Читать книгу Күйші - Ілияс Жансүгіров - Страница 3
Күйші
III
Оглавление«Тыңдасын домбырамды хан тағында»
Деп келген сорлы күйші атағына.
Айтылып хан жарлығы кете берді,
Қақтығып орданың бір шатағына.
Ілініп ханның байлау, матауына,
Азат бас айналды оңай ата құлға.
Күйшіні ертіп келіп есік ашты,
Мақпал бау, манат ойған отауына.
«Алдияр!» ауызына азар түсті,
Алақтап алды-артына назар түсті.
Кіргендей болып кетгі бір сарайға,
Алтын мен жібек жайған базар түсті.
Ханыша мынау аппақ сазан түсті,
Көріңді әзірейіл, ажал түсті.
Жыланнан сырға салған жолбарыс қыз
Сықылды жын патшасы дажал түсті.
«Адам ба, осы отырған айдаһар ма?
Ауылдан ажал мені айдаған ба?
«Ақ көбек» күй айтқаны осы болып,
Алдына жарлықпен хан байлаған ба?
Анықта, аңғал көзім байқаңқыра,
Жоқ, өзі түсі жылы, пенде бұ да…»
«Сенікі сонау ірге! – деді ханыша, —
Орын ал, жайлан дағы тарт домбыра!»
Қалтырап буындары, тұрып жүрек,
Жүгінді тізелерін тіреңкіреп.
Жаутаңдап екі көзі, кемсең қағып,
Алдына ханышаның қылды тілек:
– Алдияр, ханыша!
– He айтасың, күйшім?
– Мен үйімді қашан көрем?
– Үйіңде нең қалды?
– Шешем…
– Оны күй біледі!
Сөз бітгі, сонан әрі тілдескен жок,
Қарашаш қайтуына күн кескен жоқ.
Болғанда бүгін мұңда, ертең қайда…
Мекені Кене ханның бір көшкен жұрт…