Читать книгу Алланың 99 көркем есімдері. Қайталау, зікір ету, жаттау, дұғада айту артықшылықтары - М. Адейхан - Страница 4

Дұға етудегі әрекеттер

Оглавление

Алла Тағала сенушілерге Оның көркем есімдерін дұғада қосу арқылы сұрауды, жалбарынуды бұйырды. Және бұл дұғаны қабылдаудың шарттарының бірі.


1. Ниетті – мақсатты анықтаңыз.

Алдымен нақты не сұрайтыныңызды анықтап алыңыз. Сіздің мақсатыңыз қандай? Қандай ниет бар?


2. Алланың көркем есімдерінен таңдап алу.

Алланың 99 көркем есімдерінің ішінен ниет мақсатқа жақын келетін есімді таңдап алыңыз.

«Ең жақсы атаулар Аллаға тән. Оған сол аттармен жалбарыныңдар.» (7 сүре «Әл-Араф», 180-аят).


3. Таңдаған көркем есімді КҮНДЕ ҚАЙТАЛАУ.

Келесі алгоритм бойынша көркем есімді күнделікті қайталаңыз.

а) алдымен өз ниетіңізді айтыңыз (іштей немесе дауыстап).

ә) Пайғамбарымызға с. а. у. салауат айтыңыз.

б) таңдаған есімді (бірнеше есімді де қатарынан алуға болады) қайталап шығыңыз. Қайталау саны әр есімінің сипаттамасында берілген.

в) қайталап болған соң дереу дұға етіп осы көркем есімінің құрметіне қабыл болынуын сұраңыз.

г) соңында Пайғамбарымызға с. а.у салауат айтыңыз.

Және мүмкіндік болса садақа беріңіз.


4. Әрекет ету.

Дұға және әрекет қайықтың екі ескегіне ұқсайды. Бір ескегімен алысқа кете алмайсыз. Сол сияқты жасалған дұға тілектің іс-әрекетсіз орындалуы екі талай. Сондықтан, аз болса да қолыңыздан келетіннің бәрін жасаңыз, кішкентай қадамдар жасаңыз.


5. Нәтиже тек Алладан.

Өздеріңіз білетіндей, тәуекелмен әрекет ету бізден, ал нәтиже Алладан. Себебі, бізге ненің хайыры, берекелі екенін тек Алла ғана біледі. Бұл дегеніміз, қандай нәтиже болса да, бұл сіз үшін ең жақсы нәтиже екенін ұмытпаңыз және оны ризашылықпен қабылдаңыз. Бәрі тек Алланың қалауымен болады.

Алланың 99 көркем есімдері. Қайталау, зікір ету, жаттау, дұғада айту артықшылықтары

Подняться наверх