Читать книгу Араб тілінің терминологиясы - Анар Мустафаева - Страница 5

1-модуль
АРАБ ТЕРМИНОЛОГИЯСЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
4-дәріс
Терминологиядағы лексика-семантикалық құбылыстар

Оглавление

Терминге кіріспе мәселесіне, соның ішінде терминдер мен олардың түсініктерінің сәйкестену мәселесіне қазіргі терминтанушылар да жүгінеді. Терминге кіріспенің лексика-семантикалық аспектілері полисемия мен омонимия шеңберінде қаралатын бірнеше түсініктерді білдіруге бір терминнің (белгі) және синонимия шеңберінде қаралатын бір түсінікті білдіруге бірнеше терминнің қолданылу мәселелерін қарастырады. Лексика-семантикалық үрдістердің, дәлірек айтқанда терминологиядағы, оның ішінде араб терминологиясындағы полисемия, омонимия, синонимияға жол берілу не берілмеу мәселесі бойынша пікірталас бар. Бүкіл әлемдегі түрлі терминологиялық мектептердің терминтанушылары бүгінгі күнге дейін бұл мәселе жөнінде бір тоқтамға келмеді, ал бұл олардың арасында терминологияда көпмағыналық, омонимдік, синонимдікке қатысты түрлі топтардың құрылуына әкелді.

Терминтанушы В.П. Даниленко терминологиядағы лексика-семантикалық процестердің функционалдануын қарастыра келе, екі тұжырымға тоқтады: «Бір жағынан, белгі-терминнің табиғатының өзі атайтын мен аталатынның және білдіретіннің бірмағыналық арақатынаста оны полисемия дамуының кез келген алғышартынан немесе синонимдік қатарда қолданылуынан айырады. Екінші жағынан, терминдер жиі жаратылысынан «табиғи» тілдің сөздері болып, жалпы қолданбалы тіл лексикасы тап болатын барлық лексика-семантикалық процестердің ықпалын сезінеді» [16, 65-б. ]. В.П. Даниленко терминологиядағы терминнің бірмағыналығы жайлы оған қойылатын талаптардың бірі ретінде айтқанда, оны лексика-семантикалық құбылыстардың барлық түрі тән тілдің шеңберінде де қарастырды. Бұл жағдайда, автордың пікірімен келісуге болады, себебі терминдер тілде «өмір сүреді» және біз оны тілден тыс қарастыра алмаймыз. Термин және терминологияға қойылатын талаптар мен сипаттар, кейбір терминологтардың келіспеушілігі, сондай-ақ олардан туындайтын қиындықтарға (полисемия, омонимия, синонимия) қарамастан, жоғарыда айтылған процестер тілде белгілі бір деңгейде болады, яғни тіл мен оның термин жүйесін толықтай оқшаулау мүмкін емес.

Араб терминологы Ә. әл-Қасимидің айтуынша, араб тіліндегі терминдердің жеткілікті деңгейде дамымағандығын үш негізгі себеппен көрсетуге болады:

1. Осман империясы мен еуропалық державалардың Араб Шығысы территориясында билік еткен төрт ғасыр көлемінде ұлттық тіл (араб) әкімшілік істер мен білім беруде қолданылмады, ал бұл осы салаларда көптеген терминдердің дамымай жоғалуына әкелді.

2. Шет мемлекеттердің билігі кезінде біз зерттеп жатқан ареалда қандай да бір зерттеулердің жүргізілмеуі де терминдердің жоғалуына әкелді. Мұнда ғылыми-техникалық терминдер ғылыми қызмет субъектілерімен, яғни зерттеушілер және ғалымдармен жасалатынын ескеру қажет.

3. Дамыған елдерден келетін жаңа терминдердің күн сайынғы ағынының көлемі шамамен 50 терминді құрайды, сондықтан араб терминологиясы оларды «естіп және тыңдап» қана қоймай, сонымен бірге дер кезінде меңгеруі керек, яғни бұл терминдер бастапқы тілден аударылатын тілге жетуі керек [9, 62-63 б.].


Конец ознакомительного фрагмента. Купить книгу
Араб тілінің терминологиясы

Подняться наверх