шыңғысхан ұрпағы баяғыда қырылған көрші мемлекеттер мен тайпалық одақтар ақсүйек қанды хандарды қазақтардан «қарызға сұраған». Біздің әлгі аталған қыпшақтарға қатысты бір-бірімізге тәуелді емес көзқарастарымыздың бір-біріне ұқсас екенінің дәлелі ретінде мына абзацты келтіру артық болмас:

«Қыпшақтардың көсемі ретінде билігі мұрагерлік арқылы берілетін хандар болғанын атап өту қажет. Ильбури (Ель Бори. – Авт. еск.) руынан қыпшақ династиясы болғаны жөнінде түрлі мұсылман және қытай жылнамалары айтады… Ал С. Кляшторныйдың пікірінше, көне түрк династиясы Ашинадан («қасқыр қаншығынан туғандар») шыққан. Олардан болгар патшалары асенидтер де шыққан. Бірақ бұл нұсқалар бір-біріне қайшы емес, өйткені Ильбури түркі тілінен «бөрі елі», «бөрі тайпасы» деп аударылады және де бір кезде Ашинаның ескі атауын жәй ауыстыра салуы мүмкін. Алайда, өздерінің өзіндік ақсүйектері болса да, ол біртұтас мемлекет құруға әкелмеген. Көптеген қазіргі Қазақстан тарихшылары өздерінің жұмыстарында бір түсініксіз «Қыпшақ хандығы» жөнінде айтады, алайда, монголдан бұрынғы кезеңде біртұтас қыпшақ мемлекеті болды деген еш салмақты дерек жоқ. Әрбір тайпаны өз ханы басқарған және орыс жылнамаларына қарағанда, даладағы мұндай билеушілердің саны бірнеше оншақтыға жеткен. Көрші тайпалар сыртқы жаумен соғысу үшін аз уақытқа одақтастық жасап отырған, бірақ, әрине, мұндай бірлестіктерді мемлекет деп атау әдепсіз болар еді. Сондықтан атышулы тарихшы В.Бартольд айтқан «қыпшақтардың қозғалысы бір халықтың еш саяси бірліксіз және ешбір мемлекеттілік жасаусыз зор территорияны басып алудың сирек үлгісі. Жеке қыпшақ хандары болған, бірақ барлық қыпшақтардың ханы болған емес» деген пікірімен келісуге тура келеді. Автордың ойынша, Қият руының казактары барлық ежелгі монгол тайпалары нирундар мен турлигиндерге бұрын атақты, бірақ қазір жоқ болған «монгол» тайпасының атын берген, сол сияқты Ел бөрі руының казактары да оғыз, кимак және карлуктан шыққан барлық ежелгітүркі тайпаларына өздері шыққан қыпшақ тайпасының атын берген. Ең қызығы, олардың екеуі де өз тотемдік шежіресін бөріден таратады және де олардың Ашинаның ежелгі түркі руына туыстас болуы да әбден мүмкін.

Сондықтан Р. Темиргалиевтің айтуынша, «монголдардың басты мақсаты Ильбури династиясының өкілдері болды, монголдар аңға шыққандай, оларды өлтіре берді, ал қаруын тастағандарды Монголия мен Қытайға жеткізген. «Бөрі қаншығынан туған» ұлы түрк қағандарының ұрпақтары «күн сәулесінен туған» «бөрі» ұрпақтарына зор қауіп төндіретін еді. Қыпшақ ақсүйектері 1242 ж. дейін жанкешті қарсылық көрсетті, бірақ олардың күресі жеңіліспен аяқталды. Дәл осы нәрсе хан Батудың батыстық жорығының басты мақсаты еді. Ал еуропалық отырықшы халықтар соған қосымша ретінде ғана бағындырыла салынды. Ең алдымен жаугерлерге Батыс Дешті Қыпшақтың даласы керек еді». Одан әрі Р. Темиргалиев жазады: «монголдар далалық мәдениетінің өзгеше әдетінше қыпшақтарды өзге халық деп санамаған. Мысалы, 1223 ж. Кавказдағы құпия келіссөздер барысында, Ибн ал Асирдың деректері бойынша, монгол қолбасшылары Субэдэй мен Жебе қыпшақ хандарына арнаған сөздерін былай деп бастаған: «Сендер мен біз бір руданбыз». Өз кезегінде Ибн Халдун да атап өткен: «қыпшақтарда баяғыдан бері Шыңғысхан татарларымен тығыз байланыс бар. Көбінесе қыпшақтар, олардың қыздарын әйелдікке алып, татарлармен әйелдік жағы арқылы туыстасқан. Сондықтан Шыңғысхан қыпшақтарды өзінің руласы санаған. Қайнаркөздерде әлдеде көптеген мұндай деректер бар, қазіргі тарихшылар көне үйсіндер, жалаирлар, қоңыраттар, кереиттер, наймандар және өзгелер қай тілде сөйледі екен деп ашу шақырып, дау көтереді. Бірақ іс жүзінде бұл онша маңызды мәселе емес, өйткені далалықтар үшін этникалық өз-өзін тануының басты белгісі тіл болған жоқ. Барлық көшіп-қонып жүрген, киіз үйде тұратын және Тәңіріге сенетіндер бір халық деп саналған…».

Автор ежелгі монгол мен қыпшақтар этнотанымы жөнінде бір дегенге келіседі, бірақ олардың арасындағы туыстық байланысты жоққа шығарады, өйткені әлгі келтірілген қайнаркөздердің деректері Сыпатай мен Жебенің әскери тактикалық мақсаттағы қулығын паш етіп тұр, сонымен бірге, олар қыпшақтардың кейін Русь пен Хорезмде «татар» қордалы атауын алған Шыңғысханның нирундары және турлигиндары емес, керісінше, оның жаулары – ежелгі монголдық татарларымен байланысы жөнінде баяндайды. Сонымен бірге, автор далалықтар үшін тілдің этносқұраушы маңызын төмендету нышанымен келісе алмайды. Бәрінен бұрын әлгі аталған тайпалар Монголия жерінде болсын, Қазақстан жерінде болсын, ол кезде бәріне ортақ түркімонгол тілінде сөйлеген. Жошыда бас бәйбішесінен екі ұл болған (Орду және Бату) және өзге әйелдерінен он жеті ұл болған. Бұл тұрғыда Өтеміс қажының «Шыңғыснамесіне» толығынан сенуге болады. Темиргалиев олардың ең танымалы Орду Ежен, Бату, Берке, Шибан және Тукай-Тимур болған деп дұрыс айтады. Үлкені Орду Ежен болатын, таққа сол отыру керек еді. Бірақ заңды мұрагер онша тәкаппар болмағандықтан, өзіне тиісті жоғарғы билікті өзінен әлдеқайда қуатты інісі Батуға сыйлайды. Ал ол болса, Дешті Қыпшақтың батыс бөлігін бағындырғаннан кейін, ордасын Еділ бойына қойып, Хорезмнен бөлек әкесінің жерін ағасы Орду Еженнің билігіне қалдырды. Қазіргі Қазақстан территориясының көп бөлігінде орналасқан бұл ұлыс Ақ Орда деп аталды (бұл атаудың шарттылығы жөнінде автор жоғарыда айтқан: тек барлық Бату ұрпақтары өлгеннен кейін ғана Көк Орда Ақ Орда атауымен бірге аталатын болды. – Авт. еск.). Алтын Орданың құрамындағы Ақ Орда көп артықшылыққа ие болды. Орду Ежен ұрпағынан шыққан хандар өз құрылтайларында сайланды және сондықтан Бату мұрагерлерінің бұл ұлыстың ішкі істеріне ықпал етудің еш нақты мүмкіндігі болған жоқ. Оны аз десеңіз, Рашид ад-Динның айтуынша Монгол империясы астанасы Қарақорымнан келген жарлықтарда Жошы ханның үлкен ұлы ретіндегі Орду Еженнің аты Бату есімінен бұрын жазылған. Ақ орданың Дешті Қыпшақтың жоғарғы билеушісінен тәуелділігінің бір көрінісі: Орду Ежен өз жарлықтарында алдымен Батудың есімін жазған. Сонымен бірге, Ақ Орда билеушілері соғыс кезінде сарай хандарына әскер жіберіп отырған. Ақ Орда билеушісіне оның өзге інілерінің ұлыстары бағынған. Мысалы, Рашид ад-Динның айтуынша, Орду Ежен әскерімен және Удур, Тука Тимур, Шингкур және Симкум атты төрт інілерімен әскердің сол қанатын құраған, оларды әлі күнге шейін сол қанат ханзадалары деп атайды. Тура Орду Еженнің өзіне, қайнаркөздердің деректері бойынша, коңырат, меркит, йисут, кереит, арғын, кингит және өзге тайпалар бағынған. Бұл уақытта қыпшақ тайпаларын қайта атау глобалды процесі жүріп жатқан. Орду Ежен және оның ұрпақтары қыпшақ тайпаларын олардың бұрынғы аттарымен емес, жаңа бодандықтағыларға би-лік еткен нояндардың монгол руының атымен атаған.

Қызығы, қазақтың халық аңыздарында XIII ғ. шынайы тарихи каһармандары кейбір рулардың негізқалаушысы деп аталады. Мысалы, үйсіндердің рубасысы деп Шыңғысханның мыңбасы Майқы би аталады, найманның рубасысы деп Кит Бұқа, арғындардың рубасысы деп Кадан тайшы.

Жылнамалар беттерінде тайпалардың мүлде жаңа бұрын таныс емес атаулары көріне бастайды. Көбінесе олар өздерінің атақты рубасыларының атын алған. Мысалы, XIII–XIV ғғ. қайнаркөздерінде Таз немесе Йаглыбай (Жагалбай) сияқты Алтын Орда тарихындағы көрнекті тұлғалардың есімдері аталады, ал сәл кейінірек солармен аттас рулар мен тайпалар шығады. Біздіңше, бұл жәй ұқсастық емес. Шексіз полигамия жағдайында ақсүйек өкілдерінің балдары көп болған, тіпті кейбір бектерде жүзге тарта немере мен шөберелері болған, кейін олар жаңа ру құрап, оны атасының атымен атаған. Және тек Ақ Орданың ханы өлген соң, оның ұлы Урус таққа отырып, енді өз ақшасын шығаруға жарлық берді. Осы сәттен бастап Урус оны түсіне қоймаса да, жаңа мемлекеттің тарихы басталды. Ақша шығару ол үшін өзінің Сарай тағына көз салғанын көрсету еді. Бірақ ол Батухан империясын қанша тудырғысы келгенімен, оған оның өзі де, ұрпақтары да қол жеткізе алмады. Қалай Ақ Орда өмір сүруге тиіс болса, Алтын Орда қаза табуға тиіс еді (яғни, қаза тапқан Жошы ұлысы, кең мағынадағы Алтын Орда болатын, ал Ақ Орда, немесе тар мағынадағы астана ретіндегі, Алтын Орда және біртұтас елді басқару иелігі Көк ордадағы Жошы ұрпағына көшті). Тағы бір айта кететін жайт, тарихшылар арасында Урус ханның шығу тегі жөніндегі мәселеге бір көзқарас жоқ. Кейбір ғалымдар оны Орду Еженнің емес, оның інісі Тука Тимурдың баласы деп санайды. Оның дәлелі ретінде Шыңғыс ұрпақтарының ортағасырлық шежірелері келтіріледі. Әйтсе де, қашан және қалайша Тоқа Темір ұрпағы Сығнақтағы билеуші династияны ауыстырды деген сауалға жауап жоқ. Қан-төгіссіз саяси күрестен зор және ықпалды кланды алып тастау мүмкін емес. Бірақ Орду Ежен үйінің ханзадалары өлтірілсе, ол көрінбей, сөзге ілінбей қалмас еді. Саяси оқиғаларды баяндайтын жазбаша қайнаркөздер Шығыс Дешті Қыпшақтағы билік Орду Еженнің ұрпақтары қолында қалғанын растайды. Урус ханның шығу тегі жөнінде мүмкін сақталмаған қазақ шежірелері де баяндаған шығар. Ең кемінде, М. Тынышпаев сияқты, XIX ғ. аяғы – XX ғ. басындағы төрелердің ең білімді бөлігімен араласқан зерттеуші былай деп жазған: «қазақтарда, әсіресе шыңғыс ұрпақтарында бір хан Ежен деген жөнінде естеліктер қалған (кейбір төрелер тіпті оны өздерінің арғы атасы санайды, ал Тука Тимурды олар мүлде білмейді». Егер Орду Ежен ұрпақтары Дешті Қыпшақтағы өз билігін сақтай алса, олар Батухан ұрпағы біткеннен кейінгі ең іргелі тармақ беделіне ие болған. Ордуидтердің хан титулына лайық екені ешкімде күмән тудырмады. Және бір жағы осыдан кейін жылнамашылар Қазақ хандығы деп атап кеткен Ақ Орданың тарихы Алтын Орда қирандыларында пайда болған өзге көшпелі ұлыстардың тарихымен салыстырғанда таң қаларлық түрде өте ұзақ боп шықты».

Автор Р. Темиргалиевтің Қазақ хандығының негіз қалаушы атасы Урусханның шығу тегінің Жошының үлкен ұлы Орду Еженнен тарайтынына сенім білдіргенін аса құнды санайтынын атап өткісі келеді. Бұл қазақ халқының тарихына және мемлекеттілігіне біртұтас негіз және логика береді.

Р. Темиргалиев өзіне үлкен жауапкершілік алып, Өтеміс қажының «Шыңғыснамесінің» шынайы дүние екеніне күмәнмен қарайды. Бұл өте қызық, дәл осы қайнаркөзді В.П. Юдин сияқты өте беделді, ешкімге ауыз аштырмайтын тарихшы жоғары бағалаған еді. Кейін С. Акимбеков өзінің зерделуі жөніндегі жарқырақ «Далалар тарихы» кітабында Юдин, Абусеитова және өзге зерттеушілердің Урус ханның Жошының бірінші ұлынан емес, он үшінші ұлы Тока Тимурдан туды деген қауесетті тек күмәнға ғана алады.

Т. Султановтың пікірін қоштап, Акимбеков: «сол қанат хандары Чимтай, Баян, Құйыншы, Сасы Бұқа өзге қайнаркөздерден белгілі» – деген пікірді негізге алып, таза аналитикалық түрде Урустың шығу тегі Ордадан болу керек деген еді. Ал Темиргалиев болса бұл мәселе жөніндегі барлық танымал қайнаркөздерді негізге алып, мұны өте нақты, сенімді айтады.

Дәл білім мен ең аса негізделген болжамның арасындағы айырмашылық өзге нәрселерге қарағанда ең маңызды боп қалады және тек ғылым емес, кейде тіпті жеке адам үшін де.

Радик Темиргалиев. Қазақ хандығы мен қазақылық идеясы («Эксперт» журналы).

Мұнда орыс казактары мен қазақтардың өз-өздерінің атауы казак ежелгітүрік ұғымынан шығуы жөніндегі және әлеуметтік институт ретіндегі қазақылықтың этникалық мағынасы жөніндегі автордың пікірі Темигалиевтың ізденуі арқылы жоққа шығарылмайды, қайта дәлелденеді. «Бәрімізге белгілі кеңестерден бұрынғы кезеңде қазақ халқы Ресейде киргиздар немесе киргиз-кайсактар ретінде белгілі болатын. Алғашқыда осылай қазақтарды XVIII ғасырдың бірінші жартысында атады.

Және бұл туралы И. Ерофеева кездейсоқ жағдайда болды десе де (ол кездейсоқ емес еді, Ұлы Жүздің қазақтары өздерін шынымен де қырғыз-қазақтар деп атаған), ұғым ресми іс жүргізуде және кейін қоғамда өте тез орнығып, тез тарады, өйткені шатасудан қашуға мүмкіндік берді. Петрдан бұрынғы Русьте қазақтарды казак деп атаған. Және егер қазіргі кездің өзінде кейбір тарихшылар белгілі құжаттарда осы екі халықтың қайсысы жөнінде әңгіме болып жатқанын түсіне алмай отырса, XVI–XVII ғғ. географиялық білімдері өте шектеулі мәскеу шенеуніктерінде қандай қиындықтар туғызғанын әбден түсінуге болады. Қазіргі кездің қазақ ұғымы Кеңес үкіметі алғашқы жылдарының термин тудыру тәсілінің компромистік нәтижесі болды. Ол кезде билік басындағылар қазақ халқына өз тарихи атауын қайтып беруге және осымен қатар ыңғайсыз жағдайға түсіп қалмауға тырысқан. Бірақ шығыс халықтар тілдерінде осы күнге дейін әңгіме қазақтар жөнінде, немесе Дон казактары жөнінде бола ма, жалғыз-ақ «казак» сөзі қолданылады. Және тек нақтылау үшін ғана казактар орыс казактары деп аталуы мүмкін. Осы ұғымдардың бір-біріне теңдігі ғалымдардың зейінін қазақ пен казактар тарихының біркелкілігі мәселесіне баяғыдан тартқан, бірақ көптеген субъективті және ғылымға қатысы жоқ жағдайлар бұл бағыттағы салмақты зерттеулер үшін көбінесе жағдай тудырмаған. Алайда, қазақылықтың тарихы мен мәдениетін түсінбей, Қазақ хандығының тарихын толық ұғыну беймүмкін. Әдетте, қазақ этнонимі XV ғ. екінші жартысында Урус ханның ұрпақтары, сұлтандар Жәнібек пен Керей Қазақ хандығы деп аталып кеткен өз ұлысын құрғаннан кейін пайда болды деп саналады. Соның дәлелі ретінде «Тарихи Рашидидан» мынандай үзінді келтіріледі: «Ол кезде Дешті Қыпшақты билеген Абулхаир хан еді. Ол Жошы ұрпағы сұлтандарына көп тиіскен болатын. Жәнібек хан мен Кирай хан одан Могулистанға қашты. Исан Буга хан оларды ақ пейілмен қарсы алып, оларға Могулистанның батыс шетіндегі Шу мен Қозы Башиді берді. Олар құтты тірлік етіп жатқанда, Абулхаирдің өлімінен кейін Өзбек ұлысы бұзылып, онда көптеген бүліктер басталды. Оның бодандарының көп бөлігі Кирай хан мен Жәнібек ханға көшті, сөйтіп олардың саны екі жүз мың адамға жетті. Оларды орнықты түрде өзбек-қазақ деп атайтын болды. Қазақ сұлтандары билігінің басы – сегіз жүз жетпісінші жыл (1465–1466 жж. – Авт. еск.). Бірақ қазіргі ғылыми әлемде каноникалық сипат алған бұл хабар сол жылдардың оқиғаларына сәуле түсірудің орнына, жауапсыз қала беретін қосалқы сауалдар тудырады. Мысалы, Могулистанға барудан бұрын әлгі сұлтандар қайда болды екен? Жәнібек пен Керей белгілі бір кезеңге дейін Абулхаирға берілген боп жүре берген деген көп авторлардың пікірлері ешбір қайнаркөздермен расталмайды. Егер олай болғанда, урусидтер династиясына әрқашанда сын көзбен қараған шибан историографтары мұны, әлбетте, айтып, өз билеушісін сатқан сұлтандарды табалар еді. Бірақ, тіпті, Масуд бен Осман Кухистанидің «Тарихи Абулхаирханиіде» бұл жөнінде жұмған аузын ашпайды. Бұл шығармада Өзбек ұлысында XV ғасырдың 20–60-шы жылдарында болған барлық ең титтей маңызы бар оқиғалар баяндалады, Абулхаирға бағынған барлық тайпалар аталады, барлық сарай жанындағылар мен қолбасшылардың аттары аталады, бірақ Керей мен Жәнібек жөнінде бір сөз жоқ. Және соңғылардан бағыныштылық күту оғаштық болар еді. Жәнібектің әкесі Барак ханды маңғыт бектері өлтірген болатын(кейбір деректер бойынша, Барақпен бірге Керейдің әкесі Булат та өлтірілген). Сосын олар Шығыс Дешті Қыпшақ тағына шибан тармағының өкілі Джумадукты қойған. Оны біраздан соң өлтіреді де, жаңа хан боп шейбанид Абулхаир шыға келеді. Жәнібек пен Керейге ол оларға тиесілі тақты тартып алған тексіз біреу. Бұлар оған қарсы тұра алмас еді, өйткені оның артында құдыретті маңғыттар тұрды, бірақ жас ханға бағынуды да өзіне ар санады. Және де Барак ханның өлімінен кейін Керей мен Жәнібектің қай жерде болғанына болжам жасауға мүмкіндік беретін кейбір деректер бар. Мысалға, Островицалық Константин сынды ортағасырлық автор 1459 жылға қатысты мынандай деректер қалдырған: «Трапезунд, Синоп сияқты Қара теңіздің мына жағында жатыр, трапезунд жері таулы және кең, барлық жағынан оны дінсіздер қоршаған, олардың бәрі Ұлы хан және Узунхасан, Джанибек Гирей сияқты (Р.Т. бөліп, назар аударған) татарлар, осы татар билеушілері түрік сұлтанынан гөрі, олар өздері сияқты қарғыс атқандар дінінен болса да, өзінің көршісі ретінде трапезунд императорын көргісі келді. Константин жазбаларының комментаторлары осы үзіндіде Жәнібек пен Керей есімдеріне назары түсіп, шығарма авторы таққа тек 1477 ж. отырған Қырым ханы Джанибек Гирейді атап, қателескен деп болжам жасаған. Тек «Астрахан хандығы» еңбегінің авторы И. Зайцев басқа ой ұсынған: «Бұл жұмыста аталып отырғандар ағайынды қазақ Жәнібек пен Керей болуы әбден мүмкін, бірақ онда олардың Трапезунд және османдармен шекаралас болғаны түсініксіз». Әйтсе де, Константин хабары халық ақыны Асан Қайғының шығармашылығында расталады. «Хан Жәнібекке арнау» деген оған телінетін өлеңінде хан жарлығымен қиын және еш қисынсыз көшке шығу суреттеледі. Және көш бағыты Жем, Ойыл, Еділден өтеді. Қазіргі уақытта аз ғана жұрты бар қашқын сұлтандардың қайда тұрақтағаны белгісіз.

Мүмкін, олар Солтүстік Батыс Кавказ территориясын таңдаған шығар. Барлық жағдайға қарағанда, бұл мекен қазақылықтың отаны болған сияқты. Мысалы, Мәскеумен соғыс кезінде осы Кубаньда ғана 1445 жылдың көктемінде Қазан ханы Улуг Мухаммед еш қиындықсыз және тез екі мың казакты ақы төлеп өз әскеріне алған. Бірнеше ай өткен соң сол баяғы «Черкеске» өз өмірлерін сақтап қалу үшін хан ұлдары қашқан. Сонда сол казактар кім болды екен? Әдетте, түркі тілдерінен «казак» термині «ерікті», «кезбе», «жолаушы» деп аударылады. Тар мағынасында дала қарақшыларын да, аздаған салт аттылар тобын да және жәй жалғыз ілікті батырларды да осылай атаған. Әйтсе де, қазақылық деп Дешті Қыпшақтың арнайы әскери мәдениеті де аталған. Қазақылыққа шығу ол соғыста есі ауғанша өжет болу, ал бейбіт кезде ешбір билікке бағынбау. Казактар көштеріне патшалар, бүлікшілер, авантюристер, қылмыскерлер, бір сөзбен айтқанда, белгілі бір уақытқа туған жерінен кетуге қажет болған барлық адамдар кете берген. Адамдардың бұл түрінің ермегін елестету қиын емес. Керуендерді тонау және көршілерге тыныштық бермеу, міне, казактар алғашқыда осындай нәрселермен айналысқан. Бірінші боп осы бүлікшіл далалық топты өз пайдасына жаратуға қисын тапқан мәскеу княздары. Мәскеу князі Василий Дмитриевич (1389–1425 жж.) және, әсіресе, оның ұлы Василий Васильевич Темный қашқын «патша» мен «ханзадаларға» тұтас аймақтарды олардың «олжасына» беріп, тіпті «шығын» төлеп тұрған. Оның орнына «ордабұзарлар» Русті кез келген жаудан қорғау борышын мойнына алған. Мұндай татарсүйгіш саясат көне княздар және боярлар арасында барынша қарсылық тудырған. Бірақ бұл қарсы дауыстар да казактар өздерінің әскери іскерлігін көрсеткесін тынышталған. Жаңа бодандардың іскерлігіне көзі жеткен Василий Темный даламен шекаралас жерлерде жаңа ұлыс ашып, оның ханы ғып Қасымды тағайындады. Соңғының есімі кейін осы хандықтың атауына айналды. Касимдік казактар Қазан, Қырым және Ұлы жүз үшін нағыз құдайдың жазуына айналды. Ал егер ерікті казак республикаларына келсек, олар да анархиялық топтардан өз саяси мақсаттары бар орнықты ұйымдарға айнала бастады. Қайнаркөздер деректері бойынша, бірінші казактар ұйымдарын запорож казагы Мамай, немесе бірінші Дон атаманы Сары Азман сияқты далалықтар басқарған. Алайда кейін бүкіл XVI ғасыр бойы крепостной правоның қатаюына және Русьтағы опричнинаның шектен шығуына байланысты, қазақылық қозғалысында славяндар көбейе бастады. Ал олар келді де бұрынғы тәртіпті өзгерте бастады. Олар православие дінін таратты және бұл фактор қазақылық тарихында өте маңызды болды. Дәстүрлі діни нанымда болған далалықтарда қазақылықта болған біраз кезеңнен кейін өз ұлыстарына қайтуға мүмкіндік болды, ал христиандықты қабылдағандар бұл туралы ойлай алмайтын. Осылай дала бұзақыларының санасында өзінікі боп енді Мәскеу көрінді. Және енді соны бағыт тұтқан казактар жыл сайын көбейе берді. Бірақ енді біз Жәнібек пен Керейге қайтып келейік, олардың ұзақ уақыт қазақылықта болғаны, олардың балдарының білім алмағандығымен де дәлелденеді. Абулхаирдың балдары мен немерелері барлық мұсылман елдерінен шақырылған ғұламалардан ғажап білім алғанда, олар ат үстінде өмір сүрген. Тек отыз жыл босудан кейін ғана урусидтарға құты оралды. 1457 жылы Абулхаир ойраттармен соғыста ойсырай жеңілді және бұл хан беделінің түсіп кетуіне қатты ықпал етті. Ұзынқұлақтың арқасында бұл хабар бүкіл қыпшақ даласына аса тез тарады. Және тез арада Керей мен Жәнібек өзінің жауы ордасындағы ахуал жөнінде толық ақпарат алды. Бірақ өздерінің таққа хұқығы жөнінде айту әлі ертелеу еді. Алдымен одақтас табу қажет болатын. Могол ханы Есен Бука Керей және Жәнібекпен кездесуге бар пейілімен барды және оларға өз территориясына көшіп келуді ұсынды. Бірақ ол тек қана ыстық пейілден жасалған ұсыныс емес еді. Моголдарға ылғида қырғыздар мен ойраттар шабуылдайтын және олармен күрес онша табысты болмайтын, сондықтан Есен Бука Керей мен Жәнібекті шекарашылар ретінде пайдаланғысы келді. Сонымен бірге, могол билеушісі Абулхаир жағынан агрессия болуынан сескенді. Келісімге жеткесін, сұлтандар шамасы 1460 жылы Моголистан территориясынан көшіп үлгірді. Бұл көш туралы, Еділ мен қоштасу туралы деректер де жыраулар поэзиясынада атышулы Қарғабойлы Қазтуғанға телінетін толғауда сақталған. Жаңа жерде «Тарихи Рашиди» да айтқандай, Керей мен Жәнібектің жақтастары көбейе бастады, бұл енді Абулхаирды толғантпай қоймады. 1468 жылы хан ескі жауларының және олардың қолдаушысы Моголистан ханының сазайын берейін деп, қол жинауға жарлық береді. Бірақ жорықта Абулхаирға суық тиіп, ол көп ұзамай өледі. Жаңа хан боп марқұмның ұлы Шайх Хайдар сайланады. Марқұм ханның көптеген жауларына шабуылға шығудың сигналы болды. Біраздан соң Шайх Хайдар өлтіріледі де, ұлыстағы билік Керей мен Жәнібекке көшеді. Шибандар биліктен айырылғанына еш көнгісі келмеді. Абулхаирдың сүйікті немересі Мухаммед Шейбани Мәураннахр мен Хорезмді жаулап алғаннан кейін Керей мен Жәнібектің балдарына қарсы дүрсін-дүрсін соғыс ашты. Оның жарлығымен урусидтерге бағынған тайпалар Орта Азияның отырықшы тұрғындарымен сауда жасай алмайтын болды. Сонымен бірге, оларды мұсылман емес деп жариялап, имамдар Урусхан ұрпағына қарсы күресті кәпірлерге қарсы жихад деп жарлық шығарды. Онан зоры, дәл осы Шейбанидің жарлығымен урусидтер династиясының өкілдерін сарай ішінде казак деп атай бастады. Бұл бірінші рет Ибн Рузбеханидің «Бұхар қонағының жазбалары» (1509 ж.) беттерінде көрініс тапты. Шейбанидің жастық шағы жөнінде оның тарихшылары қазақылықтың даңқты дәуірі ретінде жазды. Бірақ мұнда далада қаңғып жүріп көптеген жауларға қарсы тұрған жас ханның батырлығы мен ерлігі жөнінде баяндалды. Ал Жәнібек пен Керейдің ұлдарын қазақ дегенде сарай тарихшылары кешегі өткен шақтың оқиғаларын бұрмалап, олардың статусын төмендетуге тырысқан. Сөйтіп, Абулхаир емес, Керей мен Жәнібек билікті тартып алушы бұзақы казактар деп жарияланды. Жаңа атау өзге авторлар арасындада тез тарап кетті, өйткені Мәуреннахрға көшкен өзбектерді, олардың Дешті Қыпшақта қалған ағайындарынан ажырату оңай болды. Әйтсе де, Шейбанидің қарсылас династия өкілдерінің статусының төмендетуге тырысқаны табысты болмауы да мүмкін еді, егерде 1511 жылы Шығыс Дешті Қыпшақтың жаңа билеушісі боп Жәнібек ханның ұлы Қасымхан болмаса. Ол өзінің ұлы замандастары Бабыр мен Шейбанидан еш кем емес, Дешті Қыпшақ пен Орталық Азия тарихының ең атақты каһармандарының бірі. Жылнамашылар жазғандай, Жошы ханнан кейін ешкімде мұндай құдыретті билік болған емес, тіпті бұрын өзге ұлыстарға кірген миллион шамасындағы көшпенділер хан Қасымның билігін мойындаған. Бірақ қазақ аңыздарында Қасымхан ең алдымен қазақтар аса тағзым ететін «Қасқа жол» заңдар жинағының даңқты авторы ретінде құрметтелді. Таза жол деген мағына беретін жинақтың атауының өзі заң шығарушының дала заңдарын өзге жат құрамалардан тазартқысы келгені жөнінде айтып тұрғандай. Бәлкім, әрине, мұндай атауды хан Қасымның заңдары халық арасында кейін алған шығар, бірақ мұның өзінде де қоғамдағы оған аса құрметпен қарау, аса аялау дағдысы тек пайда болмағаны түсінікті. Қаңғу мен күресте туып өскен Қасым психологиясы таза казак психологиясы еді. Мысалы, могол ханы Сұлтан Саид Мәуереннахрды жаулап алып, өзара бөлейік дегенде, Қасым оған былай жауап берді: «Біз далалықтармыз; бізде сирек, немесе қымбат заттар, немесе тауарлар жоқ, біздің басты байлығымыз жылқылар: олардың еті мен терісі бізге ең үздік тамақ пен киім болады, ал біздің ең тәтті сусынымыз олардың сүті және одан жасалатын нәрсе, біздің жерде бау-бақша мен ғимараттар болмайды; біздің демалыс орнымыз мал жайлауы мен аттар үйірлері, сол үйірлерге барып біз аттарды қызықтаймыз». Шамасы, сол Қасымның кезінде қазақ әдеті Шыңғысхан Заңы – Ясадан қол үзген. Бірақ, сонымен бірге, өзге Жошы ұрпағында Ясаның орнына жүрген шариатқа да тыйым салынды. Оның орнына таза қазақылықтың әдеттері заң дәрежесіне көтерілді. «Доннан ұстап беру жоқ» дейді екен Сары Азманның мұрагерлері, ал қазақ ханы Абылай Ресей және Қытай биліктеріне қашқындарды ұстап беруден бас тартып, «біздің далалық заңдар бойынша, өз бетінше иелерінен қашқан иттердің өзін қайтаруға болмайды» – деген екен. Саяси құрылымның қағидаларында да маңызды өзгерістер болды. Қасымның аға інілері Жаныш, Таныш, Үсек, Жәдік хан титулына ие болды. Рубасылар да маңызды дәрежеге көтеріле бастады. Іс жүзінде жоғарғы хан Қасым билеушіден гөрі әскери көсемге ұқсайтын, өйткені әбден қартайғанша жорықтар мен ұрыстарға қатысып жүрді. Осындай көзге түрпі тәртіптің орнауының арқасында жаңа атау тек орныға түсті, сөйтіп, Ақ Орда (Жайық сыртындағы Орда, Урус жұрты, Өзбек ұлысы) өте тез жұмбақ және жабайы Қазақ Ордасына айналды. «Екі Сарматия жөніндегі трактатында» (1517 ж.) Матвей Меховский мына жәйтті атап өтуді жөн деп тапқан: «татардың ордалары төртеу және императорлары да сондай. Ал дәлірек айтқанда: Еділ сыртындағы татарлардың ордасы, перекоптықтардың ордасы, козандықтардың (Cosanensium) ордасы және төртіншісі ноғайлықтардың ордасы. Тағы да императоры жоқ бесіншісін қосады және оны қазақылықі деп атайды (Kazacka)». Ұлы князь Василий III (1505–1533 жж.) кезеңіндегі орыс жылнамаларында Қасымханды да енді «царь казацкий» деп атай бастаған. Бірақ шығыс қайнаркөздердегі казак ұғымының ұзақ уақыт урусидтерге бағынышты халыққа емес, тек олардың өздеріне қатысты қолданылатынын естен шығармау керек. Мысалы, Искандар Мунши, XVI ғ. аяғындағы белгілі оқиғаларға қатысты былай деп жазған: «Тәуке хан казак Мәуереннахрда жөнді билеуші жоқ деп көкірегіне нан пісіп, Туркестан және далалық өзбектер тайпаларынан қайыспайтын садағы бар сансыз және есепсіз қол жинады». Казак ұғымының саяси мағынасы сол кезеңнің көптеген орыс құжаттарында да белгіленген, мысалы, онда қазақтарды «Қазақ Ордасының» татарлары деп атаған. Бірақ атау тез орныққанымен, урусидтер династиясының өкілдері де, оларға бағынышты тұрғындар да сырттан телінген терминды ұзақ қабылдамады. Қазақ тарихшысы Қадырғали бектің «Жамиғат ат тауарихында» (XVII ғ. басы) казак термині тіпті аталмайды да. Оның орнына автор өзбек этнонимін қолдануды жөн көреді. Тарихи дастандарда негізінен «ноғай» атауы қолданылады. Тек Жиембет жыраудың толғауларында (XVII ғ. басы) Есім ханның бодандары алғаш рет қазақ (казак – Авт. еск.) деп аталады. Сөйтіп, халықтың өз атына үйреніп, оны өздерінің ғажап еркінсүйгіштігінің белгісіндей бағалап, мақтан тұта бастауына жүз жылдан астам уақыт керек болды. Және де бұл атау дулат пен жалаирларды, арғын мен наймандарды, қыпшақ пен алшындарды өз заңымен және өз мемлекетінде тұруға талпынған біртұтас халыққа біріктірді». Сөйтіп, жоғарыда келтірілген барлық қағидаларға қарағанда, Р. Темиргалиев еріксізден қайта басылып отырған кітапта ұсынылған қазақ мемлекеттілігі мен этносының қазақылық шығу тегі ілімінің қарсыласынан гөрі жақтасы екені айдан анық.

Сұлтан Әкімбековтың «Далалар тарихы»

Осы кітап басылып шығар алдында, 2011 басында С.М. Әкімбековтың «Далалар тарихы: Еуразия тарихындағы Шыңғысхан мемлекетінің құбылысы» территориялар мен тарихи кезеңдерді суреттеу жағынан ауқымды, зерделеу жағынан жарқын құрылымды зерттеуі шықты. Бұл кітап ғылыми жағынан бар талаптарға жауап береді, өйткені Султан Магрупович тарих маманы және оның ғылыми дәрежесі бар. Сырттан білсек те, ол Қазақстан шығу тегінің қазақылық концепциясымен таныс емес, өйткені қайта басылып отырған кітаптың авторына сілтеме жасамаған. Бірақ қайта басылып отырған кітаптың шешімдері мен қағидаларын растауда, бұл кітаптың құндылығы бөлек. Осы кітапқа өз түсінігімізді қысқаша баяндап беруге тырысайық.

Әкімбеков б.д.д. III ғ. Қытай реформалары Қытайдың далалық шеті ретіндегі Монголияда көшпелі империялардың пайда болуының негізгі себебі болды деген заңды, бірақ аяғына дейін дәлелденбеген ой қағидасынан шығады. Маманданған, негізі тауарлы, көшпелі мал шаруашылығы саудасыз тірлік ете алмас еді, ал жоғарыда айтылған реформалар арқылы Қытай тарыдай шашылған далалық тайпаларды басқару жөніндегі орталықтандырылған саясат жасай алды, «салымсыз алым да жоқ» дейтін олар, тек алдын ала ақша төлегендерді қолдап. Осындай саясатқа заңды қарсылық ретінде бірінен соң бірі ғұндардың, ежелгі түркілердің, монголдардың әлемдік көшпелі империялары пайда бола бастады. «Шыңғысханның монгол дәуіріне бір тайпалар кірді де, ал шыққаны мүлде өзге болатын», өйткені дәстүрлі көшпелі тайпалардың шекаралары бұзылды» (Акимбеков С.М. История степей… С. 2). Бұл ру-тайпалық құрылымды күйрету Қазақстанға да жеткен еді. Монгол империясы қытай саяси ұйымының негізін алып, барлық өзге жауланған террриторияларға (провинциялар) дейін жеткізді. Және де, әрине, жүздіктер мен мыңдықтарға бөлінген метрополия халқы ретіндегі далалық тайпаларға бұл қатысты болмаған, яғни «Далалар тарихының…» батыл және кең ауқымды баяндауы қиял ғажайып нәрсеге айналады, немесе ол таза мүмкіниятқа жіберумен шектеледі. Атап айтқанда, Алтын Орда қалай Мәскеуге «шығыс деспотизмді» береді, егерде өзі оны Қытайдан алудан бас тартса, ал ежелгіорыс общиналары Ресей батыстық жолмен дамуының мүмкіндігі болды деген пікірмен мүлде келісуге болмайды. Өйткені теоретикалық жағынан, фактологиялық көзқарас жағынан да аса зор орасан кеңістіктерде шашылған және жеке дара қалған общиналар, керісінше, мемлекеттіліктің шығыс үлгісінің негізі болатын және де тек Русьта емес. Бақытымызға, Әкімбеков пайдаланған бас айналар қолжетімді қайнаркөздердің және арнайы әдебиеттің зерделенуіне және пайымдалуына еш нұқсан келтірмейді. Әсіресе, бұл көшпенділер империяларының саудалық табиғатын дәлелдеуге қатысты және көшпенділер соғыстарының Ұлы Жібек жолға қатысты екеніне. Қайнаркөздердің ашылған және зерттеулердің жүргізілгені сонша, енді тек оларға сапалы пайым мен қордаландыру жетпей тұр еді. Сондықтан бізге қалғаны С.М. Әкімбековке осы іргелі еңбегіне алғыс айтып, енді ондай зор болмаса да біздің проблемаларға қатысты оның тезистеріне көшейік.

Қазақ этногенезінің қазақылық концепциясы жөнінде растауға қатысты Әкімбеков Шығыс Монголияда ежелгітүркітілдік және тайпадан тыс саяси топтар болған дейді және соны қазақылық институтымен теңестіреді. Ежелгі монголтілдес қауымдастығындағы монголтүсті тайпаларға қатысты оларды кейінгі ғұндар деп танып, Әкімбеков бір шешімге келеді: «…қалай болғанда да түркі және монгол тілдері бір түбірлес болды ма, әлде тек көршілес болды ма, онда сөйлейтіндер, бір жағынан, иран тілдерінде сөйлейтіндердің және, екінші жағынан, ежелгі монгол тілдерінде сөйлейтіндердің арасында болған.

Демек, Батыс Монголия және Маньжурия арасындағы орналасқан Шығыс Монголия тұрғындары ежелгітүркі тілдерінде сөйлейтіндер болған» (сонда, 66 б.). Сөйтіп, егер ертедегі ғұндардың түркілді болғандары жөніндегі дауларға әлі шек қою мүмкін емес болса, онда ежелгі монгол, әсіресе, «турлигиндер»/«дарлекиндер» деген дауларды қою керек, өйткені олардың түркітілдігі анық болып тұр. Сонан Әкімбеков 546 жылы Ашина руы айналасында Алтайда жиналған түркүт тайпасын көп телес тайпаларының бірі дейді, бұл қайта басылып отырған кітап авторына өте қымбат пікір. Өйткені, ол қазақ ішіндегі ел құраушы арғындарды телеуіттерден және гаогюйлік динлиндерден, демек басмылдардан шығарады. Қарасаңыз, Әкімбеков Виктор Маглинов сияқты, гаогюй телеуіттерінің Ашинамен байланысын айдан анық көріп отыр. Оны айтасыз, Әкімбеков «Монголияның түркітілді тайпаларының арасында Бумын басқарған Ашина тайпасы өз кезегінде V ғ. Алтайда құралған көшпелі бірліктің ішіндегі көптің бірі еді. Қағанат құрудан бұрын түрк сөзі тек «он оқ» атауы болған… Бұл мағына қағанат дәуірі кезінде де сақталды… Жалпы, нақты тайпалар ұйымының атауы қағанат пайда болар уақытта Еуразияда Қара теңізге дейін тараған түрлі түркітілдес тайпалардың зор жиыны үшін ортақ болды» (с. 89).

Егер аргын/аргун сөзі монгол тілінен әлгі он оқ деген мағына беретінін және бұл монгол өзені Аргунмен (аңызға айналған Эргене Кун) байланысты екенін ескерсек, онда (Орта Жүз) Аргун Ордасының Ашинаның бөрілік руымен жетіспейтін саяси байланысы қайта тіріледі. Бұл ру мен Ұлы Жүз Усунь Ордасының және Кіші Жүз Алшин Ордасының байланысы бұрыннан белгілі. Сөйтіп, тек қана ежелгі монгол баариндік уйшиндер емес(уйсун) және мангуттык алшиндер емес (алшун), телес арғындары да алашы Алаша ханмен аңыздық байланыста болып шығады. Соңғыны Абулгази мен Рашид ад-Дин «татар мен монголдардың арғы атасы» десе, Шәкәрім өзінің әйгілі шежіресінде Улуг Еркин қытайша Бай Егу (Ұлы Ер) жөніндегі орхон-енисей жазуларын негізге алып, арғындарды ежелгітүркі хойху немесе хо-хо, яғни, арбалы, көшпелі ұйғырлардың ұрпағы санайды. Және де Шәкәрім Жошы және Шағатай ұлыстары құрамындағы Аргынот/Ариканут жөнінде білген. Гумилевқа еріп Әкімбеков телес тайпалары арасында «уйғыр, бугу, тонгра және байырку (бай егу) және сеяньтоларды атайды, сонымен бірге, 646 жылы көшпелі ұйғырлар Монголияда билеуші күшке айналды деп атап өтеді.(сонда, 96–97 б.). Бірақ Әкімбековтің Ашина руының этникалық байланыстары жөніндегі пікірінен гөрі, оның «Түркі қағанаты ыдырағаннан кейін… тарихта енді түрк тайпасының өзі қалмаса да, оның барлық түркітілдес тайпаларға бірдей түрк деген ортақ атауы қалды» деген дерегі маңыздырақ. Және де ең қызығы, бүкіл өзге тайпалар өзінің тұтастығы мен болмыс бітімін сақтап қалды, соның арасында шығыстан телес тайпалары, батыстан – болғарлар. «…Демек, қағанатта түрлі түркітілдес тайпалар және өз кезегінде билікке таласқан Ашина руының жеке өкілдерін қолдаған тюркюттер арасында ішкі саяси күрес жүрген». «Іс жүзінде Ашина руының хандары тайпадан тыс саяси надстройканың қызметін атқарады… Осындай қызметті табысты атқару үшін өз тайпаң бар болса да, ол оң болмауы мүмкін еді». (102–103 б.).

Сөйтіп, ұлы даланың ұлы билеушілері ретіндегі Ашина хандар руы болған, ол өзінің түркі тайпалар одағы ретіндегі түрк еліне сүйеніп, барлық түрк бодундарды, яғни өзге рулардың жиынтығы мен бірліктерін билеген. Бәлкім, түркі тайпаның өзі ежелден болмаған шығар, өйткені күштеуші аппараттың ролін билеушілердің туған тайпасы емес, белгілі тайпалардың одағы атқарды. Ал бірақ, ол өзінен кейін еш мұрагер қалдырмай, ыдырап кетті. Міне, сондықтан саудалық артықшылықтар таратумен қатар, «Түркі қағанаты билігінің өте кең далалық кеңістікке таратылуы арқасында көп әскер мен тұрғындар жұмсау керек болмады және өте аз уақытта жасалды». «Есіңізде болсын, болгарлар мен хазарлар түркілерге өз еркімен бағынды және оларға Түркі қағанатының ақырына дейін бас көтермеді, ал ол күйрегесін, хазарлар Ашина руы хандарын билікте сақтап қалды. Кейін болгар мен қыпшақтар да сөйтті. Түркі атауымен өз, немесе туған тайпасы болмағасын, Ашина хандарының саяси тұрғылары осалдана берді, ал өзге тайпалардың далалық аристократиясы күшейе берді. Сөйтіп, «…Сюань-цзун императоры кезінде Тан империясы жаңа күшейгенде, әлгі тайпалар ендігі саяси кеңістікте Ашина руының енді қажетсіз екеніне көздері жетті» (сонда 104–105 б.).

Міне, осыдан болар, ежелгітүркі қағандарының эпитафиялары өзге ру мен тайпалар түрк елінен бөлініп кетеме деген қорқынышқа толы, өйткені, олар өздері өз саяси тәуелділігін таңдай алатын. Міне, сондықтан Темир Кутлуг, Еділ бойындағы Ұлы Орданың ханы Литва князі Витовтқа Қашқын Тоқтамысты қайтар деп өтініш жазғанда төрелердің қазақы тағдырына налиды: «Бүгін қашқын, ертең хан» және керісінше де болар, әрине. Бұдан біраз кейінірек елші Тевкелев одан би мен батырлармен кеңеспей, неге Ресейге қосылғысы келгенін сұрағанда, Кіші Жүздің құдыретті ханы Абулхаирдың өзі «қазақ хандарының өз билігі жоқ және оларда мұрагерлік те жоқ» деген екен. Сосын айтыпты: «Егер Ресейге қосылсам, мен мұны өзгертер едім» деп. Мысалы, қартайған Жәңгір ханның өзі батыр ретінде жекпе-жекке шығып, он жеті жасар жоңғардың қолында өледі. Көріп тұрғаныңыздай, қазақылық ежелгітүрік институтының тарихында бәрі аса күрделі боп шықты: ауылдарымен ерікті көшіп-қонып жүрген казактар, немесе бай көшпенділер пайда болудан бұрын, еркін жаугер ретіндегі батыр казактар пайда болды, олар өздеріне атақ-даңқ іздеуші болашақ патшалар, яғни, оларға өздерінің ерен қасиеттерін көрсете алатын мемлекет керек. Жалпы айтқанда, Ашина түркілері, оларды Турфанан Алтайға ауыстырғасын, алтай тайпалары үшін әрқашанда казактар болған, яғни, дала тайпаларының әскери демократиялық құрылымы жағдайында (тюрк. хан мен хакандардың, немесе монг. кандар мен каандардың) әскери көсемдер рөлін ойнаушы әскери сословие. Осыдан кейінгі ежелгі монгол хандарының неге далада жалғыз жүргені ұғынықты. Осыған байланысты, мысалы, татарлар жалғыз қаңғып жүрген Шыңғысхан әкесі, Қият Борджигин руының негізқалаушысы Есугэге у беріп өлтіреді. Осы тұрғыда, біздіңше, Ашинаның ежелгітүркілік бөрілік руы мен ежелгі монгол Қият бөрілік руы арасында байланыс бар. Бұл өте маңызды. Бұл арада біз тек Абулгази мен Валиханов тапқан ұқсастықтармен шектелмейміз. Бұл ұқсастықтан өзге мұнда түркі мен монголдардың өз атауларының тайпадан тыс мағынасынан осы рулардан шыққан әскери көсемдердің бір қазақылық табиғаты көрініп тұрғандай. Ежелгітүркі дәуірі басталғаннан кейінгі уақытта неге түркілер тайпалық одағы жоқ боп кетті деген мәселеден кейін өзіне тән табандылығымен Әкімбеков енді неге монгол тілді ежелгі монгол тайпаларында монгол тайпасы жоқ болған деген «монгол» мәселесіне тоқталады. Оның дұрыс ойынша, «XII ғ. Монголияның құжынаған көптеген тайпалары арасында монгол нақты тайпасы жоқ болған». Сонымен бірге, Монгол империясының негізқалаушысы Шыңғысханның отбасы ірі түркімонгол тайпасы тайджуиттен шыққан. Өздерінің статустары бойынша одан бұрынғылар тайджуиттердің әскери көсемдері болған. В.Я. Владимирцовтың айтуы бойынша, олар «тек соғыста, жорықта, қарақшылықта ғана өздерін көрсете алатын, әрқашанда даулы билігі бар тұрақсыз топтардың тұрақсыз көсемдері болған». «Сондықтан болар Рашид ад-Динде Хабулханның ұлдары Хутула хан мен Кадан Багатур туралы олардың тек жиырма нөкерімен қалай өз жұртында құралас тайпасының жерінде уклат тайпасымен соғысқаны жөнінде әңгімелер көп. Олардың барлығы тайджуиттен шыққан болатын және тек Шыңғысханның әлем падишағы болғаннан кейін бұл батыр казактар жалпы монголдық хандар деп аталған. Олардың тайпасы ең алдымен монгол атауына хұқылы еді, бірақ, олар өз тайпасымен байланыста болмаған, бірақ олардың өз тайпасы Шыңғысханның бірінші жауы еді (сонда, с. 140–141).

Айтпақшы, монгол терминінің тарихы, этимологиясы және семантикасы жөнінде Әкімбеков Шыңғысхан монгол атауын арнайы ойлап «киіз үйде тұратын бүкіл ұрпақтардың жалпыазаматтық, саяси бірлігінің атауы ретінде енгізді. Енді олар өз тайпасы билігінде болған жоқ, нөкерлердің, өзге тайпалар казагының билігінде болды. Ресми монгол тарихшысы Рашид ад-Диннің және «Құпия монгол шежіресі» аноним авторының монгол мен тайджуиттер арасында этникалық ұқсастыққа да, әдейі теке-тірестіруге де негіз беретін куәландырулар бар. Сонымен бірге, Шыңғысхан замандасы, қытай жазушысы Мэн Хунның жазбалары бар, онда ол «бұл атау алғышында бодандарға белгісіз еді және ол тек императорлық титул алғасын қабылданды». Әкімбековтың ойынша, бұл ханның субъективты шешімі болды. Және де мангу, мэнва, мэн-у көне тунгус жалпылама атауы таңдалғаны, ол көшпенділердің тарихи көкейінде сақталған… Бәлкім, мұндай шешім дәл тунгус тілді чжурчжэндерге арналған шығар (Цинь китай династиясының – (Авт. еск.) және В. Васильев ойлағандай, оны кидань ұашындары әбден ұсынуы мүмкін (XIX ғ. ортасында – Авт. еск.). Өйткені қытайларға XII ғ. басындағы кидандармен соғысқан сәттерін елестету керек болды, ал оған Монголия көшпенділері өте беделді қатысқан… Тілдік туыстыққа қарамастан жаңа мемлекет үшін Ляо империясына қатысты мұрагерлікті мойындау мүмкін емес еді (Цзиннен бұрынғы Қытайдың монгол тілді династиясы – Авт. еск.). Сондықтан чжурчжэндер Ляомен соғыс кезінде қолданған мангу атауы осы мұрагерлік жөнінде еске түсіре алатын, бірақ сонымен қатар Монгол көшпенділерінің өз өзгешелігін де көрсете алатын…Монголияның бар көшпенділерін біріктірген бұл мемлекеттің басты мақсаты Цзинь империясымен соғыс болғасын, бұл атау соған арналған еді. Бұл ұрысқа шақыру еді, тең статусқа талпыну болатын. Жалпы, әңгіме тек қана мемлекетке байланысты тайпадан тыс жаңа өлшем жасау жөнінде болатын. Бұл талпыныс тұтастай сәтті болмаса да, соның арқасында дүниеге монгол деген жаңа этникалық қауымдастық келді (сонда, 144–145 б.). Жалпы, Әкімбеков ойларының бүкіл бөліктерімен келісуге болады, тек тайпадан тыс қауымдастықтың пайда болуының сәтсіздігін монгол этносының пайда болуынан дегені болмаса. Біріншіден, әңгіме монголдарда емес, ежелгі монголдарда. Екіншісінен, талпыныстың сәтті болғаны сонша, осы тайпадан тыс, таза саяси самоидентификациядан кейін монгол мен қазақтардың қазіргі этносына бөлінген ежелгі монгол суперэтносы заңды дүниеге келді.

Айтпақшы, қазақтар ру-тайпа құрамы, саяси құрылымы, тілі және діні бойынша, ежелгі монголдарға жақын боп шықты, өйткені олар қытайландырылмаған және осы уаққа дейін Құдайын Құдай деп атайды.

Зориктуевтың пікірі бойынша, мангудың бір мағынасы «мықты, күшті» болса, түркі сөзінің жалпылама мағынасы да сол. Ал алғашында мангу «күшті су» мағынасын берген және мангу-л Мангу өзенінің бойында тұратындар деп аударылуға тиіс, яғни Амур мен Аргунидің бассейндерінде. XIX ғ. Васильев «Амурдың төменінде осы уақытқа дейін мангут тайпасы тұрады, олардың аты өзендіктер деп аударылады. Бәлкім, осыдан тек қана мангудтардың даңқты атауы емес ежелгі монголдардың судан қорқатыны да осыдан болар(оларда жауын кезінде суға түсуге, немесе кір жууға тыйым салынған, бұл әдет тіпті Ертістегі кимактарға көшеді. Ахинжанов оларды Маньчжуриядан келген монголтілді си тайпасы деп санаған). Сөйтіп, біз аңыздық Эргэнэ Кун деп тек барлық Амурмен байланыстағы Аргунь бассейнін атай аламыз. Және, бәлкім, тек Маньчжуриядан ғана Монголияға көптеген монголтілді нирун тайпалары көшкен шығар. Әйтсе де, нирундар да, турлигиндер де өздерін Шыңғысханнан бұрын монгол деп атамаған. Ал қытайлардың өзі«Мэн-да бэй-лу» бойынша Шыңғысты және оның қолбасшы ақсүйектерін қара татар деп атаған. Және есіңізде болсын, монголтілдес кидандар сияқты оларды шивей атамаған және тунгустілді чжурчжендер сияқты мән гу деп атамаған. Қытайдың бар тайпалары (кит. Дада): ағы болсын (Ішкі Монгол далаларындағы), қарасы болсын (сыртқы далалардағы) және жабайысы болсын (ормандағы) ерекше түркітілді ру шатодан шыққан, міне, қайда жатыр Қытайдың тарихи қарсыластары ретіндегі түркі мен монгол арасындағы мұрагерлік. Ең жөндісі, Шыңғысхан бүкіл татарды емес, тек осы Шато саяси руын қырған болу керек. Жоғарыда аталған Мэн Хун татарлардан «монголдар (мэн) баяғыда өлтірілген және жоқ боп кетті деген деректі білсе де, Сун шенеунігі Ли Синь Чуань былай деп жазады: «енді татарлар өзін Ұлы монгол мемлекеті деп атайды». Сол сияқты Қытай мен Русьтің оңай батасымен монголдар барлық өзге әлем үшін татарлар боп қала береді. Өздерінің монгол (мангул, могол, могал және мүмкін тіпті моал) өз саяси атауын тек далалықтардың өздері ғана анық білетін болады. Сөйтіп, Монголияның түпкі түркітілді тайпалары турлигиндердің (татарлар, наймандар, керейлер, жалайырлар, кырғыздыр және т.т.) арасында түркі-монголтілді нирундар (баарин, дуклат, мангут, барлас, чонос, әлде, жаныс (?) және т.т.) тайпалары болған, соның арасында тайджуит тайпасы болған, оның арасында әскери көсемдерден тұратын, түркітілді және тайджуиттермен туысқандық емес, саяси байланыстағы қият руы болған. Яғни, тайджуиттер қият руының ұлысын құраған, ал ол «біріншібүкілмонгол» ханы Хабулдан тараған джуркиндерге, чаншуиттерге және ясарларға бөлінген. Көккөз борджигиндердің бөлімі Шыңғысхан әкесінен жасанды түрде және Шыңғысхан казактары тайджуиттерді жаулап алғаннан және осы рудың өзге бөліктерінің ақсүйектері өлтірілгеннен кейін бөлінген. Оны аз десеңіз, Шыңғысхан өз руының ең жақын туыстарын өлтіруге мәжбүр болды. Мысалы, өзі онда құлдықта болған, ал тайджуиттар өзінің «табиғи иесі» санаған, яғни заңды билеуші тұтқан Таргитай Кирилтухты. Міне, сондықтан Шыңғысхан тайджуиттарды, олар оның өз руы болса да, және теориялық түрде ол оларға арқа сүйей алатын болса да, өзге тайпалармен бірге жәй араластырады да, өз монголдарының казак ұлысына қоса салады. Қазіргі көрнекті монголтанушы Скрынникова (сонда, 142 б.) жағдайды қанша қарабайырландырса да, тайджуиттарға қарсы тұрған монгол руы ретіндегі қияттар емес (оларды нукуз, немесе чонос деп те атаған және олардың ежелгі қазақ тайпалар одақтары усун, аргун және алшундармен байланысын әлдеде зерттеу қажет). Монгол болған қияттар емес, одан гөрі Шыңғысхан казактары және тек жалғыз солар тек қана тайджуиттың емес, нирундар және турлигиндердің барлық тайпаларына қарсы тұрған. Қарсытұрушылық өте кең болған және ол этникалық емес, әлеуметтік түрде болды. Шыңғысханның қият болмауы да болар еді, бірақ бәрібір бұл бай ауылдары мен тайпалық курендер арасындағы, барлық қатыгездіктерге соқтыратын азамат соғысы еді. Оның мақсаты көшпенділер цивилизацияның саяси және экономикалық құрылымындағы көшпенділіктің ең жоғарғы деңгейі ретіндегі қазақылықтың билігін орнату еді. Бұл тұрғыда Әкімбеков, Гумилев сияқты, Шыңғысханның сыртында ешқандай тайпалық құрылым болған жоқ дейді және бұл деректің өзі Тәмуджиннің кейін Монгол империясын қалыптастырғанында, оған өзге көшпелі мемлекеттермен салыстырғанда, өзгеше, сирек кездесетін сипат берген дейді. Яғни монголдардың сыртында Гумилевтің «ұзын жігерлі» адамдары тұрды, олар «тайпалық құрылым азғасын» жеке отбасыларымен көшіп отырған және белгілі дәрежеде тайпалармен байланыстарын жоғалтқан (сонда, 147–149 б.). Бұл пікірді күшейту үшін қазақ этногенезінің қазақылық концепциясына сүйіспеншілігі бар деуге келе қоймайтын Иакинф Бичуриннің пікірін келтірейік. «Монгол үйі XIII ғасырда қазірге дейін ол ұстап тұрған халық атауын берген халықтың тайпаларына мүлде жатпайды». Осымен монгол руы Қият Борджигин мен түркі руы Ашинаның қазақы табиғатының ұқсастығы жөніндегі зерделеуді доғарып, ежелгі монгол суперэтносының «жүздік» және «мыңдыққа» бөлінген казактарының ру мен тайпаларға бөлінген ежелгі түрік суперэтносынан айырмашылығына көшуге болады. Әкімбеков Шағатай ұлысына қатысты жазғандай, Шыңғысхан империясының мыңдықтары түрлі көшпелі тайпалардан құралған және Шыңғысхан гвардиясы кешиктендер мектебінен өткен сенімді адамдар басқарған. Ең бастысы, олар түрлі көбінесе Шыңғысхан отбасының сеніміне ие аз адамды тайпалардан болатын, бірақ найман, кереит, татар сияқты Монголияның ірі тайпалары өкілдері өте аз болған, өйткені олар кезінде Шыңғысхан отбасының билігіне жанталаса соғысқан. Содан барлас, жалаир, арғын, хунгират және сол сияқты далалық Монголиядан шыққан мыңбасылар басқарған негізі түркі көшпенділерінен құралған мыңдықтар өз атын соңғылардың тайпалық атауынан алған. (345–347 бб.). Хулагу ұлысының монгол «мыңдықтарында әдеттегі тайпалық орнықсыздық болмаған, олар мемлекет қызметіндегі әскери құрылымдар еді. «Іс жүзінде олар әскер болды, өз көшпелі өмір дағдысын сақтаған мемлекеттің әскери сословиесі… Кейінірек, монголдың басқару жүйесі дағдарысқа ұшырағанда, мыңдықтар қайтадан тайпаларға өзгертілді, бірақ туыстық емес, потестарлық-саяси негізде» (330–331 бб.). Тұтас ру-тайпаның атауынан бұрын мүлде шынайы адамның мүлде өзге аты тұрған немесе, керісінше, бір адамның аты бір тайпаның атына өзгертілген қара сүйектер шежіресіндегі «шатасуды» әбден ұғынықты тарихи негізі мен түсіндірмесі бар екен. Сондықтан, ғылыми әлем қазақ шежіресіне деген скептикалық және ироникалық кекесінді көзқарасын өзгерту керек. Шежірелер өте шынайы, оларды зерттеу мүмкін һәм қажет, олардың шынайылығына жетіп, бір-бірімен сәйкестендіру қажет. Ең қызығы, олар ойдан шығарылған болмаса, онда қазақтың ежелгі монгол суперэтносынан шыққаны жөніндегі қазақылық концепциясын растап көбінесе бізді ежелгі монгол заманы кезіндегі Шыңғысхан, немесе Урусхан жүзбасылары мен мыңбасыларының есімдеріне апарады. Сондықтан, автор өз әкесі И.А. Нұровтан кешірім сұрағысы келіп тұр – көп жылдар бойы дулаттар Шыңғысханның уйсын әскерінің қолбасшысы Майқы биден және Урусхан замандасы Байдыбектен шыққанына сенбегені үшін. Илья Айсаевич өз әкесі Айсаның 1900 жылы туғанынан және бір ғасырда үш буын ауысуға тиісті деген қағидалардан бастаған, сосын, оның ойынша, отыз жеті жаста ата болуға болады. Оның ойынша, біздің академиктер Байдыбекті өте ерте замандарға апарып және оны хан деп атаған жәй сандырақтайды ғана. Әсіресе, ол біздің ұлттық энциклопедияларда келтірілетін тікелей шежірелерге қарсы, өйткені біздің арғы аталарымызда тек бір-ақ ұлдан ғана болған жоқ қой. Қазақ тарихы қарапайым адамдардың ғалымдардан көп білетінінің ғажайып, сирек үлгісі, бірақ олар өзінің мифологиялық дәлелдерін ғылыми негіздеп, ресмилендіре алмайды, ал ғалымдар өте шабан қабылдап, оларды мойындауға және ғылым тілінде олардың шындығын растауға мәжбүр. Және осы кітапты 1995 жылы алғаш шығарып, қазаққа өз тарихын қайтарып бергім тұр дегенде автор қандай аңғал еді… Тарихы әрқашанда олардың өздерінде екен ғой. Әлгі шежірелердегі шатасуды түсіндіру үшін Б.Я. Владимирцов олар туралы былай жазған: «Шыңғысхан империясында ру-тайпалық атаулардың орнына енді мыңдықтарды атауы келіп жатыр. Соңғыларды көбінесе бұрынғы ру аттарымен атаса, кейде, көбінесе, нояндардың, мыңбасылардың атымен атайды. (230 б.). Жалғыз біздің Әкімбековпен келіспейтін жеріміз «Дешті Қыпшақ түркілерінің Монгол империясы құрамына енуінің (интеграциялануының) күрделілігі жөнінде. Оның айтуынша, «егер этникалық құрама бұрынғы, қыпшактікі боп қалса және сырттан келгендердің саны өте аз болса, онда мұндағы барлық өзгерістер этникалық емес, саяси және ұйымдастырушылық өзгерістерге байланысты болды, ал олар, өз кезегінде белгілі аймақтың этникалық тарихына ықпал еткен (курсив автордікі) (сонда, 229 б.).

Біріншіден, Монголияның өзі және отырықшы елдерден өзге еш жерде интеграция болған емес, өйткені, тек Орал сыртындағы Еділ бойы мен Қара теңіз бойына қарай қыпшақ руы Ел Бөрі қырылды. Екіншіден, этникалық құрама Ежелгі Монголиядағыдай болды, яғни, сол кезде де қазірде шартты және жөнсіздеу сыртқары көздер «қыпшақтікі» деп атаған ежелгі көшпелі түркілерден тұратын. Үшіншіден, жоғарыда Юдинге сілтеме жасалғандай, жергілікті тайпалардың оларды тілдік ассимиляцияға ұшырату ретіндегі монголдардың түрктендіруі болған жоқ. Сондықтан олар этникалық мағынасындағы мәдени-тұрмыстық ассимилияцияға да ұшыраған емес, өйткені, Қазақстандағы монголдар билік басында болатын. Ал Еділ мен Қара теңіз қыпшақтары монголдың жүздіктері мен мыңдықтарына таратылған және олар Әкімбековтың өзі айтқандай аз болған және кезінде құдыретті болған Жетісудағы карлук, канглы, уйгурлар сияқты, маңызды рөл ойнамаған (сонда, 458 б.). Төртіншіден, экономикалық тұрғыда Қазақстан даласында барлық тұрғындар әдетте қазақша ауылмен көшіп қонған. Бесіншіден, егер Юдин айтқандай, Қазақстанға ежелгі төрт мыңнан астам монгол келгенін және жоғарғы хан Толуда Шыңғысхан жарлығымен 129 монгол әскерінен қолында 101 мыңы болғанын ескерсек, келімсектердің саны аз болған жоқ. Демек, қалған 28 мыңы, яғни ер жаугерлердің отбасыларын есептегенде 150 мың адам Монголияның батыс жағына жіберілген болар. Алтыншыдан, өзіне заңды билеуші («табиғи ие») іздеудің саяси факторы ежелгі түрік суперэтносында этносқалыптасудың негізі еді, өйткені далалық социумның өзге шаруашылық және рухани факторлары ежелгі Монголия мен Қазақстанның барлық ру-тайпаларында бірдей болатын. (Мұнда тума-туысқандық және өзге антропологиялық фактор тілге тиек етілмейді, өйткені, тіпті, ең кіші этностардың пайда болу негізінде мәдени-тұрмыстық шығу тегіңнің әлеуметтік факторлары жатады. Әкімбековтың айтуынша, «шекарасы Литвадан Сырдарьяға дейін созылған Жошы әскерінің көпмыңдаған жауынгерлері арасында этникалық, мәдени, діни немесе тілдік болсын, еш айырмашылық болған жоқ. Шыңғыс ұрпағының бір тармағын таңдау олар үшін ең басты идентификациялық фактор болды, яғни айқын әйгіленген саяси сипатта болды» (сонда, 453 б.). Қызығы, Әкімбеков қазақтар ежелгі монголдармен этникалық түрде емес, таза саяси байланыста десе де, оның этникалық тарихқа тікелей ықпал еткенін ескертеді. Бұл қайшылыққа қарағанда, Әкімбековқа өзі басқаға қабілетті болса да, сырттан келген қоғамдық стереотиптер әсер етіп тұр. Ежелгі монгол мен қазақтардың саяси байланысын негіздеу үшін ол орасан зор жұмыс істеді, бірақ оны этникалық байланыс деп атауға оның батылдығы жетпей тұр. Несі бар, өз тұрғысын негіздеуде ол ғылыми көзқарастың сақтық пен байсалдылығына жасырына алады. Ежелгітүрік дала суперэтносының мұрагері ретіндегі ежелгі монгол казак суперэтносының әлеуметтік саяси құрылымына қатысты Әкімбековтың ойы: «Оның негізқалаушыларының көзқарасынша, Монгол империясы ең алдымен әскери мыңдықтарға ұйымдасқан халықтан тұратын». Яғни, империя халқы деп әскер құрамына кірген жауынгер көшпенділер саналған. Қалғандардың басты міндеті салық төлеу болды (сонда, 243 б.). Мұнымен келіспеуге болмайды. Әрине, Шыңғысхан монголдарының феодалдық езгісі болған жоқ, оларды ешкім экономикадан тыс күштеп, жұмысқа салған емес және казактарға, ерікті ер жаугерлерге қатысты бұл мүмкін емес те еді. Бір жүздік пен мыңдықтан өзгеге ауысуға болмайды дегенде, мақсат казактар тектен тек өз азаматтығын, ал жүзбасылар мен мыңбасылар қазақылықтан бас тартпасын деген ой еді. Барлық ру-тайпалар байсалды араластырылғасын және олардың алтын белдікті аристократиясы мәңгі келмеске кеткесін, ешкім Ұлы Монгол мемлекетінің тұтастығын бұзбауға тиіс еді. Әрине, мемлекет иелік ретіндегі ұлыс белгілі ру, немесе тұлғаның иелігі саналды, бірақ, бұл иелікті феодпен теңеуге болмас еді, өйткені ол жерге тәуелді емес болды, сондықтан ерікті жаугер ретіндегі ұлыс адамдары көшіп кетіп, жаңа ұлыс іздеуге қазақылыққа шығатын. Сондықтан, тіпті осы монгол империясы ең дәуірлеп тұрған кезінде метрополиядағы казактарға Угэдэй хан өте аз салық салған: «Мемлекетімізді қиналтпайық… халыққа қиын емес реттеулер кіргізейік. Мемлекеттік борыш шүленге отардан бір тоқты бөлінсін. Сол сияқты жүз бас қойдың бір қойы кедей мен байғұстар үшін салық деп алынсын…» (сонда, 243 б.). Көріп тұрғаныңыздай, мұнда әскер дегеніміз түрлі тайпалы казактардың барлық мыңдықтырынан тұратын, бір жағынан халық, бір жағынан мемлекет. Оларға кейін Тәуке ханда Жеті Жарғысы арқылы салық салғысы келді және жалпы Монголдардың Ұлы мемлекеті солар үшін құрылған еді. Қытай, Ресей, Хорезм, Иран сияқты провинцияларға қатысты салықтар қазіргі кездің де, сол уақыттың да өлшемдерімен онша ауыр болған жоқ, бірақ, әрине, салмақтылау, өйткені ол барлық жаугершіліктің екінші мақсаты еді (сауда орындарына шығып, Ұлы жібек жолын қорғағаннан кейін): «ел әскерге» салым төлету және бағынышты отырықшы тұрғындары бар жұрт жаулап алу. Ең қызығы, монголдар жаулап алған жергілікті отырықшы тұрғындардан шыққан тарихшылар монгол билеушісінің артықшылығы ретінде оның жауапты билеуші болуға қабілетін және жергілікті халықтың мүддесін сыйлауға ниетін атаған. Рашид ад-Диннің айтуынша, Барак ханға қарсы жорығында Абага хан ешбір жан ешбір масаққа зиян келтірмесін депті және кері қайтып бара жатқанда әскер мен құжынаған қара халыққа қарамастан, ешкімге қылдай зәрәзап келтірмесін депті (сонда, 326 б.). Ерікті казактар әскеріне бұл онша ұнамайтын. Газан хан олардың толқулы көңілін былай деп басыпты: «Мен райят тазиктердің жағында емеспін. Егер пайда тек соларды тонауда болса, бұл іске менен күшті адам жоқ. Керек десеңіз, бірге тонайық. Бірақ егер болашақта менен тагар мен тамақ сұрайтын болсаңдар, мен сендермен қатыгез боламын. Енді сендер ойланыңдар, егер сендер райяттарды ренжітсеңдер, олардың өгіздерін тартып алып, нанын таптасаңдар, онда болашақта не істейтініңді ойлаңдар» (сонда, 333 б.). Төрелердің осындай әңгімелеріне құлақ түрген қазақтар отырықшы территориялардың ішінде қалып, әскери сословиеге көшіп, жергілікті этностардың элитасына айналады екен. Ал тыңдамағандар өзге жерлерге, немесе қазақылықтың тұрақты орнына айналған, далалықтардың көптеген жаңа әскері жинала беретін Қазақстан территориясына кеткен.

Айтпақшы, 1480 жылғы «Уградағы тұру» Ахмет хан үшін Ресейден кетумен бітті, себебі Қазақстаннан, Алтын Орданың сол қанатынан қолдау болмаған. Міне, содан соң көптеген Шыңғыс ұрпақтары және олардың жауынгерлері Мәскеуге қызмет етіп, соның билігінің қол астына көшеді (сонда, 452 б.). Әрине, бұл патриоттыққа жатпайды, бірақ олардың қазақы болмысы солай еді, ол аздай, төрелерден Ресейде «татар ақсүйектері» құрылды және Ұлы княз ретіндегі Иван Грозный ақыры патша титулын қабылдап, олардың атынан емес, өз атынан сөйлеуге батылы барғанға дейін, тек төрелерде ғана патша атануға құқығы болған. Сөйтіп, Угэдэй хан кезінде Елюй Чуцай енгізген метрополиялар мен провинцияларға орталықтырылған салық салу жүйесіне қайта оралсақ, Ұлы Монгол империясы ұлыстарға ыдырағасын, ол да құрып бітті, бірақ өзінен кейін бұрын феодалдық ыдырауда болған, ал енді орталықтырылған Қытай, Иран, Ресей және өзге елдерді қалдырды. Ал Қазақстан болса XIX ғ. ортасына дейін төрелердің Орду ұрпағы бастаған қазақылық ордасы боп қала берді. Бұл қазақылықтың еркін ордасын, немесе Жошы ұлысының сол қанатын, немесе Көк, кейін Ақ Орданы, ақыры ешкім бағындыра алмады, тіпті Тамерланда. Барлық отырықшы бай территориялар (Русь, Крым, Булгария және Хорезм) ежелден Алтын Орданың оң, батыс қанатына кіргесін және тек кейін ғана Мәскеу княздары мен тимуридтарға бұйырғасын, барлық заңды батуидтердің өлімінен кейін ең соңғы джучидтар ретіндегі ордуидтер өз казактарымен Жошы ұлысының барлығында билікті тартып алуға тырысқан (сонда, 424 б.). Өтеміс қажының «Шыңғыс-Намесінде» Хызр хан өзінің казактарына Өзбек ханның мүмкін Батуден көшкен Ақ Ордасын қиратыңдар және осы Алтын Орданың мұра боп тек төрелер арасында таратылатын қасиетті орданың алтын табалдырығын өзара бөліп алыңдар деген жарлық бергені айтылады. Кейін ордуид Урус хан шығып, өз билігіне Жошы ұлысының оң және сол қанаттарын біріктіреді. Бірақ кейін сарай тағына үлкендігі жағынан ордуидтерге бағынатын сол қанаттың өзге династияларынан шыққан шейбанид Араб шах та, тука тимурид Тоқтамыс та отырды. Ақсақ Темір (Тамерлан), шағатайлық ортаазиялық мыңдықтарын біріктірген барлас тайпасының монгол казагы, стратегиялық тұрғыда қазақ ордасымен соғысудың пайдасыз екенін де, оның Еділ бойындағы қалалар мен Хорезмді басып алуының қаупінде жақсы түсінді. Сондықтан ол бұл қалаларды тұрғындардан тап-таза ғып ойрандап, олардың тұрғындарын енді Ұлы Жібек жолы Жошы ұлысынан өтпесін деп, Орта Азияға қуып әкелді. Содан бері Жошы ұлысының оң қанаты заң жүзінде де, географиялық шекарасында да қайта өңделмеді (егер оның Темір Кутлугтың Ұлы Ордасы ретіндегі бір сынығын еске түсірмесек). Ал Көк Орда Ақ Ордамен бір орналасты да, узурпатор шейбанид Абулхаирхан билігіндегі Көшпелі өзбектер мемлекетіне айналды. Өзбек-казактар, кейін жәй казактар бақылауына аракідік қазақ саудасы үшін өмірлік маңызы бар, бірақ әлемдік сауда үшін шет қалған Сыр бойындағы қалалар өтіп тұрды. «Тимурдың осындай саясаты Жошы ұлысын шенеуніктерсіз, қолөнершілерсіз және саудагерлерсіз қалдырды (сонда, 447 б.). Және де Алтын Орданың мұрагері ретіндегі Ресейге сауда мақсатында қосылу тек уақыт еншісінде қалды, өйткені, қазақылық көшпелі цивилизация дамуының соңғы кезеңі болғасын, бар мүмкіндігін сарқып, енді технологиялық артта қалуға ұрынған еді.

Қазақтардың кейінгі қазақылық этногенезі жөнінде Әкімбеков: «Моңғол мемлекеттік дәстүрінің қирандысындағы жаңа этникалық топтардың құрылу барысына көп уақыт кетті. Сол сияқты Литва және Мәскеу мемлекетіне қызмет жасап, әскери сословиеге айналған Шыңғысхан ұлыстарының ақсүйектерін ассимиляциялау да оңайға түспеді… Кейін жаңа этностың атауына айналған және, сонымен бірге, Ресей мен Украинадағы арнайы әскери сословиенің атауы болған казак атауының шығуы да монгол дәстүрінің дағдарысымен тығыз байланыста… Анығы, қазақ атауы дәл XV ғасырда кең тарады және тек монгол дәстүрлі мемлекеттерде… Екі жағдайда да термин өзінің алғашқы мазмұнынан өте алыстап кетті» (сонда, 461–462 бб.). 2011 жылы бесенеден белгілі болған қазіргі қазақтармен орыс-казактарының өз атауларына сәйкес екенінің мойындалғанынан кейін олардың арасындағы өте анық байланысқа ешкім күле қоймас және қазақ этногенезінің қазақылық концепциясын жоққа шығара алмас. Тек Әкімбековтің әлгі терминнің өзінің ежелгі және ортақ «ерікті, бостандықтағы» мағынасынан осы екі мәдени-тұрмыстық қауымдастықта қай жағынан алыстағанын көрсетпегені қынжылтады. Ал оның «касогтар», «казацкие ханы», «Казакия», «қазақ арбалары» және өзге де казактар туралы әбден сенімді қайнаркөздерден алынған казак терминінің XV ғасырдан бұрын жөніндегі деректерден көбінесе еш негізсіз бас тартуы жөнінде бұл ресми ғылыми қызметкерге өте үйреншікті ұстаным деп айтуға болады. Әкімбековтің Жәнібек пен Керейдің көшіп кетуіне «классикалық» түрде жабысуын жоғарыда Теміргалиев миф ретінде быт-шытын шығарған еді, бірақ тек қана сол көзқарас «Далалар тарихының…» бар қисынды анализін казак этнониміне қатысты өте қарама-қайшы шешімдерге әкеледі.

Біріншіден, «Зафар-Наменің» соғыс кезінде Тамерланнан Камар ад-Диннің могол қазақтарына қашып кеткен «казак мыңы» жөніндегі нұсқауы жалғыз ілікті болса да, казактардың бар екенінің және олардың XV ғасырға дейін Ұлы Далаға талпынғанының жалғыз дерегі емес. Жоғарыда «Чингис-Намеде» Хызр хан қазақтарының Сарайға «қазақылық ордаларының» Жетісудан өзге аймақтарынан XV ғасырдан бұрын көшіп келгені жөнінде көрсетілген еді. Екіншіден, егер ұлыстар казактарды бір-біріне қарсы пайдаланса, ол казактар басқа казак емес, сол баяғы ежелгі монгол казактары, түр-тұрпаты мен мәдени-тұрмыстық болмыс бітімін жоғалтпаған. Үшіншіден, казак болу тек соғыс әрекеттері кезеңімен шектелмейтін, Самарканди айтқандай, «барлық жерде қарақшылық жасау» үшін немесе «тағы артқа шегіну» үшін, немесе Бабыр айтқандай, «шексіз өжетпен жау үйірін алып қашу» үшін әрқашанда казакша өмір сүріп, әрқашанда тың әрекетке дайын болу керек. Әкімбековтің өз ойынша, қазақылық институты бәрінен бұрын «жас ұрпақты әлеуметтендіруге байланысты болған, ал ол «қазақылық» арқылы күрделі жағдайда соғыс әрекеттерін жүргізу тәжірибесін үйренді» (сонда, 464–466 бб.). Әрине, мүндай әлеуметтену халық тұрмысынан бөлек алған арнайы әскери шаралар мен мектептерде өте қоймас еді, егер бұл туралы ешқандай тарихи деректер жоқ болса. Егер инициацияның мұндай процедуралары болса да, олар тек монголдан кейінгі дәуірде емес, бүкіл «далалар тарихы» барысында болған шығар. Мұндай әлеуметтендіру жігіттерді тек халық нұсқасында тәрбиелер еді және оларды казакка алар еді, яғни, өзінің ел әскеріне кіргізер еді. Сөйтіп, ол «этникалық» және «фольклорлық» түрінде қала берер еді. Әкімбековтің шебер қойған сауалына осы тұрғыдан жауап іздеу керек: «неге тек Жәнібек пен Керей жақтастарына ғана казак атауы орнықты… бұл ұғым кезінде монгол саяси дәстүрі мойындалатын барлық территорияда қолданылатын еді ғой?» (сонда, 467 б.). Неге қазақтар өздерінің арғы аталары Шыңғысхан берген саяси ортақ атау монголға мақтанған сияқты ежелгі монголдардай өзінің көне өз атау казак атауын мақтан тұтады? Бұл тұрғыда Әкімбеков Гильом де Рубруктың орынды куәландыруын келтіреді: «өзінің моал атауын бәрінен жоғары қойып, олар татар деп аталғысы да келмейді (сонда, 465 б.). Казак термині жөніндегі дискуссияны қорытындылау мақсатында Әкімбеков парсы тарихшысы Рузбеханидің өзбек шейбанидтердің өзбек-казактарға қарсы 1509 жылы болған және оларды ақыры айырған соңғы жорығы жөніндегі деректі келтіреді: «Бұрынғы кездері Шыңғысхан жорықтарының басында татар әскері аталған қазақ әскерінің құдыреті мен көзсіз батырлығы». Әкімбеков «тек қазақтарда ғана монгол дәстүрімен, Шыңғысхан отбасымен байланыс тарихтағы ең ұзақ боп шықты» (сонда, 468 б.). Бұл тұжырым комментарийді қажет етпейді. С.М. Әкімбеков «классикалық» көзқарасқа қанша берілген болса да, Р. Темиргалиев, Ж. Сабитов және жоғарыда Қазақстан тарихы жөніндегі оқулықты зерттегенде аталған көрнекті тарихшылармен бірге Қазақстан историографиясында қалыптасып келе жатқан «ежелгі монгол» ғылыми мектебінің негізқалаушыларының бірі болуға сай. Қайта басылып отырған кітаптың авторы өзі ұстанып отырған қазақ этногенезіндегі қазақылық концепциясын осы мектептің табандылау түрі деп санайды және оның өкілдері ішінде болуды өзіне мақтан тұтар еді. Бірақ егер Әкімбековтің неге казак атауы өзбектерге, моголдарға, немесе ноғайларға емес, қазаққа қалды деген сауалына оралсақ, онда ол тек қана саяси емес, әлеуметтік жалпылама атау болғанын айту керек. Бұл тұрғыда ол таза саяси атаулар өзбек, могол немесе ноғайға қарағанда, олардікінен гөрі этникалық мағынасы басым еді. Мұхаммед Шейбани тимуридтердің мұрасын бөліп алып, бай Орта Азияда әскери сословие болайық деп шақырғанда, оған талай жүздіктер мен мыңдықтар ерді. Қазақ даласынан келген могол-казак және өзбек-казактардың тасқыны мол болғаны сонша, Бабыр бастаған тимурид казактарын Үндістанға ығыстырды. Міне, содан ол сол жақта өз казактарымен Ұлы моголдар империясы мен династиясын құрды. Бұл Мухамед Шейбани-Ханның Қазақстаннан кеткен «ер жаугерлері» сарт (тазиктер, татчиктер және өзге отырықшы райят тұрғындар) арасындағы әскери сословиенің тағдырын таңдады, іс жүзінде олар сарттар үшін алғашында өзбек-казак болған және кейін ғана, көп кейін (XX ғ. қарсаңында) сарттармен араласып, жәй өзбекке айналды. Олар Мухамед Шейбаниді Өзбек ұлысының заңды мұрагері және «көшпелі өзбектер мемлекетінің» негізқалаушысы Абулхаирдің сүйікті немересі санады. Ойлап қарасаңыз, Алтын Ордадағы Сарай тағын тартып алған, Мәскеуге «ұлы княжениеге» жарлық берген Өзбек хан да батуид емес, шейбанид болған деуге барлық негіз бар. Қазақ даласында Урус ханның династиясын қайта орнатқан ордуид урусидтер Жәнібек пен Керейдің билігінде қалған өзбек-казактар, могол-казактар, кырғыз-казактар, ноғай-казактар және өзге казактар ерте ме, кеш пе казак деген сыртқы атаумен қалып және оларға Урус атын беретін ортақ урусид хан болмағасын, бұл жағдайға үйренісу керек еді. Және мұндағы мәселе қазақтардың саяси сүйіспеншілігінде емес, өйткені тек Шыңғысханның отырықшылыққа қарсы өсиетіне ергенде ғана казак боп қалуға болады, яғни рухы мықты (тюркют, мангул) және, ең бастысы, ерікті ер, жаугер казак боп қалу. Ал бұл, кешіріңіз, этнос пайда болуының тек саяси емес, әбден классикалық мәдени-тұрмыстық негізі. Ол тілден де күшті этностың өзгешелігін көрсетеді. Тіл этникалық болмыстың қажетті, бірақ жетімсіз шарты, ал өз мемлекеттілігің этнос пайда болуының жетімді, бірақ қажетті емес шарты. Айтпақшы, өзбек шейбанидтардың ру-тайпалық құрамына қатысты Әкімбеков Бенаидің «Шейбани-Намесінен» Өзбекстанға кеткен тайпалардың аттарын келтіреді: «көшші, найман, ұйғыр, күрлеуіт, дүрмен, қият, тұман, маңғыт, коңырат, қытай, таңғұт, чимбай» (сонда, 502 б.). Көріп тұрғаныңыздай, мұнда этносқұраушы казактар одақтарының бірі жоқ. Ал олар қазақтың Ұлы, Орта, Кіші деп аталатын үш жүзінің құраған усун (хушин, уйшун), аргын (аргун, арикан, аргынот) және алшиндар (алшун, алшин). Бұл үш жүз, оларды өзге ордалармен казактардан (соның ішінде, орыс-казагынан да) ажырату үшін тікелей казак ордалары деп аталған: Усунь, Аргын және Алшин ордалары. Енді тек Әкімбековтің қазақ жүздерінің саны мен үлкендігіне қатысты пікірін білсек жетіп жатыр. Және мұнда Т. Сұлтанов «қазақ тарихының жұмбағы деп атаған әлі уақытқа дейін шешімін таппаған үш жүз мәселесі бойынша Әкімбековтің аса көп жұмыс істегенін мойындауымыз керек. Жүздер үлкендігінің гипнотикалық критерийіне байланысты ешкім бұл жөнінде ішкі қайшылығы жоқ теория жасай алмай отыр. Ю. Зуев айтқандай, «бәріміз де тығырыққа тірелдік». В. Бартольд сияқты ғұламаның өзі ХХ ғ. 20 жылдарында «бұл ордалардың көштері шығыстан батысқа қарай орналасқан» және де Ұлы Жүз даланың ең шығыс жағында орналасса, Кіші Жүз – ең батысында» және де «ордалардың атауы көшпенділердің санына байланысты емес (саны жағынан Кіші Жүз ең ірісі болған), оған кірген рулардың үлкендігіне байланысты (сонда, 542 б.). Әкімбеков жасаған бұл мәселеге келу жөніндегі негізгі тәсілдер классификациясымен жалпы келісуге болады, тек оларды «аңыздық-тарихилық» және «табиғи-тарихилық» деп ойдан шығарып бөлгені болмаса. (сонда, 543 б.). Мұндай бөлу тіпті терминологиялық жағынан оғаштау және тарихқа маманданбай қызуғышыларды адастырып жіберуі мүмкін. Ғылыми келу тарихи ақпаратты таратудың ауызекі дәстүрін жоққа шығармайды, керісінше, зерттеу, тексеру және негіздеуді өз басына алады, әсіресе, егер бұл халықта өзінің жазба тарихи қайнаркөздері болмаса. Бұл бір жағынан. Ал екінші жағынан, Маркстың «қоғамдық-экономикалық формациялар» және «тарихи материализм» жөніндегі кеңестік ілімге негізделген «формациялық теориясының» қазақ жүздері ру-тайпаларының тікелей үлкендігіне қатысты қолданылуы беймүмкін және ғылымнан алыс идеологиялық және саяси факторларға негізделген. Қызығы, Әкімбековтің өзі бұл классификациясын қатаң ұстанбайды және екі жағынан да деректер келтіріп отырып, бірінен бірін биік қоймайды. Оның «ауызекі дәстүрі» Левшин өзінің «Қырғыз-қазақ ордалары мен далаларын суреттеу» кітабында келтіретін классикалық нұсқадан басталады: «Халықты үш бөлікке бөлген ханның аты «Орус», және де уақыты бойынша бұл хан Тамерланнан кейін тұрыпты-мыс… және алдында Орал, Илек және Өр жақта тұратын Улянты деген бір ноғай ханының қолбасшысы болған екен, содан кетіп, өз бетінше билеуші болған екен. Әкімбеков бойынша, «мұнда айтылған мифтік тұлға «Орусхан» бәрінен бұрын бірінші қазақ хандары Жәнібек пен Керейдің атасы, Жошы ұлысы сол қанатының билеушісіне ұқсайды, алайда, ол әрине, Тимурдан кейінгі уақытта өмір сүрмеген (сонда, 543 б.). Соңғы жағдайға сүйеніп, Әкімбеков Левшин бұл аңызды өзі жұмыс істеген Орынбор облысында жазып алған және, соған қарағанда, оны оған Кіші Жүздің қазақтары айтып берген, ал олар Ноғай Ордасынан деп, осы негізде Левшиннің нұсқасын толығынан жоққа шығарады. Әкімбеков біз жоғарыда баяндаған аңыздық Алаша ханмен өмірде болған Урус ханның өмірбаяндарының ғажап ұқсастығын есепке алмай тұр. Урус хан шынында да ноғай мырзаларының қолдауынсыз Сарайды басып ала алмас еді және оның арғы аталарының қият Тенгиз Бұғының қасында болуы әбден мүмкін. Әрине, егер Тимур Урустан кейін өлсе, Урус Тимурдан кейін өмір сүре алмайды, бірақ бұл аңызды толық қабылдау керек, немесе ешқандай қабылдамау керек деген емес. Айтпақшы, Орус пен Урус аттарының ұқсастығы да біраз нәрсеге жетелемейді ме ойды?

1

Белгілі зерттеушілер айтуынша «Шах-Намеде» «казак» этникалық термині әлі табылған жоқ (Валиханов Ч. Собр. соч. Т.1. С.370), бірақ бәрібір Левшин қателеспеген болу керек, мүмкін, ол эпостың өзге варианттарын білген шығар. Порфирородныйдың мәліметтері осы аттас, тұстас елді көрсетіп тұр және уақыты бойынша сәл ертелеу

Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер

Подняться наверх