Читать книгу Жан коллекционері. Қара фэнтези - Алтыншаш Курманаева - Страница 3

1

Оглавление

Қойма. Тастай қараңғы бөлме ішінде Адақ атты қарт бір-бірлеп сөрелерге жан салынған құтыларды қаз қатар қылып қоюда. Оның жанында шаң басқан сөрелердің бетін сүртіп, әкесіне жан салынған құтыларды алып-беріп отырған жалғыз ұлы Қалтарыс бар. Жасы елуге тақап қалған қарттың бар ойы құтылардың амандығында. Оның ойынша, құтылар қауіпсіз жерде сақталынса, Зұлмат әлемі де қауіпсіздікте болады. Сондықтан, құтыларды барынша күтіп-баптап сақтау қажет екендігін қарт Адақ ұлына тәптіштеп түсіндіруде. Ұлы оны түсінбесе керек. Қалтарыс байқаусызда бір құтыны жерге құлатып ала жаздады. Абырой болғанда, әкесі Адақ дер кезінде сиқырлы таяқшасын қолға алып, ол құтынының өмірін аман сақтап қалды. Құтының дәл өзінің жанында сиқырлы дуа көмегімен қалқып тұрғанын көрген Қалтарыс аң-таң болып, әкесіне қарады. Адақ құтыны өз орнына апарды да, сиқырлы таяқшасын қалтасына салды. Ол құтыларды орны-орнына қоюды жалғастырды. Қалтарыстың сиқырлы таяқшаны көруі оның болашаққа деген мақсатын өзгертті. Қалтарыс әкесінің жаду әлемі мен сиқыршылар туралы әңгіме тарқатуын ұнатпайтынын білсе дағы, бәрібір, одан бұл жайында ақпарат алуға бел буды. Ол әкесіне сұрақтарды жаудырып қоя бастады. Әкесі үндемеді. Адақ сатыдан абайлап түсіп, жерге тұрды да құтылардың бар-жоғын түгендей бастады. Қалтарыс өз дегенінен қайтпады. Баяғы тұжырымын қайта қозғады. Әрине, әкесінің ашуланатынын ол жақсы білді. Бірақ не болса дағы, өз мақсатына жетудің жолын ұйымдастырды. Ол «жаду боламын!» деп өз алдына нық мақсат қойды. Адақ ұлының ішкі ойын сезді ме, кенет, ұлына жалт бұрылып қарады да:

– Сенің анаң осы жадулардың қолынан қаза тапты! Сондықтан, мен сенің жаду болуына ешқашан өз келісімімді бермеймін! Ал егер көнбесең қара батамды аласың! Қара бата қарғыс шақыратынын ұмытпағайсың! – деді нартайланып.

Қалтарыс басын төмен түсірді. Шамасы, өз ісіне ұялса керек. Қалтарыстың анасы Бағира Нарттайқызы ұлы жадулар күресінде көз жұмған. Қалтарыс анасынан айырылған кезінде небәрі үш жарым жаста еді. Содан бері ол ананың махаббаты мен қамқорлығы дегенді түсінбей келеді. Әкесі Адақ ешқашан баласын еркелеткен емес. Қайдан еркелетсін? Адақ балажан ба еді? Әлде кеңпейіл ме? Жоқ. Адақ нағыз қаталдық пен қатаңдықтың нышаны. Оның өң бойынан ешқашан жылулық сезілген емес. Әрі түрі де сұсты. Мінезі тастан қатты, қоладан тығыз болардай Адақ қандай қиындықты өткерді деулеріңіз мүмкін. Бәлкім, әйелінің ауыр қазасы әсер еткен шығар. Әйтпесе, Адаққа Бағираның көңілі тартпас еді. Балдаурен шақта Адақ қандай жомарт еді. Ол қыз балаларға қызғалдақ сыйлап, әлсіздерге демеу болатын. Оның түбегейлі өзгеруіне жадулар соғысы қатты ықпал етті. Жақынының көз алдында шаһит болуын көруден арттық ауыр жаза бар ма?! Сол күні Адақ өзінің өткен шағымен бірге мәңгі сөңді. Оның сұлу да сымбатты бейнесі мәңгіге өшті. Адақ зұлым жан коллекционеріне айналды.

Жан коллекционері. Қара фэнтези

Подняться наверх