Читать книгу Қазіргі заман кезіндегі Азия мен Африка елдерінің тарихы (1945–2012). II бөлім - Рыскелді Мырзабекова - Страница 1

АЛҒЫ СӨЗ

Оглавление

Әлемдік отарлық жүйенің жойылуы, Азия мен Африканың бұрынғы отар және жартылай отар елдерінің метрополиялар арасындағы тамыры тереңге кеткен әлеуметтік-экономикалық, сауда, мәдени байланыстарды жаңа сатыдағы ынтымақтастыққа негізделген қатынастарды қайтадан орнатуды күн тәртібіне қойды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қалыптасқан жаңа әлемдік тәртіптің биполярлы жүйесінің жойылуы салдарынан өзгерістерге ұшырауы ұлан байтақ отарлық иеліктерді иемденген әлемнің жетекші алпауыт мемлекеттерін халықаралық қатынастар жүйесінде көздеген мақсаттарына жету жолында жаңа әдістер мен тәсілдерге жүгінуге мәжбүрледі.

Жаһандану үрдісінің қарқын алуы жағдайында Азия мен Африка елдері арасындағы көп қырлы байланыстардың гуманитарлық, сауда-экономикалық және ғылыми салаларының екі тарапқа да бірдей әділ орнатылуына ұжымдық дипломатия форматында өткізілген бірнеше кезеңдерден тұратын келіссөздер негіз қалап берді.

Тәуелсіздіктерін жеңіп алған Азия мен Африка елдері өздерінің саяси және экономикалық бостандықтарына қолдарын жеткізгенімен егемендіктерінің алғашқы жылдарында үлкен саяси және экономикалық тоқырауға ұшырау қаупі алдында тұрды. Тамыры бірнеше ғасырларға кеткен экономикалық, саяси және мәдени байланыстардың нашарлауы Азия мен Африка елдері және Еуропаның отарлық мемлекеттері үшін нағыз сын болды. Жаңа тәуелсіз мемлекеттердің экономикасында жаппай құлдырау байқалды. Бұл құбылыстың ары қарай жалғаса беруі үлкен гуманитарлық апаттарға ұрыну қаупін тудырды. Азия мен Африканың тәуелсіз мемлекеттері өздерінің саяси құрылысы мен экономикалық даму моделін таңдау алдында тұрды. Бірақ бұл мемлекеттердің басым бөлігі өздерінің болашақтағы тағдырын бұрынғы метрополиялармен байланыстыруды жөн көрді.

Қазіргі кездегі Азия мен Африка елдері әлемнің дамыған елдері арасындағы сан-саланы қамтитын ынтымақтастық байланыстар мен халықаралық қатынастар тәжірибесінде ұжымдық дипломатияның жаңа саласы ретінде көрініс беруде.

Сонымен қатар ххІ ғасырда адамзат басынан кешіріп жатқан кедейшілік, жергілікті немесе аймақтық қақтығыстарға ұласып жатқан тұрақсыздық жағдайлар, демократиялық құндылықтар мен адам құқықтарын қадірлеу сияқты мәселелер Азия мен Африканың бірқатар елдерінде әлі де болса шешімін таппай келеді.

Қазіргі заман кезіндегі Азия мен Африка елдерінің тарихы (1945–2012). II бөлім

Подняться наверх