Читать книгу Алланың 99 көркем есімдері. Қайталау, зікір ету, жаттау, дұғада айту артықшылықтары - М. Адейхан - Страница 5

Алланың 99 көркем есімдері

Оглавление

1. Алла Әлемдердің Жаратушысы.


Алла Тағаланың бар екендігін және Оның иләһи сипаттарын білдіретін есім.


Зікір айту саны:

1000 – Құдайға деген иманы кәміл, сенімі берік бола түседі.

100 – Жұма намаздан бұрын қайталаса қалағаны орындалады.

66 – Түрлі тілек-дұғасы қабыл болады.


2. Әл – ъАлим Бәрін Білуші, Терең білім Иесі.


Болған-болатын, үлкен-кіші, бәрін Білуші. Ол әр нәрсені толық біледі және де Ол білмейтін еш нәрсе жоқ. Алла Тағала білушілердің білушісі. Ол ғайыпты да, көмескіні де біледі.


Зікір айту саны:

150 – Ғылымды оңай меңгереді. Алла Тағала оған білім мен даналықтың есіктерін ашады.

100 – Кімде-кім намаздан кейін «Ия, Алләмәл-ғуйуб» деп шынайы қатты беріліп айтса, жан дүниесі рухани әлемге еніп, сыр пердесі ашылады және шыншыл, ізгі адамдармен тілдеседі.


3. Әл—ъАзиз – Теңдесі жоқ, Ең ұлы, Үстем, Бәріне Құдіретті.


Онымен ешкім теңесе алмайды.


Зікір айту саны:

94 – Дұшпандардан үстем болу үшін оқылады. Таң намазынан кейін қайталап оқып жүрсе, Алла Тағала оны қаржы мәселесінде басқалардан тәуелсіз етеді.

4. Әл – ъАзим – Ең ұлы, аса Зор, кеңшілік Иесі.


Оның мәртебесінің басы да, соңы да жоқ.


Зікір айту саны:


1020 – Қиыншылықтарды жеңетіндей қуатты табандылық береді және оған махаббат киімін кигізіп, құлдарына сүйдіреді, абыройлы және сөзі өтімді кісі болады. Алла Тағала өзінің осы ұлы есімін әрдайым айтып жүрген адамға өзінің күшінен күш береді.


5. Әл – ъАдл Әділ, Әділетті.


Алла Тағала кімге болмасын ешбір әділетсіздік жасамайды. Ол өз шешімдеріне әділ.


Зікір айту саны:

104 – Әділетті болады және рухани және материалдық жағдайы түзеледі.

20 – Жұмаға қараған түн 20 рет қайталаса, оның ықыласы артып, шынайы достары көбейеді.


6. Әл – ъАли – Бәрінен Биік, Асқақ, Жоғары.


Адамдардың сезім, сана және басқа қабілетіне келетін бейнелерден тыс, одан жоғары. Ол әр уақытта биіктікте.


Зікір айту саны:

120 – Надандықтан құтылып, білімі артады және дәрежесі жоғарылайды. Мінез-құлқы жақсарып, сөздері мағыналы болады және ешкім оны төмен санап қорламайды.


7. Әл – ъАфу Аса Кешірімді, ғафу Иесі.


Кешіруші, ғафу етуші, күнәні сауапқа Айналдырушы.

Адамдар жалбарынып кешірім сұрағанда күнәләрін жойып, сауапты істерін қалдырады.


Зікір айту саны:

162 – Ризығы молаяды, қанағатшыл болады және көркем мінезді болады, Алланың кешіріміне бөлінеді.

Бұл есіммен Алла Тағалаға жалбарынып, артынан «Аллаһумма иннәкә ғафуун карим, тухиббуль Ғафу, фағфу ғаннә» десе оның күнәләрі кешіріледі.


8. Әл – Ахир – Ең соңғы, Ақырғы, Мәңгі бар.


Бар екенінің соңы жоқ. Барша жаратылыс қиямет күні қайтыс болғанда Алла Тағала тірі болады. Оның соңы жоқ.


Зікір айту саны:


801 – Ғұмыры ұзақ болады. Физикалық тұрғыда күшті болады және қарсыластарынан басым түседі.

1000 – Алла Тағаланың махаббаты баурап алады, сол адам нәпсіқұмарлықтан арылып, көз жұмғанда иманмен қайтады.


9. Әл – Әууәл – Ең бірінші, Алғашқы, Мәңгі бар.


Бар екенінің басы жоқ. Баршаның алдында. Ол мәңгі тұрады. Оның алдында ешбір зат болған емес.


Зікір айту саны:


43 – Кез келген игі сауапты істе бірінші болады.

Жолға шықпай тұрып оқитын болса, жолаушылығы қиындықсыз өтеді.


10. Әл – Бақи – Мәңгі бақи бар, Мәңгі.


Ол мәңгілік жасайды. Ол тірілмейді де, өлмейді.


Зікір айту саны:


113 – Дені сау және ғұмыры ұзақ болады. Жүрегінде тыныштық орнайды және мал-мүлкінен айырылмайды.

1000 – Егер күніне 1000 рет қайталап жүрсе, Алла Тағала қасіреттен аман сақтайды.


11. Әл – Бари – Жоқтан бар Етуші, Жаратушы.


Жаратқан жаратылыстарына әртүрлі пішін және бейне береді.

Алла әрдайым жаратуда.


Зікір айту саны:


21 – Егер бала таба алмаған әйел 7 күн ораза ұстап «Әл-Бәри», «Әл-Халиқ», «Әл-Мусаууир» деп 21 рет айтып, суға дем салып, ауызын сол сумен ашып, шынайы ықыласпен жалғыз Алла Тағалаға дұға етсе, Алла қаласа, оған Жаратушы осы есімдерінің құрметіне перзент сыйлайды.


12. Әл – Барр – Ізгілік Істеуші, Күллі игіліктің, жомарттықтың Иесі.


Ол ешуақыт жаманшылық істемейді. Құлдарына ізгілік және қамқорлық етеді.


Зікір айту саны:


402 – Қандай жағдай болсын, әрдайым жақсылық ішінде болады. Күллі жаратылыстың жамандықтары мен зиянынан қорғалады.


13. Әл – Бәсит – Кеңейтуші, береке Беруші, Жаюшы.


Өз ризық нығметтерін қалаған құлдарына береді.


Зікір айту саны:

72 – Ризық несібесі мол болады, жүрегіндегі қорқынышы мен уайымынан арылады. Таңғы намаздан соң қайталаса ризық несібесі мол болады және Алла туралы таным-көкжиегі кеңейеді.


14. Әл – Басыир – Бәрін Көруші.


Ол бәрін көреген. Адам және басқа мақұлықтар көрмейтінін бәрін көреді.


Зікір айту саны:

100 – Алла Тағала жүрек көзін ашады.


15. Әл – Бәтын – Жасырын, Ішкі, барлық нәрсені Қамтушы.


Ол жаратылыстарының көзіне көрінбейді. Ол барлығының не ойлап, не қоятынын біледі және олар не нәрсеге ұшырайтындарын меңгеріп тұрады.


Зікір айту саны:

62 – Кең пейілді, нәпсісі өзіне бағынатын болады және жүрегі Аллаға деген сүйіспеншілікке толады.


16. Әл – Баъис – Тірілтуші, Жіберуші, Қайта өмір Беруші.


Өлген соң қайта Тірілтуші. Өлілерді есеп беру үшін тірілтеді. Өз елшілерін (пайғамбарларын) адамдарға жібереді.


Зікір айту саны:

537 – Ерік күші мықты, берік болады және мақсатына жетеді. Жүрегінен Алла Тағала ғапылдық пен қатыгездікті алып тастайды.

Алланың 99 көркем есімдері. Қайталау, зікір ету, жаттау, дұғада айту артықшылықтары

Подняться наверх