Қосалқы тарихи пәндер. І бөлім

Қосалқы тарихи пәндер. І бөлім
Автор книги: id книги: 803800     Оценка: 0.0     Голосов: 0     Отзывы, комментарии: 0 293 руб.     (2,91$) Читать книгу Купить и скачать книгу Электронная книга Жанр: Зарубежная образовательная литература Правообладатель и/или издательство: КазНУ Дата публикации, год издания: 2013 Дата добавления в каталог КнигаЛит: ISBN: 978-601-04-0107-5 Скачать фрагмент в формате   fb2   fb2.zip Возрастное ограничение: 0+ Оглавление Отрывок из книги

Реклама. ООО «ЛитРес», ИНН: 7719571260.

Описание книги

Бұл оқу құралында қосалқы тарихи пәндер – ономастика, генеология, нумизматика және хронология сияқты күрделі салалардың мазмұны, қалыптасуы мен дамуы, бүгінгі жағдайы, қазақтың ұлттық тарихын зерттеудегі орны баяндалған. Еңбекте қосалқы тарихи пәндердің силлабустары, семинар сабақтарының жоспарлары, сонымен бірге студенттердің біліктілігін арттыруға арналған қосымша тапсырмалар да берілген. Оқу құралы жоғары оқу орындары тарих факультеттерінің студенттеріне арналған.

Оглавление

Тұрғанжан Төлебаев. Қосалқы тарихи пәндер. І бөлім

КІРІСПЕ

1. ОНОМАСТИКА

1.1. Ономастика пәні, негізгі салалары және деректік орны

1.2. Қазақ антропонимикасы

1.3. Топонимика

1.4. Қазақ топонимикасы

2. ГЕНЕАЛОГИЯ

2.1. Генеалогия пәні, оның мақсат-міндеттері

2.2. Генеалогияның басқа пәндермен байланысы

2.3. Генеалогияның ғылым саласы ретінде қалыптасуы мен дамуы

2.4. Генеалогиялық деректер

2.5. Генеалогияның зерттеу әдістері

2.6. Қазақ шежіресі

3. НУМИЗМАТИКА

3.1. Нумизматика пәні, оны оқып-үйренудің қажеттілігі мен маңызы, басқа пәндермен байланысы

3.2. Нумизматиканың ғылым саласы ретінде қалыптасуы мен дамуы

3.3. Монета жасау тарихынан және ерекше монеталар

3.4. Қазақ теңгелері тарихынан

3.5. Қазіргі қазақ теңгелері

4. ХРОНОЛОГИЯ

4.1. Хронология пәні: қажеттілігі мен маңызы, міндеттері және басқа пәндермен байланысы

4.2. Хронологияның ғылым саласы ретінде қалыптасуы

4.3. Уақыттың өлшем бірліктері: қалыптасуы мен дамуы

4.4. Шығыстық күнтізбелер

4.5. Еуропалық күнтізбелер

4.6. Қазақтардағы жыл санау жүйесі және күнтізбе

СЕМИНАР САБАҚТАРЫ

Отрывок из книги

Дәріс мақсаты: Ономастика пәнінің мазмұнын, мақсатын, ерекшеліктерін, деректік негіздерін, атропонимика, топонимика және этнонимика сияқты басты салаларын баяндау.

Негізгі сөздер: Ономастика, атропонимия, топонимия, этнонимия, теонимия, космонимия, зоонимия, ойконим, ороним, гидроним, комоним, годоним және т.б.

.....

Қазақ топонимикасының тарихы өте көне замандардан бастау алады. Оны айқындап дәлелдеген Т.С. Жанұзақов. Ол өзінің Қазақстанның палеотопонимдері туралы еңбегінде палеотопонимдерді ұлан-байтақ жеріміздегі ашық аспан астында сақталып, бізге жеткен жәдігер деп көрсетеді. Қазақ жеріндегі мұндай палеотопонимдерді б.з.б. Ү – ІҮ мыңжылдықтарға тән екендігін, содан бері олардың кейбіреуінің әлі де қолданыста жүргендігін ашық жазады және нақты мысалдар бойынша дәлелдейді.

Мысалы, Каспий теңізі атауының палеотопонимдердің бірі екенін атап көрсете келе, оның кас және пий деген сөздерден жасалғанын ерекшелеген. Тарихи еңбектерде кас сөзі көне тайпа атын білдіретінін, ал пий сөзінің орал-алтай тіл бірлестігіне тән екендігін, орочин, эвенк тілдерінде су, өзен, көл ұғымын беретінін айта келе: «Демек, Каспий теңізі «кас тайпасына тән көл» мағынасындағы атау деп білеміз», – деп тұжырымдайды. Біз көрнекті қазақ ономастының бұл тұжырымын толық қолдаймыз. Ол б. з. б. ІІІ ғасырда, І және VI ғасырларда Гиркан теңізі, VIII – Х ғасырларда оғыздар үстемдігі кезінде Хазар теңізі аталғанын, алайда көптеген тарихи-географиялық еңбектерде Каспий аты сақталғанын да атап өтеді. Автор сонымен бірге, көптеген еуропалық және отандық зерттеушілердің осы кас (кас) этнонимін «қазақ» сөзінің түп төркіні ретінде қарастыратынын да ерекшелейді.

.....

Добавление нового отзыва

Комментарий Поле, отмеченное звёздочкой  — обязательно к заполнению

Отзывы и комментарии читателей

Нет рецензий. Будьте первым, кто напишет рецензию на книгу Қосалқы тарихи пәндер. І бөлім
Подняться наверх