Читать книгу Банктік тəуекелдер жəне оны басқару - Нұргүл Керімбекова - Страница 1
КІРІСПЕ
Оглавление«Банктік тәуекелдер» пәні Қазақстанның қаржы-несиелік жүйесі үшін экономиканың қаржы-банк секторына жоғары дәрежелі мамандарды дайындайтын оқу пәндері арасында маңызды рөл атқара отырып, банктік тәуекелдер туралы теориялық білім беретін пән болып саналады.
Нарықтық экономика жағдайында банк саласында банктер операциялардың көптеген жаңа түрлерін атқаруда. Тәуекелділік кез келген банктік операцияларда болады. Олардың ауқымы әртүрлі. Тәуекелдер міндетті түрде реттелуі және банктің қаржылық мүмкіндігінің шегінде орналасуы керек. Сондықтан да банк қызметінде тәуекелділіктің мүлдем болмауы маңызды емес, оның ең аз шамадағы деңгейіне жеткізу және кеміту маңызды.
Нарықтық экономика жағдайында әр банк өз қызметінің процесінде тәуекел деңгейін жетік меңгеріп, тәуекелді дұрыс басқара білуі банк табыстылығының кепілі болып табылады.
Оқу құралының жазылу мақсаты – студенттердің банктік тәуекелдер теориялары саласында білім іргетасын қалыптастыру, олардың мәнін, қажеттілігін, қызметтерін тарихи және теориялық аспектіде, сондай-ақ қазіргі нарықтық экономикадағы рөлін және маңызын ашып қарастыру.
Оқу құралында банктік тәуекелді, оны басқарудың экономикалық мазмұны мен мәнін аша отырып, оның рөлін, категорияларын, жіктелімін, сонымен қатар несиелік, өтімділік, пайыздық, валюталық, операциондық тәуекелдерді және оны басқару, бағалау әдістерін, тәуекелді төмендету шаралары туралы айтылған. Әр тақырыптың соңында студенттер үшін бақылау сұрақтары беріліп, тест сұрақтары қарастырылған.