Читать книгу Өнімділікті басқару - Сейсембай Жұмамбаев - Страница 4

1. ӨНІМДІЛІКТІ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.2. Өнімділік түсінігі. Өнімділік факторларын жіктеу

Оглавление

Ұйымдар нақты мақсаттарға жетуді көздейді, егерде олар өз мақсатарына жетсе, онда ұйымның қызметі жемісті болды деп есептелінеді.

Нарық жағдайында кәсіпорынның шаруашылық қызметінің мақсаттық ұстанымдары едәуір өзгерілді. Командалық экономикада басты бағдар жоғарыдан түскен жоспар болатын, ал бүгінде кәсіпорын ең алдымен экономикада қалыптасқан нарықтық конъюнктураға бағдарланады. Ол сұраныс пен ұсыныс арақатынасымен, баға деңгейімен, бәсекелестік сипаты және басқа экономикалық факторларымен белгіленеді. Нарықтағы жағдай ұдайы өзгеріп тұрады, сондықтан әрбір ұыймның басқару қадамы әрқашанда белгілі тәуелдікпен кездесіп тұрады.

Кәсіпорын ашық жүйе болғандықтан оның өсіп, нарықта орнын сақтап қалуы тек ішкі факторлар емес, сонымен бірге болашақта кездесетін сыртқы факторларға тәуелді болып келеді. Бұл жағдай фирмадан өзін ішкі және сыртқы нарықтағы өз орнын бекіте түсу үшін ұдайы технологиялық, ұйымдастырушылық, экономикалық жаңартуды талап етіп отырады. Соның негізінде орнықты табыс өсіміне ұмтылады, демек, әрі қарай дамуға мүмкүндік алады. Осыған байланысты кәсіпорынның басты мақсаты – өз пайдасын максимал жасау – орындалады.

Алайда пайданы жетістікті сипаттайтын жалғыз ғана критерий деп санау қаншалықты дұрыс? – деген сауал туады. Қазақстанның көптеген ұйымдары қазіргі жағдайда өздерінің қаржылық күйін, ең алдымен, баға факторы арқылы жақсартуға тырысады. Бұл болашақта насырға ұшыратуы мүмкін, өйткені шаруашылықты ұтымды жүргізуге бағдарланбаған. Менеджерлер арасында кең таралған қате – олардың (жұмсалған қаражатқа шаққандағы) жалпы пайданы максимизациялауды сатылған өнімнің бірлігіне (өнімнің өзіндік құнына шаққандағы) пайданы максимизациялаумен шатастыруы. Жалпы пайда мен жұмсалған қаражаттың рентабельдігінің максимумын міндетті түрде сатылған өнімнің бірлігінен түсетін пайда максимумымен қамтамасыз ету емес. Берілген сұраныс жағдайында сату бағасын көтеру өнімнің сатылу мүмкін көлемін төмендетуге алып келеді. Демек, ұзақ уақыт мерзіміне арналған басқару стратегиясында пайданы максимизациялау баға мен сату көлемін оптималды үйлестіру арқылы жетуді талап етеді.

Пайданың таза түріне жету критериі бойынша фирманы басқару жүйесінің кемшіліктері компанияның қызметін ұзақмерзімді жетістіктерге бағыттауға мүмкіндік бермейді. Алдыңғы қатарға компанияның стратегиялық мақсаттарына қайшы келетін жақын келешектің міндеттері үсынылады. 1950-жылдардың басында жаңа «жетістік философия» негіздері қаланған, оның мәні – фирма мүдделерінің бәсекелестік қабілеті жоғары өнімді жасап және сатуға бағынышты болуы. Бұл философияны Э.Деминг, Дж.Джуран, Ф.Кросби, К.Исикава белсенді түрде насихаттап, ол Жапония тәжірибесінде кең таралды.

1960-1970 жылдары әлемдік нарықта бір жағынан, жапондық компаниялары, екінші жағынан, батыс европалық пен америкалық компаниялары арасындағы бәсекелестік күрес фирманы басқаруға көзқарастар күресі әлпетінде өтті. Бұл күрестің нәтижесі жаңа философияның артықшылықтарын барлық айқындылықпен көрсетті, сонымен бірге көзқарастың өзі жаңа мазмұнға ие болды: біртіндеп сапаны статистикалық бақылау, сапана бақылау үйірмелері сияқты сауалдар техникалық сұрақтар қатарына ауысты да, алдыңғы қатарға ұзақмерзімді жетістікке бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану шықты.

Сөзсіз, тұтынушыға бағдарлану фирманың өзіне жоғары пайдаға жетуді және оны сақтауды қамтамасыз етудің ең сенімді жолы ретінде танығанын көрсетті. Осы философия қазіргі жағдайда да фирманың нарықтағы тұрақты жағдайын, қыметінің жоғары рентабельді болуын қамтамасыз етуге жетелейді. Сондықтан компания басшылары пайдалылық мәселесін сапа, өнімнің тұтынушылық қасиеттері, бесекелеске қабілеттілігі, барлық қолдағы ресурстарды оптималды пайдалану тұрғысынан қарастырады.

Сонымен, кәсіпорын өзінің шаруашылық қызметінің параметрлерін оптимизациялау арқылы тек өзінің мүдделерімен шектелмей, қоғам мүдделерін қанағаттандырады.

Өндірістің экономикалық мақсатқа сәйкестілігінің басты критериі тиімділік болып келеді. Ағылшын тілінде effectiveness және efficiency түсініктері арасында айқын айырмашылық бар. Егер де efficiency (жеке адамның шеберлігі немесе топтың, кәсіпорынның қабілеті) – ұйымдағы ресурстарды ең жақсы пайдалануын және үдерістердің оптимизациялуын өлшейтін ішкі тиімділік, үнемділік десек, effectiveness – сыртқы тиімділік, ол ұйымның қойған мақсатқа жеткендігін, оның ішінде, нарықтың, қоғамның берілген өнімге қажеттілігін қанағаттандыру дәрежесін өлшейді.

Бұдан басқа батыс кәсіпорындарында өнімділік (productivity) бағаланады. Өнімділік деп сан көрсеткіштерімен сипатталатын ұйымның салыстырмалы тиімділігін түсінеміз. Және де ол өндірілген емес, тек қана сатып алынған өнім бойынша есептелінеді. Заманауи менеджменттің атасы П.Друкер бұл туралы былай жазған: компания нәтижелілігі пайдалы құнға ие болуы «қажетті, дұрыс заттар жасап шығарудың» салдары, басқаша айтқанда тиісті сапалы бұйымға сатып алушы төлеуге дайын сома. Өнімнің құндылығы жалпы нарықта емес, оның керекті жерде болуы және қол жетерлік бағамен сатып алушылардың саны күтілінген пайданы әкелуінде, демек, ол күтілінген өнімділікке жеткізу керек. Сонымен, жоғары өнімділікке жетуге жай ғана өнімнің пайдалылығы аз. Ол нарықта керек жерде, керек уақытта және орынды бағамен пайда болуы міндетті. Ал тиімділік, П.Друкер бойынша, «дәл осы заттардың дұрыс жасалуының» нәтижесі.

Демек, тек өнімділік компанияның басты мақсаты ретінде пайда, өндірістік шығындар, капиталдың қайтарымы, маркетинг және сату, өнімнің шығару көлемін және басқа параметрлердің басын біріктіріп оптимизациялайды.

Өнімділіктің жалпы анықтамасы өндіріс немесе қызмет көрсету жүйесінде өндірілген өнім немесе қызмет көрсету көлемінің соларды жасауға кеткен шығындарға қатысы болып келеді. Әдетте ол келесі түрде көрсетіледі:


Жоғары өнімділік бұрынғыдан гөрі сол ресурстарды пайдаланып үлкен нәтижеге жеткендікті немесе сол шығындарды жасап көлем мен сапа бойынша өнімнің жоғары деңгейіне жеткендікті білдіреді.

Батыс іскерлік әлемінде өнімділікті шығудағы бірлік санының кірудегі бірлік санына қатысы деп анықтайды. Жүйеге шығындар еңбек (адам ресурстары), капитал (физикалық және қаржы активтері), энергия, материалдар, ақпарат түрінде кіреді. Осы ресурстар өнімге (тауарға және қызмет түріне) айналады. Сөйтіп, өнімділік – ол ресурстарды әртүрлі тауар өндіру кезінде тиімді пайдалану. Тұтас факторлық өнімділік индексін кәсіпорынның ең дәл критериі ретінде келесі формуламен есептеуге болады:


бұл жерде:

Pt тұтас өнімділік;

Ot өндірістің жалпы көлемі;

L – еңбек шығындары;

C – капитал шығындары;

Өнімділікті басқару

Подняться наверх