Читать книгу Қышқылдық-негіздік әрекеттесу негіздері курсы бойынша әдістемелік нұсқау - Назгүл Дaлaбaевa - Страница 3

I тарау. ҚЫШҚЫЛДАР МЕН НЕГІЗДЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ
1.2 Қышқылдар мен негіздер біздің айналамызда

Оглавление

Қышқылдар мен негіздермен күнделікті соқтығысып отырамыз. Жауын-шашынның суы бір қарағанда таза, құрамында қоспалары жоқ сияқты көрінеді. Негізінде оның құрамында біраз заттар еріген. Мысалы, атмосферадан көмірқышқыл газының еруі есебінен ол көмірқышқылының әлсіз ерітіндісі болып табылады. Осы әлсіз қышқылды ерітінді жерге түсіп, жәймен оның құрамындағы кальций мен магнийдің сульфаттарын және карбонаттарын ерітеді. Сондықтан да өзен, көл, бұлақ сулары кермекті болады.

Жазда найзағайдан кейін жауын-шашын суының құрамында азот қышқылы да болады. Ол ауа найзағайдың плазмалық бауының айналасында жануы кезінде түзілетін азот оксидтерінен алынады. Азот оксидтері сонымен қатар ұшақтардың (зымырандардың) реактивті қозғалтқыштарымен жұмыс кезінде, күн сәулесінің радиациясы әсерінен де түзіледі, бірақ олардың негізгі жеткізушісі әзірше найзағай. Жыл сайын жерге жауын-шашын әсерінен 100 млн т азот қышқылы түседі. Бұл аз емес. Қазіргі уақытта мысалы, АҚШ-тың барлық химиялық зауыттары жылына 7-8 млн т азот қышқылын шығарады.

Соңғы онжылдықта жауын-шашын суының құрамында күкірт қышқылының біраз мөлшері байқала бастады. Жанартаулар атқылағанда және отынды жаққанда түзілетін күкіртті газ атмосферада күкірт ангидридіне дейін тотығады. Күкірт ангидриді ылғалдың әсерінен күкірт қышқылын түзеді, ол жауын-шашын немесе қар суының құрамына кіреді. Сондықтан жауын-шашын (қардың да) суының құрамы таза емес. Осы атмосфералық су өзен, көл, бұлақ, құдық суларын сіңіру арқылы бізге күнсайын атмосферадан немесе грунттан түскен қоспаларды жеткізеді.

Біздің тағамымызда қышқылдардың мөлшері аз емес. Жеміс-жидектер, көкөністер, сүт өнімдері, дәмдеуіштер, тұздықтар, дәрі-дәрімектер бізге күн сайын мынадай қышқылдарды жеткізеді: алма, шавель, лимон, бадам, сүт, май, шарап, сірке, аскорбин, камфор, валериан қышқылдарын және т.б. Тіпті, уытты болып саналатын, синиль қышқылын қара өрік, шие, миндаль дәндерін шағып, олардың өзектерімен тамақтанған кез келген адамға таныс. Өзектерінің құрамында болатын бадам (миндаль) қышқылының нитрилі ұзақ шайнау арқылы сөлмен әрекеттесіп, синиль қышқылын түзеді. Оның мөлшері өлшемсіз, бірақ (ащы бадамның иісін) дәмі мен иісін сезуге болады. Сондықтан егер олардың дәндері әлі пісіп жетілмеген өнімдерден немесе былтырғы жылдың өнімдерінен алынған болса, онда олардың өзектеріне қызықпаған жөн.

Бірақ біз қышқылдарды тек үйде ғана кездестірмейміз. Егер жазда орманда құмырсқалардың ұясының жанына отырып қалсақ, онда олар шаққан жеріміз ұзаққа дейін есімізде қалады. Құмырсқа жай ғана тістемейді, ол жарақаттанған жерге құрамында құмырсқа қышқылы бар уытты шашады. Улы темір, мысалы қызғыш құмырсқа осы қышқылдың 70 %-ға дейінгі мөлшерін құрайды. Құмырсқа қышқылы қалақайды күйдіреді Тропикалық өрмекші педипальпида өзінің жауларынан қорғану арқылы оларға 84 % сірке қышқылынан құралатын сұйықтықты атады. Кейбір қоңыздар өздерін қорғау мақсатында күкірт қышқылын шашады екен. Жазық көпаяқтылар одан да жаман синиль қышқылының уын шашады екен.

Заманауи ботаниктерге синиль қышқылын өндіретін және оны түраралас күресте қару ретінде қолданатын өсімдіктердің 800-ден астам түрі белгілі. Көптеген өсімдіктер ванилин, феруленді, оксибензоин, фумар қышқылдарын және т.б. қышқылдарды өсімдіктің басқа түріне қысым көрсету мақсатында бөледі. Өсімдіктердің өз-өзін улау жағдайлары да тіркелген болатын.

Әрине, өсімдіктердің басты жауы – бұл оларды жейтін жануарлар. Олардан қорғану үшін тек тікенектерін ғана емес, химиялық заттарды да қолданады. Бірақ жануарлар да эволюция арқылы уыттарға қайтарғыш өндіреді. Мысалы, ешкілар темекіні жесе де, одан зардап шекпейді. Оларға никотиннің әсері әлсіз екенін байқаймыз. Ал сиырлар оның әсерінен тіпті өліп кетуі де мүмкін. Бұландар кейде шыбынжұтты жейді, бірақ одан өлмейді. Керісінше, олар шыбынжұтты жеу арқылы өздерінің бір «сырқатын» емдейді екен.

Бірақ қышқылдардың табиғаттағы ең маңызды қызметі тау жыныстарын бұзу мен топырақ жасау болып табылады. Таулы және тау етегінде орналасқан аудандарда мүктер мен қыналар қаптап кеткен қойтастарды (мұз дәуірінен қалған тау жынысты үлкен домалақ тастар) кездестіруге болады. Егер қойтастың бетін ақырын алып тастаса, онда мүктер қабатынан ұнтақтарды байқауға болады. Қалайша гранит – беріктік белгісі – сосын одан топырақ пайда болатындай ұнтаққа айналып кетті? Бұның бәрі қыналардан бөлінетін қышқылдардың әсерінен екен. Оларды қына қышқылы деп атайды екен.

Басқаша айтқанда, тек қыналар ғана емес, басқа да көптеген өсімдіктер топырақ ұнтақтарын ерітіп (қышқылдар қатысынсыз), олардан өздеріне керек мыс, кобальт, темір, бор, никель, марганец және т.б. микроэлементтерді алады.

Қышқылдардың адам ағзасындағы рөлі өте маңызды және алуантүрлі. Аскорбин, фоли, орот, пангам, никотин және т.б. қышқылдары дәрумендер болып табылады. Фосфор қышқылы өзінің кальцийлі, магнийлі және стронцийлі тұздары түрінде сүйектің, тістің және тырнақтың негізгі құраушы материалы болып табылады. Аминқышқылдары бір-бірімен әртүрлі сәйкестікте қосылып, көптеген ақуыздарды түзеді. Ал олардан өз кезегінде біздің ағзамыздың барлық тіндері құралады. Адамның алмасу өнімдерінде сүт, алма, янтарь, сірке және т.б. қышқылдар бар.

Тұз қышқылының жұмысы да аз емес. Ол асқазанда пепсиноген ферментін белсендендіреді, бұл фермент өз кезегінде асқазанның қосымша бөліктеріне тағам арқылы түскен басқа ақуыздарды бөледі. Сосын бұл бөліктерден біздің жасушаларымыз, біздің ағзаға қажет, өздерінің ақуыздарын құрады.

Сонымен қатар, тұз қышқылы күшті бактерицид. Асқазанға тағам арқылы түскен бактериялардың көбісі тұз қышқылының әсерінен жойылады. Сондықтан дәрігерлер емделушінің асқазан шырынының қышқылдығы төмен болғанына бекер уайымдамайды. Бұл жағдайда емделуші тұз қышқылының әлсіз ерітіндісін ішуге мәжбүр.

Арам өлікпен қоректенетін құстардың асқазан шырынының қышқылдығы өте жоғары екендігі қызық. Бұл оларға миллиардтаған микробтармен күресуге көмектеседі.

Асқазандағы қышқылдың мөлшері денсаулыққа әсер ететінін халық ертерек түсінген болатын. Қышқыл квас пен қышқыл сүт өнімдері бұрыннан көптеген халықтың рационында үлгілі орын алған. Мынадай дәйекті айтпай кетуге де болмайды. Егер науқас адамның асқазанындағы ісіп қызару процесі жоғары қышқылдықтан болса, қатерлі ісікке шалдығу қаупі болмайды. Өзіміз көргендей, ағзамыздағы қышқылдың қызметі маңызды дәрежеде денсаулығымызбен байланысты.

Адам өмірінде негіздердің де рөлі аса маңызды. Кальций гидроксидінің немесе сөндірілген ізбестің мыңдаған тоннала-ры құрылыс ерітінділерін, сылақ материалдарын, хлор ізбесін дайындауға жұмсалады. Қоршаған ортаның ластануының ал-дын алу үшін, өндірістік кәсіпорындарынан шығатын қышқыл ағын суларды бейтараптауда да біраз мөлшері қолданылады. Бұдан да көп мөлшері КСРО кезінде шамамен 50 млн га жеткен қышқылды батпақ жерлерді бейтараптауға жұмсалады. Ізбестеу жүргізбесе, мұндай жерлердің астық өнімділігі төмен болады.

Натрий, калий және литий гидроксидтерінің біраз мөлшері сода, сақар, сабын және т.б. заттарды өндіруге жұмсалады. Олардан сілтілік металдарды алады, сілтілі аккумуляторлар үшін электролит ерітінділерін дайындайды. Сілтілердің бірталай мөлшері сүт және консервілер зауытында шыны ыдыстарды жуу үшін жұмсалады.

Хром, марганец, темір, кобальт және мыс гидроксидтері негізінде көркемдік бояулардың көп мөлшерін дайындауда қолданылады. Ал никель гидроксидінен сілтілі аккумуляторлар пластинасын қысады.

Суда еритін негіздер – сілтілер залалсыздандырушы әсерге ие. Мұны химиктер әуелден білген. Сілтілердің концентрлі ерітінділерімен олар мысалы, улы жылан шаққанда немесе құтырған ит тістеген жағдайда жарақатты емдеу үшін қолданған. Қазір мұндай жағдайда басқа құралдарды қолданады. Бірақ сілтілер микробтарға қарсы жақсы қолданылады, мысалы сүт құйылған бөтелкені жууға және сол сияқты т.б. жағдайларға қолданылады.

Теңіз суының құрамындағы тұзға байланысты, теңіз суы да сілтінің әлсіз ерітіндісі болып табылады екен. Бұл әсіресе тұздың көптеген мөлшерін шығаратын, өзен жағасына жақын аудандарда байқалады. Осындай әлсіз сілтілі ортада теңіз өсімдіктерінің фотосинтез процесі белсенді болады. Теңіз бен мұхит суларының сілтілігі жағадан алыс жерде төмен, оған сәйкес теңіз өсімдіктері мен жануарлары да аз. Өзен суы теңіздің тіршілік иелерін қызықтырмайды, себебі ол сілтілік емес қышқылдық әсерге ие. Тіпті теңіз акулалары да теңізден алыс өзен сағасына шығуға тәуекел етпейді, ал мысалы, Днепр немесе Амурде шомылып жүрген адамдар сегізаяқ, тұтасқанатты кездестірмейді.

Қышқылдық-негіздік әрекеттесу негіздері курсы бойынша әдістемелік нұсқау

Подняться наверх