Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан ХІІІ-ХVІІІ ғасырлардың алғашқы ширегінде. 2-кітап

Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан ХІІІ-ХVІІІ ғасырлардың алғашқы ширегінде. 2-кітап
Автор книги: id книги: 803839     Оценка: 0.0     Голосов: 0     Отзывы, комментарии: 0 370 руб.     (3,61$) Читать книгу Купить и скачать книгу Купить бумажную книгу Электронная книга Жанр: Зарубежная образовательная литература Правообладатель и/или издательство: КазНУ Дата публикации, год издания: 2016 Дата добавления в каталог КнигаЛит: ISBN: 978-601-04-1634-5 Скачать фрагмент в формате   fb2   fb2.zip Возрастное ограничение: 0+ Оглавление Отрывок из книги

Реклама. ООО «ЛитРес», ИНН: 7719571260.

Описание книги

«Қазақстан (Қазақ елі) тарихы» деген атпен жарық көріп отырған 4 кітаптан тұратын университеттердегі тарих мамандығы бойынша маманданатын бакалавр студенттерге арналған оқулықтың екінші кітабы ХІІІ-ХVІІІ ғасырлардың алғашқы ширегінде Қазақстан тарихының мәселелерін оқытуға арналған. Бұл оқулық моңғол шапқыншылығы дәуірінен, Қазақ хандығының мемлекеттік құрылым ретінде қалыптасып және күйреуіне дейінгі тарихи оқиғалар мен күрделі үдерістерді қамтиды. Оқулықта мемлекет құрушы қазақ халқының ұлт ретінде қалыптасу тарихы, оның ата-бабаларының ұлттық мемлекеттер – қағанаттар, ордалар мен хандықтар құру жолындағы күресі, отандық тарих ғылымында тәуелсіздік жылдарында қалыптасқан жаңа тарихи көзқарастар және ғылыми айналымға қосылған тарихи деректер жаңа методологиялық ұстанымдар аясында қарастырылған. Оқулықта тарихи суреттер, карталар және тарихи ескерткіштердің бейнелері кеңінен пайдаланылды. Ол студенттердің практикалық жұмыстарына қажетті сұрақтармен, өзіндік жұмыс тапсырмаларымен және негізгі әдебиеттер тізімімен жабдықталған.

Оглавление

Коллектив авторов. Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан ХІІІ-ХVІІІ ғасырлардың алғашқы ширегінде. 2-кітап

АЛҒЫ СӨЗ

I бөлім. ЕУРАЗИЯ АУМАҒЫНДАҒЫ ХIII-ХVIII ҒАСЫРААРААҒЫ ҰЛЫСТАР МЕН ОРдАЛАР

І тарау. ҰЛЫ ЛАЛАДА МОҢҒОЛ БИЛІГІНІҢ ОРНЫҒУЫ ЖӘНЕ ҰЛЫСТАРЛЫҢ ҚҰРЬІЛУЫ

§ 1. Орта Азия мен Қазақстан аумағы моңғол-түрік империясы құрамында

§ 2. Ұлы Даладағы саяси-әлеуметтік өзгерістер қорытындылары

ІІ бөлім. АЛТЫН ОРДА (ЖОШЫ ҰлЫСЫ) ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНДАҒЫ МАҢЫЗЫ

§ 1. Алтын Орда (Жошы ұлысы) тарихы бойынша деректер және зерттеулер

§ 2. Жошы ұлысы. Алтын Орданың құрылуы және 1312 жылға дейінгі саяси тарихы

§ 3. Алтын Орданың гүлденуі мен нығаюы (1312-1359 ж.)

§ 4. Алтын Орда тарихындағы дағдарыс және оның ыдырауы

§ 5. Алтын Орданың мемлекеттік құрылымы және саяси билік

III тарау. ҚАЗАҚСТАН АЙМАҒЫ ШАҒАТАЙ ҰЛЫСЫ ҚҰРАМЫНДА

§ 1. Шағатай ұлысындағы моңғол хандарының саясатындағы екі бағыт

§ 2. Шағатай ұлысының құрылуы мен ыдырауы

IV тарау. ШЫҒЫС ДШП-ҚЫПШАҚТАҒЫ ХІV-ХV ҒАСЫРААРДАҒЫ ЭТНОСАЯСИ ӨЗҒЕРІСТЕР

§ 1. Ақ Орда мемлекетінің құрылуы және этносаяси құрылымы

§ 2. Ақ Орданың ХІV-ХV ғасырлардың алғашқы жартысындағы саяси тарихы

§ 3. Ақ Орда және Көк Орда жөніндегі тарихи концепциялар

§ 4. Ноғай Ордасының құрылуы мен күшеюі

§ 5. «Көшпелі өзбектер» мемлекетіндегі этносаяси үдерістердің дамуы

V тарау. ҚАЗАҚСТАН АЙМАҒЫ МОҒОАСТАН ҚҮРАМЫҢАД

§ 1. Моғолстан мемлекетінің аумағы, этникалық құрамы

§ 2. Алғашқы моғол билеушілері және олардың ішкі-сыртқы саясаты

§ 3. XIV ғасырдың үшінші ширегі және XV ғасырдың басындағы Әмір Темірдің шапқыншылығына қарсы күрес

§ 4. ХІV-ХV ғ. басындағы Моғолстанның ішкісыртқы саясаты

§ 5. XV ғасырдың алғашқы ширегі-ХV ғасыр аяғындағы Моғолстан

VI тарау. ХІІІ-ХV ҒАСЫРЛАРДАҒЫ РУХАНИ ЖӘНЕ МАТЕРИАЛЛЫҚ МӘЛЕНИЕТ

§ 1. Діни нанымсенімдер. ХІV-ХV ғасырлардағы ислам. Көшпелілердің исламдануының дискретті сипаты

§ 2. ХIII-ХV ғасырлардағы Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың қала мәдениетінің дамуындағы архитектура мен өнер

XII тарау. ХIII-ХV ғ. АЛҒАШҚЫ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ЭТНОҮДЕРІСТЕР ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ АЯҚТАЛУЫ

§ 1. Қазақстан аумағына шығыстағы тайпалардың қоныс аударуы

§ 2. ХІІІ ғ. ортасы мен XIV ғ. ортасына дейінгі Дешті Қыпшақ аумағындағы қыпшақтану үрдісіне әсер еткен факторлар

§ 3. Қыпшақтану үрдісіндегі исламның рөлі

§ 4. ХІV-ХV ғ. этноүдерістер және қазақ халқының қалыптасуының аяқталуы

§ 5. «Қазақ» сөзінің мәні мен мазмұны туралы

III бөлім. ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНДАҒЫ ХАНДЫҚ ДӘУІР

І тарау. ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ДЕРЕКТІК НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАСУ КЕЗЕҢДЕРІ

§ 1. Қазақ хандығының құрылуына қатысты деректер және зерттелуінің мәселелері

§ 2. Керей мен Жәнібек – Қазақ хандығының негізін қалаушы хандар

§ 3. Қазақ хандығы құрылуының барысы мен кезеңдері

§ 4. Қазақ хандығының құрылуының тарихи маңызы

§ 5. Қазақ жүздері туралы

II тарау. ХV-ХVІІІ ғ. БАСЫНЛАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНЛЫҒЫНЫҢ САЯСИ ТАРИХЫ

§ 1. XV ғасырдың алғашқы ширегіндегі Қазақ хандығының дамуы

§ 2. XVI ғасырдың екінші ширегіндегі Қазақ хандығының «уақытша әлсіреу» кезеңіндегі саяси тарихы

§ 3. Хақ-Назар хан тұсындағы Қазақ хандығының саяси дамуы

§ 4. Шығай мен Тәуекел хандардың тұсындағы саяси өзгерістер

§ 5. Есім хан тұсындағы Қазақ хандығының саяси тарихы

§ 6. Жәңгір хан және қазақ-жоңғар қатынастары

§ 7. XVII ғасырдың екінші жартысындағы-ХVIII ғасыр басындағы Қазақ хандығы

§ 8. Тәуке хан тұсындағы сыртқы саяси байланыстардың дамуы

III тарау. ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ӘАЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ (ХV-ХVIII ғ. БАСЫ)

§ 1. Қалалар мен елді мекендер

§ 2. Қазақ халқының шаруашылығы және оның түрлері

§ 3. Кәсіпшілігі, қолөнері

§ 4. Қазақ халқының әлеуметтік құрылымы

§ 5. Әлеуметтік топтар мен категориялар

§ 6. Салық және салық түрлері

§ 7. Сауда, айырбас және ақша айналымы

IV тарау. ХМ-ХМІІІ ғ. БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХААҚЫНЫҢ 3МАТЕРИААДЫҚ ЖӘНЕ РУХАНИ МӘДЕНИЕТІ

§ 1. Қазақ халқының материалдық мәдениеті

§ 2. Қазақ халқының рухани мәдениеті

СЕМИНАР САБАҚТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ

СОӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ

СӨЖТАҚЫРЫПТАРЫ

ГЛОССАРИЙ

БИБЛИОГРАФИЯЛЫҚ ТІЗІМ

Отрывок из книги

Тарихтың бұған дейінгі даму жолы мен бет-бейнесін аса зор өзгеріске ұшыратқан ең ірі тарихи оқиғалардың қатарында моңғол жаулап алушылығы дәуірін ерекше атап көрсетуге болады. Халықтар мен тайпалардың орын ауыстыруы, олардың көші-қон бағыттарының өзгеруі, бұрынғы ру-тайпалық жүйенің күйреуі және т.б. өзгерістер ағымы осы кезеңдегі тарихи дамудың сипатын да анықтап берді.

Шыңғыс ханның Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияны жаулап алу жорықтарын бастауының сылтауы – «Отырар опаты» деген атпен тарихта қалған оқиғадан бастау алғаны белгілі. Парсы тарихшысы Джувейни қаңлы тайпасынан деп атап көрсететін Отырар қаласының билеушісі Қайыр хан моңғол ханы жіберген сауда керуенін тыңшылық жасады деген күдікпен қырып салған болатын. Әрине, мемлекетаралық елшілік қарым-қатынастар тұрғысынан алғанда, Қайыр ханның бұл әрекеті ешқандай жөн-жоралғыға сыймайтын еді. Сондықтан Шыңғыс хан «әділетті» түрде Қайыр ханды ұстап беруді талап етті. Ал өз тарапынан Мұхаммед Хорезмшах бұл талапты орындау былай тұрсын, бұл елшілерді де өлтіруге бұйрық берді. Мұхаммед Хорезмшах өз әрекетінің қандай салдарға апарып соғарын айқын білгені белгілі. Бірақ ірі мемлекеттің тәжірибелі басшысының мұндай әрекетке баруына қандай жағдайлар себеп болды деген заңды сұрақ туындайды. Бұл сұраққа ортағасырлық тарихшы ан-Насави былай деп түсініктеме береді: «Ол оған (Қайыр ханды Шыңғыс ханға – авт) жөнелте алмайтын еді, өйткені әскердің көп бөлігі мен жоғары дәрежелі әскербасылар соның (Иналханның) қыпшақ туыстары болатын. Оның кестесіндегі өрнекті және оның түйінінің негізін солар жасап, оның мемлекетінде толық билік жүргізді»1. Басқаша айтқанда, негізгі әскери тірегі қыпшақтар мен қаңлылардан құралған Хорезмшах олардың өкілдерін жазалауға да дәрменсіз еді. Себебі бұған дейін Хорезмшах Дешті Қыпшақтағы тайпаларды бағындырып, олардың орталығы Сығанақты өз билігін мойындауға мәжбүр етті. Сығанақ иелігіндегі саяси үстемдік негізінен қаңлылар мен қыпшақтарға тиесілі еді. Тіпті, ХІІ-ХІІІ ғасырлардың басында қаңлылардың елеулі саяси күшке айналғандығы соншалықты олар қыпшақ хандығының саяси бытыраңқылығын тудырған негізгі себептердің біріне айналған. Ал өз кезегінде Хорезмшах сөз жүзінде ғана билігін мойындаған қыпшақтар мен қаңлыларды өзіне тәуелділікте ұстау үшін олардың ақсүйектерін бірте-бірте өз жағына тартып, олармен құда-жекжаттық байланыстар орнатып, өз саясатын қолдайтын сословиелік топ құруды ұстанды. Осылайша, бірте-бірте Хорезмшахтардың қаңлылар мен қыпшақ хандарының руларынан әйел алатын дәстүрі берік қалыптасты. Хорезмшах мемлекетіндегі қаңлылар мен қыпшақтар оның негізгі әскери тірегіне айналып, тіпті оның мемлекеттік саясатына үлкен ықпал жасайтын күш болды. Әбілғазы баһадүр ханның жазуынша Хорезмшахқа келіп нөкер болған елу-алпыс мыңдай2 және т.б. кезендердегі қаңлылар осындай беделге ие болған еді. Мәселен, XIII ғасырдың басында қаңлылардың басшысы Әмин Мәлік Хорезмшах сарайындағы ең ықпалды тұлғалардың бірі болды. Ал ад-Дин Мұхаммед Хорезмшах оның қызына үйленген. Оның баласы ержүрек сұлтан Жалал ад-Дин де қаңлы тайпасының қызына үйленген. Қаңлыдан шыққан көптеген билеушілер осы кезеңдегі ортағасырлық қалалардың басшылары қызметіне тағайындалған еді.

.....

4. «Ұлы дүрбелең» жылдарындағы Алтын Орда мен Ақ Орданың қарым-қатынастарының сипаты қандай болды?

Алтын Орданың мемлекеттік құрылымын қарастырмас бұрын, ең алдымен, моңғолдар өздерінің мемлекетін қалай атады және мемлекетті қоршаған көршілер оны қалай атаған деген сауалдарға жауап беру қажет.

.....

Добавление нового отзыва

Комментарий Поле, отмеченное звёздочкой  — обязательно к заполнению

Отзывы и комментарии читателей

Нет рецензий. Будьте первым, кто напишет рецензию на книгу Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан ХІІІ-ХVІІІ ғасырлардың алғашқы ширегінде. 2-кітап
Подняться наверх