Читать книгу Қазіргі заман кезіндегі Азия мен Африка елдерінің тарихы (1945–2012). II бөлім - Рыскелді Мырзабекова - Страница 5

XX ҒАСЫРДЫҢ 40 ЖЫЛДАРЫ МЕН XX ҒАСЫРДЫҢ БАС КЕЗІНДЕГІ ҚИЫР ШЫҒЫС ЕЛДЕРІ
§ 3. Солтүстік Корея

Оглавление

КХДР-дағы социалистік жаңарулар (1953-1956). Корей түбегіндегі соғыс (1950-1953) аяқталған соң кхДР-дың басты мақсаты соғыста күйреген шаруашылықты қалпына келтіру болды. Әскери қимылдардың салдарынан Солтүстік кореяның негізігі қалалары, өндіріс орындары, коммуникация желілері мен суландыру құрылыстары қирап қалған болатын. Мысалы, ел астанасы Пхеньянда тастан салынған бір ғана ғимарат аман қалды. Елді қайтадан қалпына келтірумен бірге корей Еңбек партиясының Орталық комитеті социалистік жаңартуларды жалғастыруды, атап айтқанда, ауыл шаруашылығын кооперациялауды жеделтеуге шешім қабылдады. кСРО, Қытай және басқа да социалистік елдердің көмегімен ел шаруашылығын қалпына келтіру жаңа техникалық негізде жүзеге асырылды. Бұл еңбек өнімділігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік берді. Ел шаруашылығын қайтадан қалпына келтіру жылдарында Солтүстік кореяда 240 кәсіпорын қайтадан қалпына келтіріліп, жаңадан 80 мекеме іске қосылды. 1956 жылдың тамызына қарай еңбек өнімділігі соғысқа дейінгі (1949) деңгеймен салыстырғанда екі есе өсті. Ауылшаруашылығын қайта құру жұмыстары да табысты жүргізілді. Ең алдымен елдің агаралық секторының негізін құрайтын суармалы жерлерді (дамбалар, бөгеттер, су айдайтын бекеттер, каналдар) реконструкциялау жұмыстыры атқарылды.

Шаруашылық пен бейбіт өмірді қалпына келтірудегі табыстар халық бұқарасына білім алуға есік ашқан мәдени революцияны жүзеге асыру кЕП пен оның жетекшілігінің ел ішіндегі беделін күшейтті. Осы жылдар ішінде ким Ир Сеннің «халықты жеңістенжеңіске бастайтын дана көсем» ретінде жеке басына табыну пайда болды. Оның 1930-шы жылғы жапон басқыншыларына қарсы партизандық қозғалыстағы рөлі асыра көрсетіліп, ел ішінде ол коммунистік идеяға жан-тәнімен берілген адам ретінде дәріптеле бастады.

КХДР-дың 1957-1985 жылдардағы экономикалық және саяси дамуы. Солтүстік кореядағы социалистік жаңарулар табысты жүзеге асырылып жатқан жағдайда 1956 жылдың сәуірінде кЕП-тің ІІІ съезі өтті. Ол елдің «социалистік индустрализацияға» бағыт алғандағын белгілеп, халық шаруашылығын дамытудың бес жылдық (1957-1961) жоспарын қабылдады. Жоспарға сай бес жылдықтың соңында өндірістің жиынтық өнімі 2,6 % асу керек болатын. Сонымен бірге өндірісте маңызды құрылымдық қайта құрулар жүзеге асырылуға тиіс болатын. Алғашқы бесжылдық кезеңінде барлық күш-жігер жаңа өнеркәсіп орындарын құруға жұмсалды. Жаңа кәсіпорындардың жобасына сол кездегі алдыңғы қатарлы техниканың жаңалықтары енгізілді. Бұндай шешім өндірістегі еңбек өнімділігінің шапшаң артуына (жылына орта есеппен 1,4 %) алып келді. Ал өнім өндірудің орташы жылдық көрсеткіші 36,6 % жетті. Ауыл шаруашылығының дамуы осы шамада болды. Нәтижесінде бесжылдық жоспар мерзімінен бұрын 1960 жылы орындалды. Сонымен бір мезгілде тұрғын үй құрылысы, денсаулық сақтауды ұйымдастыру мен білім беру саласында да үлкен табыстарға қол жеткізілді.

1960 жылы Солтүстік кореяның экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері бойынша Оңтүстік кореяның алдына шықты. Бұл жағдай екі корей мемлекетінің тұрғындарының санасына әсер етті. Елді индустриализациялаудағы кхдР-дың табыстары оның басқа елдермен сыртқы сауда байланыстарының ұлғаюына алып келді. Бесжылдық кезеңде кхдР-дың сауда әріптестерінің саны 10 нан 40-қа дейін артты.

Солтүстік кореяның қол жеткізген табыстары көбіне социалистік еледердің, ең алдымен кСРО-ның көмегінің арқасында мүмкін болды. Мысалы, 1960 жылы кСРО-ның көмегімен тұрғызылған кәсіпорындар елде өндірілген электр қуатының 40 %, шойынның – 51 %, кокстың – 53 %, аммиак селитрасының – 90 %, мақта-матаның – 67 % берді. 1950-1960 жылдар межесінде Ким Ир Сен марксизм-ленинизмнің шығармашылық дамуы деп жарияланған «чучхе идеологиясын» әзірледі. Бұл идеология барлық халықтарды, ең алдымен корей халқын, тек өзінің күш-қуатына сүйенуге және таза ұлттық келбетті дамытуға, кез-келген сыртқы, яғни шетелдік ықпалдан бас тартуға шақырды. Іс жүзінде бұл ұран КХДР-да автономды шаруашылық кешен құру туралы іске аспайтын әрекетке айналды. Бұл әрекет ақша және еңбек ресурстарын босқа желге ұшыру болды. Нәтижесінде экономиканың өсу қарқыны баяулап дағдарысты жағдай қалыптасты. Экономикада бұрындары қол жеткізілген табыстар көптеген көрсеткіштер бойынша төмендеді. Ендігі жерде экономикалық өсім бойынша Сеул алға шыға бастады.

XX ғасырдың 70 жылдарының соңы мен 80 жылдарының бас кезінде Солтүстік Корея экономикасындағы қиын жағдай жалғаса берді. Ауыр өндірісті дамыту туралы кеудемсоқтық жоспарлар экономика мен халықтың іс жүзіндегі сұранысын есепке алмады. Экономиканы жоспарлаудағы субъективті шешім қабылдау мен «алыпшылдық» халық бұқарасының ынталы еңбегі мен құлшынысын зая кетірді. Түптеп келгенде елдің саяси басшылығының бұндай қателіктері өмір сүру деңгейін жақсартуға кедергі келтірді. хх ғасырдың 70 жылдарының екінші жартысындағы КХДРдың ішкі саяси өміріндегі сипатты белгісі – Ким Ир Сеннің жеке басына табынудың күшейе түскендігі болды. Осы кезде оның үлкен ұлы Ким Чен Ир партиялық және мемлекеттік қызметке ұсыныла бастады. 1980 жылдың бас кезінде өзінің үлесіне тиген құқық пен өкілеттіктер бойынша ким Чен Ир партия-мемлекеттік иерархияда елдегі екінші лауазымды тұлғаға айналды.

КХДР-дың ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың бас кезіндегі халықаралық жағдайы (1980-2000). КСРО-ның дезинтеграциялануына алып келген үрдістер өзге де социалистік лагерь елдерінің, соның ішінде КХДР-дың қоғамдық өмірінің барлық саласына теріс әсерін тигізді. Орталық және Шығыс Еуропа елдерінде орын алған 1989 жылғы «бархат революциялары» КСРО-ның геосаяси және геоэкономикалық жағдайын нашарлатып, ықпал ету ауқымын тарылтты. Бұл КСРО-ның КХДР, Вьетнам, Куба сияқты социалистік елдермен қатынасының сипатының өзгеруіне және кейіннен мүлдем үзілуіне алып келді. КСРО ұзақ жылдар бойы КХДР экономикасының басты демеушісі бола отырып бұл елге орасан-зор экономикалық қаржылай көмек көрсеткен болатын. КСРО-мен қатынастардың үзілуі, КХДР экономикасындағы көптеген салаларда тоқыраудың басталуына алып келді. Бірақ сол кезде социалистік елдердің Оңтүстік Кореямен дипломатиялық қатынастар орнатуы КХДР саяси жетекшілігінің қатты наразылығын тудырды. Пхеньян социалистік лагерь елдерінің бірқатарымен қатынастарын үзді. Сондықтан КХДР саяси жетекшілігі үшін халықаралық қатынастар жүйесінде жаңа әріптестер табу кезек күттірмейтін мәселе болды.

Бұл мәселені шешуге Солтүстік Корея 1988 жылдан бастап кіріскен болатын. ХХ ғасырдың 90-шы жылдары КХДР-дың саяси жетекшілігінің басты міндеті Солтүстік Кореядағы өмір сүріп отырған құрылысты сақтап, оны өзгеріске ұшырап жатқан сыртқы жағдайға ыңғайлау болды. Себебі экономикалық дағдарысты жағдайдың шешілмеуі елде наразылық көңіл-күйдің туындауына алып келуі мүмкін еді. 1994 жылдың шілдесінде Ким Ир Сеннің қайтыс болуы және елдегі билік тармақтарының оның ұлы Ким Чен Ирдың қолына өтуі Солтүстік кореяда 40 жыл бойы құрылған партиялық-мемлекеттік жүйенің беріктігін көрсетті. Бірақ бұл жүйе хх ғасырдың 90 жылдарының екінші жартысынан осы күнге дейін елдегі ауыр әлеуметтік-экономикалық жағдайды шешуге қауқарсыздық танытып келеді. халық шаруашылығындағы жағдай күннен-күнге асқынып келеді. Елде электр қуаты, жанаржағар май, шикізат, азық-түлік тапшылығы айқын білінуде. Оның үстіне аушылшаруашылығы қазіргі кезде созылмалы құлдарау жағдайына түскен. Мысалы, 1995 жылы астық және халықтың негізгі қорегі болып табылатын күріш бұрын-соңды болмаған көлемде аз жиналды. Осы жылы жиналған күріштің көлемі небәрі 3,5 млн. тонна болды. Бұл көрсеткіш жылдан жылға төмендеп келеді. Азық-түліктің жетіспеуінен елде халықты мөлшерленген азық және тұтынатын тауарлармен қамтамасыз ету жүйесі енгізілді.

Сонда да болса, елдің жетекшілігі тығырықтан шығудың бірден-бір жолын экономикалық және әлеуметтік реформалардан іздестірудің орнына қатаң тәртіп пен шектеулер енгізуде. Социалистік жүйенің ыдырауынан халықаралық қатынастар жүйесінде қолдаусыз қалған Солтүстік корея 1990 жылдардың екінші жартысында өзінің ядролық бағдарламасы мен зымырандық технологиясын қайта жандандыра бастады. Бұл өз кезегінде Солтүстік кореяға қарсы халықаралық қауымдастық тарапынан оқшаулау санкцияларының қолданылуына алып келді және Оңтүстік корея, Жапония сияқты елдермен қатынасын нашарлатып жіберді. Оқшаулау шаралары Солтүстік кореяның ауыр жағдайын одан ары қиындатып жіберді. Жағдайды ары қарай ушықтырмауға бел байлаған ким Чен Ир 2000 жылдың көктемінде Ресейдің арағайындығымен корей Республикасымен ашық диалог өткізуге даяр екендігін мәлімдеді. Екі жақты диалогтардың басталуына 2000 жылдың 13 маусымында ким Чен Ирдың Оңтүстік корея жетекшісімен болған кездесуі жол салып берді. келіссөздерде басты орынды екі корей мемлекеті халықтарының туысқандық қатынастарын іске асыру мәселелері және Солтүстік кореяның ядролық-зымырандық бағдарламасы алды. Дцролық бағдарламаны талқылауға АҚШ және Батыс Еуропаның бірқатар елдері қатысты. Нәтижесінде Солтүстік корея ядролық қару жасауға қажетті материал плутоний алу бағдарламасын тоқтататындығы жөнінде мәлімдеме жасады.

Бірақ, Корей түбегіндегі шиеленістің бәсеңдеуі тұрақсыз күйінде қала берді. Оған себеп, 2002 жылдың қазанында АҚШ-тың кхдР-ды Вашингтон мен Пхеньянның арасында 1994 жылдың 21 қазанында Женевада жасалған «Ауқымды келісімді» бұзды деп айыптауы болды. АҚШ-тың пікірінше, кхдР ядролық қару жасауға қажетті түпкілікті материалды (уранды байыту арқылы) алу үшін тағы да бір бағдарламаны құпия түрде іске асыруға тырысқан. Осыны сылтауратқан АҚШ, Энергетиканы дамыту жөніндегі ұйымның (ЭЦЖҰ) 2002 жылдың желтоқсанынан кхдР-ға отын жеткізуін тоқтатуын талап етті. Бұған наразылық ретінде Солтүстік Корея 2003 жылдың 10 қаңтарында Ядролық қаруды таратпау жөніндегі шарттан шығатындын мәлімдеді.

Бұған алаңдаушылық білдірген халықаралық қауымдастық Солтүстік Кореяға қарсы қолданылған бірқатар шектеулерді алып тастайтындығын білдіріп, оны келіссөздерге шақырды. Нәтижесінде 2003 жылы солтүстік корей мәселесін реттеуге байланысты Ресей мен Қытай қатысқан «алты жақты келіссөздер» жоспары қабылданды. Бірақ осы күнге дейін бұл мәселеде нақты оң өзгерістер байқалмай келеді. Оның үстіне КХЦР өзінің зымырандық техникасын ара-тұра сынақтан өткізуін жалғастыруда. Мысалы, Солтүстік Корея 2005 жылдың сәуірінде тасушы-зымыранның әскери сынақтан табысты өткізілуіне қол жеткізді. Бұл оқиғаны Жапония, Корей Республикасы, АҚШ және Батыс Еуропа елдері Корей түбегіндегі мәселелерді реттеуді бірнеше ондаған жылдарға кейінге шегіндірген келеңсіз құбылыс деп бағалады. Осы күнге дейін Солтүстік Корея ішінара саяси және экономикалық оқшаулау жағдайында өмір сүруде. Бұл КХЦР халқының әлеуметтік және моральдық жағдайына кері әсерін тигізуде.

Өзіндік бақылау сұрақтары:

1. Ким Ир Сеннің «халықты жеңістен-жеңіске бастайтын дана көсем» ретінде жеке басына табынуына әсер еткен жағдайлар.

2. КЕП-тің нешінші съезі «социалистік индустрализацияға» бағыт алғандығын белгілеп, халық шаруашылығын дамытудың бес жылдық (19571961) жоспары?

3. «Чучхе идеологиясының» мәні ?

4. XX ғасырдың 90-шы жылдарындағы КХДР-дың саяси жетекшілігінің басты міндеті.

Қазіргі заман кезіндегі Азия мен Африка елдерінің тарихы (1945–2012). II бөлім

Подняться наверх