Читать книгу Ағылшынша-қазақша заң терминдерінің сөздігі - Коллектив авторов - Страница 3
Bb
ОглавлениеBACHELOR OF LAW
заң ғылымдарының бакалавры.
BACK
1. индоссолау; вексельдің сыртқы жағына жазу; 2. қол қою;
3. айғақтармен дәлелдеу; 4. қаржыландыру, демеу қаржы беру; ~ a loan қарызды кепілдеу; ~ pay award кейінгі күнмен төлеу; ~ smb. in business біреуді қаржыландыру.
BACKBOND
1. кепілдік етушіге берілетін қамтамасыз міндеттеме; 2. шотл. құқық лауазымын берерде шектеулер, шарттар жазылған құжат.
BACKER
индоссант; вексель бойынша өз құқығын біреуге беруші тұлға; кепілдік етуші.
BACKGROUND
1. биографиялық мәліметтер; 2. фон, ая; 3. база, негіз; ~ check мәліметтерді тексеру; ~ for negotiations келіссөз жүргізу үшін негіз; factual ~ істің мән-жайы.
BACKING
1. қол қою; қол қойып бекіту; 2. қаржылай қолдау; қаржыландыру;
3. айғақтармен дәлелдеу; gold ~ of currency ақшаны алтынмен қамтамасыз ету; state-financing ~ мемлекеттік қаржылай қолдау.
BACKLOG
1. берешек; 2. орындалмаған жұмыс, тапсырыс; 3. материалдық қаражаттың, тауардың қоры; ~ of debts жинақталған берешек; ~ of demand қанағаттандырылмаған сұраныс; ~ of outstanding payments мерзімін өткізіп алған төлемдер; commercial ~ сауда операциялары бойынша берешек.
BACKWARDER
шағын бизнес өкілі, ұсақ өндіруші.
BAD
1. жаман, дұрыс емес; 2. өз деңгейінде емес; заң тұрғысынан дәлелденбеген, уәжсіз; – character жаман атақ; ~ debts үмітсіз борыш, қарыздар; ~ environment ортаның жаман әсері; ~ money жалған ақша.
BADGE
1. төс белгі; 2. белгі, нышан.
BAG
портфель, сөмке; diplomatic ~ дипломатиялық пошта, вализа.
BAIL
1. кепілдеме; кепіл; 2. кепілге алу; 3. кепілге беру; 4. кепілдік етуші; 5. затты кепілге беру; ~ absolute негізгі борышкер есеп бермеген жағдайда жауапкершілік алынатын кепілдеме; ~ below екінші тараптың сотқа келетіні жөніндегі кепілдеме, алдын ала кепілдеме; ~ in error істі апелляциялық инстанцияға жіберген кезде орындауды тоқтатуға байланысты кепілдеме; ~ on appeal апелляция бойынша кепілге беру; ~ on attachment сотқа әкелу туралы сот бұйрығына байланысты кепілдеме; ~ out кепілге алу; out on ~ кепіл бойынша жіберілген; ~ piece кепіл құжат; admit to ~ кепілге беру; allow ~ кепілге алу туралы рұқсат; become ~ өзіне кепілдеме алу; civil ~ азаматтық процестегі кепілгерлік; deny ~ кепіл болмау; give ~ кепілге беру; go for ~ біреуге кепіл болу; grant ~ кепілге жіберу; hold to ~ кепіл бойынша еркіндікте қалдыру; jump ~ кепіл бойынша жіберілгеннің сот төрелігінен жасырынуы, қашуы; indemnify ~ кепілгерліктің сомасын қайтару; let to ~ кепіл бойынша жіберу; levy ~ кепіл сомасын белгілеу; release on ~ кепіл бойынша босату; save/surrender ~ кепіл бойынша жіберілгеннің сотқа келуі, кепілгерлік шартын орындау; waive ~ кепілгерліктен бас тарту.
BAILABLE
кепілге жіберуге рұқсат етілген.
BAILED
1. кепіл ретінде берілген, қайтарылатын зат; 2. кепілге берілген; ~ for trial істің сотта қаралуын күтетін кепілгерлікпен босатылған.
BAILEE
кепілхат иесі, жалға беруші; депозитарий; кепіл алушы; жауапты сақтаушы; ~ for hire мүлікті жалға алу шарты бойынша борышкер.
BAILIFF
1. бейлиф, сот приставы, шериф орынбасары; 2. шаруашылықты басқарушы; істі басқарушы, қамқоршы; special ~ шериф орынбасары (тараптың өтініші арнайы мақсат бойынша тағайындалған); ~-errant бейлиф орынбасары.
BAILIWICK
1. бейлиф аймағы; 2. бейлифтің заңи құзыреті; бейлиф қызметі.
BAILMENT
1. затты кепілге беру; 2. несие; жалға беру, қарыз; 3. кепіл; 4. мердігерлік; 5. мандат, кепілдік; ~ for hire мүлікті жалға алу туралы келісімшарт; ~ lease сатып алуға жағдайы жоқ кезде, мүлікті ұзақ мерзімге жалға алу; constructive/involuntary ~ шартта негізделмеген кепіл; gratuitous ~ қарымтасыз затты ұстау; lucrative ~ затты пайда көру үшін ұстау.
BAILOR затты кепілге беруші; депонент; несие беруші; жалға беруші; кепіл беруші; тапсырма шарты бойынша кредитор.
BAIL-PIECE
кепілгерлік (құжат).
BAILSMAN
кепілгер (тұтқынның).
BALANCE
1. тепе-теңдік; теңгерім; 2. сальдо; қалдық (шотта); 3. банк шоты;
4. теңгерім түзу; теңгеру; теңдестіру; жинақтау; ~ of account шоттағы қалдық; есеп айырысудағы қалдық.
BALLOT
1. дауысқа салу; сайлау бюллетені; 2, сайлау; дауыс беру, жеребе салу; 3. берілген дауыстың жалпы саны; secret ~ жабық түрде дауыс беру; short ~ сайлауда жеңілу; single ~ бір мәрте өткізілетін сайлау; successive ~s бірнеше сатымен өткізілетін сайлау.
BAN
1. тыйым; 2. тыйым салу; 3. шіркеу лағынеті, анафема; бір жаққа кетіп қалу; 4. лағынеттеу, қарғап-сілеу; 5. прокламация; көпшілік алдында хабарлама; 6. статут, жарлық, бұйрық; 7. айыппұл, жаза;
8. артықшылықты қолданатын аймақ; ~ on import импортқа тыйым салу; driving ~ жүргізу куәлігінен айыру; occupational ~ бір іспен айналысуға тыйым салу, белгілі бір кәсіппен айналысуға тыйым салу; put under а ~ тыйым салу.
BANE
1. сот орындығы; 2. соттың толық құрамы; in ~ толық құрамды (сот туралы).
BAND
қылмыстық топ.
BANDIT
баскесер; қарақшы; motor ~ қылмыс жасау үшін автокөлікті пайдаланушы бандит; payroll ~ инкассаторды тонаушы бандит.
BANDITRY
баскесерлік; тонаушылық; maritime ~ теңіз қарақшылығы.
BANISH
шеттеу, қуу, аластату, елден аластату.
BANISHMENT
шеттеу, қуу, аластату, елден аластату.
BANK
1. банк; 2. сотқа тартылу; 3. сот; соттың толық құрамы; 4. өзен жағасы; 5. қор; 6. банк ісімен айналысу; ~ acceptance банк акцептеген вексель; ~ account банктағы шот; ~ of deposit жинақтаушы банк; ~ of International Settlements Халықаралық есеп айырысу банкі; ~ of issue эмиссиялық банк; ~-paper банкноты, вексель, банк есепке алатын банкноттар, вексельдер; ~-rate банктің есептік мөлшерлемесі; branch ~ банк бөлімшесі; commercial ~ коммерциялық банк; credit ~ өзара кредит банкі; in ~ толық құрамды; International ~ for Economic Cooperation Халықаралық Экономикалық Ынтымақтастық банкі; International ~ for Reconstruction and Development Халықаралық жаңғырту және даму банкі; investment ~ инвестициялық банк; joint-stock ~ акционерлік банк; land жер банкі; mortgage ~ ипотекалық банк; mutual savings ~ өзара жинақ банкі; parent ~ бақылау банкі (басқа банктің бақылау пакетіне ие банк); real estate ~ жер ипотекалық банкі; savings ~ жинақтаушы банк; trading ~ сауда банкі.
BANKER
1. банкир; 2. банк; 3. крупье; ~'s lien борышқордың ақшасын, мүлкін ұстап қалуға құқығы бар банкир.
BANKING
1. банк ісі; 2. банк қызметтері; банк операциялары; 3. банк несиесі; ~-house банк мекемесі.
BANKNOTE
несие билеті; банк билеті; банкнот.
BANKRUPT
1. банкрот, дәрменсіз борышқор; 2. банкротқа ұшырату; күйрету;
3. төлеуге қабілетсіз, банкротқа ұшыраған, дәрменсіз; adjudged/certificated ~ сотта банкротқа ұшыраған деп танылған тұлға; cessionary ~ мүлікті кредиторлар өзара бөлу үшін хабарланған банкрот; discharged ~ құқықтары қалпына келтірілген банкрот, қарыздан босатылған дәрменсіз борышқор; fraudulent – қаскөй банкрот; go ~ банкротқа ұшырату; involuntary ~ кредиторлардың талабы бойынша дәрменсіз деп хабарланған борышқор; uncertificated/ undischarged ~ құқықтары қалпына келтірілмеген банкрот; voluntary ~ өз өтініші бойынша дәрменсіз деп хабарланған борышқор.
BANKRUPTCY
банкроттық, дәрменсіздік; төлеуге қабілетсіздік; adjudication in ~ сотта банкротқа ұшыраған деп хабарлану; administration/commission/committee in ~ мүлікті конкурстық басқару; petition in ~ банкротқа ұшырау туралы іс қозғау; procedure in ~ конкурстық өндіріс; warrant in ~ конкурстық өндіріс ашу туралы бұйрық.
BAR
1. бөгеу, тосқауыл (сот залында, заң шығару органында); 2. толық құрамдағы сот; 3. адвокаттар коллегиясы; адвокатура; 4. күшін жоятын фактор; 5. құқықтық кедергі; құқықтық тыйым салу; 6. талапқа қарсы жеткілікті қорған болатын жауапкердің наразылығы; 7. тамырына балта шабу, құрту, доғару, тоқтату, күшін жою, жабу; 8. pl түрме торы; ~ admission адвокатқа сотқа қатысу рұқсаты; ~ and bench адвокаттар мен соттар; ~ an entail қозғалмайтын мүліктен мұрагерлер шектеулігін және адалау немесе мүліктен айыру құқығын алып тастау; ~ civil proceedings азаматтық сот ісін қозғауға кедергі жасау; ~ of the court осы сотқа қатысуға жіберілген адвокаттар; at ~ сотта қаралуда; blank ~ талапкерден қылмыс болған жерді нақты көрсету ұсынылған кезде, жауапкердің наразы болуы; calling to the ~ 1. адвокатураға қабылдау; 2. адвокат қызметін орындауға құқық беру; go to the ~ адвокат қызметін орындауға құқық алу; plea in ~ талап жөнінде қарсылық білдіру; statutory ~ заңи тосқауыл, заң шығаратын органның тыйым салуы.
BARGAIN
1. мәміле, келісімшарт, шарт; 2. мәмілеге келу, келісу; келіссөз жүргізу; 3. пайдалы, тиімді мәміле, сатылым; ~ аnd sale сатып алу, сату келісімшарты; bad/losing ~ тиімсіз мәміле; be off one's ~ келісімшарттың күшін жою; close/conclude a ~ келісімшарт жасау; corrupt ~ әділетсіз келісім, мәміле; criminal ~ қылмыстық мәміле; Dutch ~ бір тарапқа қана тиімді мәміле; time ~ мерзімдік мәміле; жедел мәміле.
BARGAINEE
сатып алушы.
BARGAINER
сатушы.
BARGAINING
келіссөздер; collective ~ ұжымдық келісімшарт жасау туралы келіссөздер; sole ~ жеке еңбек шартын жасау туралы келіссөздер.
BARON
1. барон; 2. қазынашылық соттың төрешісі; ~ et feme ерлі-зайыптылар; ~ of the exchequer қазынашылық соттың төрешісі; chief ~ қазынашылық соттың бас төрешісі.
BARRATOR
1. баратрия жасаушы адам, тұлға; баратрия субъекті; 2. өсекшіл, пәлеқор; common ~ жалпы құқық бойынша пәлеқор, жала.
BARRATRY
1. баратрия (капитанның немесе кеме командасының әрекетіне бола, жүкке, кемеге қасақана зиян келтіру); 2. негізсіз, қасақана сот ісін немесе дау-дамай бастау; common ~ жалпы құқық бойынша пәлеқорлық.
BARRED
талаптың мерзімі өтуіне байланысты өтелген.
BARRIER
кедергі, тосқауыл; бөгет; tariff ~ to trade сауданы шектеу үшін тарифтік кедергі; trade-~s сауда шектеулері.
BARRISTER
барристер; briefless ~ ысылмаған адвокат; chamber ~ сотта сөз алмаған барристер; consulting ~ кеңесші-адвокат; inner ~ аға барристер; junior ~ 1. король адвокатынан дәрежесі төмен барристер; 2. бір тараптың екі адвокатының кішісі; outer/utter ~ кіші барристер (король адвокатынан дәрежесі төмен).
BARTER
1. айырбас шарты, тауар айырбастау туралы шарт; 2. айырбас шартын жасау.
BASE
1. база, негіз; 2. негіздеу; 3. еріксіз, ықтиярсыз, құлдық. 3. құнсыз металл, арсыз, ұждансыз (қызығушылық, сарын, уәж); ~ estate
1. төменгі; 2. заңсыз туылған.
BASELESS
негізсіз.
BASIS
негіз, фундаменталдық көзқарас; базис; on an on-going ~ үнемі; on a «pay me when you can» ~ мүмкіндігі бар кезде төлем шарты бойынша; on parity ~ тепе-теңдік негізінде; self-supporting ~ шаруашылық есеп.
BASTARD
некесіз бала; некесіз туылған; adulterine/adulterous ~ күйеуі бар әйелдің заңсыз туылған баласы; special ~ ата-аналары қосылмай тұрып туылған бала.
BASTARDIZE
1. сотта некесіз туылған деп хабарлау; 2. некесіз туылғандықтың айғағын көрсету; 3. дүниеге некесіз туылған бала әкелу.
BATE
азайту, жеңілдік беру; төмен бағамен ұсыну; ~ expenses шығындарды азайту.
BATTERY
соққыға жығу, ұру; action for ~ қорлағаны үшін талап; simple ~ ісімен қорлау, жаман сөзбен балағаттау.
BEADLE
1. сот ісқағаздарын тасушы; 2. шіркеу старостасы.
BEAR
1. тасымалдау; алып жүру; 2. шыдау; рұқсат беру; 3. туғызу; жемісін беру; 4. «аю» биржада валюта бағамының, бағалы қағаздардың, тауар бағаларының төмен болуына әрекеттенетін саудагер, алыпсатар;
5. түсінік беру; ~ evidence куәгер ретінде түсінік беру; not to ~ examination мүлдем негізсіз болу; ~ expenses шығынға бату; ~ false witness жалған куәгер болу, жалған түсініктеме беру; ~ market «аюлар нарығы», баға түсетін нарық; ~ interest пайыз келтіру; ~ losses залал шегу; ~ out a statement мәлімдемені қолдау; ~ testimony witness куә болу.
BEARER
құжат иесі; ~ of dispatches ісқағаздарын тасушы; ~ security ұсынушыға арналған бағалы қағаз; tax ~ салық төлеуші.
BEAT
1. район, аудан (АҚШ-тың кейбір оңтүстік штаттарындағы округтың негізгі бөлімшесі); 2. сайлау участогі; 3. полиция патруліндегі аудан; 4. қоршау ұйымдастыру; 5. ұру, жарақаттау, соққыға жығу.
BEATING
ұру, соққы; severe ~ қатыгез соққы.
BED
неке ережелері мен міндеттері.
BEGGAR
қайыршы, бейшара, садақаға күн көретін қайыршы.
BEGGING
қайыршылық.
BEFORE-MENTIONED
жоғарыда айтылған.
BEHALF
1. көмек, жәрдем, қолғабыс, қорған; 2. мүдде, пайда, табыс; for and on ~ of біреу үшін және соның атынан; in ~ of біреудің пайдасы, мүддесі үшін; in this ~ 1. бұл тұрғыда; 2. осы мәселе бойынша; on ~ of біреу үшін; біреудің атынан.
BEHAVIOUR
1. мінез-құлық, тәртіп, жосық; мақам, үлгі; 2. қарым-қатынас, қарай білу; ~ in office қызметіне қарай әрекет істеу, ресми тәртіп; arbitrary ~ жүгенсіздік; bad ~ заңсыз, құқық берілмеген мінез-құлық, жазалауға лайықты мінез-құлық; disruptive ~ сот отырысындағы тәртіпті бұзатын мінез-құлық; evil ~ қастық ниеттегі мінез-құлық.
BEHEST
at ~ үкім бойынша.
BEHOOF
пайда, табыс, мүдде.
BELIEF
ой-пікір, сенім; ~ in good faith and on reasonable grounds адал ниетті, негізделген болжам; fixed ~ теріс пікір; good faith ~ адал ниетті болжам; honest and reasonable ~ адал ниетті, негізделген болжам; mistaken ~ болжам; wrong ~ қателесу.
BELIEVE
шамалау, болжау; ~ сәйкес бағаға сүйене отырып, болжау; ~ reasonably негізді болжау; ~ wrongly қате, жаңсақ болжау.
BELLIGERENCY
1. жанжалдасқан жақтың мәртебесі; 2. соғыс жағдайы.
BELLIGERENT
жанжалдасушы жақ, тарап; accessory ~ қосалқы жанжалдасушы жақ; the ~s қаруланған қақтығысқа қатысушылар; соғыс жағдайындағы мемлекеттер.
BENCH
1. орындық, орын (парламентте, сотта); 2. сот, төрешілер; сот, арбитраж құрамы, сотқа келу; 3. судья, төреші қызметіне тағайындау; 4. судья, төреші қызметінде болу; 5. судья ретінде сотқа қатысу; ~ and the bar төрешілер мен адвокаттар, қорғаушылар; ~ trial алқа билерсіз сот отырысы; ~ warrant сот үкімі; on the ~ сот құрамында болушы, төрелік етуші; sit on the ~ біреуді соттау, біреудің ісін сотта қарау.
BENCHER
барристерді дайындайтын мектептің бастығы
BENEFICIAL
тиімді, пайдалы; mutually ~ өзара тиімді.
BENEFICIARY
1. бенефициар, сенім мүлкіне мүдделі тұлға, пайда табушы, кіріс, пайда, жеңілдік алушы адам; 2. шіркеудегі дін қызметшісі; ~ under the will өсиет бойынша бенефициарий; designated ~ өсиетте аты көрсетілген бенефициарий; heir ~ өсиет борышына, қарызына, оның құны шеңберінде жауапкершілік шартымен мұраны қабылдаған адам.
BENEFIT
1. пайда; табыс; 2. пайда көру; табыс табу; 3. басымдық; артықшылық, айрықша құқық; 4. пайда; жеміс; 4. материалдық көмек; ~ conferred берілген артықшылық айрықша құқық; ~ of clergy діни лауазымның айрықша құқығы: зайырлы сотта діни қызметкерлердің сотқа тартылмауы; ~ of councel айыпкердің қорғаушы алуға құқығы; ~ of discussion сеніп тапсырылған адамның қарызды ең алдымен негізгі борышқордың мүлкінен төлеуге құқы; ~ of doubt жауапкер тараптың пайдасына орай күдік; ~ of inventory мұрагердің мұраның құны бойынша мұрагерлік қарызға жауапкершілігін шектеу құқығы; ~ of session борышқорды қарыздары үшін мүлкін мемлекет меншігіне беру есебінен босату; ~ of trial істі сотта қарау құқығы; accident ~ қайғылы оқиғаға берілетін көмек; derive/ get ~ алу; disablement ~ жұмысқа жарамсыз болғандағы берілетін көмек; fringe ~s қосымша жеңілдіктер (төленетін демалыс, т.с.с.); health/medical/sick(ness) ~ ауырғандағы көмек; invalidity ~ мүгедекке берілетін көмек; insurance ~s сақтандыру сыйақысы; maternity ~ ана босанғанда берілетін көмек; relief ~ жәрдем алу құқығы; retirement/service ~ зейнетақы; social ~ әлеуметтік сақтандыру жәрдемақысы; take the ~ of the bankrupt өзін банкрот деп хабарлау; tax ~ салық жеңілдігі; unemployment ~ жұмыссыздыққа берілетін жәрдемақы.
BEQUEATH
өсиет қалдыру (жылжитын мүлікті).
BEQUEST
жылжитын мүліктен өсиет ету бойынша бас тарту; ~ in trust жылжитын мүліктен сенімхат бойынша бас тарту; executory ~ жылжитын мүлікке алда құқықты болуды өсиет ету; general ~ өсиет етілетін заттарды көрсетпей жылжитын мүлікті өсиетке қалдыру; residuary ~ жылжитын мүліктен өсиет ету бойынша бас тартудан және қарыз төленгеннен кейінгі өсиет ету; specific ~ белгілі бір категориядағы барлық жылжитын мүлікті өсиет ету; substitutional/substitutionary ~ мұрагердің тағайындалуы.
BEREAVE
тонау.
BESTOW
сыйлау, сыйлық ретінде ұсыну; беру; тағайындау, атақ беру; ~ an office қызмет беру; ~ a title атақ беру.
BET
1. бәс тігісу шарты; бәстескен мәміле; 2. бәстесу.
BETRAY
сату, бұзу; ~ trust сенімді алдау.
BETRAYAL
сатқындық, опасыздық.
BETRAYER
сатқын, опасыз.
BETTER
бәс тігісу.
BETROTH
1. некелендіру атастыру, құдаласу; 2. келісімшартқа, неке шартына қол қою.
BETTING
бәс; бәстесу; pool ~ мөлшерлеме жиынтығына қарай бәстесу; street ~ көшеде бәстесу (қылмыс құрамы).
BIAS
1. әділетсіздік, бір жақтылық; қате түсінік; істің аяқталуына мүдделі болу; 2. үрдіс; 3. кемсітушілік; 4. қабыл алмау; 5. қысым көрсету, әсер ету; job ~ жұмыс саласындағы кемсітушілік; political ~ саяси кемсітушілік; with considerable ~ айқын әділетсіздікпен.
BIASED
әділетсіз, бір жақты; қате түсінген; істің аяқталуына мүдделі.
BID
1. баға ұсыну (аукционда); 2. ұсынылған баға, мөлшерлеме (бәстесу кезінде); 3. мердігерлікті немесе сатылым кезінде белгіленген баға бойынша жеткізілімді орындауды ұсыну; 4. сауда-саттық; 5. сауда-саттыққа қатысу; ~ against/up бағаны үстемелеу; ~ and asked сатып алушы және сатушы бағасы; ~ price сатып алушы ұсынған баға; ~ quote бағалы қағаз, тауар сатып алу кезінде делдал ұсынған баға; competitive ~ бәсекеге қабілетті ұсыныс; higher ~ анағұрлым тиімді ұсыныс; highest ~ ең жақсы ұсыныс; last ~ түпкілікті баға.
BIDDER
баға ұсынушы адам (аукционда); сауда-саттықтарға қатысушы.
BIDDING
1. аукционда баға ұсыну; 2. сауда-саттық; 3. бағаны үстемелеу; brisk ~ жанданған сауда-саттық; collusive ~ аукционда алдын ала келісіммен бағаны ұсыну.
BIGAMIST
екі әйелі немесе екі күйеуі бар.
BIGAMY
бигамия, қос некеде болу.
BILATERAL
екі жақты (келісім).
BILK
1. алдамшы; 2. жүліктік істеу, алдау; 3. төлеуден қашу; ~ed алдаудан зардап шеккен; ~er ұры-қары, жүлік.
BILL
1. талап, арыз; 2. сот бұйрығы; 3. өтініш, арыз; 4. билль, заң шығарушы акт, заң жобасы, заң; 5. міндеттеме, вексель; 6. тізім, баптарды баяндау; 7. есеп айырысудың өзара статьясы; 8. фактура-шот, инвойс; 9. шот ұсыну; фактуралау, жүк құжат жазып беру;
10. амер. банкнот, казналық билет; 11. декларация (кедендік); 12. кінәлау акті; 13. куәлік; ~ at sight жедел ұсынымдағы аударма вексель/тратта; ~ at usance сауда тәртібімен бекітілген мерзімді вексель; ~ broker бағалы қағаздарды сатып алуда, сатудағы делдал; ~ for foreclosure кепілдіктегі жылжымайтын мүлікті өндіріп алу туралы талап-арыз; legal defence заңды қорғау туралы арыз; 1. талап, арыз; 2. заңды қорғаушыны талап ету арызы; ~ for new trial істі қайта қарау арызы; ~ in equity әділеттілік құқығына негізделген арыз; ~ in the nature of a bill of review істі қайта қарау туралы үшінші жақтың талап арызы; ~ in the nature of a bill of revivor істің тоқтатылуына байланысты құқықтық қатынастарды қайта қарау туралы арыз; ~ in the nature of a supplemental bill жаңа туындаған жағдайларға байланысты іске жаңа адамның енуі туралы талап-арыз; ~ obligatory ақшаны міндетті түрде төлеу жөнінде мөр басылған құжат; ~ on demand мерзімді вексель; ~ of acceptance акцепт, акцептелген аударма векселі/тратта; ~ of bankruptcy төлемге қабілетсіз екенін хабарлау; ~ of certiorari қарастырылатын істі жоғары сот инстанциясына беру туралы арыз; ~ of conformity мұра әкімгерінің кредиторлармен есеп айырысу тәртібін анықтау туралы арыз; ~ of costs іс бойынша шығындар тізімдемесі; қорғаушы шығындарының есебі; ~ of debt ақшалай міндеттеме; ~ of discovery талапкердің жауапкерден іске қатысты құжаттар мен дәлелдерді талап ету өтініші; ~ of entry әкелім кеден декларациясы; ~ of exeptions қарастырылған іс бойынша тараптың сот әрекетіне қарсылығы туралы судья қол қойып растаған жазбаша құжат; ~ of indictment айыптаушы акт; ~ of interpleader тұлғаның даулы затқа үшінші жақтың құқығын анықтау мақсатында сот процесін қозғау; ~ of parcels фактура-шот; жүк құжаты; ~ of particulars қарастырылатын істің егжей-тегжейі; ~ of peace құқықты мойындау туралы талап; ~ rendered кредитордың контокоррент бойынша берген есебі; ~ of review сот шешімін қайта қарау туралы талап-арыз; ~ of revivor істі қайта қарау туралы арыз; ~ of revivor and supplement жаңадан пайда болған жағдайларға байланысты істі қайта қарау туралы арыз; ~ of sale 1. кепілхат; 2. иелік қағаз; ~ single ақшалай міндеттемемен мөр басылған құжат; ancilliary ~ негізгі талап-арыздан туындайтын қосымша талаптар; bank ~ банк траттасы; be true ~ қазылар алқасы бекітетін айыптау акті; call up a ~ кеден мағлұмдамасын көрсетуді талап ету; clear a ~ кеден мағлұмдамасына сай салықты төлеу; commercial ~ сауда траттасы, коммерциялық вексель; discount а ~ вексельді, траттаны ескеру; find true ~ істі сотқа беру; ignore the ~ істі тоқтату; алқа билер алқасының істі сотқа беруден бас тартуы; long dated ~ ұзақ мерзімді аударма траттасы; make ~ вексель жазып беру; meet ~ вексельді төлеу; note а ~ трассаттың вексельді қабылдау немесе төлеуден бас тартуы туралы вексельге нотариальдық белгі қою; original ~ сотқа әлі белгісіз жағдайға негізделген талап-арыз; overdue ~ мерзімі өткен вексель; protest a ~ вексельге наразылық білдіру; settle ~ шотты төлеу; вексельді төлеу; supplemental ~ талапкердің талап-арыз жазғаннан кейін аян болған жағдайлар туралы талабы; take up a ~ 1. аударма вексельді төлеу; 2. аударма вексельді акцептеу; term/tenor of ~ вексель мерзімі; usher a ~ талаптың мазмұнын немесе заң жобасын хабарлау.
BIND
1. міндеттеу, жағдай туғызу; 2. ұстау, бөгеу, кідірту; шектеу; ~ a bargain мәмілені қол қойып бекіту; ~ duties баж салығын көтермеуге міндеттелу; ~ over (әрекетті, мінезді) ұйғару; ~ over to appear сотқа келуді міндеттеу.
BINDER
уақытша сақтандыру құжаты (полисті дайындағанша).
BINDING
1. міндеттеме; 2. міндеттейтін, міндеттейтін күші бар; міндетті; ~ authority міндетті бедел (іс бойынша шешім шығарғанда ескерілуі қажет заң көздері); ~ by oath ант беру; ~ force міндеттейтін күш; legally ~ заңи тұрғыда міндетті.
BIPARTITE
1. екі жақты; 2. екі бөліктен тұратын.
BIRTH
дүниеге келу; ~ certificate тууы туралы куәлік; ~ of issue ұрпақтың туылуы; ~right 1. алғашқы туылу құқығы; 2. туылу құқығы; out-of-wedlock ~ баланың некесіз туылуы.
BLACKLEG
штрейкбрехер; штрейкбрехер болу.
BLACKLIST
қара тізім, дәрменсіз борышқорлар тізімі; ~ing қара тізімге енгізу, қара тізім жасау.
BLACKMAIL
1. бопса, қорқытып алу; 2. бопсалау; ~er бопсалаушы, қорқытып алушы.
BLACK-MARKET
қара нарық, базар; ~eer қара нарық, базардағы саудагер.
BLADING
жүк құжаты.
BLAME
1. жауапкершілік, кінә; 2. кінәлі деп есептеу; ~ thieves ұрлық болды деп жалған айту (жалған банкроттық кезінде); shift the ~ жауапкершілікті біреуге жүктеу; shoulder the ~ кінәні өз мойнына алу.
BLANK
1. бос орын (құжатта); 2. бланк; 3. таза, толтырылмаған; ~ bill бланкілік вексель; ~ in бланкілік (индоссамент); application ~ өтініш бланкі; get а ~ check өз білгенінше әрекет етуге құқық алу; law ~ заңи құжатқа арналған формуляр, бланк; order ~ тапсырма бланкі.
BLANKET
жалпы, жалпылама, толық; бланкеттік (құқықтық норма туралы); ~ complaint ұжымдық шағым; born on the wrong side of the ~ некесіз туылған.
BLASHEMY
құдайды жамандау (қылмыс құрамы).
BLEED
1. қансырату, әлсірету; 2. ақша бопсалау; 3. ақша бопсалаушыға тап болу; ~er ақша бопсалаушы.
BLEMISH
(құқықтың, еріктің, т.б.) жетіспеушілігі, жарамсыз қылық, бұзақылық.
BLOCK
1. блок, бірлестік; 2. кедергі жасау, жібермеу (заң жобасын); 3. пакет (бағалы қағаздар); 4. кедергі, тосқауыл, бөгет болу, кешіктіру (несиені); 5. орын; place on the auction ~ борышқордың мүлкін аукционға шығару.
BLOCKADE
1. қоршау; 2. қоршауға алу, жауып тастау; ~ running қоршауды бұзу; қоршауды бұзушы, breach of ~ қоршауды бұзу; establish ~ қоршау қою; lift/raise the ~ қоршауды алып тастау; run ~ қоршаудан өту.
BLOCKED
тоқтатылған, жабылған; ~ accounts жабылған есеп-шоттар.
BLOOD
1. қан; 2. өміріне қиянат жасау; 3. адам өлтіру айыбы; ~ base некесіз дүниеге келу; ~ – half бір ғана ортақ ата-анасы бар балалар; hot ~ аффект, іштей қатты қызбалану, толқу; ~ relation қандас туысқан; mixed ~s аралас қанды адам (метис, мулат және т.б.); whole ~ ортақ ата-аналары бар балалар.
BLOOD-GUILTY
өлтірушілікке кінәлі.
BLOOD-MONEY
1. жалдамалы өлтірушіге төленетін ақы; 2. өлім жазасына кесілетін қылмысты айыптауды қолдауға түсінік беретін куәгерге төлейтін ақша.
BLOT
дақ; ~ on title құқықтық лауазым ақауы.
BLOTTER
1. сауда кітапшасы; 2. мәміленің алғаш рет тіркелуі.
BLOW
соққы; bodily ~s ұрып-соғу, соққыға жығу; ~s causing injuries дене жарақатын алғанша ұрып-соғу, соққыға жығу; ~s not causing injuries денені жарақаттамай соққыға жығу.
BLUE CHIP
1. көгілдір фишка (сенімділігі жоғары компания, акция); 2. сенімді; ~ investment сенімділігі жоғары компанияның акциялары мен облигацияларына қаражат құю; ~ vendor сенімді жеткізуші.
BLUFF
1. алдау; арбау.
BLUNDER
1. қате, жаңылыс; аңғармай қате жіберіп алу; 2. қателесу, жаңылысу.
BOARD
1. кеңес; комитет; басқарма; басқару; департамент; министрлік; коллегия; 2. тақтай; ернеу (кеменің); 3. кемені тексеру; ~ of aldermen муниципалдық корпорация басқармасы; ~ of audit(ors) есеп-қисапты тексеретін комиссия; ревизиялық комиссия; ~ of complaints апелляциялық комитет, шағымды қарайтын комиссия; ~ of creditors кредиторлар кеңесі; ~ of directors басқарма, әкімшілік; ~ of justices судьялар коллегиясы; ~ of review салық салуға жататын адамдар және мүліктер тізіміндегі қателіктер туралы шағым-арызды қарастыратын комиссия; ~ of trustees қамқоршылар кеңесі, сенімді адамдар кеңесі; administrative ~ әкімшілік кеңесі; executive ~ атқарушы орган; municipal ~ муниципалдық басқару; pardon ~ рақымшылық кеңесі; parole ~ шартты, мерзімінен бұрын босату кеңесі; review ~ түрмедегі бақылаушы кеңес; trade ~ өндіріс саласындағы еңбекақы мәселесі бойынша комиссия; workman's compensation ~ өтемақы төлеу мәселесі бойынша комиссия, кеңес.
BODILY
1. бұлшық ет, дене, тән; 2. жеке, жеке басымен; 3. толығымен; ~ harm/injury дене жарақаты; ~ security жеке адамның дербес құқықтылығы.
BODY
1. орган; ұйым; 2. топ; коллегия; 3. негізгі бөлім (құжаттың);
4. жиынтық, кешен; 5. дене, өлік; 6. (заң шығарушы актілердің) жиынтығы; ~ corporate корпорация, заңды тұлға, құқықты ұйым; ~ corporate and politic муниципалдық корпорация; ~ of justice сот төрелігінің негізгі принциптері; ~ of laws құқықтық нормалардың жиынтығы; ~ of legislation заң шығарушы орган; ~ of the crime қылмыс құрамы; artificial ~ заңды тұлға; auxiliary ~ көмекші орган; deliberative ~ кеңесші орган; examining ~ 1. ревизиялық комиссия;
2. сараптама комиссиясы; heir of the ~ төменгі сызық бойынша мұрагер; law enforcing ~ 1. құқық қолданатын орган; 2. полиция органы; law-making/legislative ~ заң шығарушы орган; oversight ~ бақылау органы; protective ~ қорғаушы орган.
BODY-GUARD
жеке күзет; оққағар.
BOGUS
1. жасанды, жалған, өтірік.
BOGY
мәлімет беріп тұрушы.
BOLSTERING
1. жәрдем, көмек; 2. дәлелді тараптың дұрыс пайдаланбауы.
BONA FIDE
лат. 1. адал ниетпен, әділетті, жалған емес; 2. адал ниетті, әділетті;
– error абайсызда кеткен қате.
BONA FIDES
лат. адал ниеттілік, әділеттілік.
BOND
1. міндеттеме, ақшалай міндеттеме, қарыз міндеттемесі; облигация; бона; 2. қамсыздандыру, кепілзат; 3. міндеттемемен қамтамасыз ету; 4. кепілхат; кепілдік; 5. кепілхат беру; 6. баж салығы төленгенше затты кеденде қалдыру; 7. кепілдік беруші, кепілгерлік; 8. түрме, түрмеге тоғылу; ~ for appearance келу туралы жазбаша міндеттеме; ~ for costs іс бойынша шығындарды төлемді қамтамасыз ету туралы міндеттеме; ~ for title кейінге қалдыру шарты бойынша құқықтық лауазымды өткізу шарты; ~ of appeal жауапкер жақтың апелляция бойынша жұмсалған шығындарын өтеу міндеттемесі; ~ of obligation қарыз міндеттемесі; ~ rating облигация бағамы; ~ refunding облигация шығару арқылы қосымша қаржыландыру; ~ to bearer ұсынушыға облигация; appeal ~ апелляциия қанағаттандырылмаған жағдайда апеллянттың шығындарды төлеу жөніндегі міндеттемесі; appearance bail ~ кепілгерлікпен сотқа келу міндеттемесі; verage ~ апаттық жазылым, апаттық бонд, апаттық кепілдік; bail ~ жауапкер тараптың сотқа келу кепілгерлігі; claim ~ шешім шығарылуына байланысты борышқордың талап бойынша мүлкін өткізу туралы міндеттемесі; cost ~ қозғалған іс бойынша шығындарды өтеу міндеттемесі; custom(s) ~ кедендік жүк қағазы; double ~ шартты ақшалай міндеттеме; forthcoming ~ шешім шығарылуына байланысты борышқордың талап бойынша мүлкін өткізу туралы міндеттемесі; general mortgage ~ корпорацияның барлық мүлкіне кепілхат; guarantee/indemnity ~ кепілдік міндеттеме; government ~s мемлекеттік облигациялар; hypothecation ~ ипотекалық кепілхат; legal ~ құқықтық байланыс; mortgage ~ ипотекалық кепілхат; official ~ қызметтік міндеттерді өз деңгейінде орындау туралы жазбаша берілген міндеттеме; participating ~ түсімді бөлуге қатысуға құқық беретін облигация; penal ~ айыптық тұрақсыздық төлемін төлеу туралы міндеттеме; redelivery ~ сот арқылы берілген мүлікті уақытша иелену туралы міндеттеме; registered ~ атаулы облигация; simple ~ 1. шартсыз ақшалай міндеттеме; 2. айыппұлсыз ақшалай міндеттеме; single ~ шартсыз ақшалай міндеттеме; submission ~ аралық сот жазбалары; supersedeas ~ апеллянттың шешімді орындауды қамтамасыз ету және шешімнің орындалуын кейінге қалдыру шығынын өтеу міндеттемесі; surety ~ кепіл берушінің жауапкер тараптың сотқа келуі жөніндегі міндеттемесі.
BONDED
1. облигациямен қамтамасыз етілген, міндеттемемен қамтамасыз етілген; 2. кеден қоймасында кепілзатпен қалдырылған тауар.
BONDHOLDER
облигация иесі, облигационер.
BONDSMAN
кепіл беруші; bail ~ кепілзатпен кепіл беруші.
BONIFICATION
салықтан босату.
BONIS NON AMOVENDIS
лат. даулы заттың орнын өзгертпеу туралы сот бұйрығы.
BONUS
1. бонус; премия; өтемақы; 2. жеңілдік; 3. қосымша дивиденд, үстеме; 4. бағасынан жоғары төленген сома; ~ – job кесімді жұмыс.
BOODLING
коррупция, жемқорлық, пара алу.
BOOK
1. кітап, журнал (жазуға арналған); 2. кітапқа енгізу, тіркеу; 3. сот құжаттары; 4. кеме жалдау; ~ of act мұрагерлік іс туралы сот отырысының хаттамалары (АҚШ-та); ~ of complaints шағым кітапшасы; ~ of precedents сот отырысының жинағы; accounts ~ бухгалтерлік кітап; bring to ~ тіркеу; business ~ сауда кітабы; cash ~ кассалық кітап; check ~ чек кітапшасы; employment ~ есеп кітапшасы; judgement ~ сот шешімдері жазылған кітапша; juror's ~ алқа билер тізімі; jury ~ нақты істерді қарастыруға таңдап алынған алқа билер тізімі; marriage notice ~ некелесуді хабардар ететін кітап; saving ~ жинақтау кітапшасы.
BOOKED
1. тапсырыс берілген, жалданған; 2. кейінге сақталған, тіркелген, хаттамаланған.
BOOKKEEPER
есепші, бухгалтер.
BOOKKEEPING
бухгалтерлік есеп.
BOOKMAKER
букмекер (тотализатор ойынында тігілген ақшаны қабылдайтын адам).
BOOT
кіріс, түсім; ұтыс.
BOOTLEGGER
шектеулі айналымдағы алкогольдік сусындар және басқа тауарларды заңсыз сататын саудагер, бутлегер.
BOOTLEGGING
бутлегерлік; шектеулі айналымдағы алкогольдік сусындар және басқа тыйым салынған тауарларды заңсыз шығарушылық.
BORDER
1. шекара; 2. шектес болу; ~ search шекарадағы тексеру.
BORDERLAND
шекара жолағы, сызығы.
BORN
туылған, дүниеге келген; ~ out of wedlock заңсыз туылған; ~ posthumously әкесінің немесе шешесінің өлімінен кейін туылған бала.
BOROUGH
қала, қала ауданы, өзін-өзі басқаратын; ~ English қозғалмайтын заттың кіші балаға өтуі; county ~ қала үлгісіндегі аудан; metropolitan ~ астаналық елді мекен, астаналық муниципалдық аудан (Лондонда); municipal ~ 1. өзін-өзі басқаратын қала; 2. Нью-Йорк аймағы.
BORROW
1. біреуден қарызға ақша алу; 2. шеттен алу, алып пайдалану; ~ at high interest үлкен пайызбен қарызға ақша алу.
BORROWED CAPITAL
қарыз капиталы.
BORROWER
қарыз алушы, несие алушы.
BORROWING
қарыз, несие.
BORSTAL
борстал (Ұлыбританияда 16-20 жастағы қылмыскерлерге арналған пенитенциарлық мекеме); open ~ ашық үлгідегі борсталдық мекеме; training ~ қамаудағы жастардың түзету мақсатындағы оқыту борсталы.
BOTE
өтемақы.
BOTTOMRY
бодмерея, теңіз қарызы, теңіз кепілі (капитанның кеме иесінен кемені, жүкті кепілге алуы).
BOUND
1. шекара; 2. шектес болу; 3. шектеу; 4. шек қою; 5. міндетті, міндеттемемен байлаулы болу; ~ to service әскери міндетті; constitutional ~ Конституция қызметінің шегі; lawfully/legally ~ заң тұрғысынан міндетті; outward ~ пенитенциарлық мекемеден тыс күзетілетін, қамаудағылар жұмыс істейтін аймақ.
BOUNDARY
1. шекара, меже, шек, белгі; 2. шекара белгісі; fiscal ~ies салық округі, аймағы; magisterial ~ies сот округі; maritime ~ теңіз шекарасы; natural ~ табиғи шекара; state ~ мемлекеттік шекара.
BOUNTY
1. субсидия; үкімет сыйлығы; 2. жүлде сыйлығы.
BOURSE
қор биржасы.
BOX
1. жәшік; 2. жәшіктерге салу; 3. сотта куәгерлік түсініктеме беретін орын; ballot ~ сайлау урнасы, жәшігі; jury ~ алқа билер орындығы; prison ~ түрме боксы; prisoner's ~ сотталушы орындығы; safe-deposit ~ құнды заттарды сақтауға арналған банктегі сейф; sweat ~ карцер; witness ~ куәгерлік түсініктеме беретін орын.
BOYCOTT
1. бойкот, жуымау, елеп-ескермеу; 2. бойкот жариялау, шет қақпайлау; put under ~ бойкот жариялау; set up а ~ бойкот жариялау.
BRANCH
1. бөлім, өкілдік; филиал; 2. туысқандық тамыры; 3. сала; executive ~ атқарушы билік; intelligence ~ барлау қызметі; judicial ~ сот билігі; legislative ~ заң шығаратын билік.
BRAND
1. тауар белгісі, сауда маркасы; фабрика белгісі; 2. тауар белгісін, фабрика белгісін қою; таңбалау; 3. сорт, сапа.
BREACH
1. бұзу (құқықты, шартты, заңды, міндеттемені); 2. жауапкердің міндеттемені бұзғаны көрсетілген талап-арыз бөлігі; 3. бұзылуы (қатынастардың); ~ in anticipation орындау мерзіміне дейінгі шарттың бұзылуы; ~ of close бөтен территорияға заңсыз кіру, иелену құқығын бұзу; ~ of confidence білдірілген сенімді бұзу; ~ of contract/covenant шартты, келісімді бұзу; ~ of discipline тәртіпті бұзу; ~ of duty міндеттемені бұзу; ~ of faith 1. ерлі-зайыптының опасыздығы; 2. сенімді теріс пайдаланушылық; ~ of justice әділетсіздік, сот әділдігі принциптерін бұзу; ~ of law заңды бұзу;
– of obligation міндеттемені орындамау; – of prison түрмеден қашу;
– of probation order соттың сынақ туралы бұйрығын бұзу; – of recognizance 1. сотта берілген міндеттемені бұзу; 2. кепілдікті бұзу;
– of the peace қоғамдық тәртіпті бұзу; – of trust сенімді иеленушінің өз міндеттемелерін орындамауы; – of trust by officer қызметтегі адамның сенімді теріс пайдалануы; anticipatory – орындалу мерзімі жеткенше шартты бұзу; severable – жартылай бұзу.
BREAD
1. нан; 2. өмір сүруге қажетті амалдар; earn/make one's ~ күнкөрісті табу.
BREADTH
көлем, аумақ, деңгей (қорғаудың, құқықтың, т.б.).
BREAK
1. бұзу (құқықты, шартты, заңды, міндеттемені); 2. бұзылуы (қатынастардың); 3. күйреу, қайыршылық күйге түсу, банкротқа ұшырау; ~ one's back банкротқа ұшырау, күйреу; ~ an entail қозғалмайтын мүліктен адалау, мүліктен айыру және мұрагерлер санын шектеуді алып тастау; ~ off relations қатынастарды бұзу;
– the case шешім шығару алдындағы кеңесу (сот төрешілері туралы); – the public peace қоғамдық тәртіпті бұзу; prison – түрмеден қашу; tax – салық міндеттемесін бұзу.
BREAKAGE
сынудан болған залал; сынықтың өтемақысы.
BREAKER
заң бұзушы; ~ of the peace қоғамдық тәртіпті бұзушы; law ~ заң бұзушы; prison ~ түрмеден қашушы, тұтқыннан қашушы.
BREAKING
1. сынық, ақау, бұзу, бүлдіру; 2. сындыру; ғимаратқа заңсыз, баса көктеп кіру кезінде тосқауылдарды жеңіп шығу; ~ the case сот төрешілерінің шешім шығармас бұрын кеңесуі; actual ~ тосқауылдарды нақты жеңіп шығу; rule ~ норманы, ережені бұзу.
BREAK-OUT
1. түрмеден қашу; 2. бөгденің сындырып кірген үйін заңсыз қалдырып кету.
BREATH SPECIMEN
сарап, алкогольдің бар екенін тексеретін үрлеуіш түтікше.
BREVE
лат. 1. сот бұйрығы; өкім; 2. жолдау.
BREVET
патент; мадақтау қағазы.
BRIBE
1. пара; 2. пара беріп сатып алу; пара беру, ұсыну; ~ an official қызметтегі адамға пара беру; get/take a ~ пара алу; give a ~ пара беру; giver of а ~ пара беруші; pass a ~ параны делдал арқылы беру; outright ~ нағыз пара.
BRIBEGIVER, BRIBER
пара беруші.
BRIBERY
парақорлық; параны беру немесе алу; business ~ бизнес саласындағы парақорлық; commercial ~ сауда саласындағы парақорлық; judicial ~ сот төрешісін пара беріп сатып алу; official ~ қызметтегі адамға пара беру; outright ~ нағыз парақорлық; passive ~ пара алу; tax ~ салық салу саласындағы парақорлық.
BRIBETAKER
пара алушы.
BRIBETAKING
парақорлық.
BRIDEWELL
түзету мекемесі.
BRIEF
1. қысқа, ықшамдалған; 2. мәлімет, қысқаша түйін; 3. түйіндеу, қысқаша түйіндеме; 4. істі қысқа түрде жазбаша баяндау; 5. істі адвокаттың жүргізуіне тапсыру; адвокатқа нұсқаулар беру; ~ of appellee жауапкердің апелляция бойынша қысқа хаты; ~ on appeal амер. адвокаттың іс бойынша апелляциялық сотқа қысқа хаты; 2. сот төрешісінің жауапкерге талап-арыз бойынша түсіндірме беру туралы ұсынысы; defendant's ~ жауапкердің іс бойынша қысқа хаты; dock ~ жағдайы жоқ адамға сот тағайындаған тегін қорғаушы; have plenty of ~s тәжірибесі мол болу (адвокат туралы); hold а ~ сотта барристер ретінде іс жүргізу; take а ~ 1. соттағы іс жүргізуді қабылдау; 2. сотта біреуді қорғау; trial ~ іс бойынша меморандум (істі жүргізетін адвокат үшін).
BRIEFING
брифинг; істің негізгі мәселелері талқыланатын қысқа отырыс; нұсқау беру; court ~ соттың қысқа отырысы.
BRIGAND
қарақшы, бандит, тонаушы.
BRIGANDAGE
қарақшылық, бандитизм, тонаушылық.
BRING
1. әкелу, жеткізу; 2. іске асыру; 3. бір нәрсені деңгейіне дейін жеткізу; 4. іс қозғау; талап ету; ~ a case before the court сот ісін қозғау, сотқа беру; ~ an action талап ету; ~ a suit іс қозғау; ~ a witness куәгерді таныстыру; ~ before the bar сотқа беру, сотқа жүгіну;
– charges айып тағу; – evidence айғактар келтіру; – in 1. енгізу
(нормалар туралы); сотта қарауға беру; 2. импорттау; ~ indictment айыптау актін көрсету; ~ in guilty айыпты деп табу; ~ money into court сот депозитіне ақша салу; ~ to account 1. жауапқа шақыру, түсінік алу; 2. тергеуді бастау; ~ to bear қысым көрсету; ~ to justice сот құзыретіне беру; ~ to responsibility жауапкершілікке шақыру; ~ to ruin ойсырату, күйрету, кедейшілікке әкелу; ~ to terms келісімге келтіру; ~ to trial сотқа шақыру; ~ up 1. талқылау; 2. тұтқындау;
3. айыптау; сотқа шақыру; ~ within the reach қолжетімді ету.
BROADEN
кеңейту (құқықты, қорғау деңгейін).
BROCAGE
1. делдал марапаты, делдал сыйақысы; 2. делдалдық.
BROKER
брокер, делдал, коммерциялық агент, өкіл, маклер, комиссионер; ~s board амер. қор; bill ~ вексельдік делдал; chartering ~ кемедегі жүк жалдау делдалы; commission ~ брокер-комиссионер; commodities ~ тауар делдалы; custom-house ~ кедендегі делдал; discount ~ вексельдік делдал; exchange ~ шетел сатып алу, сатудағы агент, қор биржасындағы маклер; insurance ~ сақтандыру делдалы; merchandise ~ тауарды сатып алу, сатқандағы делдал; real-estate ~ қозғалмайтын мүлікпен жұмыс істейтін делдал; share ~ қор биржасындағы маклер; ship ~ кемедегі маклер; stock ~ қор биржасындағы маклер.
BROKERAGE
1. брокерлік сыйақы; 2. делдалдық, маклерлік.
BROKING делдалдық іс, делдалдық, маклерлік.
BROTHEL
жеңіл жүрісті әйелдер үйі.
BRUIN
1. жалған тиын; 2. жалған, жасанды.
BRUTALITY
қатыгездік, айуандық.
BUDGET
1. бюджет; қаржылық смета; 2. бюджетте қарастыру; қаржылау; ~ statement бюджет жобасы; consolidated ~ атқарушы билік бюджеті; legislative ~ заң шығарушы биліктің бюджеті.
BUDGETARY бюджеттік.
BUDGETING
бюджетті жасау.
BUGGER
гомосексуал.
BUGGERY
гомосексуалдық жыныстық қатынас.
BUGGING
1. тың тыңдау, электрондық құрылғыларды пайдалана отырып жасырын тыңдау; 2. тың тыңдайтын электрондық құрал.
BUILDER
құрылысшы; ~ and contractor құрылыс мердігері.
BUILDING
1. құрылыс; 2. құрылыс жұмыстарын жүргізу; ~ and installation works құрылыс-монтаж жұмыстары; ~ expenses құрылыс шығындары.
BULK
1. көлем, масса; 2. ірі көлемді жүк; ~ mortgage мүлікке көтерме кепілхат; in ~ ірі көлемде.
BULL
1. «бұқа»; бағаны көтеретін биржадағы саудагер; 2. бағаны көтеру үшін саудалау; бағаны көтеру; ~ the market биржада бағаны көтеру.
BULLETIN
бюллетень; voting ~ сайлау бюллетені, дауыс беруге арналған бюллетень.
BULLION
алтын немесе күміс кесегі.
BULLY
1. жалданған адам өлтіруші; 2. қуғындау, артына түсіп алу; қорқыту; басып тастау.
BUMBAILIFF
сот приставы, сот приставының көмекшісі.
BURDEN
1. ауыртпалық, масыл; 2. масыл болу, ауыртпалық, қиналту;
3. міндеттеме; қарыз; 4. айыптау; ~ commerce саудада ауыртпалық тудыру; ~ of contract шартты орындау міндеттемесі; шартты орындау ауыртпалығы; ~ of establishing негіздеу қиындығы; ~ of (producing) evidence айғақтарды көрсету қиындығы; ~ of proof/proving дәлелдеу қиындығы; legal ~ заң ауыртпалығы; real ~ зат мәселесіндегі ауыртпалық; жер телімі ауыртпалығы.
BURDENSOME
ауыртпалық әкелетін, қиындық тудыратын.
BUREAU
бюро, бөлім, басқарма, комитет; detective ~ іздеу бюросы; narcotic ~ амер. полицияның нашақорлықпен күрес бюросы; rackets ~ амер. полицияның тонаушылық топтармен күресу бюросы.
BURGLAR
бөтеннің үйіне түн кезінде тонаушылық оймен есігін бұзып кіруші.
BURGLARIOUSLY
бөтеннің үйіне түн кезінде тонаушылық оймен есігін бұзып кіру арқылы.
BURGLARIZE
бөтеннің үйіне түн кезінде тонаушылық оймен есігін бұзып кіру.
BURGLARY
берглэри (бөтеннің үйіне түн кезінде тонаушылық оймен есігін бұзып кіру).
BURGLE
совершать берглэри; заниматься кражами со взломом.
BURKE
1. өлтіру, тұншықтыру; 2. істі жауып қою; 3. басылып шыққанша кітапқа тыйым салу.
BURN
өртеу, өрт қою.
BURNING
қасақана өрт қою.
BURST
1. жарылу; 2. күйреу; банкротқа ұшырау; to ~ the door (the safe) сейфті, есікті бұзу; ~ – up күйреу, кедей болу, жұтау.
BUSINESS
1. іс, мамандық; 2. сауда-өндіріс, шаруашылық қызмет, іскерлік;
3. мәміле; 4. Сауда-өндіріс кәсіпорны, фирма; ~ affected with a public interest қоғамдық мүдделерді қозғайтын іс; ~ calculations шаруашылық есеп айырысу; ~ corporation коммерциялық құрылым;
– enterprise коммерциялық кәсіпорын; – expense өндіріс шығындары; ~-friend клиент, тапсырыс беруші; корреспондент; – law сауда құқығы; – manager коммерциялық директор; – of crime қылмысты іс; amount of – сауда айналымы; be out of – банкротқа ұшырау; branch – филиал, бөлімше (фирманың); carry on – in smth. бір нәрсе сату; chamber – сот төрешісінің сот отырысынан тыс әрекеті; conduct/operate – істі жүргізу; controlled – мемлекет бақылайтын шаруашылық іс; crime – қылмыстық іс; exchange – шетел валютасымен жасалатын биржалық іс; forward – жедел мәмілелер; future – фьючерстік (мерзімді) мәміле; illegal/illicit – заңсыз іс, бизнес; legislative – заң шығаратын қызмет; legitimate/licit – заңды бизнес; margin – саудагерлік мәміле; own – істі жүргізу; regulate – істі басқару; remunerative – пайдалы мәміле; stock – қор биржасындағы мәміле; take – істі қарау; transact – 1. іскерлік операциялар жүргізу; 2. сотта істі қарау.
BUST
күйреу; банкротқа ұшырау.
BUY
сатып алу; ~ and sell agreement сатып алу, сату шарты; ~ for cash қолма-қол ақшаға сатып алу; ~ on credit несиеге сатып алу; ~ over пара беріп сатып алу.
BUYER
сатып алушы.
BUYING
сатып алу; bulk ~ жаппай сатып алу; installment ~ несиеге сатып алу.
BUYOUT
акцияның бақылау пакетін сатып алу.
BY-EFFECT
жанама нәтиже; қарсы әрекет.
BY-ELECTION
қосымша сайлау.
BY-LAW
1. жарғы немесе ішкі нормативтік актілер (корпорацияда); 2. заң күшіндегі акт; 3. жергілікті билік органының қаулысы.
BYPASS
заңды айналып өту, заңсыз әрекет жасау.
BYWORK
1. қосымша жұмыстар; 2. қосымша жұмыс істеу.