Читать книгу Кәсіпкерліктегі менеджменттің көпфункционалды үлгілері - Қарлығаш Мұхтарова - Страница 6
КІРІСПЕ
4. Менеджмент жүйесіндегі үлгілер және оларды қолдану салалары
ОглавлениеБасқару ғылымындағы үлгілердің саны, сол үлгілер шешуге арналған мәселелер сияқты көп. Төменде олардың кең таралған типтері келтірілген. Біздің мақсатымыз бұл әдістерді қолдану тәсілдерін түсіндіру емес, сіздерге осындай үлгілердің мүмкіндіктерін және олар арналған шешімдердің түрлілігін көрсету. Бұл білім сізге өз мәселеңіз бойынша штабтық мамандармен тиімді ақпарат алысуға және олар ұсынатын үлгілер мен әдістер шешім қабылдауда қандай көмегін тигізетіні туралы ой өрісіңізді кеңейтуге мүмкіндік береді.
Ойын теориясы. Ұйымның сәттілігі тәуелді болып табылатын өзгермелілердің ең маңыздыларының бірі – бәсекеге қабілеттілік. Бәсекелес ұйымдардың әрекетін алдын ала білу кез келген ұйымға артықшылық беретіні анық. Ойындар теориясы – қабылданған шешімнің бәсекелестерге тигізетін әсерін бағалауын үлгілеу әдісі.
Ойындар теориясын ең алғаш болып әскерилер, стратегияда жаудың мүмкін әрекеттерін болжау мақсатында құрған. Бизнесте ойындық үлгілер бәсекелестердің бағалардың өзгеруіне, сатуды қолдау кампанияларға, қосымша қызмет көрсету ұсыныстарына, жаңа өнімді қабылдауға және өзгертуге байланысты көрсететін құлықтарын болжау үшін пайдаланады. Егер, мысалы, ойындар теориясын қолданып, басқарушы бағаларды көтеру кезінде бәсекелес бұндай әрекетті іске асырмаса, ол да бұдан бас тартуға мәжбүр, әйтпесе, бәсекелестікте артта қалуы мүмкін.
Ойындар теориясы, осында келтірілген үлгілермен салыстырғанда, аз қолданылады. Өкінішке орай, қазіргі әлемдегі жағдайлар өте күрделі және жылдам өзгереді, сондықтан, бәсекелес жақ компанияның тактикасына қалай қарайтынын болжау қиынға соғады. Сонда да, ойындар теориясы – бәсекелестік жағдайында шешім қабылдау барысында маңызды және есепті қажет ететін факторларды ескеру мақсатында қолданылатын өте тиімді үлгі. Бұл ақпарат басшылыққа жағдайдың өзгеруіне әсерін тигізетін қосымша өзгермелілер немесе факторларды ескеруге мүмкіндік беріп, шешімнің тиімділігін арттыратындықтай өте маңызды болып табылады.
Кезектер теориясының үлгісі немесе ұтымдылықты қызмет көрсету үлгісі қызмет көрсету каналдарда қажеттілікке сәйкес олардың санын анықтау мақсатында қолданылады. Кезектер теориясының үлгісі қажет болатын жағдайларға ақпарат алу немесе орынды резервке салу мақсатында авиакомпанияға адамдардың телефон шалуы, ақпаратты машинамен өңдеу үшін кезекте күту, жабдықты жөндеу мамандарына жолығу мақсатында кезекте тұру, тасымал көліктерінің қор бөлмелеріне жүк түсіру үшін кезекте тұруы, банк клиенттерінің бос кассирді күтуі, т.б. жағдайлар жатады. Мысалы үшін, клиенттер касирді көп күтуге мәжбүр болса, олар өз есеп шоттарын басқа банкке ауыстыруға шешім қабылдауы мүмкін.
Дәл осылайша, тасымал көліктері жүк түсіруін ұзақ күтетін болса, күніне орындауға тиісті тасымал санын орындай алмас. Осындағы негізгі мәселе – қызмет көрсетудің қосымша каналдарына жұмсалатын шығыстарды (тасымал көліктерін жүктен босату үшін қосымша адам жалдау, көбірек кассирлерді, жұмысшыларды жалдау) ұтымдылық деңгейінен төмен қызмет көрсету салдарынан орын табатын шығындарымен (тасымал көліктері қызмет көрсетудің баяулылығынан қосымша ерйс жасай алмайды, банк клиенттері басқа банкке есеп шоттарын ауыстырады) теңдестіру болып табылады.
Дональд Р. Плейн және Гэри Э. Кохенбергер бойынша:
«Қызмет көрсету каналдарының жетіспеушілігінің негізгі себебі тұтынушылардың қызмет көрсетуде қажеттіліктерінің жиіліктері және уақыттарының қысқа мерзімді өзгеруінде жатыр».
Кезектер теориясының үлгісі басшылықты қызмет көрсету каналдарының ұтымдылықты санын анықтау құралымен қамтамасыз етеді.
Қорларды басқару үлгісі ресурстарға және олардың санына тапсырысты орнату уақытын, ал қор бөлмелеріне дайын өнімді орналастыру үшін өнім массасын анықтау мақсатында қолданылады. Кез келген ұйым өндірісте немесе саудада шығындардың алдын алу үшін біршама көлеміндегі қорларға не болуы керек: құрғақ тазалауға – химикаттар, емханаға – дәрі-дәрмек, өндірістік фирмаға – шикізаттар мен бөлшектер, аяқталмаған өндіріс бұйымдары мен дайын өнім қорлары қажет.
Бұл үлгінің мақсаты – қор жинаудың теріс салдарын (белгілі бір шығындармен байланысты) минимумға шығару. Осындай салдармен байланысты шығындардың үш негізгі түрі бар: тапсырыстарды бекітуге байланысты, сақтауға байланысты, қорлардың өз көлеміне байланысты шығындар. Соңғысы қордың аяқталуы кезінде орын алады. Осы жағдайда дайын өнімді сату және қызмет көрсету мүмкін емес болады, және, өндірістік жүйелердің тұрып қалуымен байланысты шығындар пайда болады (жұмысшылар сол кезде жұмысістемесе де, олардың еңбегіне қаражат жұмсау қажеттілігі туындайды).
Қорларды жоғарғы деңгейде ұстау, олардың жетіспеушілігімен байланысты шығындардан сақтайды. Қорды құру үшін қажетті материалдарды көп мөлшерде сатып алу, көп жағдайда, тапсырыстарды орналастырумен байланысты шығындар көлемін минимумға шығарады, өйткені, фирма кейбір жеңілдіктерге ие болу мүмкіндігін алады және «қағаздың бетіндегі жұмыстардың» көлемін азайтады. Бірақ, осындай тиімділіктердің орнына сақтауға жұмсалған шығындар, жүкті асыра тию, пайыздарды төлеу, сақтандыруға байланысты шығындар, бұзылуға байланысты шығындар, ұрлық және қосымша салықтар сияқты шығындар келеді.
Осыдан басқа, басқарма шектен асқан қорлардың айналымдағы қаражатпен байланысын ескеру керек, өйткені дұрыс жоспар құрылмаған жағдайда, бұл қаражатты пайда әкелетін акцияларға, облигацияларға және банктік депозиттерге салу мүмкіндігінен айырылуға болады. Қосымша ақпаратты алуға ниет білдіретін басшылыққа көмек ретінде үлгінің бірнеше арнайы варианттары жетілдірілген.
Сызықтық бағдарламалау үлгісін бәсекелес қажеттіліктер жағдайында тапшылықтағы ресурстарды ұтымдылықты бөлу тәсілін анықтау мақсатында қолданады. «Форчун» журналының 500 өндірістік фирмалардың вице президенттерінің арасындағы жүргізген сауалнамасына сәйкес, қорларды басқару және сызықтық бағдарламалау үлгілері өндірісте ең көп қолданылатын әдістер. Сызықтық бағдарламалауды, көбінесе, штабтық бөлімшелердің мамандары өндірістік қиыншылықтарды шешу үшін пайдаланады (4-суретті қара):
Өндірісті ірілендіріп жоспарлау. Қор деңгейі, еңбек ресурстары бойынша белгіленген шектеуліктер, пайыздық ставкалардың өзгеруімен байланысты шығындардан жалпы шығындарды минимизациялайтын өндірістік графиктерді құру.
Бұйымдар ассортиментін жоспарлау. өнімнің әр түріне өз шығындары және ресурстарда қажеттілігі сай болатын өнімнің ұтымдылықты ассортиментін анықтау (мысалы, бензинді, бояуды, адамға арналған тағам өнімдерін, жануарларға арналған жемді өндіру үшін ұтымдылықты құрылымды анықтау).
Бұйым өндірісін багдарлау. Бұйымды жасап шығарудың ұтымды технологиялық бағдарын анықтау. Бұйым тізбек бойынша бірнеше өңдеу орталықтарынан өтуі тиіс және де әр операция өзінің шығындары мен өнімділігімен сипатталатынын ескеру керек.
Технологиялық процесті басқару. Шығындарды минимумға шығару, мысалы, орамадағы матаның артық қалмауы, тері өңдеу кезінде терінің қалмауы, т.б.
Қорды реттеу. Қордағы немесе сақтау бөлмелеріндегі өнімнің ұтымдылықты көлемін анықтау.
Өндірісті күнтізбелік жоспарлау. Қорларды ұстау, жоспардан тыс жұмыстардың ақысын өтеу және тыстан келген тапсырмаларды орындаумен байланысты шығындарды минимумға шығаратын күнтізбелік жоспарларды құру.
Өнімді бөлуді жоспарлау. Бөлу есебінен жүкті түсірудің немесе өндірістік ұйымдар мен қорлар, қорлар мен бөлшектік сауда орындарының арасында жүк түсірудің ұтымдылықты графигін құрастыру.
Жаңа зауыттың ұтымдылықты орналасуын анықтау.Жаңа зауыттың баламалы орналасу орындары мен дайын өнімді сату орындары арасындағы тасымал қызметіне жұмсалатын шығындарды бағалау жолымен орналасу пунктінің ең тиімді орнын анықтау.
Көлікті күнтізбелік жоспарлау. Тасымал көліктеріне жұмсалатын шығындарды минимизациялау.
Жұмысшыларды реттеу. Жұмысшыларды станоктарға және жұмыс орындарына реттеп бөлу барысында шығындарды минимизациялау.
Материалдарды қайта тиеу. Әр түрлі техникалық экономикалық сипаттамасы бар тасымал көліктерінің зауыт және қорға немесе сауда саттық орталығына жеткізу бағдарын реттеу барысында шығындарды минимизациялау.
4-сурет. Өндірісті басқаруда сызықтық бағдарламалауды қолданудың көп кездесетін варианттары
Төменде келтірілген мысалда сызықтық бағдарламалау үлгісін қолдануды қажет ететін қарапайым жағдай келтірілген. Басқарушы ең үлкен пайда табу үшін бояудың үш түрінің қайсысынан қанша галлон өндіру керектігін шешу керек. Шешімде бірнеше шектеулік қойылған:
Қолда тек 40 мың фунт бастапқы реагент бар – 10 мың фунт А реагенті, 18 мың фунт В реагенті және 12 мың фунт С реагенті.
Жабдықтың жалпы жұмыс істеу уақыты – 30 мың сағат.
1 типті бояудың бір галлонына А реагентінің 1 фунты, В реагентінің 3/4 фунты, С реагентінің 11/2 фунты, жабдық жұмысының 1/8 сағат уақыты жұмсалады. 2 типті бояудың бір галлонына А реагентінің 1 фунтының, В реагентінің 1/2 фунты, С реагентінің 3/4 фунты, жабдық жұмысының уақытының 1/4 сағаты жұмсалады. 3 типті бояудың 1 галлонына А реагентінің 11/4 фунты, В реагентінің 11/4 фунты, С реагентінің 11/2 фунты, жабдық жұмысының 1/6 сағат уақыты жұмсалады.
1, 2, 3 типті бояулардың 1 галлонының сатылуынан түсетін таза пайда сәйкестігінше 0,80, 0,65, 1,25 доллар.
Тапсырма 5-суретте бейнеленген:
5-сурет. Сызықтық бағдарламалау үлгісі
Сызықтық бағдарламалау үлгісін қолданып, реагенттердің қорлары, жұмыс уақыты, пайдасы белгілі болғанда, басқарушы қандай бояудың қандай мөлшерін өндіруді қажет ететінін анықтай алады. Осындай үлгісіз, салыстырмалы жай жағдайларда да ұтымдылықты шешімді қабылдау қиынға соғар.
Ұқсастырып үлгілеу. Жоғарыда келтірілген үлгілердің барлығы еліктеуді сөздің кең шеңберіндегі мағынасында қолдануды талап етеді, өйткені ол нақтылықты ауыстырмалары болып табылады. Сонда да, үлгі ретінде ұқсастырыпүлгілеу үлгіні құрып, оны тәжірибелік мақсатта нақты жағдайдың өзгеруін анықтау үшін қолданылады.
Н. Пол Лумба атап өткендей: «Ұқсастырудың негізгі идеясы белгілі бір құралды нақты жүйеге еліктеу үшін пайдаланып, ол арқылы жүйенің қасиеттерін, құлығын, сипаттамасын зерттеп түсіну».
Аэродинамикалық құбыр – құрылып шығарылатын ұшақтар мен автомобильдердің сипаттамасын тексеру үшін қолданылатын көзге көрінетін еліктеу үлгісі болып табылады. Өндіріс немесе қаржы салаларының мамандары жаңа технологиялар қолданудың немесе жұмыс күшінің құрамы өзгеруі нәтижесінде табыстың немесе өнімділіктің күтілетін өсуін ұқсастыратын үлгіні жете зерттеп құрып шығаруы мүмкін. Маркетинг маманы өнім жарнамасының немесе бағалардың өзгеруі нәтижесінде күтілетін сауда көлеміне еліктеу үлгілерін құра алады. Бизнес бойынша осы және алдағы курстарда сіздер өзіңіздің шешім қабылдау қабілетіңізді күрделі компьютерленген еліктеуіш іскер ойынында жетілдіре алатын боласыз.
Еліктеу сызықтық бағдарламалау типі сияқты математикалық әдістер үшін өте күрделі жағдайларда қолданылады. Бұл өзгермелілердің санының көп болуына байланысты, математикалық сараптаудың күрделілігі өзгермелілер мен белгісіздік деңгейінің байланысына тәуелді болады.
Сызықтық бағдарламалау бірнеше өзгермелілері бар тапсырмаларды, мысалы, жоғарыда келтірілген бояу туралы есепті, шешуге арналған.
Сонымен, еліктеу немесе ұқсастыру – бұл үлгіні нақты жүйенің немесе табиғи прототиптің орнына қоюдың өте тиімді тәсілі. Клод МакМаллан және Ричард Ф. Гонзалес жазғандай: «Нақты немесе прототипті жүйелерге тәжірибе жасау қымбат және ұзаққа созылады, ал релевантты өзгермелілер кейбір жағдайда ғана реттеуге жатады».
Жүйе үлгісіне тәжірибе жасау барысында, бұл жүйені нақты өмірде бақылау мүмкіндігі болмаған жағдайда, оның белгілі бір өзгерістерге немесе жағдайларға бейімділігін бақылауға болады. Егер еліктеу үлгісі пайдаланылған тәжірибе нәтижесі өзгерістердің жақсылыққа әкелетінін көрсетсе, басқарушы бұл өзгерісті нақты өмірде қолданылу туралы шешімді қобалжымай қабылдай алады.
Экономикалық сараптау. Көптеген басқарушылар еліктеуді үлгілеу әдісі ретінде қарастырады. Бірақ, олар экономикалық сараптау да үлгі құрудың тағы бір кең таралған әдісі екенін ешқашан ойламаған. Экономикалық сараптау экономикалық табыс пен шығындардың, өнеркәсіп қызметінің тиімділін бағалаудың барлық барлық әдістерінен тұрады. Қарапайым «экономикалық» үлгі шығынсыздық сараптамасына негізделіп, қосымша, белгілі бір нүктеден шешім қабылдау әдісімен бірге қолданылады. Ол бойынша өнеркәсіп табысты болып табылған теңгерілген жағдайында нүктеден шешім қабылдау әдісі.
Шығынсыздық нүктесі (Break-even paint – ВЕР) дегеніміз – табыс (total revenue – TR) соммалық шығындарға (total costs – ТС) тең болған жағдай. ВЕР ті анықтау үшін үш негізгі факторды ескеру керек: өнім бірлігінің сатылым бағасын, өнім бірлігіне өзгермелі шығындарды, өнім бірлігіне жұмсалатын жалпы тұрақты шығындар. Баға (unit-priсe – Р) фирманың әр тауар немесе қызмет бірлігін сатудан табатын пайдасын білдіреді. Баспа компаниясы, мысалы, кітап бағасының 80 % ын, яғни 10 доллардан 8 долларды алады. Р-8 долларды құрайды.
Өнім бірлігіне жұмсалатын өзгермелі шығындар (variable costs-VC) – бұл өнімнің әр бірлігіне өндіруге жұмсалатын шығындар. Кітапты басып шығаруды мысалға алсақ, мұндай шығындарға қағаздың, қаптаманың, типографияның бағасы, сату және авторлық гонорарды төлеумен байланысты шығындар. Әрине, құрамдас өзгермелі шығындар өндіріс көлемімен қатар өседі. Тұрақты шығындар – ол кем дегенде жақын болашақта өндіріс көлеміне тәуелсіз тұрақты болатын шығындар. Жалпы тұрақты шығындардың (total fixed costs – TFC) негізгі құрамалары, баспа үйінің мысалында, редакциялауға, безендіруге және теруге байланысты шығындар.
Одан басқа, басқарушылық, сақтандыру мен салықпен, бөлмені жалға алумен байланысты шығындар және амортизациялық қаржы төлемдерінің көлемі басқарушы бекіткен формуламен тұрақты шығындарға жатқызылады. Мысалымызды жалғастырсақ, кітап шығарумен байланысты тұрақты шығындар көлемі – 200 мың доллар. Сатылым бағасынан өзгермелі шығындарды шегерсек, сатылған өнім бірлігінен алынған табысқа салынған құнды аламыз. Сонда кітап бағасы 10 долл., ал өзгермелі шығындар 6 долларды құраса, салынған құн 4 доллар болады. Бұл, өз кезегінде, басшылыққа 200 мың доллар көлеміндегі тұрақты шығындарды жабу үшін қанша кітап сату керектігі туралы ақпарат береді. 200 мыңды 4 ке бөліп, 50 мыңды аламыз, яғни, жоба тиімді болу үшін 50 мың дана кітапты сату керек. Теңдеу нысанында шығынсыздық төмендегідей келтіріледі (1 формуланы қара):
TFC=BEP×(P-VC) немесе BEP=TFC/(P-VC), (1)
мұнда: ТFС – жалпы тұрақты шығындар,
Р – өнім бірлігінің бағасы,
VС – өзгермелі шығындар.
Формуланы пайдаланып, бұрынғы мәлімет негізінде біз қарапайым есептеуде алынған нәтижені аламыз:
ВЕР=ТFС/(Р-VС) = 200 000/(10-6) = 200 000/4 = 50 000 дана кітап.
Шығынсыздық нүктесін анықтау, салыстырмалы қарапайым операция бола тұра, пайдалы ақпараттың үлкен көлемін береді. ВЕР өлшемінің және сату көлемін бағалаудың қатынасында басқарушы жобаның тиімділігін және тәуекел мөлшерін көре алады. Баспа нарығын сараптау нәтижесінде сату потенциалы 80 000 дана екені анықталса, кітапты басып шығару табысты және тәуекелдің кіші көлемімен байланысты болатындығын білдіреді. Ал 35 000 дана көлемінде сату тәуекелді болады.
Өзгермелілердің бір немесе бірнеше санының пайдаға қалай әсер ететінін анықтау қиынға соқпайды. Мысалы, баспашы Р көлемін 1 ден 11 долларға көтерсе, ВЕР 40 000 дана кітапқа дейін түсу керек, ол VС дің көлемінің өзгеруінде осындай өзгерістерге ұшырайды. Осылайша, шығынсыздық сараптамасы фирма үшін тиімді болатын баламалы әрекеттерді таңдап алуға мүмкіндік береді. Баспашылар ғылыми кітаптарды басып шығаруға талпынады, бірақ оларды сату нарығы оқулықтарды сату нарығынан төмен болғандықтан, ғылыми кітаптар авторларына азырақ гонорар төлеп, баспаның екінші түсінен бас тартуға мәжбүр болады. Осындай жағдай оқулық шығарумен салыстырғанда жалпы тұрақты және өзгермелі шығындарды екі есе азайтуға мүмкіндік береді. Бірақ, нәтжесінде, кітаптың сыртқы келбеті нашарлайды, нәтижесінде, тұтынушы бәсекелестін өнімін алуды ұйғарса, пайда шығынсыздық нүктесінен төмен түседі.
Шығынсыздықты қамтамасыз ететін өндіріс көлемін оған сәйкес келетін шығындарды анықтау мүмкін болған жағдайда, кез келген өнім немесе қызмет түрі үшін есептеп шығаруға болады. Ол ұшақтағы бос емес орындар саны, мейрамханадағы бос емес үстелдер саны, жаңа типті автокөлікті сатылу көлемі болуы мүмкін. Экономикалық сараптаудың басқа үлгілері инвестицияланған капиталдан табатын пайданы, таза табыс көлемін, фирмадағы бір акцияға дивиденттің мөлшерін анықтау үшін қолданылады. Бұл үлгілер қаржы және есеп курстарында қарастырылады. Негізінде, бухгалтерлік есеп әдістерінің барлығы фирманың жұмыс көрсеткіштерін және қаржы жағдайын анықтауға мүмкіндік беретін экономикалық сараптау үлгілеріне сүйенуі керек.
Төлем матрицасы. Басшылықпен қабылданатын әр шешімнің мәні – алдын ала тұжырымдалған нақты критерийлер бойынша бірнеше баламалардың ішінен ең тиімдісін таңдау. Төлем матрицасы – статистикалық теориялар шешімдері әдістерінің бірі; басқарушыға бірнеше варианттың біреуін таңдауға көмек беретін әдіс. Ол, қай стратегия мақсатқа жетуге септігін тигізетіні туралы шешім қабылдауда өте тиімді.
Н. Пол Лумба айтқандай: «Төлем дегеніміз – нақты жағдаймен сыбайлас нақты стратегиялық салдары болып табылатын ақшалай сыйлау немесе пайда. Егер төлемдерді кесте (матрица) түрінде бейнелейтін болсақ, бір төлем матрицасын көреміз». «Нақты жағдайлармен сыбайлас» сөздері төлем матрицасын қалай қолдану және оның негізінде қабылданған шешім қашан тиімді болатынын бағалауды түсіну үшін өте маңызды. Жалпы түсінік бойынша, матрица төлемнің орын алып жатқан нақты жағдайларға тәуелді екенін көрсетеді. Егер осындай жағдай немесе табиғат жағдайы іс жүзінде орын алмаса, онда төлем де басқа сипатта болады.
Төлем матрицасы пайдалы болатын жағдайлар:
Баламалардың немесе варианттардың шектеулі саны және олардың арасында таңдау жасауға арналған стратегия болғанда;
Орын алуға мүмкін жағдай белгісіз болғанда;
Қабылданатын шешімнің нәтижесі таңдап алынған баламаға және іс жүзінде орын алатын жағдайларға тәуелді болғанда.
Одан басқа, басқарушыда релевантты жағдайлар мен олардың маңыздылығын объективті бағалау мүмкіндігі болуы керек. Басқарушы өте сирек жағдайда толық анықтылық жағдайында болады. Дәл солай ол толық белгісіздік жағдайында да өте сирек әрекет етеді. Шешім қабылдаудың барлық жағдайларында дерлік, басқарушы мүмкіндікті, ықтималдылықты немесе жағдайды бағалауға мәжбүр болады. Ықтималдылықты объективті түрде анықтауға болады. Оның мәнін басқарушының бұрынғы тәжірибесіне немесе тенденцияларға сүйеніп анықтауға болады.
Ықтималдылық күтілетін мағынаның анықталуына – төлем матрицасының орталық концепциясына тура әсерін тигізеді. Баламаның немесе варианттың, стратегияның күтілетін мағынасы – бұл мүмкін болатын мағыналардың оларға сәйкес ықтималдылықтарға көбейтінділерінің суммасы.
Мысалы, егер Сіз балмұздақ сату киоскісіне 0,5 қаражат салу (әрекет стратегиясы ретінде) ықтималдылығында 5000 АҚШ доллар табыс әкеледі, 0,2 ықтималдылығымен 10000 АҚШ долларын, 0,3 ықтималдылығында 3000 АҚШ доллары деп есептесеңіз, онда күтілетін мағына:
5000(0,5) +10 000(0,2) + 3000(0,3) = 5400 долларын құрайды.
Әр баламаның күтілетін мағынасын анықтап, олардың нәтижесін матрица түрінде реттейтін болса, басқарушы еш қиындықсыз қолда бар критерийлердің есебімен тиімді вариантты таңдай алады. Зерттеу жұмыстары көрсеткендей, ықтималдылықтың дәл мағыналары (мәндері) құрылғанда, дәстүрлі тәсілдермен салыстырғанда, төлем матрицасы мен шешімдер ағашы әдістерін қолдану әлдеқайда тиімді.
Шешімдер ағашы. Шешімдер ағашы – басқару ғылымындағы қолда бар варианттардан ең тиімді әрекетті таңдаудың тағы бір танымал әдісі. Шешімдер ағашы – бұл шешім қабылдау мәселесін схема түрінде бейнелеу. Төлем матрицасы сияқты, шешімдер ағашы басқарушыға әрекеттің әр түрлі бағыттарын ескере отырып, қаржылық нәтижелерді олармен сәйкестендіріп, оларды тиісті ықтималдылыққа сай реттеп, баламаларды салыстыруға мүмкіндік береді. Күтілетін мән концепциясы шешімдер ағашы әдісінің ажырамас бөлігі болып табылады.
Шешімдер ағашы әдісін жоғарыда келтірілген төлем матрицасы қолданылатын жағдайларда пайдалануға болады. Бұл кезде нәтижелер, ықтималдылықтар, тағы басқа мәліметтер шешімге әсер етпейді. Бірақ, бұл әдісті күрделірек жағдайға да – бір шешімнің нәтижесі басқа кейінгі шешімдерге әсер еткен жағдайға да бейімдеуге болады. Осылайша, шешімдер ағашы – бұл тізбектелген шешімдерді қабылдауға арналған пайдалы да тиімді құрал.
Бүгінгі күнде электр газон шапқыштарды өндіретін фирманың вице-президенті қол газоншапқыштар нарығы кеңеюде деп есептейді. Ол, қол газоншапқыштар өндірісін бастау керек пе, жоқ па, егер керек болған жағдайда, электр газоншапқыштар өндірісін жалғастыру керек пе, әлде жоқ па деген шешім қабылдауы тиіс.
Екі типті шапқыштарды өндіру үшін өндірістік қуатты көбейту қажет. Шешім қабылдаудан бұрын басқарушы барлық жағдайлардағы тиімділіктер мен шығындар туралы релевантты ақпаратты жинап алады. Бұл мағлұмат шешімдер ағашында бейнеленген.
Шешімдер ағашын пайдаланып, басқарушы екінші нүктеден бастапқыға өту арқылы ең тиімді шешімді қабылдауды – екі типті газоншапқыштарды өндіру мақсатында өндірістік қуатты көбейтуді ұйғарды. Ол егер А нүктесінде электршапқыштарға төмен сұраныс болған жағдайда, қуатты көбейтуден бас тартқандағы табыстан (1 млн АҚШ долл) үлкен болған күтілетін пайданың көлемімен (3 млн АҚШ долл) байланысты.
Болжамдау әдістері. Басқарушы қадам бастайтын жорамалдар ол басқара алмайтын болашақтағы жағдайлармен байланысты. Бірақ осындай жорамалдар көптеген болжау операциялары үшін қажет. Басқарушы болашаққа қатысты ішкі және сыртқы жағдайларды неғұрлым дәл жорамалдаса, іске асырылатын жоспарларды құру мүмкіндігі соғұрлым зор болатыны түсінікті.
Болжамдау – болашақты анықтау мақсатында бұрын жинақталған тәжірибемен қатар, болашаққа қатысты жорамалдар да қолданылатын әдіс. Егер болжамдау сапалы орындалса, оның нәтижесі ретінде жоспарлаудың негізіне алына алатын суретті көреміз.
Бүгінгі күнде болжамдау – бөлімдерге бөлінген мамандандырылған сала. Нақты қызмет салаларындағы болжамдаумен айналысатын фирмалар бар. Оған мысал ретінде Гэллап институтын келтіруге болады, ол іртүрлі саяси және әлеуметтік процестердің нәтижелері мен әсерін болжамдау мақсатында ақпарат жинау мен сараптауға мамандандырылады. Ол үшін болжамдардың бірнеше түрлері қолданылады (сурет 6):
Экономикалық болжамдар – нақты компанияның нақты өнім бойынша сату көлемін және экономиканың жалпы жағдайын болжамдау үшін қолданылады.
Технологиялардың даму болжамдары қандай жаңа технологиялардың жетілдіруін, қашан күтуге болатынын және олардың экономикалық тұрғыдан тиімді болуы туралы болжам жасауға мүмкіндік береді.
Бәсекелестіктің даму болжамдары бәсекелестердің тактикасы мен стратегиясы болжауға мүмкіндік береді.
Зерттеулер мен сауалнамалар негізінде жасалған болжамдар көптеген салалардың білімін пайдаланып, күрделі жағдайлардағы әрекетті болжауға мүмкіндік береді.
Әлеуметтік болжамдау адамдардың әлеуметтік принциптері мен қоғам жағдайын анықтау мақсатында қолданылады. Бұл болжау түрімен бүгінгі күнде тек бірнеше ірі ұйымдар ғана айналысады. Осындай болжамдау, өмір сапасының, медициналық қызмет көрсетудің, жұмысшылар уәжінің, т.б. факторларының қалай өзгеретінін дәл жорамалдаған ұйымға нарықта алға шығуға мүмкіндік береді. Мысалы, «Дженерал Электрик» әлеуметтік саяси болжамдаудың күрделі әдісін еңбек қатынасы мәселесінде болашақты жоспарлаудың сапасын көтеру мақсатында қолданылады.
6-сурет. Болжамдар түрлері
Бейресми ақпарат. Ауызша ақпарат. Мақсаттарды құру және жоспарлаудың қосалқы құралы ретінде басшылық ақпараттың ауызша да, жазбаша да көзіне сүйенетіні анық. Ауызша ақпаратты жинаудың әдісі, іс жүзінде, сыртқы ортаның сараптамасында жиі қолданылады. Оған радио және телебағдарламалардан, тұтынушылардан, бәсекелестерден, жиналыстарда, кәсіби ұйымдарда, заңгерлерден, бухгалтерлерден, қаржылық ревизорлардан, кеңесшілерден алынатын ақпаратты жатқызуға болады.
Осындай ауызша (вербалды) ақпарат ұйымға қатысты сыртқы орталық барлық факорларын қамтиды. Ол өзгермелі сипатта болады, оны табу қиынға соқпайды, және оған сенуге әбден болады. Кейде, ол ақпарат дәл емес, ескірген және анық емес болуы мүмкін.
Жазбаша ақпарат. Сыртқы орта туралы жазбаша ақпарат көздеріне газеттер, журналдар, ақпараттық бюллетендер, кәсіби журналдар, жылдық есептер жатады. Бәсекелестер туралы жазбаша ақпараттың тағы бір түріне 10К есебі жатады. Бұл ерекше жылсайынғы есеп барлық ресми акционерлік компаниялардың құнды қағаздар және биржалар Коммиссиясының қатысуымен дайындалады. Барлық колледждер мен университетердің кітапханаларында бұл есеп бар. Жазбаша ақпарат табуға жеңіл болса да, оның, вербалды ақпараттың да сияқты, кемшіліктері бар – ол ескірген және толық емес болуы мүмкін.
Өндірістік шпионаж. Жақында әлемдегі электрондық бұйымдарды, компьютерлерді және олардың құрамдас бөліктерін өндіретін ең ірі жеткізуші – жапондық «Хитачи» және «Мицубиси» фирмаларының ресми өкілдері өкінішті жаңалықтан өздеріне орын таба алмады – олардың жоғары деңгейдегі он сегіз қызметкерлері «Ай Би Эм» фирмасының құпияларын ұрлағандары үшін қамауға алынды.
Қамауға алынғандарды құпия агентке «Ай Би Эм» компаниясының заманауи компьютерлік технологиясын және оның техникалық нұсқауларын сатып алу үшін 645 мың АҚШ долларын беріп жібергені үшін айыптады. Шпионаж – корпорациялар үшін жаңалық емес. Кейде олар бәсекелестің әрекеттері туралы ақпарат жинаудың әдісі ретінде қолданылып, нәтижесінде өз ұйымының мақсаттарын қайта құру үшін пайдаланады.
Жоспарлаудың сандық әдістері. Сандық әдістерді қызметтің бір түрі бұрында қазір жалғастыруға жататын белгілі бір тенденцияға ие болған жағдайда және статикалық дәл тенденцияларды және байланыстарды анықтауға жеткілікті ақпарат болғанда қолдануға болады. Одан басқа, басқарушы сандық үлгіні қалай қолдануды біліп, үлгіні құрумен байланысты шығындар шешім қабылдаудың тиімділігімен байланысты пайдадан аспау керектігін есте сақтау керек.
Болжамдаудың сандық әдістерінің ең таралған екі типі – уақытша қатарлар сараптамасы және каузальді (себеп салдардық) үлгілеу.
Уақытша қатарлар сараптамасы. Кейде трендтің шағылуы деп аталатын уақытша қатарлар сараптамасы бұрында орын алған жағдай болашақтағы жағдайды болжауға мүмкіндік берген жорамалдарға негізделеді. Бұл сараптама өткен шақтағы үлгілер мен тенденцияларды анықтап, оларды болашаққа әкелудің әдісі болып табылады. Сараптаманы өткізу үшін, өткен шақ жағдайларына сәйкес келетін координаталық жүйеге графикті түсіру енмесе кесте құру жеткілікті.
Сараптаманың бұл әдісін жыл кезеңдерімен сипатталатын сатудың құрылымын болжау, қордағы қажеттіліктерді бағалау, тауарлар мен қызметтерге сұранысты, кадрлік қажеттіліктерді зерттеу үшін қолданылады. Егер, мысалы үшін, «Бюргер Кинг» мейрамханасының директоры қазан айында қанша гамбургерге тапсырыс беру керектігін шешу қажет болса, оған өз шешімін өткен бес жылдың қазан айындағы сату цифрларымен негіздеу жеткілікті. Мәлімет сараптамасы, өткен жылдары Рахмет айту күні себебінен гамбургерге сұраныстың 10 %-ға түскендігін көрсетеді.
Каузальді (себеп салдарлық) үлгілеу. Каузальді үлгілеу бүгінгі күнде қолданылатын болжаудың сандық әдістерінің ең айлалы және математика ғылымы тұрғысынан ең қиыны болып табылады. Ол бірнеше өзгермеліден тұратын жағдайларға келеді. Жеке бас табысының деңгейі, демографиялық өзгерістер болашақта жалғыз жанұя тұратын үйлерге сұраныстың өзгеруін көрсетеді.
Каузальді үлгілеу – осындай жағдайларда болатынды қарастырылып жатқан факторлар мен басқа өзгермелілердің арасындағы статикалық тәуелділікті зерттеу жолымен жасалатын болжау. Бұл үлгі несиенің пайыздық ставкасы 1 %-ға өскенде, жаңа үйлерге сұраныс 5 %-ға түсетінін анықтай алады.