Читать книгу Сана болмысы - Ғарифолла Есім - Страница 2
АЛҒЫ СӨЗ
Оглавление2007 жылдың тамыз айынан бастап елiмiзде әлемдiк қаржы дағдарысы сезiле бастады. Бұл әлем елдерiн шарпи бастаған дағдарыстың басы болатын. Осы мезгiлде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Дағдарыстан шығудың кiлтi» және «Бесiншi жол» деген теориялық мақалаларын жариялады. Осы мақалалар үрдiсiне орай, ондағы ойларды тарата айту мақсатында мақалалар жазып, басылым беттерiнде жарияладым, олар:
«Акме-қоғам «Нұқ кемесi»», «Акме-қоғам болмысы», «Астана – акме-қоғам символы», «Бесiншi жол – елдiк рух философиясы» және «Ұлттық идея – ел санасы».
Мiне, 2009 жыл да тарихқа енiп, аяқталып барады. Елiмiз дағдарыстан айтарлықтай жапа шектi деп айта алмаймын, әрине, iрi өндiрiс орындары, шетелдермен байланысы қарқынды ұжымдарға ауыр болғаны анық, алайда қалай дегенмен дағдарыс жылдары қазақстандықтар үшiн iзденiс жылдары болды. Елбасының басшылығымен Үкiмет, Парламент дағдарысқа қарсы жүргiзген iс-шаралары өз нәтижесiн бердi, кiтапта осы мәселелер әр қырларынан сараптамаға түскен.
Әлемдiк қаржы дағдарысына қарамастан рухани мәдениет, өркениет салаларында айтарлықтай iстер атқарылды, олар туралы да кiтапта қажеттi ақпараттар орын алған.
Автор