Читать книгу Қышқылдық-негіздік әрекеттесу негіздері курсы бойынша әдістемелік нұсқау - Назгүл Дaлaбaевa - Страница 1

АЛҒЫ СӨЗ

Оглавление

Қымбатты химик ұстаздар! Сіздер химия пәнін игере бастағанда шәкірттеріңізді оттек, сутек, сумен таныстырып, бірден олардың табиғатын сипаттайтын алғашқы теориядан бастайсыздар. Оның тарихи сырына үңілетіндей уақыттарыңыз бола бермейді. Химиядай құдіретті ғылымның ілкіалды зерттегені табиғатта кездесетін сан алуан заттар болғаны даусыз. Әуелі тіршіліктің негізіне айналған үйреншікті суды, тамақтың дәмін кіргізетін астұзын, тамақ дайындағанда қолданатын отынды жаққанда қалатын күлді, кейіннен келе жер бетінде тұнып тұрған өсімдіктерді, таудың тастарын тани бастағаны күмән тудырмайды. Соның бірі жүзім өсіріп, одан алынатын сөлді қыш ыдыстарға сақтау кезінде ашып, шарапқа айналғанының куәсі болған. Шарап ыстықтың әсерінен быжып, өзінен-өзі сірке суына айналатындығын байқап, оны тамаққа қосса дәм кіргізетінін біліп, кейбір сырқатқа ем болатынына көзі жетіп, тіпті дәрілік мақсатта да пайдалана бастаған. Сондықтан болар өте ерте замандағы адамзат өкілдері қалдырған қолжазбалардан алдымен сірке қышқылын кездестіруге болады. Латынның сірке суының «асеtium» деген сөзіне үндестіріп қышқылдың атауын «асіd» деп алған.

Бұл әдістемелік нұсқауды дайындаудағы басты мақсат – химия білімі мен ғылымы үшін ерекше маңызды қарым-қатынас құралына айналған қышқылдар, негіздердің ертедегі тарихынан бастап, 20 ғасырдың екінші жартысында жарияланған ғылыми-әдістемелік еңбектердегі жаңалықтар, қышқылдар мен негіздердің алғашқы таныла бастағаннан оның әрі қарай қышқылдық-негіздік өзара әрекеттесулерді түсіндіретін теориялардың механизмдері, болжамдары, салдары оның қажеттігі мен кемшілігі баяндалған.

Бұл қышқылдық-негіздік теориялардың құдіретін оқытушылар, жас ғалымдар мен жалпы ізденушілер қауымына жеткізу үшін, осы кезге дейін химия оқулықтарында жинақталған ақпараттар мазмұнының аздығына орай, қосымша көмекші құрал ретінде әдістемелік нұсқауды ұсынып отырмыз.

Қышқылдық-негіздік әрекеттесу негіздері курсы бойынша әдістемелік нұсқау

Подняться наверх