Читать книгу Алланың 99 көркем есімдері. Қайталау, зікір ету, жаттау, дұғада айту артықшылықтары - М. Адейхан - Страница 3

Алланың көркем есімдерін қалай тез үйренуге болады

Оглавление

Барлығы Алланың 99 негізгі есімдері, сонымен қатар бірқатар қосымша есімдері бар. Бұл атаулардың барлығы Алла Тағалаға тиесілі және бір ғана Жаратушының бар екеніне куәлік етеді.

Күн сайын Алланың көркем есімдерінің мән мағынасына ой жүгіртіп, түсініп күнде қайталау, яғни зікір ету, есімдерді тез жаттауға көмектеседі. Сонымен қатар, дұғаларыңызда көркем есімдерді үнемі пайдалану есте сақтауға тағы жақсы ықпал етеді.

Мысалы, сіз кез келген есімінің мағынасын түсініп, оны күні бойы белгілі мөлшерде қайталау арқылы миыңызға қондыра алу әбден мүмкін. Ал, қайталағаннан кейін дереу осы көркем есімінің құрметіне дуа жасап тілек тілеу де өте сауапты істен болады.

Сонымен, біріншіден, сіз зікір арқылы Жаратушыны үнемі еске түсіріп отырасыз, екіншіден, назарыңызда үнемі алға қойған мақсат бен жоспарларды ұстап жүресіз. Өздеріңіз білетіндей, мақсат қою сүннет болып келеді.

Ең бастысы – жаттауға ниет етіп, Алладан көмек сұрап, әрекет ету – КҮНДЕЛІКТІ қайталау.

Күнделікті қайталаудың (дауыстап немесе іштей) келесі тәсілдері ұсынылады:

– Өзіңізге таңертең, түстен кейін және кешке немесе өзіңізге ыңғайлы уақытта ескерту қойып белгілі бір мөлшерде күні бойы қайталаңыз. Әрбір атаудың сипаттамасында қайталау саны көрсетілген. Бұған ең көп дегенде 15 минутты уақытыңызды жұмсайсыз. Және де сіз өзіңіздің қалауыңыз бойынша қайталау санын көбейте аласыз.

– жұмысқа немесе үйге бара жатқан жолда, бағдаршамда тұрған кезде.

– Көңілге, ойға жағымсыз теріс ойлар келгенде қайталаңыз.

– Қағазға жазу арқылы.

– Автоматты түрде әрекет жасаған кезде, мысалы, үй тазалағанда, тамақ пісіргенде, бір нәрсені жөндегенде кезде қайталаңыз.

– Кезекте тұрған кезде қайталаңыз.

– Табиғатқа тамсанып тұрып, күннің шығуы мен батуына, жаңбыр мен қардың жауғанына, даланың құлпырып гүлдегеніне, аспан мен ай жұлдыздардың әдемілігіне сүйсіне отырып көркем есімдерді қайталаңыз.

– Саябақта серуендеп жүру немесе жүгіру кезінде қайталаңыз.

– Кез-келген ыңғайлы уақытта, бос уақыт пайда болса, қайталаңыз, өйткені бұл әрекет толық дәрет, яғни ғұсылды қажет етпейді.


Егер сіз күн сайын бір есімді қайталап жаттап жүрсеңіз, үш ай және тоғыз күннің ішінде сіз барлық 99 көркем есімдерді жатқа жаттауға мүмкіндік бар.

Егер сіз одан да тез уақытта жаттағыңыз келсе, онда күніне үш есімнен жаттасаңыз не бар бір ай және үш күнде барлық 99 есімдерді жатқа білетін боласыз.


Тағы бір тамаша әдіс – бұл 99 көркем есімдерді жаттауды мақсат тұтып жүрген басқа адамдарға осы мақсатына жетуге қол ұшын беріп бар білімімен бөлісу арқылы өзіңізге де көмектесесіз.

Егер сіз тез үйренудің басқа тәсілдерін білсеңіз және өз жетістігіңізбен бөліскіңіз келсе molisprosi@mail.ru немесе Инстаграмдағы @molisprosi парақшасына жазсаңыз болады.

Алланың көркем есімдерін қайталаудың тағы бір пайдасы – көркем есімдерді еске ала отырып дұға ету сіздің мақсатыңызға жетуге оң әсер етеді.

Алланың 99 көркем есімдері. Қайталау, зікір ету, жаттау, дұғада айту артықшылықтары

Подняться наверх