Читать книгу Ежелгі Қазақстан тарихы пәні бойынша семинар сабақтарына арналған оқуәдістемелік нұсқаулық - Т. Омарбеков - Страница 3

СЕМИНАР САБАҚТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРҒА ДАЙЫНДАЛУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЛАР
Семинар 2. Тақырыбы: Ежелгі тас ғасыры (палеолит) дәуіріндегі Қазақстан

Оглавление

Негізгі сұрақтар:

1 Табиғат жағдайлары және ертедегі гоминидтер мекендеген орта

2 Алғашқы адамдардың пайда болуы мен қалыптасуының мәселелері

3 Қазақстан аумағындағы ежелгі тас ғасырының мәдениетті

4 Қазақстан аумағындағы мезолит дәуірі

Семинар сабағының мақсаты: Ежелгі тас ғасыры (палеолит) дәуіріндегі Қазақстанның табиғат жағдайлары және ертедегі гоминидтер мекендеген ортаның ерекшеліктері, алғашқы адамдардың пайда болуы мен қалыптасуының мәселелері туралы ғылыми қөзқарастар мен концепцияларды іргелі зерттеулер мен археологиялық ескерткіштер негізінде талдай отырып, алғашқы қауымдық құрылыс кезіндегі Қазақстан туралы білім беру.

Семинар сабағын өз бетінше орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар:

Сабақ өту формасы: жоғарыда берілген семинар тақырыбының жоспары бойынша кеңейтілген талқылау.

Семинар сабағына дайындалу бойынша қойылатын талаптар: Семинар сабақтарына дайындалу барысында әрбір тапсырма бойынша берілген нақты әдебиеттермен танысу, негзгі материалдарды конспектілеу міндетті.

Фактологиялық мәліметтерді баяндаумен қатар, ғалымдардың ғылыми бағыттарын, ұстанған алғашқы адамдардың пайда болуы мен қалыптасуының мәселелері туралы ғылыми қөзқарастар мен концепцияларды нақты талдай білу керек.

Сабақ соңында семинар тақырыбы бойынша негізгі ұғымдар мен түсініктерді меңгеру мен есте сақтау деңгейін тексеру үшін экспресс сауалнама мен диктант-персоналий жүргізіледі.

Тақырыптың негізігі түсініктері мен терминологиялық аппаратына сипаттама

Гоминидтер – ең жоғары ұйымдастырылған адамтектес маймылдар тұқымдасы. Қазіргі адаммен, оның ізашарлары, палеонтроптар мен архантроптар, сол сияқты көптеген ғалымдардың пікірі бойынша, австралопитектер енеді. Кейбір ғалымдар архантроптардан бастап гоминидтер тұқымдасын тек адамдармен ғана шектейді. Олар тұқымдастардық қолдаушылар деңгейін кеңейтіп 2 тұқымдас тармағын еңгізеді: австралопитекпен адамның 1 туысы мен тік жүретін адамның 2 түрі мен есті адамды. Тұқымдастардың шығу проблемасының бірі, ол жалпы ататектен сұрақтың гомин мен дион дивергенциялану уақыты және понгид бұтақтарының эволюциясы.

Презинджантроп – Еңбекке бейімі бар, адам тақылеттес ең әуелгі тіршілік иесі ғылымда осындай атпен белгілі. Оның сүйектерінің қалдықтары шығыс Африкадан табылған. Ғылымда «Homo habilis» («шебер адам») деп аталып кеткен ол осыдан 1 миллион 750 мың жыл бұрын өмір сүрген. Оның миының аумағы 652 см/3, яғни ертедегі маймылдың миынан әжептәуір көлемді де салмақты болған. «Шебер адамның» еңбек құралы малта тастың сындырылған түрлерінің қырлары пышақ сияқты өткір болып, кесу үшін пайдаланылған.

«Homo erectus» («түрегелген немесе бойын жазған адам») - адамзаттың дамуындағы тас дәуірінің орта және соңғы кезеңдеріне сәйкес келеді. Ол питекантроп (маймыл-адам) және синантроп (адам) болып екіге бөлінеді. Оның алғашқысы мен соңғысының араларында дамудың, жетілудің оң өзгерістері болғанын, сонымен бірге олардың дамуына сабақтастық барын байқатады.

Бірінші питекантроп 1891 жылы Ява аралында табылды. Питекантроп бұдан бір миллиондай жыл бұрын өмір сүрген. Ол «Homo habilis» – пен салыстырғанда елеулі эволюциялық өзгерістерге ұшырған. Ми көлемі үлкейіп, 959 см/3 бас сүйегі мен жақ сүйектері кішірейген, аяқ пен қолдың пропорциясы өзгерген.[4]

Синантроп – «Homo erectus» – тің екінші бір түрі. Синантроп 1927 жылы Чжоу-коу-дян үңгірінен табылды. Одан синантроптың сүйектерімен бірге әр түрлі формадағы тас құралдар, ошақта көп жатқан тастар және төменгі антропоген (геологиялық жер қыртысы) тарихындағы ширектік дәуір фаунасы жануарларының көп сүйектері табылған. Бұдан синантроптар сол кездің өзінде-ақ от жағуды білген деген қорытынды жасауға болады. Бұл кезде піскен етті, өсімдікті тамақ ету адамның дамуына, әрине, өзінің игі әсерін тигізбей қойған жоқ.

«Homo sapienske» («ақылды адам») – б.з.б. 300 мың жыл бұрын «Homo erectus» қазіргі кезеңдегі адам түріне, немесе «Homo sapienske» («ақылды адам») айналды. «Ақылды адамның» қалдықтары Еуропада, соның ішінде Германиядағы Неандерталь жотасында табылған. Сондықтан ол тарихта неандерталь адамы деген атпен белгілі.

Палеолит – (палео… және грек. lіthos – тас) – ежелгі тас дәуірі. Қазбадан табылған ежелгі адамдардың, сондай-ақ қазбадан табылған, бірақ қазіргі уақытта құрып кеткен жануарлар дүниесінің өмір сүрген дәуірі. Ол алғашқы екі үлкен дәуірдегі төртінші геологиялық кезеңге – эоплейстоцен мен плейстоценге сай келеді. Палеолит дәуірінің басталуы (2 млн-нан астам жыл бұрын) жерде адам тәріздес маймылдар түріндегі архантроптардың пайда болуына сай келеді (қ. Олдувэй мәдениеті). Палеолиттің аяқталуы б.з.б. 12 – 10 мың жылдар шамасы. Бұл – Палеолит пен неолит аралығындағы мезолитке өту кезеңі. Палеолит, негізінен, ежелгі (төменгі, ертедегі) және кейінгі (жоғарғы) Палеолит болып екіге бөлінеді. Ежелгі Палеолит шегі ертедегі археологиялық дәуір іздері ежелгіден бастап бөлшектенеді: Олдувэй (шелльге дейінгі немесе малтатас мәдениеті) адамзат тарихының басы; ежелгі ашель (аббевиль немесе шелль мәдениеті); орта және кейінгі ашель, мустье мәдениеті. Кейінгі Палеолит дәуіріндегі бөлшектену тек жергілікті сипат алды. Көптеген зерттеушілер Палеолитті екіге емес, үш бөлікке айырып, мустье мәдениетін орта Палеолитке жатқызады. Олдувэй дәуірінде Палеолиттік "Homo habіlіs" өмір сүрді. Ежелгі ашель мен орта және кейінгі ашель дәуірінде питекантроп, синантроп, т.б. архантроптар түрі, мустье мәдениеті кезінде неандертальдар (палеоантроптар) өмір сүрді. Кейінгі Палеолит кезінде қазіргі адам түрі "Homo Sapіens" (неоантроп) пайда болды.

Ұсынылған әдебиеттер бойынша жол көрсеткіш

Әдебиеттер:

1 Қазақстан тарихы көне замандардан бүгінгі күнге дейін. 5-томдық. – Т.1. – Алматы, 1996.

Әдістемелік нұсқау: Ежелгі тас дәуірі кезеңіндегі Қазақстан туралы проблеималардың көлемімен, бағыттарымен танысу үшін аталған әдебиеттің 1-бөлімімен (68-81 бб) толық танысып шығу қажет.

2 Алпысбаев Х.А. Памятники нижнего палеолита Южного Казахстана. – Алма-Ата, 1979.

Әдістемелік нұсқау: Оңтүстік Қазақстандағы тас ғасыры ескерткіштерінің басым көпшілігін Х.А.Алпысбаев ашқан. Ол 1957 жылдан бастап өмірінің соңына дейін Қаратау жотасы мен бүкіл Оңтүстік Қазақстан территориясының тас ғасыр ескерткіштерін зерттеумен айналысты. Х.А.Алпысбаевтың қажымас еңбегінің арқасында бүкіл әлем Қазақстан территориясында да ежелгі адамдардың мекендегенін білді.Өз зерттеулерінің қортындыларын Х.А.Алпысбаев көптеген ғылыми жинақтарда мақала етіп басып шығарды. Өзі қайтыс болғаннан кейін, 1979 жылы жарық көрген монография және басқа да мақалалары ғалымның көп жылғы қажырлы еңбегінің қортындысы болды. Х. А. Алпысбаевтың Қазақстан – ежелгі адамдардың таралуының солтүстік ошағы болуы мүмкін деген болжамының соңғы жылдары жүргізілген археологиялық зерттеулер нәтижесімен салыстыр керек.

3 Таймагамбетов Ж.К. палеолитическая стоянка им. Ч.Валиханова. – Алматы, 1990.

Әдістемелік нұсқау: Қазақстандық танымал ғалым Ж. Таймағамбетовтың зертеулері нәтижесінде Қаратау жотасының оңтүстік-батыс баурайлары мен Сырдария өзені алқабының арасындағы таулы жазықтықтан Евразия территориясында теңдесі жоқ жаңа “травертиналық” үлгідегі ескерткіштер табылып отыр. Бұл ескерткіштер Қазақстан археологиясында қалыптасқан тас ғасыр хронологисына өзгерістер енгізу мүмкін. Осы ескерткіштердің табылуына байланысты Қазақстанның ежелгі адамдардың мекеніне айналу датасына байланысты тың тұжырамдар ұсынған. Ескерткіштердің басым көпшілігі Қаратау жотасында орналасқан Тянь-Шань тауларының батыс бөлігі болып табылатын Қаратау жотасы екі аймақты – Орта Азияның құмды даласы мен Бетпақдаланың саздақты даласы шектеп, бөліп тұр.Климаты жағынан Қаратау жотасының жағдайы ежелгі адамдардың мекендеуіне ерекше қолайлы болған. сондықтан, соңғы зертетулер нәтижесі болып табылатын Ж. таймағамбетовтың тұжырымдарын оның басқа ғылми мақалаларын өз бетінше іздеп, оқу нәтижесінде толықтыра түсу қажет.

4 Медоев А.Г. Геохронология палеолита Казахстана. – Алма-Ата, 1982.

Әдістемелік нұсқау: Ұсынылып отырған зерттеуде бірінші рет Маңғыстау аумағындағы палеолиттің генезисі мен хронологиясының проблемалыр көтерілген. автор, геолгия мен археология матариалдарына сүйене отырып Қазақстан палеолитінің геохронологиялық шаекалсын жасаған. дегенмен, кейбір зерттеушілер тарпынан автордың кейбір гипотезалары сынға ұшырағанмен, кейбір пікірлері мақұлданып отыр. сондықтар, бұл әдебиет жоғарыда берілген ғылми матариалдарға қосымша ретінде ұсынылып отыр.

Ежелгі Қазақстан тарихы пәні бойынша семинар сабақтарына арналған оқуәдістемелік нұсқаулық

Подняться наверх