Читать книгу Жан коллекционері. Қара фэнтези - Алтыншаш Курманаева - Страница 2
АЛҒЫ СӨЗ
ОглавлениеКішкентай кезімде қолыма қалам алып ойнағанды жақсы көретінмін. Бірде дәптер бетін шимайлап отырған мені көрген анам: «Осы қыз суретші болады!» – деп менің болашағымды алдын ала жоритын. Адамның өмірі біркелкі жол емес, ойнақтап тұрған теңіздің толқыны емес пе? Менің өмірлік жолым мені мүлдем басқа арнаға әкелді. Ол – әдебиет және оның таңғажайып әлемі. Әдеби шығармаларды оқығанды жаным ерекше жақсы көреді. Әдеби кітапты көрсем болғаны, соны алуға құмартып тұрамын. Менің демалыс уақытымның басым көпшілігі кітап оқумен немесе кітап дүкенін аралаумен өтеді. Бір сөзбен айтқанда, мен кітапқұмармын.
Мектеп қабырғасынан бері мені сансыз ойлар жиі мазалайды. Аялдамада автобус күтіп тұрған сәтте мен бір оқиғаның жалғасын ойымда құрастырып тұрамын. Ол ой менің қолыма қалам алуыма түрткі болады. Кейде түсімде жаңа оқиғаның сюжетін көріп, оянып кетемін. Түсімде көрген жайттар мен күндіз басымнан кешірген оқиғалар менің кітабымның бір бөлігіне айналады. Осылайша, мен қолыма қалам тарттып, кітап жазуға кірісемін. Кітап дегенім артық болар, ойымды қағазға түсіремін дейін. Өйткені, мен әлі өз жанрымды дөп басып айта алатындай мықты жазушы емеспін. Мен бар болғаны өз ойымды дүйім көпшілікпен бөлісі білетін автормын.