Читать книгу Ежелгі Қазақстан тарихы пәні бойынша семинар сабақтарына арналған оқуәдістемелік нұсқаулық - Т. Омарбеков - Страница 2

СЕМИНАР САБАҚТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРҒА ДАЙЫНДАЛУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЛАР
Семинар 1. Тақырыбы: Ежелгі Қазақстан тарихы бойынша деректер

Оглавление

Негізгі сұрақтар:

1 Көне парсы тіліндегі дерекер мен ортаңғы Иран ескерткіштері

2 Ежелгі Қазақстан тарихына қатысты анитика тарихнамасы

3 Қытай деректері және олардың зерттелуі

4 Араб-парсы тіліндегі жазба деректердің маңызы

5 Археологиялық деректер: археорлогиялық проблемалар және оларды зерттеу

Семинар сабағының мақсаты: Ежелгі Қазақстан тарихы бойынша деректер көлемімен, олардың деректік ерекшеліктерімен таныса отырып, оларды нақты тарихи оқиғалар мен үдерістер бойынша тарихи дерек ретіндегі талдау, оқу үдерісі мен ғылыми жұмыстарда пайдалана білу дағдысын қалыптасыру.

Семинар сабағын өз бетінше орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар:

Сабақ өту формасы: жоғарыда берілген семинар тақырыбының жоспары бойынша кеңейтілген талқылау.

Семинар сабағына дайындалу бойынша қойылатын талаптар: Семинар сабақтарына дайындалу барысында әрбір тапсырма бойынша берілген нақты әдебиеттермен танысу, жазба деректердің сипаттамасы, авторы, дерек ретіндегі ерекшелігі және зерттелу деңгейі бойынша материалдарды конспектілеу міндетті.

Фактологиялық мәліметтерді баяндаумен қатар, дерек авторлары мен еңбекті дерек ретінде зерттеген ғалымдардың ғылыми бағыттарын, ұстанған концепциялары мен тарихи көзқарастарын анықтау, олардың көшпелі қоғам мәселесіне байланысты нақты ұстанымдарын айқындауға ұмытылу қажет.

Тақырыптың негізігі түсініктері мен терминологиялық аппаратына сипаттама

Ғылыми факті – деректегі орын алған білім дәлелденген және қорытындылаушы тарихи білім болып саналатын ерекше түрдегі мәліметтің бейнесі. Мұның өзі факті тарихшының ғылыми тұжырымдамасына, оның тарихи пайымдауларына сәйкес өңделеді дегенді білдіреді. Бұған қоса фактілік білім болып ол шынайы, ғылыми проблеманы шешуге қызмет ететін, ғылыми білімнің логикалық құрылымы саналатын, білім жүйесіне ендірілген кезде ғана табылады.

Дерек – термин ретінде бүгінгі күні екі мағынада қолданылады: біріншісі, дерек – хабар- ошар, мәлімет, мағлұмат, екіншісі, дерек көзі – бұлақ, нақты дерек көзі, мәселен, шежіре, дастан, жылнама, т.б.

Тарихи деректер – адамзат қоғамының дамуын бейнелейтін және оны ғылыми тануға негіз болатынның бәрі, яғни адамзаттың іс әрекетінің барысында жасалғанның бәрі. Тарихи деректер заттай және жазба болып екі топқа бөлінеді.

Жазба деректер – жылнамалар, заң актлері, жеке актлері, іс қағаздық құжаттар, жеке адамдық деректер (хаттар, күнделіктер, заманхаттар), әдеби ескерткіштер, публицистикалық және саяси шығармалар, ғылыми еңбектер, мерзімді басылымдар деп бірнеше түрге бөлінеді. Олардың жеті типі бар: жазба, заттай, этнографиялық, фольклорлық, лингвистикалық, фотокино, фоно құжаттар.

Деректану – тарихи деректер туралы ғылым. Деректану теориялық және қолданбалы болып екіге бөлінеді. Теориялық деректану ғылымның негізгі ұғымдары мен түсініктерін, зерттеу әдістері және ұстанымдарын зерттеу.

Қолданбалы деректану – әртүрлі тарихи кезеңдерге тән нақты деректерді тану немесе зерттеу. Деректанулық талдау – деректегі мәліметтің шынайылық дәрежесін, ғылыми- танымдық маңызын анықтау мақсатында жүргізілетін өзара байланыстағы іс-әрекет.

Деректанулық сын – деректегі мәліметтің шынайылық дәрежесін анықтау мақсатында жүргізілетін зерттеу әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы.Деректі нақты сынау – нақты фактілерді анықтау мақсатында нақты деректі сынау.

Деректі синтетикалық сынау – фактілер жиынтығын анықтау мақсатында деректер кешенін сынау. Деректің пайда болу негіздерін сынау –деректің сыртқы ерекшеліктерін: авторын, уақытын, жерін, түпнұсқалығын, өмір сүру формасын, тарихи жағдайын, алғы шарттарын, деректі жасаудағы әлеуметтік мақсаты мен міндеттерін, т.б, анықтау тәсілдері.

Деректерді классификациялау – деректерді ортақ қасиеттері, ұқсас белгілері бойынша категорияларға бөлу. Деректерді түрлік классификациялау – жазба деректерді пайда болуы, мазмұны, міндеттерінің бірлігі негізінде, ішкі құрылымдарының ұқсастығына сәйкес тарихи қалыптасқан түрлерге бөлу.

Менталитет – үлкен әлеуметтік топтардың (халықтың, ұлттың, таптың, сословиенің) дүниетанымымн анықтайтын және оның мәдени салтының бірлігін қамтамасыз ететін әлеуметтік-психологиялық көңіл-күй.

Герменевтика – жазба ескеріткіш мәтініне түсінік береді, талдап көрсетеді.

Ұсынылған әдебиеттер бойынша жол көрсеткіш

Әдебиеттер:

1 Қазақстан тарихы көне замандардан бүгінгі күнге дейін. 5-томдық. – Т.1. – Алматы, 1996.

Әдістемелік нұсқау: Ежелгі Қазақстан тарихына қатысты деректерінің кең көлемі туралы жалпы түсінік алу үшін аталған әдебиеттің 1-тарауының «жазба деректемелер» бөлімімен (16-65 бб) толық танысып шығу қажет. көне парсы және ортаңғы Иран, ортағасырлық Гардизи, Макдиси, Абу Дулаф, Ибн Фадлан, әл-Идриси сияқты авторлардың еңбектерінің маңызын түсіну үшін «Қазақстанның ертедегі және ортағасырлардағы зерттелу тарихы» атты келесі бөлімді қосымша оқып шығу қажет.

2 Бичурин Н.Я. Собрание сведений о народах, обитавших в Средней Азии в древние времена. Т. 1. – Алматы, 1998.

Әдістемелік нұсқау: Аталған еңбектің кіріспе бөлімімен танысып шығу қажет. Бұл еңбек қытай жылнамаларын алғаш рет рет орыс тіліне аударған негізгі басылым.

3 Қытай жылнамаларындағы қазақ тарихының деректері (1-кітап: б.з.б. 177 – б.з. 222 жылдары; 2-кітап б. з.275- 840 жылдары). – Алматы: Өнер, 2006.

Әдістемелік нұсқау: Аталған еңбектердің кіріспе бөлімімен танысып шығу қажет. Бірінші кітаптың Бас редакторы Қ.Мұқанұлы, 2-ші кітаптың ғылыми жет. Ж. Мырзаханұлы бастаған қытайлық қазақ зерттеушілері. сондықтан, бұл еңбекте Бичурин аудармасымен берілген қытай деректерін аударудағы емшіліктер талқыланған және ежелгі Қазақстан тарихының деректік базасына қатысты тың тұжырымдар берілген

4 Бартольд В. Работы по источниковедению // Соч., Т. 8. – М., 1973. – С. 23-600.

Әдістемелік нұсқау: Ежелгі және ортағасырлардағы Қазақстан тарихы бойынша араб-парсы деректерін кең көлемін алағаш рет ғылым айналымға қосқан зерттеуші В. Бартлольдтің 9-томдық шығармалар жинағының 8-ші томы деректануға байланысты еңбектеріне арналған. бұл еңбекте барлығы 47 дерекке қатысты мақаллар мен сын-пікірлер енген. осы кең көлемді матариалды студент жоғарыда ұсынылған Қазақстан тарихы академиялық басылымының 1-томындағы ақпаратпен танысөан соң қарап шығуы тиіс. сонымен, қатар осы еңбектегі "Ислам энциклопедиясы" серяисымен берілген араб-парсы авторлары туралы (581-600 бб.) мақалаларымен танысуы қажет.

Ежелгі Қазақстан тарихы пәні бойынша семинар сабақтарына арналған оқуәдістемелік нұсқаулық

Подняться наверх