Читать книгу Индуизм - Дарига Кокеева - Страница 4

1. ЕРТЕ ҮНДІ ДҮНИЕТАНЫМЫНДАҒЫ ҚҰДАЙЛАР ПАНТЕОНЫНЫҢ ДІНИ-ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ҚАЛЫПТАСУ АЛҒЫШАРТТАРЫ
1.3 Үнді құдайлар пантеонындағы дәстүрлі діни-философиялық бағыттар: Вишнуизм, Шиваизм, Шактизм және Смартизм

Оглавление

Үнді діни-мифологиялық аңызындағы басты үш діни-философиялық бағыт вишнуизм, шиваизм және шактизмнің қалыптасуымен қатар келеді. Индуизмде пантеон түсінігі сансыз құдайлар мен діндерді, сенімдерді танытады. Бірақ пантеонның гетерогенттігіне қарамастан индуизмді саяси тұрғыдағы дін ретінде қарастырады. Үнді дүниетанымындағы монотеизм әрбір бағыттағы басты объект Брахма, Вишну және Шива түрлі атаулармен болғанымен бір ғана бірлікті көрсетеді. Аталмыш бағыттарды сараламай тұрып, алдымен олардың аңыздық діни жүйесіне тоқталған жөн. Кейбір зерттеушілер оның уақытын б.д.д. ІІ-І ғғ. жатқызады [65, 189-215 бб.].

Индуизмге спецификалық сипат тән. Бұл дінде индуизмді тарату үшін ортодоксальды діни бағыттарға ғана сабырлық танытанын иерархиялық ұйымдасқан шіркеулер, оның діни догматтары мен нормалары бекітілмеген. Сабырлылық философиялық концепцияларға жүгінетін әлеуметтік қатал тәртіптермен, әлеуметтік касталық ұйымдардан тұрады. Үнділік танымал ғалым Х. Кабир «Культура Индии» атты еңбегінде «адаммен танылған продукт шынайылыққа жетелейтін ақиқат дамуының әртүрлі деңгейлері болып табылады», – дейді [66, 13 б.].

Индуизм

Подняться наверх