Читать книгу Ежелгі Қазақстан тарихы пәні бойынша семинар сабақтарына арналған оқуәдістемелік нұсқаулық - Т. Омарбеков - Страница 4
СЕМИНАР САБАҚТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРҒА ДАЙЫНДАЛУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЛАР
Семинар 3. Тақырыбы: Жаңа тас ғасыры дәуіріндегі Қазақстан
ОглавлениеНегізгі сұрақтар:
1 Неолит дәуіріндегі Қазақстан ескерткіштері және қоғамдық-шаруашылықтық өмірдегі өзгерістер
2 Ботай мәдениеті
3 Қазақстан аумағындағы тас дәуірінің зерттелуі және мәселелері
Семинар сабағының мақсаты: адамзатың дамуы мен қоғамының дамуындағы маңызы кезең болып табылатын жаңа ғас ғасыры – неолит дәуіріндегі мал шараушылығы мен егіншіліктің пайда болуының тарихи рөлін айқындай отырып, әлеуметтік, қоғамдық, шарашылық мен мәдени өмірдегі маңзды өзгерістердің сипаты мен динамикасы талдай білу дағдысын қалыптастыру.
Семинар сабағын өз бетінше орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар:
Сабақ өту формасы: жоғарыда берілген семинар тақырыбының жоспары бойынша кеңейтілген талқылау.
Семинар сабағына дайындалу бойынша қойылатын талаптар: Семинар сабақтарына дайындалу барысында әрбір тапсырма бойынша берілген нақты әдебиеттермен танысу басты талап. Қазақстан аумағындағы неолит дәуірінің ескерткіштері, Атбасар, маханджар жәнеБотай мәдениетінің ерекшеліктерін нақты талдау. әсіресе, Ботай мәдениетінің матариалодары негізінде біздің елеміздің аумағы дүние жүзіндегі жылқыны бірінші рет қолға үйреткен аймақ екендігін қарастыра отырып, жалпы көшпелі қоғамның ұқалыптасуы мен көшпеллілер өркниетінің алғышарттары мен ерекшеліктері туралы теориялық мәселелерге баса назар аудару қажет. тек фактолгиялық матариалдарды ғана қайталап қана қоймай, жаң матарилдарды өз бетінше талдау, қорытынды жасау талабы жоғары бағаланады.
Тақырыптың негізігі түсініктері мен терминологиялық аппаратына сипаттама
Неолит, жаңа тас дәуірі (грек. neos – жаңа және lіthos – тас) – шамамен б.з.б. 5500 – 3000 жылдарды қамтитын тас дәуірінің ең соңғы кезеңі. Н-тің қалыптасуы мен аяқталуы жер шарының әр түрлі аудандарында әр қилы уақытта өтті. Еуропа, Азия мен Африканың көптеген табиғи-климаттық аймақтарында негізінен Неолиттің хронологиялық шеңбері б.з.б. 6 – 4-мыңжылдықтардан басталып, б.з.б. 3-мыңжылдықта аяқталды. Қазіргі мәліметтерге қарағанда Таяу Шығыстағы ең ежелгі егінші-малшылар мәдениеті б.з.б. 8 – 7-мыңжылдықтарға жатады. Қытайда б.з.б. 4 – 3-мыңжылдықта (Яншао), Еуропада (Македония) б.з.б. 7-мыңжылдықтың соңында пайда болды. Қазіргі уақытта Қазақстан аумағында 600-ден аса неолиттік және энеолиттік ескерткіш мәлім. Неолиттік тұрақтар орналасу сипатына қарай – бұлақтык, өзендік, көлдік, үңгірлік тұрақ деп төрт түрге бөлінеді.
Ботай мәдениеті - энеолит дәуірінде Солтүстік Қазақстанды мекендеген тайпалар мәдениеті. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Никольское ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 1,5 км жердегі Ботай қоныстарына байланысты аталған. Қазба жұмыстарын жүргізген Солтүстік Қазақстан университетінің археологиялық экспедициясы (1981 – 83, жетекшісі В.Ф. Зайберт) 15 га жерді алып жатқан қоныстан 158 үйдің орны қазылып аршылды. Олар қабырғалары бір-біріне жалғастырып салынған бірнеше тұйықталған бөліктерден тұрады. Кейбіреулерінде 30-ға тарта үйлер болған. Шаруашылық құралдары түрлі тастардан, балшықтан және сүйектерден жасалынған. Ботай мәдениетін жасаған тайпалар жылқыны қолға үйреткен. Тастан жасалған пышақ, қанжар жебенің, найзаның ұштарының көптеп табылуы қоғам өмірінде аңшылықтың рөлін айқын көрсетеді. Сонымен қатар гарпун, ине, жуалдыз, тескіштер, тұмар және әшекей бұйымдардың кездесуі шаруашылықтың әр саласынан хабар береді. Ботай мәдениетінің қалыптасуына Атбасар неолиттік мәдениетін жасаған тайпалары араласқан. Ботай мәдениеті Жайық пен Ертіс өзендерінің аралығын қоныстанған тайпалар мәдениетіне жатады
Маханжар мәдениеті - неолит заманындағы ескерткіштердің жиынтық атауы. Торғай иінін қамтиды. 1970 – 90 ж. аралығында Қостанай және Торғай ар-хеол. экспед. (жетек В.Н. Логвин) зерттеу жұмыстарының барысында ашылды. Негізгі мәліметтер Маханжар, Соленое Озеро-2, Екідің-24 қоныстары бойынша алынған. М. м-не жататын ескерткіштер саны 16, олардың 13-нде (Алқау-2, Амангелді, Бестамақ, Түрлі-2, Дүзбай-1-3, Екідің-24, Қарамырза-6, Надеждинка-2, Саз-2, Соленое озеро-2, Сұлукөл-1) қазба жұмыстары жүргізілген. Ескерткіштердің көпшілігі өзен жағалауларында орналасқан. Құрылыс іздері сақталмаған. Тек Дүзбай-1-ден тік бұрышты тұрғын үй орнының бір бөлігі ғана анықталған. М. м-не жататын ыдыстар жұқа, ұзынша етіп жасалынған. Ыдыс сыртына өрнектер тарақ сияқты өткір затпен тігінен не көлденеңінен толқын тәріздес етіп түсірілген. Тас құралдары сұр түсті кварцит кварцитті құмтастардан дайындалған. Сүмбі (конус), кеспел (призма) тәрізді өзектастар басқаларына қарағанда басымырақ. Құралдары екінші рет өңдеу, егеу арқылы жетілдірілген. Екідің-24-тен 3 балта, Соленое озеро-2-ден ұршықтың тастан жасалған басы табылған. Олардан басқа тас тіліктері, үшкіртастар, бүйірлі кескіштер, қырғыштар, дәнүккіштер шапқы құралдар, сүйектен жасалған бұйымдар аршып алынған. М.м. тұсындағы адамдар құлан, бөкен, жылқы, т.б. түз аңдарын аулаған. Сондай-ақ қоныстардан (Бестамақ, Екідің-24) балық сүйектерінің табылуы ежелгі маханжарлықтардың балық аулаумен күнелткенін айғақтайды. Мамандар табылған еңбек құралдары мен басқа да материалдарға қарап, мұнда адамдары б.з.б. 7 – 6-мыңжылдықтар мен б.з.б. 4-мыңжылдықтар аралығында өмір сүрген деп топшылайды
Ұсынылған әдебиеттер бойынша жол көрсеткіш
Әдебиеттер:
1 Қазақстан тарихы көне замандардан бүгінгі күнге дейін. 5-томдық. – Т.1. – Алматы, 1996.
Әдістемелік нұсқау: Жаңа тас дәуірі кезеңіндегі Қазақстан туралы проблемалардың көлемімен, бағыттарымен танысу үшін аталған әдебиеттің 1-бөлімімен (85-100 бб) толық танысып шығу қажет.
2 Зайберт В.Ф., Атбасар мәдениеті. – Астана, 2012.
Әдістемелік нұсқау: Кітапқа автордың 1970-2011 жж. аралығында еліміздің солтүстік өңірінде зерттеген 200-ден аса археологиялық нысандардан алған деректері енгізілді. Еңбекте осыдан 30 жыл уақыт бұрын В.Ф. Зайберт ашқан Атбасар мәдениеті жаңадан табылған деректердің негізінде қайтадан толықтырылып сипатталады. Басылымда атбасар мәдениетінің қайнар көзі мен әрі қарай дамуы мәселелерін шешудің негізгі бағыттары белгіленген. Сондай-ақ, Солтүстік Қазақстанды мекендеген халықтардың қоғамындағы өндіргіштік экономиканыңқалыптасуы, сондай-ақ, Орал-Ертіс кеңістігіндегі энеолит мәдениетінің орнығуындағы жаңа тас дәуірі ескерткіштерінің алатын орны қарастырылған.