Читать книгу Банктік тəуекелдер жəне оны басқару - Нұргүл Керімбекова - Страница 3

1- тарау
БАНКТІК ТӘУЕКЕЛДЕРДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ
1.2. Банктік тәуекелді басқару және бағалау әдістері

Оглавление

Тәуекелдерді басқару әрбір банктің басты міндеті мен бағыты, себебі банк тәуекелдерін басқару мен бағалауды дұрыс жүргізбеу банктің нарықтағы жағдайын нашарлатып, жабылуына алып келуі мүмкін. Банктік тәуекелдерді басқарудың басты мақсаты – банктің активтері мен пассивтерін дұрыс басқара отырып, банк өтімділігі мен пайдасын оң көрсеткіште ұстап тұру, күтілмеген жоғалтуларды барынша төмендету. Сондықтан да әрбір банк өзінің тәуекелдерді басқару стратегиясын жасауы керек, ал стратегия өз кезегінде қазіргі талаптарға сай және банктің дамуымен қатар тәуекел деңгейін қалыпты ұстап тұруда оңай басқарылуы қажет. Банктің тәуекелдерін сапалы басқару ұзақ мерзімді нәтижелі дамуына жол ашады. Банктік тәуекелдерді басқарудағы түрлі іс-әрекеттер, шаралар, шешімдер тәуекелді басқару саясаты деп аталады.

Тәуекелдерді басқару процесінде келесі ережелерді қатаң ұстанған дұрыс:

– меншік капиталынан жоғары көлемде тәуекелге баруға болмайды;

– тәуекелдің ақыры неге апаратынын әрдайым ескерген жөн;

– аз пайда үшін көп шығынға ұшырайтын әрекетті білген дұрыс;

– тәуекелмен байланысты шешімді дұрыс қабылдау үшін қабылданып жатқан шешімге күмәнді болмау керек;

– әр уақытта тәуекелді шешудің бірнеше жолы болады.

Банктік тәуекелдерді басқару менеджменттің бір функциясы ретінде мынадай қағидаларға негізделеді:

– пайда табу мақсатында тәуекелге ойлана бару қағидасы;

– қабылданған тәуекелдердің басқарылу қағидасы;

– күтілген табыс деңгейінен тәуекел деңгейінің аз болу қағидасы;

– қабылданған тәуекел деңгейінің банктің қаржылық мүмкіндіктерінен аспау қағидасы;

– тәуекелді жою шығыны жоғалтатын қаржыдан аспау қағидасы;

– тәуекелдерді басқарудағы уақыт факторы қағидасы.

– банктік тәуекелдерді дұрыс және пайдалы басқару үшін қазіргі жағдайда оған қандай факторлар әсер ететіндігін білу қажет. Жалпылама алғанда тәуекел банкке әсер ететін факторлар өте көп, яғни әрбір әсер етуші фактормен бірге тәуекел қатар жүреді. Сол себепті олардың қандай көздерден туындайтыны осы факторларды дұрыс бөлуден айқындалады. Тәуекелдердің өзгеріп отыруына негізгі екі фактор, яғни экзогенді және эндогенді факторлар әсер етеді. Бұл факторлар төменде 2-сызба түрінде көрсетілген.


2-сызба. Банктік тәуекелдерді басқаруға әсер ететін негізгі факторлар


Тәуекелдерді басқару нарықтағы өзгерістерге тез әрі ұтымды шешімдер арқылы жауап бергенде ғана тиімді болады. Тәуекелдерді басқару стратегиясын таңдағанда банк нарықтағы банк қызметінің түрлері мен оның жекелеген сегменттеріне зерттеу жасайды. Банк қоршаған ортаның тәуекел деңгейінің әрдайым өзгеріп отыруына алып келеді. Соның салдарынан банк үнемі нарықтағы өз орнын анықтап, туындаған тәуекелдерге баға беріп, клиенттермен қарым-қатынасты, активтері мен пассивтерінің құрылымын және саясатын өзгертіп отырады.

Тәуекелдерді басқару процесі төмендегі 3-сызба бойынша жүргізіледі.


3-сызба. Тәуекелді басқару процесі


Тәуекелді бірыңгайландыру кезеңі: эксперттік баталау әдістері (дельфиялық әдіс, морфологиялық әдіс, сценарийлік талдау, коэффициенттік талдау әдісі, т.б.) параметрлік емес статистика әдістері.

Туындатан тәуекелді бағалау әдісі: дифференциалдық, интервалдық, логарифмдік, индекстік, жай сандар әдісі, корреляциялық, регрессиялық, дисперсиялық, кластерлік, факторлық талдау, сызықтық, стохастикалық бағдарламалар.

Стратегияны таңдау кезеңінде лимиттеу, резервтеу, хеджерлеу, сақтандыру, диверсификация, өзін-өзі сақтандыру, оптимизациялау қолданылады.

Бақылау кезеңі: жауапкершілікті бөлу мен лауазымды делегирлеу, мониторинг, есеп жүйесін құру.

Банктік тәуекелдерді тактикалық басқару бойынша тәуекел менеджменті үш деңгейге бөлінеді:

Құру кезеңі:

– ішкі нормативтік базаны құру;

– лимиттеу, квоталау және өзге де шектеулер жүйесін құру;

– есеп жүйесін құру;

– дағдарысқа қарсы шараларды басқару.

Жаңа енгізулер кезеңі:

– жаңа жұмыс тобын құру;

– сценарийлік талдау (бэк тест).

– тесттің қорытындысын талдау.

Ішкі нормативтік базаны қолдану кезеңі:

– лимиттерді бекіту, қайта қарау және бақылау;

– банктік тәуекелдерді басқарудың басқа да әдістерін қолдану;

– сценарийлік талдау (стресс тесті).

Осылайша, банктік тәуекелдерді басқаруды үш кезеңнен тұратын механизм ретінде қарастыруға болады. Бірінші кезең стратегиялық басқаруға жауап береді, ал екінші кезеңде тактикалық және жедел басқару ұйымдастырылады, үшінші кезеңде жедел басқарылым.

Тәуекелдердің басқару бірнеше әдістердің көмегімен жүргізіледі. Солардың ішіндегі көп қолданыста болатындар:

– тәуекелден бас тарту немесе қашу;

– тәуекелді өз мойнына алу;

– тәуекелді аудару;

– тәуекелді алдын алу;

– сақтандыру;

– диверсификация;

– лимиттеу;

– хеджерлеу;

– өзін-өзі сақтандыру;

– сапаны басқару.

Ал енді олардың әрқайсысына сипаттама беретін болсақ:

Тәуекелден бас тарту немесе қашу – тәуекел деңгейі өте жоғары немесе шығыннан қашып құтылу мүмкін болмайтын жағдайларда бірден-бір алтьернативті тиімді жолдың біреуі.

Тәуекелді өз мойнына алу деп пайда болған шығынды банк өз қаражаты есебінен жабуын айтамыз. Бұл әдіс пайда болған шығындар көлемі жоғары болмаған жағдайда және пайда болатын шығындардың арасындағы интервалының алшақтығы кезінде қолданылады.

Тәуекелдің алдын алу – мүмкін болатын тәуекелдерді алдын ала шаралар қолдану арқылы төмендету немесе жою жолдарын іздестіру. Бұл басқару түрі тәуекел деңгейі жоғары болған жағдайда соны азайтуға бағытталады, бірақ азайтуға бағытталған нақты шаралардан ауытқулар болмауы қажет.

Сақтандыру – банк тәуекелін төмендету, мүмкін болатын шығындардың орнын толтыру үшін жауапкершілікті сақтандыру компаниясына беру. Көп жағдайларда банктер несие бойынша тәуекелдерді сақтандырып қояды.

Диверсификация – банк тәуекелдерін азайту мақсатында тәуекелді әртараптандыру, мысалы, белгілі бір салаға инвестиция салса бір салаға қатысты тәуекел деңгейі жоғарылайды, ал сол қаржыны бірнеше салаға бөліп салса тәуекел деңгейі азаяды. Банктік тәуекелдерді диверсификациялаудың келесідей формалары бар:

– бағалы қағаздар портфелін диверсификациялау;

– несие портфелін диверсификациялау;

– валюталық корзинаны диверсификациялау;

– тартылатын қаражаттар көзін диверсификациялау.

Лимиттеу – тактикалық шешімдер қабылдағанда банктің белгіленген операция түрлері мен көрсеткіштеріне шектеулер қою. Әлемдік тәжірибеде лимиттеудің мынадай түрлері кең тараған: 8іор-1оз8, 8іор-оиі, іаке рғойі, Іаке оиі. Лимиттеудің бұл түрлері шығындарды тиімді басқаруға арналған. Лимиттеудің келесідей түрлері бар:

– контрагенттерді лимиттеу;

– несиелік өнімдерге лимит жасау;

– операциялар бойынша тәуекелдерге лимит жасау.

Хеджерлеу – нарықтағы бағалар өзгерісінен пайда болатын тәуекелдерді сақтандыру, яғни жедел келісімшарт позициясын шығынның орнын жабу мақсатында тәуекел деңгейі бірдей қарамақарсы нарықта да жасау арқылы жүзеге асырылады.

Өзін-өзі сақтандыру – банк мүмкін болатын шығындардың орнын жабу мақсатында өз пайдасынан арнайы және қосымша қорлар құру.

Сапаны басқару – банк тәуекелдерін басқару процесінде банктің шығарған өнімдері мен көрсететін қызметтерінің сапасы маңызды рөл атқарады, яғни банктің көрсететін қызметтерінің, өнімдерінің, несие, депозит бойынша портфельдерінің сапасын дұрыс басқаруы тәуекелге ұшырау деңгейін төмендетеді.

Бір банктік тәуекелдің өзгеруі барлық тәуекел түрлеріне әсерін тигізеді. Банктік тәуекелдерді бағалаудың дұрыс жүргізілуі банктің тиімді жұмыс істеуіне және динамикалық өсуіне жағдай жасайды. Ал егер тәуекелдерді бағалау дұрыс жүргізілмесе банк жағымсыз жағдайларға немесе банкроттыққа ұшырауы мүмкін. Банк тәжірибесінде банктік тәуекелдерді бағалаудың келесідей түрлері қолданылады:

Сандық бағалау бұл банкте туындаған тәуекелден пайда болған шығынның нақты ақшалай көрінісін бағалауға негізделеді немесе барлық шығындардың жиынтығын көрсетеді.

Сапалық бағалау – тәуекелдің пайда болу көздері мен нақты факторларын бағалауға негізделеді, яғни әрбір тәуекелге қатысты нақты факторлар бойынша бағалау жасап, соны алдағы уақытта жою шараларын қарастырады. Банк тәжірибесінде несиелік портфельді бағалауда үлкен маңызға ие.

Статистикалық бағалау әдісі – банк саласында тәуекелдерді бағалау бойынша көп уақыт бойы қолданып келе жатқан әдістің бірі. Бұл әдіс ұзақ уақыт ішіндегі статистикалық көрсеткіштерді талдау арқылы тәуекелдердің пайда болу аралығы мен себептерін бағалауда үлкен маңызға ие. Статистикалық бағалау әдісін тәуекелдердің барлық түріне дерлік қолдануға болады.

Сараптамалық бағалау – сарапшы мамандар жүргізетін бағалау негізінде жүзеге асырылады. Бұл әдіске рейтингтік бағалау әдісін, несие алушылардың несиелік қабілетін бағалау, банк портфельдерін бағалау және т.б. әдістер жатады.

Аналитикалық бағалау әдісі – банктік тәуекелдердің жеке түрлерінің немесе жиынтығының пайда болу аймағын талдау түрінде жүргізіледі. Аналитикалық бағалау әдісі екіге бөлінеді:

– түпнегізді бағалау эмитенттің пайдасын, нарықтағы жағдайын, активтері мен пассивтерін, жарғылық капиталының көлемін және өзге де қаржылық көрсеткіштерін бағалау;

– техникалық бағалау – нарықтағы динамикалық жағдайды графиктер көмегімен болашақта бағалардың өзгеруін бағалау. Техникалық бағалау нарықтағы адамның психологиясын зерттеумен тығыз байланысты.

Перспективалық бағалау – бұл әдістің негізгі қиындығы нақты жағдайларға байланысты модельді дұрыс таңдау. Модельдер арқылы банктік тәуекел ықтималдығын бағалап нақты жағдайды болжамдауға мүмкіндік береді.

Анологиялық бағалау әдісі – банк менеджерлері түрлі шығарылымдар немесе басқа банктердің тәжірибесі негізінде белгілі бір жағдайлардың болуын ескере отырып тәуекелдерді бағалау әдісі. Осы әдіс негізінде көптеген банктердің тактикасы және стратегиясы құрылады [17; 19].

Кешенді бағалау – бір банктің қызметі аясындағы барлық банктік тәуекелдердің жиынтығын бағалау. Теоретикалық түрде банктік тәуекелдің жалпы көлемін мына формула бойынша анықтауға болады:


Мұндағы Н – банктің жалпы тәуекелінің дәрежесі; Р – нақты операциялар бойынша жекелеген тәуекелдер; К – банк капиталының жиынтығы; банкке әсер ететін сыртқы тәуекел коэффициенті. Бұл көрсеткіш банктің ең жоғары тәуекел деңгейін көрсетеді.

Вариация және дисперсиялық әдісі – бір нәтижеден екінші бір нәтижеге өту кезінде сандық көрсеткіштердің өзгеруі. Дисперсия белгілі бір нақты жағдайдың оның орташа көрсеткішінен ауытқуы.

Вариациялық ауытқу:


Дисперсия:


Вариациялық коэффициент:


х – тәуекел болуы мүмкін әр жағдайлар үшін күтілетін мәні; х – тәуекелдің орташа болжамды мәні; о – дисперсия мәні;

ẍ – тәуекел болуы мүмкін жағдайлардың жиілігі;

σ – вариация коэффициенті;

n – математикалық күтілім.

Вариация коэффициенті 1 %-дан 100 %-ға дейін өзгеруі мүмкін, 10 %-ға дейін тәуекелдердің төмен тербелісі, 10 % -25 %-ға дейін тәуекелдердің орташа тербелісі, 25 % жоғары тәуекелдердің жоғары тербелісін білдіреді.

УАК (Уаіие-аі Кізк) бағалау әдісі – нарықтық тәуекелді бағалау мен сандық бағалаудың, жекелеген бағалау түрлерін бір параметр ретінде көрсетеді. Бұл әдісті төмендегі формула арқылы көрсетуге болады:


Мұндағы S – ашық позиция сомасы (активтер сомасы), – t есептелген уақыттағы курстың жағымсыз жақтарға максималды ауытқуы (активтердің нарықтық бағасы). VAR әдісін келесі суретпен көрсетуге болады.


1-сурет. Пайда мен жоғалтулардың мүмкін болатын бөлінуі


Банктік тəуекелдер жəне оны басқару

Подняться наверх