Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышарттары және қалыптасуы. 4-кітап
Реклама. ООО «ЛитРес», ИНН: 7719571260.
Оглавление
Коллектив авторов. Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышарттары және қалыптасуы. 4-кітап
АЛҒЫ СӨЗ
І бөлім. ҚОҒАМДЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨМІРДІ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН (1985-1991 Ж.)
§ 1. Әлеуметтік-экономикалық дамудағы дағдарыстық құбылыстардың етек алуы
§ 2. Қоғамдықсаяси өмір мен ұлт саясатындағы бұрмалаушылықтар. 1986 жылғы желтоқсан көтерілісі
§ 3. Ауған соғысының тарихы (1979-1989 ж.)
§ 4. КСРОның ыдырауы және ТМД-ның құрылуы
ІІ бөлім. ҚАЗАҚСТАН – ҚААЫПТАСҚАН ТӘУЕАСІЗ МЕМАЕКЕТ
І тарау. ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚҰРЫЛУЫ ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАСУЫ
§ 1. Мемлекеттік тәуел сіздіктің жариялануы мен рәміздердің қабылдануы
§ 2. Мемлекеттік институттардың қалыптасуы
§ 3. Конституциялық реформалар
§ 4. Мемлекеттік шекара және ұлттық қауіпсіздік
ІІ тарау. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫҢ КАЗАҚСТАНДЫҚ ҮЛГІСІ
§ 1. Нарықтық қайта құрудың бастапқы кезеңі
§ 2. Қазақстандағы эко номикалық өзгерістердің өрлеу кезеңі және олардың нәтижелері
§ 3. «Индустриялықинновациялық даму» стратегиясы және оны жүзеге асыру
§ 4. Экономиканың аграрлық секторын дамыту
§ 5. Сыртқы экономикалық ынтымақтастық және инвестициялық қызмет
ІІІ тарау. ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҢҒЫІРТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ҮДЕРІСТЕР
§ 1. Халықтың өсу деңгейі және өмір сүру сапасы
§ 2. Халықтың әлеуметтік-демографиялық және этникалық құрылымындағы өзгерістер
§ 3. «Нұрлы көш» бағдарламасы және отандастардың елге оралуы
§ 4. Білім мен ғылымның дамуы
IV тарау. ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ҮЛЕРІСТЕР
§ 1. Қоғамдық-саяси өмірді демократияландыру
§ 2. Азаматтық қоғамның, оның саяси және қоғамдық институттарының дамуы
§ 3. Эт носаралық жә не конфессияаралық қатынастар: қазақстандық қоғамның тұрақты дамуының негіздері
§ 4. Жастар саясатының негізгі бағыттары
V тарау. ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ РУХАНИ ЖАҢҒЫРУЫ
§ 1. Тарихи сана мен патриотизмнің қалыптасуы
§ 2. Қазақстан Республикасының қазақ тілін қайта өркендету саясаты
§ 3. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы
§ 4. Діни-мәдени қайта құ рудың қиын шылықтары мен қайшылықтары
VI тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБАИКАСЫ ӘАЕМЛІК КАУЫМААСТЫКТА
§ 1. Қазақстанның халықаралық аренаға шығуы
§ 2. ҚР сыртқы саясатының негізгі факторлары мен бағыттары
§ 3. Қазақстан Республикасы және халықаралық ұйымдар
§ 4. Қазақстан және интеграциялық үдерістер
§ 5. Қазақстан мен әлемдік және аймақтық қауіпсіздік мәселелері
СЕМИНАР САБАҚТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ ҚАЗАҚСТАН – ҚАЛЫПТАСҚАН ТӘУЕЛСІЗ МЕМЛЕКЕТ
СОӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ
ӨЖТАҚЫРЫПТАРЫ
ГЛОССАРИЙ
ҚЫСҚАРҒАН СӨЗЛЕР
БИБЛИОГРАФИЯЛЫҚ ТІЗІМ
Отрывок из книги
1980 жылдардың басында Кеңес Одағындағы дағдарыс пен тоқырау тереңдей берді. Әкімшіл-әміршіл басқару әдісі елді дағдарыстан алып шығуға дәрменсіздігін көрсетті. Халық шарушылығындағы жоспарлы экономика жүйесі тиімсіз екені айқын көрініс берді. Бұдан кеңестік қоғамның саяси-экономикалық жүйесіне түбегейлі реформалар жасау талабы туындады.
1985 ж. наурыз айында КОКП Орталық комитетінің (ОК) пленумында Бас хатшы болып М.С. Горбачев сайланды. Ол сол жылдың сәуір айында өзінің «қайта құру» бағытын жариялады. Горбачевтің «қайта құруы» әйгіленген жүйелік дағдарысты «тоқырау» құбылысы ретінде белгілеп, қоғамды осы кеселден айықтыратын ем-дом іздестіруге бағыттады.
.....
Теміртау қаласындағы мотоатқыштар батальонының командирі, 1981-1983 жылдары айрықша мақсаттағы отряд командирі болып Ауған соғысына қатысты. Ауғанстан териториясында өжет офицер ретінде «Қара майор» аты шығып, Б. Керимбаев басы үшін моджахедтер көлемді сыйақы тағайындады. Соғыстан кейін КСРО ҚК әр түрлі бөлімінде қолбасшылық қызметтер атқарды. Қызыл ту және т.б. наградалардың иегері. Бүгінгі таңда отставкадағы полковник.
Керімбаев Борис Төкенұлы Ауған соғысына айрықша мақсаттағы отрядты басқарып барған. Арнайы отрядтың өзіндік ерекшелігі, оның құрамының басым көпшілігі мұсылман жігіттерінен жасақталды. Б. Керімбаев басшылығындағы мұсылман жігіттерінен жасақталған айрықша мақсаттағы бұл отряд екі жыл ішінде Ауғанстандағы Ахмад шах Масуд қожалық еткен әйгілі Паншер провинциясында сан қилы соғыс операцияларына қатысты. Ауғанстанда абыройы асқақтап тұрған дала қолбасшысы А. Масудпен келіссөз жасасқан да осы – Б. Керімбаев.
.....