Читать книгу Қанатты сөз – қазына. 1-кітап - Кеңес Оразбекұлы - Страница 3

ҚАНАТТЫ СӨЗ – ҚАЗЫНА
1-кітап

Оглавление

Аңыз, әңгіме, ертегілерді жинап, құрастырған, қанатты сөздердің мән-мағынасын түсіндірген Кеңес ОРАЗБЕКҰЛЫ ДҮЙСЕН.


«Қанатты сөз – қазына» – бұл кітапта халық арасына кең тараған мақал-мәтел, қанатты сөздер мен тәлімді сөз тіркестерінің қалай, қайдан шыққанын ел аузындағы аңыз-әңгімелер мен ертегілер, шешендік этюдтар арқылы көрнекі мысал ретінде кестелеп беруге тырыстық. Қанатты сөздердің көбі халық өмір-тіршілігімен біте қайнасып ерте заманнан келе жатқандықтан, мән-мағыналары мен жекелеген сөздері ескіріп, көмескіленіп, ұғынып-түсінуге қиындық тудыратындай дәрежеге жеткен. Сол себептен, әр әңгіменің басында немесе соңында олардың түсіндірмелерін де қоса беріп отырмыз.

Туған тіліміздің көркем кестелері мен терең сыр-сипаттарын ұғынып-түсінуге ұмтылған балаларға, жастарға, көпшілік қауымға бұл кітаптың берер қазына-байлығы аз болмас деп ойлаймыз.

Қанатты сөз – қазына. 1-кітап

Подняться наверх