Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап
Реклама. ООО «ЛитРес», ИНН: 7719571260.
Оглавление
Коллектив авторов. Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап
АЛҒЫ СӨЗ
I бөлім. ДЕРБЕС ЕЛ БОЛУ ҮШІН КҮРЕС
I тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСЕЙГЕ БОДАН БОЛУ ҚАРСАҢЫНДА
§ 1. XVIII ғасырдың бірін ші ширегіндегі Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық және ішкі саяси жағдай
§ 2. XVIII ғасырдың 30-50 жылдары Ресей империясының Қазақстанда жүргізген саясаты
§ 3. XVIII ғасырдың 40-80 жылдары. Қазақстан шекаралас аймақтармен қарымқатынас жүйесінде
§ 4. XVIII ғасырдың екінші жартысындағы Ресей үкіметінің саясаты
§ 5. Қазақтардың Е. Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуы
§ 6. Сырым Датұлы бастаған Кіші жүздегі ұлтазаттық көтеріліс (1783-1797 ж.)
ІІ тарау. ХІХ ҒАСЫРДЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫСЫНЛАҒЫ ҚАЗАҚСТАН
§ 1. ХІХ ғасырдың бірін ші жартысындағы Қазақстанның ішкі саяси жағдайы
§ 2. Қазақстанда ресейлік әкімшіліксаяси жүйенің енгізілуі
§ 3. ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы
§ 4. ХІХ ғасырдың бірін ші жарты сындағы Ре сейдің Орта Азиядағы саясаты
§ 5. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ халқының ұлтазаттық қозғалысы
§ 6. Қазақ жерлерін отарлаудың аяқталуы
III тарау. ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІ
§ 1. Көшпенді қазақ халқы ның рухани мәдениетінің ерекшеліктері
§ 2. Қазақстандағы ресейлік ғылыми мекемелер мен қоғамдардың қызметі
§ 3. Көш пе нді қазақ халқы ның материалдық мәде ниеті
ІV тарау. ҚАЗАҚСТАНААҒЫ РЕСЕЙ ИМПЕРИЯСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК-САЯСИ РЕФОРМАЛАРЫ
§ 1. Реформаның дайындалуы. Дала комиссиясы
§ 2. ХІХ ғасырдың 60-жылдарындағы әкімшілік реформалардың мазмұны
§ 3. 1886-1891 жылдардағы реформалардың дайындалуы
§ 4. ХІХ ғасырдың 80-90 жылдарындағы реформалардың мазмұны
V тарау. ОТАРЛАУ ЖЫЛЛАРЫНЛАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҰАТТЫҚ ҚҰРАМЫНЛАҒЫ ЭТНОЛЕМОГРАФИЯЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР
§ 1. Қазақстандағы қоныс аудару үдерісі (ХІХ ғасырдың 60-90 жылдары – ХХ ғасыр басы)
§ 2. Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісуға қоныстануы: олардың көшірілуінің себептері мен шарттары
§ 3. ХІХ ғасырдың соңындағы Қазақстан тұрғындарының этнодемографиялық сипаты
§ 4. 1916 жылғы ұлтазаттық көтеріліс
§ 5. ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағы ұлттық қозғалыс
§ 6. Ресейдегі 1917 жылғы ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстандағы қоғамдықсаяси өмірге әсері
ІІ бөлім. КЕҢЕСТІК ҚАЗАҚСТАН
І тарау. ҚАЗАҚСТАН ҚАЗАН ТӨҢКЕРІСІ ЖӘНЕ КЕҢЕС ҮКІМЕТІНІҢ ОРНАУЫ КЕЗЕҢІНДЕ
§ 1. Ресейдегі Қазан төңкері сі және оның Қазақстанның саяси өміріне ықпалы. Алаш партиясының демократиялық бағдарламаны жасауы
§ 2. Түркістан (Қоқан) автономііясының құрылуы және тұтас Түркістан идеясы
§ 3. Қазақстан азамат соғысы жылдарында (19181920 ж.)
§ 4. Қырғыз (Қазақ) АКСР-дың құрылуы
§ 5. «Соғыс коммунизм» саясаты және аштық
§ 6. Өлкедегі 1921-1922 жылдардағы жер-су реформасы
§ 7. Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат: оның жетістіктері мен қайшылықтары
ІІ тарау. ҚАЗАҚСТАНААҒЫ ӘМІРШІЛ-ӘКІМШІЛ РЕФОРМАЛАР ЖӘНЕ ОЛАРАЫҢ САЛААРЛАРЫ
§ 1. Қазақстан индустрияландыру жылдарында
§ 2. Қазақстан ұжымдастыру кезеңінде
§ 3. Бай қожалықтарын тәркілеу және оның саяси-экономикалық салдарлары
§ 4. Қазақстандағы ауқатты шаруа қожалығын жою
§ 5. Меншіктен айыруға және күштеп ұжымдастыруға қарсы халық наразылықтары
§ 6. Күштеп отырықшыландыру мен ұжымдастыру зардаптары
§ 7. Күштеп ұжымдастыру жылдарындағы Қазақстандағы аштық
ІІІ тарау. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ӨМІРІ. МӘДЕНИЕТ, БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫАЫМ
§ 1. Партиялық-мемлекеттік биліктің Қазақстанда орнығып нығаюы және оның салдары
§ 2. Әміршіл-әкімшіл жүйенің Алаш қайраткерлеріне шабуылы және 1937-1938 жылдардағы жаппай қуғындау шаралары
§ 3. Мәде ниетте большевиктік ұстаным ның үстемдік алуы
§ 4. Сауатсыздықпен күрес
IV тарау. ҚАЗАҚСТАН ОТАН ҚОРҒАУ СОҒЫСЫ Ж^ІАДАРЫНЛА (1939-1945 ж.)
§ 1. Отан қорғау соғысының басталуы және экономиканы соғысқа бейімдеу
§ 2. Майдандағы қазақстандықтар
§ 3. Жеңіске тыл еңбеккерлерінің үлесі
§ 4. Соғыс жылдарындағы Қазақстандағы мәдениет пен ғылым
V тарау. КЕҢЕСТІК ӘКІМШІЛ-ӘМІРШІЛ ЖҮЙЕНІҢ КҮШЕЮІ (1946-1953 ж.)
§ 1. Республика экономикасын соғыстан кейінгі бейбіт өмірге көшіру
§ 2. Авторитарлық жүйе құрбандары. Шығармашыл зиялыларды қысымға алу. «Бекмаханов ісі»
§ 3. Депортация
§ 4. «Жылымық» жылдарындағы Қазақстан (1954-1964 ж.)
VI тарау. КЕҢЕСТІК ТОТАЛИТАРЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ТОҚЫРАУ ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН (1965-1985 ж.)
§ 1. Қазақстандағы 60-жылдардың екінші жартысындағы экономикалық реформалар және олардың сәтсіз аяқталуының себептері
§ 2. Қоғамдықсаяси және әлеуметтік жағдайдағы дағдарыс
СЕМИНАР САБАҚТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ ҚАЗАҚТАРДЫҢ ДЕРБЕС ЕЛ БОЛУ ҮШІН КҮРЕСІ
КЕҢЕСТІК ҚАЗАҚСТАН
СОӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ
СӨЖТАҚЫРЫПТАРЫ
ҚЫСҚАРҒАН СӨЗЛЕР
БИБЛИОГРАФИЯЛЫҚ ТІЗІМ
Отрывок из книги
XVIII ғ. басындағы Қазақстанның геосаяси жағдайы күрделі болды. Қазақ жүздері оңтүстікте және оңтүстік-батыста Бұхара, сонымен қатар Хиуа хандығымен шектесті. Бұл хандықтарда ішкі саяси тұрақсыздық және өзара қақтығыстар орын алғандықтан, кейіннен күшті мемлекеттердің отарлау объектісіне айналды. Қазақ жері солтүстікте және солтүстік-шығыста Ресей империясының иеліктерімен шектескен еді. Сондықтан қазақтардың ең ұзын шекарасы Ресеймен болды. Төменгі Еділ, Оңтүстік Орал және Сібір халықтары XVI ғасырдың соңынан бастап ресми түрде Ресейдің отары болғанымен, іс жүзінде мемлекеттік жүйеге бірікпеген еді. Сондықтан орыстардың әскери-отарлау әкімшілігі Кіші және Орта жүз қазақтарымен шектескен Еділ қалмақтары, башқұрттар, Сібір татарлары орналасқан жерлерде өзінің бағытын күшейте түсті. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста қазақтар Жоңғар хандығымен шектескен. Мұның өзі онжылдықтар бойы қазақ жеріндегі тұрақсыздыққа алып келді және жоңғарлардың басып алу әрекеттерін күшейтті. Осылайша, мұндай геосаяси үдерістер қазақтардағы көшудің дәстүрлі жолдары мен бағыттарын өзгертіп, жайылымдық жерлер мен жақын аймақтардағы сауда орталықтарын еркін иелену мүмкіндігі үшін өзара қақтығыстардың күшеюіне алып келді. Шиеленістің жаңа толқыны біртіндеп үлкейіп, ол XVIII ғасырдың бірінші ширегінде Қазақстанның, Жоңғарияның, Еділ бойының, Орал маңының, Батыс Сібір мен Орта Азияның барлық этномәдени кеңістігін қамтыды. Енді осыған кеңірек тоқталайық.
XVIII ғасырдың басында Ургадағы жоғары биліктің ауысуы қазақ даласына жоңғарлар тарапынан соғыс қаупін төндірді. Қалдан-Бошоқты қонтайшының билігі кезіндегі (1670-1697 ж.) қақтығыстар келіссөздермен ауысып отырды. Бұл жорықтар Қалдан-Бошоқтының мұрагері Цеван-Рабдан қонтайшының (1697-1727 ж.) тұсында қайта жалғасты1. Қытайдың манчжур әулетімен ыңғайлы саясат ұстануының арқасында жас билеуші ашық кикілжіңге келмей, өз күшін Жоңғарияның солтүстік-батысындағы көшпенді және жартылай көшпенді халықтарға қарсы жинады. Жоңғар шапқыншылықтары бірінен соң бірі жалғасты (1711, 1715, 1717, 1718, 1719 жылдары). Ру-тайпалық және феодалдық талас-тартыстар жүріп жатқан Қазақ хандығына жылдан-жылға күшейіп келе жатқан көрші елдердің басып алу қаупі төнді. Жоңғарлардың Қазақ хандығына ірі шапқыншылығы 1710 жылы басталды. Ұйымдасып, тойтарыс беруді шешу мақсатында Тәуке хан 1710 жылдың күзінде Қарақұмда қазақтың үш жүзінің басын қосып, құрылтай өткізді. Құрылтайдағы басты мәселе жоңғарларға қарсы біртұтас жасақ құру болды. Батырлар рулар мен жүздерден құрылған жасақты біріктіруді жақтады, оның ішінде Бөгенбай батыр ерекшеленіп, ол қазақ жасағының қолбасшысы болып сайланды. Барлық қазақ жүздерінің бірігуі айтарлықтай нәтиже берді. Қазақ жасақтары жоңғарларға қарсы шабуылға шығып, оларды шығысқа ығыстырып, жерлерін қайтарып алды. Бірақ қазақ жүздерінің арасында алауыздық басталды. Бұл іс-әрекеттердің бытыраңқылығына және топтардың бәсекелестігіне алып келді. 1713-1716 жылдары жоңғарлар Қазақ хандығына қайта басып кірді. 1717 ж. Аягөз өзенінің жоғарғы ағысында қазақтардың жеңілісімен аяқталған үш күндік шайқас болды. 1718 жылы жоңғарлар Жетісу арқылы Арыс, Бөген, Шаян өзендерінде қоныстанған қазақтарға шабуыл жасады. Олардың мақсаты қазақ хандарының ордасы Түркістанды басып алу болды. Қазақ-жоңғар қатынастарының келесі бір күшейген кезеңі қазақтар үшін қайғылы болған «Ақтабан шұбырындымен» байланысты. Жоңғарлардың жоспарланған үздіксіз шабуылы қазақ халқы тарихында «Ұлы жұт жылдары» деп аталды. Ол 1723 жылы көктемде жүзеге асырылды. Жоңғарлар өздерін шығыстан қауіпсіздендіріп және қазақтардың алауыздығын пайдалана отырып, барлық күшін біріктіре жорыққа аттанды. 1723 жылы көктемде 70 мыңдық әскері бар жоңғарлар Қаратау таулары арқылы Талас өзенінің аңғарына басып кірді. Қазақтар жоңғарлардың бұл уақытта шабуыл жасағанын күтпегендіктен, қыстауларынан көшуге дайындық жүргізіліп жатқан болатын. Өте жақсы дайындалған Хуно Дабо бахадүр және әскербасы Әмірсананың басшылығымен жоңғар әскері Алатауды басып өтіп, ерлер мен әйелдерді түгелдей қырып, қыздарды күңдікке алып кетті. Қазақтың Ұлы және Орта жүздері малы мен дүние-мүлкін тастап, Самарқан мен Ходжентке, ал Кіші жүздің қазақтары Хиуа мен Бұхараға шұбыра көшті. 1724-1725 жылдары жоңғарлар Түркістан мен Ташкентті басып алып, оны талқандады. Жоңғарлардың бұл ірі шапқыншылығының сәтті болуының себебі олардың аяқ астынан қазақтарға шабуыл жасап, әскери дайындығының жоғары деңгейде болуынан еді. Сөз жоқ, жоңғарлар қазақтардың әлі қыстауда отырғандығын және тез арада жасақ құра алмайтындығын біліп, осы қолайлы сәтті таңдаған болатын. Жақсы қаруланған жоңғар әскерінің шайқастағы тәжірибесі мол еді. Әскер қару-жарақпен ғана емес, зеңбіректермен де жабдықталды, сондай-ақ қалмақ әскерлерінің қытай әскерлеріне қарсы көпжылдық соғыс тәжірибесі болды.
.....
Кенесары Қасымұлының әскері халық батырлары мен феодалдық жасақ – төлеңгіттерден құралды. Кенесары әскері құрамында қазақ жүздеріндегі ықпалды да танымал батырлар болды. Олардың қатарында Шұбыртпалы руынан Ағыбай (Орта жүз – Қарқаралы), Сүйіндік руынан Жанайдар батыр (Орта жүз – Баянауыл), қыпшақ руынан Иман Дулатұлы (Амангелді батырдың атасы) (Орта жүз – Торғай), табын руынан Жоламан Тіленшіұлы (Кіші жүз – Сырдария), Дулат руынан Бұғыбай батыр (Ұлы жүз – Жетісу, Жамбыл), Дулат руынан Саурық батыр (Ұлы жүз – Жетісу), Атығай руынан Аңғал батыр (Орта жүз – Көкшетау), Қыпшақ руынан Басығара батыр (Орта жүз – Ақмола).
Батырлар арасында танымал болған Кенесарының апасы Бопай ханша еді. Көтерілістің алғашқы күнінен бастап-ақ белсенділік танытып, кейін көтеріліске қатысуға күйеуі Сәмеке мен оның туыстары – Сөртек сұлтан мен Досан Әбілқайыр ұлдарын да шақырады. 1837 жылы ұсынысын қабыл алмаған күйеуі бөлек кетіп, 17 жасар ұлымен тағдырын байланыстырды және көтеріліске қатысудан бас тартқан сұлтандардың саудасы мен мүлкін тәркілеп, зекет салығын жинап отырған 500 адамдық әскерін басқарды. Бопай Кенесарының барлық жиналыстарына қатысып, оның ірі қозғалыстарына араласты және жау тылын бағдарлайтын жекеленген партизандық топ жұмысында болды.
.....