Читать книгу Ағылшынша-қазақша заң терминдерінің сөздігі - Коллектив авторов - Страница 1

КІРІСПЕ

Оглавление

Қазіргі таңда қоғамдық өмірдің барлық салалары мен нысандарының қауырт дамуы нәтижесінде тілдің лексикасы және ең алдымен арнаулы, кәсіби лексикасы жаңарып, молыға түсуде.

Осыған орай, сөздікке заң, құқық саласымен бірге нарықтық экономиканың халықаралық деңгейдегі сауда-делдалдық, көлік, қаржыландыру мен кредиттеу, жарнамалық қызмет, басқа да экономикалық салаларды қамтитын сөз тіркестері мен терминдер енгізілген.

Сөздік қазіргі арнаулы әдебиет және лексикографиялық басылымдар, коммерциялық құжаттама, мерзімді баспасөз және халықаралық стандарттар негізінде құрастырылған.

Заң саласындағы ағылшын-қазақ тілдеріндегі сөздік көп ұлтты, егеменді Қазақстанның құқық саласы мен практикалық өмірінде тілдік тосқауылды еңсеру мен өзара түсінікті дамытуға өз үлесін қосатыны сөзсіз.

Бұл сөздік заңгерлерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, сот өндірісі органдарына, жоғары оқу орындары мен колледждердің оқытушылары мен студенттеріне, ізденушілеріне арналған.

Ағылшынша-қазақша заң терминдерінің сөздігі

Подняться наверх