Читать книгу Араб тілінің терминологиясы - Анар Мустафаева - Страница 1
КІРІСПЕ
ОглавлениеОқу құралы Қазақстандағы жоғары оқу орындарында «Шетел филологиясы: араб тілі» мамандығы бойынша бакалавриатта оқытылатын «Оқитын тілдің терминологиясы» курсына арналған.
Оқу құралы араб тілі терминологиясының ұғымы, анықтамасы, терминге қойылатын талаптармен; араб терминологиялық жүйесінің қалыптасуы мен дамуымен; тәуелсіздіктен кейінгі кезеңдегі араб терминологиясымен; араб терминологиясындағы лексика-семантикалық құбылыстармен және терминологиялық бірліктердің жасалу тәсілдерімен таныстырады. Лексика-семантикалық құбылыстар ішінде полисемия, омонимия және синонимия, ал терминжасам тәсілдерінің ішінде морфологиялық, лексика-семантикалық, синтаксистік, кірме сөздер және морфологиялық-синтаксистік тәсілдер түсіндіріледі.
Бірінші модульде араб терминологиясының негізгі мәселелеріне, оның ішінде термин ұғымына, араб тіліндегі қолданысы, терминге қойылатын талаптар, сонымен қатар «жалпы араб терминологиясы» ұғымына түсінік беріледі. Аббас дәуірінен бастап қазіргі кезеңге дейін Араб Шығысындағы терминологияның қалыптасып дамуы жайлы сөз болады.
Екінші модульде араб терминдерінің жасалу тәсілдері мен олардың классификациясы ұсынылып, әрбір тәсілге қосымша классификация жасалып, әртүрлі салалар бойынша терминдер беріледі.
Оқу құралы 2 модуль және 15 дәрістен тұрады. Әрбір дәрістің соңында семинар сұрақтары беріледі. СӨЖ тақырыптары ретінде студенттерге дәрістер аясында тақырыптар мен практикалық жұмыс ретінде өз беттерінше дайындалу үшін арнайы мәтіндер ұсынылады. Еңбек соңында арабша-қазақша сөздік және пайдаланылған әдебиеттер тізімі беріледі.