Читать книгу Ежелгі Қазақстан тарихы пәні бойынша семинар сабақтарына арналған оқуәдістемелік нұсқаулық - Т. Омарбеков - Страница 5
СЕМИНАР САБАҚТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРҒА ДАЙЫНДАЛУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЛАР
Семинар 4. Тақырыбы: Б.з.д. IV-II ғғ. Қазақстан аумағындағы тайпалық одақтардың құрылуы
ОглавлениеНегізгі сұрақтар:
1 Қазақстан аумағындағы қола дәуірінің ерекшеліктері және Андронов мәдениеті
2 Қола дәуіріндегі Орталық Қазақстан тайпаларының мәдениеті
3 Солтүстік және Батыс Қазақстан тайпаларының мәдениеті
4 Шығыс Қазақстан тайпаларының мәдениеті
5 Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу тайпаларының мәдениеті
Семинар сабағының мақсаты: Қола дәуірі кезеңінің археологиялық мәдениеттерімен, ескерткіштерімен таныса отырып, оларды нақты тарихи оқиғалар мен үдерістер бойынша дерек ретіндегі талдау, тайпалардың ұлан-байтақ аумақтарды игеріп қуатты бірлестіктер кұру үдерсінің өзіндік ерекшеліктерін талдай отырып, еліміздің әр аймағындағы қола дәуірі мәдениеттерінің өзара ұқсастықтары мен ерекшеліктерін талдай білу дағдысын қалыптасыру.
Семинар сабағын өз бетінше орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар:
Сабақ өту формасы: жоғарыда берілген семинар тақырыбының жоспары бойынша кеңейтілген талқылау.
Семинар сабағына дайындалу бойынша қойылатын талаптар: Семинар сабақтарына дайындалу барысында әрбір тапсырма бойынша берілген нақты әдебиеттермен танысу, материалдарды конспектілеу міндетті.
Қола дәуіріндегі Қазақстан аумағындағы жағдайға тигізген әсерін, тайпалардың ұлан-байтақ аумақтарды игеріп қуатты бірлестіктер кұру үдерсінің өзіндік ерекшеліктерін талдау зерттеу еңбектері негізінде талдай білу қажет. Сабақ соңында семинар тақырыбы бойынша экспресс сауланама – негізі ұғымдар мен түсініктердің мәнін ашып көрсетуге арналған жазбаша тапсырма алынады.
Тақырыптың негізігі түсініктері мен терминологиялық аппаратына сипаттама
Андронов мәдеиеті. Б.з.д. 2 мыңжылдықтың алғашқы ширегі бітер кезде Волга мен Алтай арасында мал шаруашылығымен айналасқан адамдар қола жасауды меңгерді. Мыс пен қалайының қосындысы қола. Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласы маңындағы Андроново селосынан қола дәуірі ескерткіштері алғаш рет табылды. Оны 1913 ж. Б.Г. Андрианов ашты. Ғылымда шартты түрде Қазақстан жеріндегі қола дәуірі ескерткіштерін Андронов ескерткіштері деп атайды. Бұл атауды ғылыми айналымға 1927 жылы С. А. Теплоухов енгізген. 1927 жылы археолог М.П.Грязнов осындай қорымды Батыс Қазақстаннан да тапты. Андронов ескерткіштері Қазақстан, Орта Азия, Сібір жерлерінен табылып отыр.Андронов мәдени-тарихи қауымның негізгі орталықтарының бірі Қазақстан аумағында болды. Батыс аудандардың андроновтық тұрғындары қима мәдениетінің туысқан тайпаларының ықпалына үнемі түсіп және өз тарапынан оларға тікелей ықпал жасап отырды. Археологиялық деректер андроновтық тұрғындардың басым көпшілігі отырықшылық өмір сүргенін көрсетеді. Қоныс-мекендер кең жайылма шалғыны бар өзендердің жағаларына орналасты. Патриархаттық отбасылардың үйлері үлкен жер төбелер болды; олардың жанынан әр түрлі шаруашылық жайлар мен мал қамайтын қашалар салынды. Бұл қоныс-мекендерге мал бағу кәсібі едәуір басым малшылық-егіншілік шаруашылығының кешенді сипаты тән болды.
Қима мәдениеті, қола дәуірінде б.з.б. 2-мыңжылдықтың 2-жартысынан бастап, б.з.б. 1-мыңжылдықтың басында шығысы Жайық өз., батысы Днестр өз., оңт. Қара т-ге, солт. Кама өз-нің сол жағалауына дейінгі аймақты мекендеген тайпалар қалдырған. Қ. м-нің кейбір ескерткіштері бұл аймақтан тыс жерлерде де кездеседі. Жерлеу ғұрыптары бірыңғай және қабір ішінің төрт жағын қиылған бөрене ағашпен қалап өріп шығару әдісі жаппай қолданылғандықтан, үй салу тәсілі біркелкі болғандықтан Қ. м. деп аталған. Мүрделер қабірге бір қырынан, тізесі бүгілген күйінде жатқызылған. Олардың жанына қойылған қыш ыдыстар қола мен тастан жасалған бұйымдарға қарағанда басым. Қыштан жасалған ыдыстар түбі жалпақ, бүйірі шығыңқы, кейбіреулері банка тәрізді болып келеді. Біразында геом. өрнектер бар. Қ. м-нің басты ерекшеліктері – жер өңдеу мен мал ш-ның дамуы, қола құю ісінің өркендеуі. Аңшылық барынша қанат жайған. Қ. м-не жататын ең негізгі қоныстар деп Волгоград маңындағы Ляпичев хуторындағы, Самара облысындағы Хрящевка деревнясы қасындағы, Ырғыз бойындағы ескерткіштерді атауға болады.
Беғазы-Дәндібай мәдениеті – қола дәуірінің соңғы кезеңінде (б.з.б. 9-8 ғ.) Орталық Қазақстанды қоныстанған тайпалар мәдениеті, өнер түрлері.
Көне заманның жойқын белгілері, әсіресе Беғазы тауының бір тармағында (Беғазыбұлақ, Беғазы өзені) сақталғандықтан «Беғазы» деген атау қойылған. Дәндібай да жер атауы. Осы екі атау біріктіріліп, сол жердегі ежелгі өркениет қонысын «Беғазы – Дәндібай мәдениеті» деп атайды.
Бегазы – Дәндібай мәдениеті ғылымда – Беғазы кешені, Беғазы қорымы, Дәндібай, Бұғылы ӀӀ-ӀӀӀ, Саңғыру I, III, Қойшоқы сынды бірқатар археологиялық орындар деректері мен жәдігерліктерін қамтиды. Бүл біздің ерте заман тарихымыздың бір тарауы болып саналады. Қола, ерте темір дәуірінен сақталған бейіттер тобы.Бұл қорымнан әр түрлі қыш ыдыстар мен қару-жарақтар,әшекей бұйымдар табылған.
Қола дәуірінің археологиялық мәдениеттері: Қазақ жерін сол тұста мекендеген тайпалардың осы кезеңдегі мәдениеттері қола дәуірі ескерткіштері алғаш ашылған жерлердің атымен – Андрон мәдениеті, Беғазы-Дәндібай мәдениеті деп аталады. Қазақстандық археологтардан қола дәуірі бойынша Орталық Қазақстанды Ә.Марғұлан мен К.Ақышев, Солтүстік Қазақстанды А.Оразбаев, Шығыс Қазақстанды С.С. Черников пен А.Г. Максимова зерттеп, әр аймақтардағы өзгешеліктерді ашып көрсетті. Қола дәуірін кезеңге бөлуде зерттеушілер арасында әр алуан пікірлер бар. Қазақ жеріндегі қола дәуірі мәдениеттерінің басталуы мен дамуын Ә.Марғұлан