Читать книгу Тау мен теңіз ертегілері. Отқоректі құбыжық - - Страница 4

Желаяқ Шухай
3

Оглавление

Бұл менің ғарышта алғаш рет болуым, керемет әсерде болдым. Қалай түндірсем екен? Кішкентай кезімде танысқан Шухай ағаны аз да болса түсінген сияқтымын…Өзі қайда жүр екен? Хәлі қалай екен? Біздің барлау спутнигімізден сәл ақау шығып тұр, мен капсуладан шығып, сол мәселені өзім шешуіме тура келді. Қандай мәселе екенін түсіндіру қиындау болып тұр. Мысалмен айтатын болсақ, ойыншық электрлік көліктің бұрандаларының бірі босап қалды дейік, оны бұрап қоюға тура келеді. Әйтпесе, электр көлігі істен шығып қалады.

Мен шешкелі отырған мәселе – осы босап қалған бұранда тәрізді мәселе.

Бұранданы бұрай салу оңай, бірақ кабинадан шығу қиын болып тұр. Бұл Шухай ағайдың кезінде біздің үйдің төбесіне жүріп шыққаны, трансформатордың үстінен жүргенімен ұқсас нәрсе. Мен өзім солай деп ойлаймын.

Ол қалайша сонша сабырлы болды? Қадамынан ешбір қобалжудың нышаны білінбейтін еді?..

Мен оның «Олай жүру деген оп-оңай шаруа» деген сөзі есімде жақсы сақталды.

Оның сөздері маған жігер бергендей болды. Мен кеудемді керіп, екі қолымды сермеп, нық қадам басып шыққандай болдым… мұным өзіме күлкілі көрінді. Негізі мен қадамды нық баса алмадым, қанша түзу жүруге тырыссам да, аяғымды қисалақтатып, әрең басып келемін. Бала кездегі шығармалардан оқығанымыздай, мен мақтаның үстімен жүргендей болдым.

Осыншама жыл өтсе де, Шухай ағайды ұмытқан емеспін.

Әйтеуір ол менің рухани ұстазым сияқты болады да тұрады.

Ол әлемді қадамымен өлшей алады екен, мен не себепті өз әдісімді пайдаланып, осы қызықты әлем туралы көбірек білуге тырыспаймын? Сөйтіп, мен ғалым болдым. Денсаулығым жақсы болды, жаяу жүру менің хоббиім еді, сол себепті маған ғарышкер болу мүмкіндігі бұйырды.


Мен өз жұмысымды табандылықпен жасап жүрдім, соның арқасында ғарыштық серуендеу миссиясы маған тапсырылды. Мен мұны мақтан тұтамын, люктен аттаған сәтте, ең бірінші ойыма қадірлі Шухай ағайым түсе кетті.

Мен өзім игерген білімге сүйене отырып, дүниені өлшеудің Шухай ағайдың әдісінен әлдеқайда озық әдістері бар екеніне көзім жетті.

Әлем – мынау жалпақ дүние…

Ол үлкен әлемді қадаммен қалай өлшеп шығады? Қашан өлшеп болады?

Мен өстіп, қиялдап жүріп, кенет біреуді көріп қалдым…

Бұл жерден алыс жатқан алып кеңістік. Экстравехикулярлық миссияны орындауға шыққан жалғыз менен басқа пенде жоқ (ұйымның маған сенім артқаны үшін алғысым шексіз! «Босаған бұрандалардың» мәселесін шешу үшін көп адамның қажеті де жоқ). Ғарышта менен басқа біреу болуы мүмкін емес.

Мен абдырап қалдым, мен бұл ғарыштық галлюцинация болуы мүмкін деп ойладым, өйткені ондай жағдай жиі болып тұрады.

Әдетім бойынша қолыммен көзімді сүртіп-сүртіп жібердім. Біздің оқу-жаттығуға жауапты капитан көзді сүрту, мұрынды сіңбіру, бас қасу сияқты жердегі әдеттерді ғарышқа апармау керекгін талай рет ескерткен болатын… Мен өз-өзіменен күліп, қолымды тарта қойдым. Астронавтың капюшонымен жабылған көзімді жыпылықтатудан басқа амал таппадым.

Мен көзімді жыпылықтатып, ашып-жұмып қарап едім, біреу маған қарай келе жатқанын көрдім.

Шухай ағай екен!

«Достым, сенімен тағы да жолыққаным үшін қуаныштымын!» деген Шухай ағайдың маған дауыстап сөйлегенін алыстан естідім. Ол да толқып тұрған сияқты көрінді.

Ол маған қолын бұлғап тұр, мен де оған қолымды бұлғадым, ғарышкер киімім сәл ебедейсіз болғанымен, өте жеңіл сезілді.

Біз екеуміз ғарышта құшақтастық. Бұл біздің алғашқы құшақтасуымыз.

Оның қолдары сондай қарымды екен.

Мен ғарышта жүріп, жер шарының жылулығын сезіндім, яғни оны көнекөз досымның арқасында сезініп тұрмын.

Ол әлі бұрынғыдай, еш қартаймапты, тіпті менен де жас көрінеді. Өзіне сондай сенімді. Ол кеңістікте жүргені болмаса, бейне тегіс жерде жүргендей жүр.

Ол маған қарағанда әлдеқайда сабырлы, қадамын нық басады, әр қадамын жаңылмай біркелкі алып жүр.

Ол әр қадамын басқан сайын санап келеді, өйткені ол әлемді қадаммен санап шығу ойынан қайтпаған екен.

Бұл оңай емес, ол ғарышқа жетіп қойыпты.

Мен отырған ғарыш кемесі Long March 7 зымыраны арқылы ұшырылған еді.

Ол мені құшағынан босатқан кезде, көз жасқа ерік бердім.

Мен белгілі болған деректі оған айтқым-ақ келді, бірақ айта алмадым. Ол біздегі заманауи ғылыми әдістермен алынған нақты дерекке қол жеткізу үшін тағы қанша жыл еңбектену керек екенін білмейміз.

Мен оның жүрегін жаралап аламын ба деп қорықтым.

Мен оның ынта-жігерін басып тастағым келмейді.

Оның үстіне біздегі деректер дәлме-дәл келе ме? Мұны тексеруге ешқандай мүмкіндік жоқ. Оның өлшеу әдісі қарапайым әрі ежелгі әдіс болғанымен, ол әр қадамын санаудан шаршамайды!


Былайша айтқанда, керек десең, біздің деректі оның деректерімен дәлелдеуге тура келеді.

Оның сапары шексіз әлем сияқты ұлғая береді, ол әрбір қадамын нық та сенімді басып келеді.

– Мұңайма!..8. Біз тағы кездесеміз…9, – деді Шухай ағай.

– Шухай ағай… – деп, мен астыңғы ернімді тістеп жыламауға әрең шыдап тұрмын. – Сіз сәл тынығып алсаңыз қайтеді? Мен сізді ғарыш капсуласына ертіп апарайын. Ғарыштық сусын мен ғарыштық тамақтан дәм татып, демалып қайтыңыз!

– Суық шәй жоқ қой,..2, – деп Шухай ағай қалжыңдады. Оның жүзінен баяғы таныс таныс күлкіні тағы көрдім. – Жұмысыңнан қалма… 3. Бастықтың көзіне түсіп қалма, камера бар ғой! – деп Шухай ағай алыстап кетті, оның қарасы да көрінбейді. Ол бейне сөніп бара жатқан түнгі аспанның жұлдыздары сияқты ғайып болды. «Қош бол!» деп қолымды бұлғап қала бердім.

Түпнұсқаға


сілтеме

«Таулар мен теңіздердің классикасы: Хайвай дун Цзин» кітабында: «Аспан патшасы Шухайға жерді өлшеуді бұйырды. Шухай шығыстағы нүктеден бастап, батыстағы нүктеге дейін өлшеп шығады. Өлшеудің нәтижесі 500 млн тоғыз жүз мың сегіз жүз қадам болады. Шухай оң қолына есептеу таяқшасын ұстап, сол қолымен Цинцю патшалығының солтүстігін көрсетеді. Тағы бір болжам бойынша, Шухайға жерді өлшеу міндетін бұйырған император Юй болатын. Шухай жер шарын 500 млн тоғыз жүз мың сегіз жүз қадам деп есептеп шығады» деп жазылған.

Тау мен теңіз ертегілері. Отқоректі құбыжық

Подняться наверх