Читать книгу Кәсіпкерліктегі менеджменттің көпфункционалды үлгілері - Қарлығаш Мұхтарова - Страница 3

КІРІСПЕ
1. Үлгі және үлгілеу дегеніміз не: мазмұны, мақсаттары мен мүдделері

Оглавление

1.1 Үлгі және үлгілеу ұғымдары

Басқару ілімінде қолданысын табатын үлгілер компьютордың көмегінсіз қарастырылуға жатпайтындай күрделі болғанына қарамастан, үлгілеу концепциясы өздігінен қарапайым болып табылады. Шеннон анықтағандай: «Үлгі – бұл белгілі бір нысанда объектіні, жүйені, идеяны көрсету».

«Үлгі» деген ұғым белгілі бір бұйым немесе конструкцияны көптеп шығаруға арналған эталонды, нұсқа үлгіні білдіреді және ғылыми, өндірістік және басқа мақсатта үлгіленген құрылғының әрекетін немесе құрылымын қайталайтын құрал болып табылады. Сөздің кең мағынасында «үлгі» ұғымы – бұл үлгілеуді іске асырып отырған тұлға үшін түпнұсқа болып табылатын заттың, объектінің, процестің немесе құбылыстың аналогы (сурет, сипаттама, схема, жоспар, т.б.).

Үлгі – бұл, біріншіден, үлгілеудің нәтижесі, яғни, үлгілеу объектісі (оригинал) мен субъектісі (үлгілеуді іске асырушы) «қатысатын» процестің нәтижесі. Бұл жағдайда басқарушылық та, экономикалық та үлгілер қарастырылады. Автор (үлгіні құрушы) ұстанатын критерийлерге, мақсаттары мен мүдделеріне байланысты үлгілер бірінен-бірі өзгеше, түпнұсқаға ұқсас немесе ұқсамайтын, авторлық көзқарасты анықтайтын болуы мүмкін. Кімнің үлгісі үздік болатынын, үлгіні түпнұсқамен салыстыру жолымен және үлгінің осы кезде көрініс табатын құбылыстарды қалайша нақты және дұрыс сипаттайтынына, басқарылатын объектіге тиімді әсер ету мақсатына жету жетпеуіне байланысты айқындалады.

Кейде түпнұсқа нақты өмірде емес, автордың қиялында ғана болады. Мұндай жағдайда, жинақталған тәжірибеге, түйсікке, ғылыми білімге, тенденцияларға және даму заңдылықтарына сүйеніп, қиялдағы объект (құбылыс) қандай болатыны туралы болжам жасалып, оны (үлгіні, эталонды) басқару үлгісін құрып, бұл үлгі үшін қолда бар басқару жүйесін өзгертеді.

Үлгі деп зерттеліп жатқан объектімен ұқсас қасиеттері бар физикалық немесе абстрактты объектіні түсінуге болады. Үлгіге қойылатын талаптар қолда бар құралдармен және шешілуге тиіс мақсатпен анықталады. Үлгілерге қойылатын талаптар қатары бар:

Барабарлық (сайма-сайлық) – объект қасиеттерін дәлме-дәл суреттеу (кескіндеу);

Толықтылық – қабылдаушыға объект туралы қажетті толық ақпаратты беру;

Икемділік – жағдай мен параметрлердің өзгеру диапозонында әр түрлі құбылыстарды көрсету мүмкіндігі.

Жете зерттеудің көп еңбек сіңіруді қажет ету қабілеті бағдарламалық құралдарға және қолда бар уақытқа жарамды болуы керек.

Үлгілеу – бүгінгі күнде болашақтың варианттарын және баламалы шешімдердің ықтималды салдарын көрудің жалғыз жүйеленген тәсілі және ол салдарды объективті салыстыруға мүмкіндік береді.

Дэвид В. Херц айтқандай: «Басқарушы өз ресурстарын дұрыс бөлу, өзі және басқалар үшін әрекеттер тәртібін белгілеу, жаңа адамдар мен материалды ресурстарды тарту үшін қолда бар баламалардың ең тиімдісін таңдау керек. Бұл үшін ол шешімдердің салдары қысқа және ұзақ мерзімді келешек көрініс табатын қоршаған ортаның тұрақтылығы мен ерекшеліктерінің сипаттамасына сенім білдіруі қажет. Ол шарасыз да, болжауға жатпайтын да ортаның дүдамалдылығн түсіну керек».

1.2 Үлгілеудегі менеджменттің функциялары

Үлгілеудің мақсаттары мен мүдделерін зерттемей тұрып, менеджмент функцияларын және олардың басқару үлгілерін құруға әсерін қарастырайық. Менеджмент функциялары ұйымның ерекшеліктеріне (үлкендігі, мақсаты, меншік түрі, т.б.) тәуелсіз кез келген басқару процесінің құрамдас бөліктері болып табылады. Басқару процесінің (менеджмент) өзара байланысқан бес функциялары бар, олар:

• Жоспарлау;

• Ұйымдастыру;

• Уәж;

• Бақылау;

• Үйлестіру.

Менеджменттің «нөмір бірінші» функциясы жоспарлау болып табылады. Оны іске асыру барысында, кәсіпкер немесе басқарушы фирма жағдайының терең және жан жақты сараптамасы негізінд алдағы мақсаттар мен мүдделерді құрып, әрекеттер стратегиясын ойластырып, қажетті жоспарлар мен бағдарламаларды құрастырады.

Жоспарлау процесі ұйымның мақсаттарын құруға және нәтижелерді қадағалауға әрекет көрсеткіштерінің жүйесін тиімді қолдануға мүмкіндік береді. Одан басқа, жоспарлау құрылымдық бөлімшелер әрекеттерінің үйлесімділігін қамтамасыз етіп, ұйымның ішіндегі әр бөлімдерінің басқарушыларының өзара әрекеттесуін нығайтады. Бұл дегеніміз, жоспарлау – анықталған мүмкіндіктер, жағдайлар мен факторлар негізінде ұйым қызметін жақсарту әдістері мен дамытудың жаңа жолдарын зерттеудің үздіксіз процесі. Яғни, жоспарлар директивті сипатта емес, нақты жағдайға тәуелді өзгеруі тиіс.

Жоспардың іске асырылуын басқа функциялар атқарады, ең алдымен, ұйымдастыру функциясы. Бұл функцияның мақсаты – ұйым құрылымын құрастыру және оның тиімді жұмысы үшін қажетті нәрсенің барлығымен қамтамасыз ету – персонал, материалдар, жабдық, кеңсе, қаражат, т.б.

Ұйым құратын кез келген жоспарда ұйымдастыру кезеңі болады, яғни, жоспарланған мақсатқа жету үшін нақты жағдайлар құрылады. Көп жағдайда нарықтық экономика талаптарына жоспардың бейімділігін арттыру мақсатында ұйымның өндіріс және басқару құрылымдары қайта құрылады.

Басқарушы жұмысты жоспарлау және ұйымдастыру барысында ұйым қандай қызмет атқаратынын, және бұны кім және қашан іске асыратынын өздігінен анықтайды. Бұндай шешімдер тиімді қабылданған жағдайда, басқарушының іс жүзінде менеджменттің ең маңызды функциясын – уәжді қолданып, өз шешімдерін іске асыруға мүмкіндігі пайда болады.

Уәж – бұл ұйымда қызмет атқаратын адамдарды белсендіріп, жоспарда анықталған мақсаттарға жету үшін тиімді жұмыс істеуге түрткі болуға бағытталған қызмет. Ол үшін қызметкерлерді моральді және материальді түрде қолдап, жұмыстың мәні мен мазмұны байытылып, жұмысшылардың шығармашылық потенциалы мен өздігінен жеке тұлға ретінде дамуына жағдай жасалады.

Бақылау – ұйымның өз мақсаттарына жетуін қамтамасыз ететін процесс. Ол пайда болатын мәселелерді, олар күрделене түспей тұрғанда, табу және шешу үшін қажет. Бақылауды тиімді қызметті белсендіру мақсатында қолдануға болады.

Қол жеткізген нәтижелер жоспарланған нәтижелерден өзгеше болған жағдайда, бақылау процесі стандарттарды құрудан, қолда бар нәтижелерді өзгертуден, өзгертулерді енгізуден тұрады.

Бақылау – бұл басқарудың күрделі де өте маңызды функциясы. Бақылаудың ерекшеліктерінің бірі, ол, бақылаудың барлығын қамтитын процес болу қажеттілігінде. Әрбір жетекші, өзінің шеніне тәуелсіз, оны арнайы ешкім міндеттемесе де, бақылауды өзінің қызетінің ажыратылмас бөлігі ретінде қарастыру керек.

Менеджменттің орталық функциясы үйлестіру болып табылады. Үйлестірудің міндеті – ұйымның барлық буындарының арасында рационалды байланысты (коммуникациялар) орнату жолымен олардың жұмыс барысында келісушілікті, әрекет бірлігін қамтам асыз ету. Бұл байланыстардың сипаты әр түрлі болуы мүмкін, өйткені олар үйлестірілетін процестерге байланысты.

Көп жағдайда есептер, жеке сұхбат, жиналыс, компьютерлік байланыс, радио және теледидар құралдары қолданылады. Байланыстың осы және басқа нысандары арқылы жүйе асты ұйымдардың арасындағы байланыс орнатылып, басқарушылардың әрекеті, басқару процесінің барлық кезеңдерінің (жоспарлау, ұйымдастыру, уәж және бақылау) бірлігі мен келісушілігі қамтамасыз етіліп, ресурстарды тиімді пайдалану іске асады.

1.3 Басқару үлгілері және үлгілеу: мақсаттары мен міндеттері

Басқарудың барлық мектептері сияқты, басқару ғылымы да нақты әлемнің ұйымдастырушылық мәселелерін шешуде пайдалы болуға талпынады. Басқару ғылымының үлгісі бұл мақсатқа бейімделген және тиімді үлгілердің бірі, және күрделі жағдайларда шешімдерді қабылдаумен байланысты көптеген мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін бірден бір қуатты сараптамалық құрал.

Мәселенің баламалы варианттарын тәжірибелі түрде тексеру қажеттілігі туындайтын басқарушылық жағдайлар көп кездеседі.

Үлгілеуді зерттелетін объектіні (түпнұсқаны) үлгі деп аталатын оның шартты бейнесімен, сипатымен немесе басқа объектімен ауыстыру және рұқсат етілген ақаулықтар мен қателіктер шеңберінде түпнұсқаға жақын құлықты көрсетуді қамтамасыз ететін үлгі ретінде қарастыруға болады.

Үлгілеу, көп жағдайда, түпнұсқаны емес, оның үлгісін зерттеу жолымен объектінің (түпнұсқаның) қасиеттерін зерттеп тану мақсатында іске асырылады. Әрине, үлгілеу түпнұсқаның өзін құрудан жеңіл және кейбір себептерге байланысты оны тіпті құрмаған дұрыс болған кезде ғана тиімді.

Үлгілеу – бұл объектінің үлгісін құрып, оның қасиеттерін үлгіні зерттеу жолымен тану процессі.

Осылайша, үлгілеу екі негізгі кезеңді ұсынады:

1. Үлгіні құру

2. Үлгіні зерттеу және тұжырым (қорытынды) жасау

Сонымен қатар, әр кезеңде әр түрлі міндеттер атқарылып, мәні бойынша өзгеше құралдар мен тәсілдер қолданылады.

Басқару тәжірибесі мен ғылымында «басқару үлгісі» маңызды категориялардың бірі болып табылады. Бұл басқарушының басқаруына берілген объектіні қалай басқару, алдында тұрған мәселелерді шешу үшін басқарушылық стратегилардың қай арсеналын, технологиясын, құралын қолдану сияқты күрделі міндеттер тұруымен байланысты.

Ф. Тейлор тұжырымдағандай, басқару үлгісі – жаңалық ашу емес, ол эволюция. Басқару үлгісі жылдар, онжылдықтар, тіпті ғасырлар бойы құрылады. Ол «бөтен» емес, өзі қолданысын табатын елдің, халықтың рухына, дәстүрлеріне, ділі мен мәдениетіне жақын, тән, сәйкестендірілген, «туған» болуы керек.

«Басқару үлгісі» деп, басқарылатын ұйым қойылған мақсаттарға жету үшін, қарқынды даму және өзінің өмірге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін басқару жүйесі қазір қандай және қандай болуы керек, ол басқару объектісіне қалай әсер етеді және қалай әсер ету керек, ол қоршаған ортаға қалай бейімделеді және қалай бейімделу керек деген сұрақтарға жауаптардан тұратын теоретикалық түрде құрылған бүтін сыбайластықтар жиынтығын түсіну керек.

Ол басқарудың бастапқы принциптерінен, стратегиялық көзқарастардан, мақсаттар мен міндеттерден, бірігіп құрған құндылықтардан, оның элементтерінің құрылымынан және тәртібінен, ұйымдастырушылық мәдениеттен, сараптамалық мониторинг пен бақылаудан, дамуды қозғайтын күштен және уәждеу саясатынан тұрады.

Кәсіпкерліктегі менеджменттің көпфункционалды үлгілері

Подняться наверх