Читать книгу Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышарттары және қалыптасуы. 4-кітап - Коллектив авторов - Страница 10

ІІ бөлім
ҚАЗАҚСТАН – ҚААЫПТАСҚАН ТӘУЕАСІЗ МЕМАЕКЕТ
ІІ тарау
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫҢ КАЗАҚСТАНДЫҚ ҮЛГІСІ
§ 1. Нарықтық қайта құрудың бастапқы кезеңі

Оглавление

Өтпелі кезеңнің экономикалық қиындықтары және оны жеңіп шығу шаралары

Күрделі экономикалық дағдарыс тереңдеген жағдайда Республика тәуелсіз мемлекет ретінде тіршілік етуге бет бұрды. Нарық алдында әлеуметтік-экономикалық дағдарыс терең тамыр жайып, еліміз қиыншылыққа ұшырады. 1980 жылдардың ортасынан орын ала бастаған жағымсыз үдерістердің қарқыны үдей түсіп, еліміздің әкімшіл-әміршіл жүйесінен, меншікті мемлекеттендіру шығындылығынан туындаған ауыр экономикалық және әлеуметтік дағдарыс апаттық деңгейге таяды. Осының бәрі ілгері жылжуға емес тоқырауға бағытталып, әлемдік-техникалық прогрестен кейін қалуға себеп болды.

Бұл жағдай біртұтас мемлекетті күйреудің ақырғы сатысына жеткізді. Мемлекеттік жоспарлау, мемлекеттік жабдықтандыру, сауда министрлігі сияқты, т.б. мекемелердің жойылуы, экономиканы меңгеру аясындағы әкімшіл-әміршілдік қысым көрсету, орталыктандырылған жоспарлау әрекетінің тоқталуына, бұрынғы КСРОның бірыңғай халық-шаруашылық кешеніндегі кәсіпорындар, салалар, аймақтар арасындағы ұзақ уақыт бойы қалыптасқан тығыз шаруашылықтық байланыстардың үзілуіне алып келді. Кезінде біртұтас болған мемлекеттің экономикасы қиын жағдайға ұшырады. Одақтық экономиканың жалпы төмеңдеуі 50 %-дан асты, ал АҚШ-тағы ұлы дағдарыс жылдарымен салыстырсақ, оларда экономика 29 %-ға шығынға ұшыраған еді.

Қазақстанның басынан өткен дағдарысқа оның кеңестік экономика құрылымындағы алған орны түбегейлі ықпал етті. Қазақстан өз бетінше жеке сыртқы экономикалық байланыстарға ие болмағандықтан, өнеркәсібі дамыған аймақтардың шикізат көзі болды. Қазақстандық өнеркәсіп орындарының көбі одақтық бағынышта болды, әсіресе кен-металлургия саласы ел экономикасында аса маңызды орын алды.

Сондықтан қазақстандық экономика үшін сыйымды нарықты жоғалтып алу тек өнім өткізу нарығынан айырылу ғана емес, сонымен қатар бүкіл өндірістің автоматты түрде жаппай күйреуіне әкелді. Бүрынғы КСРО-ның біртұтас экономикалық кеңістігіне біріктірілген республика экономикасы өз мағынасын жоғалтып, Қазақстанның алып әлеуеті бір мезгілде қажет болмай қалды. Басқа республикадағы түтынушылар қазақстандық өнімді сатып алудан бас тартты немесе ол үшін ақы төлей алмады. Шаруашылық байланыстардың үзілуі нәтижесінде келісімшарттық тәртіптің төмендеуі, көптеген кәсіпорындардың тоқталуы созылмалы болып, «ашқұрсақ нәпақаға» отырды. Нәтижесінде, 1991-1995 жылдары тауар мен қызмет көрсету өндірісі айтарлықтай құлдырады. 1995 жылы жалпы ішкі өнім 1990 жылмен салыстырғанда 38,6 %-ға қысқарды.

Бүрынғы КСРО-ның ыдырауы республикалар арасындағы өндірістік-шаруашылық байланыстардың үзілуіне ғана әкеліп соққан жоқ, сонымен қатар мемлекеттің бірыңғай қаржы жүйесінің қирап қалуын тудырды. Осының нәтижесінде шаруашылық-қаржылық дағдарыс тереңдеді. Нақтырақ айтқанда, ел экономикасы 1996 жылы ғана ауыздықтандырылған гиперинфляцияға үшырады.

Қазақстандағы қалыптасқан жағдай ел президенті Н.Ә. Назарбаевтың басқа республикалармен, әсіресе Ресеймен қалыптасқан экономикалық қарым-қатынасты сақтап қалуға талпынып, бүрынғы КСРО республикаларының ішінде бірінші болып экономикалық ықпалдастық үшін тапжылмай күресті.

Бірақ нарықтық өзгерістердің баламалы таңдауының жоқтығы мүлдем айқын болды. Әкімшіл-әміршілдік жүйе қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыруды қамтамасыз ете алмай, әлеуметтік мәселелерді шеше алмай өзінөзі толығымен тауысты. 90-жылдардың басында нарықтық қатынастарға ауысу өзекті мәселеге айналды.

Қоғамның нарыққа ауысуының бастапқы кезеңінде Н.Ә. Назарбаевтың «бірінші экономика, содан кейін саясат» деген қанатты нүсқауы бәріне анық түсінікті болды. Бүл қағида адамның негізгі қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін оқу оқып, ғылым, саясат, идеологиямен айналысудан бүрын, бірінші кезекте, ішіп-жейтінін өндіру, баспананың болуы және адам өміріне қажетті игіліктерге ие болу деген ғылыми түжырымға негізделді. Қазақстанның алдында экономиканың қүрылымын қайта құру, өндірістің технологиялық негіздерін өзгерту, отандық өнімдердің бәсекеге жарамдылығын қамтамасыз ету, жан басына шаққанда ЖІӨ өндіру мәселелерін шешудің экономикалық негізі белгіленді.

Қазақстан нарықтық экономикаға бет бүрған тәуелсіз мемлекет ретінде аяғына түрып, қалыптасуы өмір сүру салтының, ойлау әрекеттерінің түбегейлі өзгерілуі арқылы жүзеге асты.

Бірден біртүтас экономикалық, әлеуметтік және саяси кешенді міндеттерді шешу қиын болды. Басты таңдау – ол ел азаматтарына экономикалық еркіндік беру. Ел үшін барынша үтымды шарттар негізінде әлемдік экономикаға бет бүру, адамдарды лайықты жүмыспен қамтамасыз етіп, мүқтажсыз өмір сүруіне жалақы төлеу, білім алу, денсаулықты сақтау үшін жағдай жасау, балалар мен қарт адамдарға қамқорлық көрсету көзделді. Осы және басқа да шешімдер жас мемлекеттің егемендік алып, аяғына нық түрып, дамуын қамтамасыз етті. Алайда күтпеген жағдайлар, қателіктер көп болып шықты. Әлемдік тәжірибенің мол болуына қарамастан Қазақстан өзіндік тарихи дамуына, әлеуметтік-экономикалық, этномәдени және басқа да ерекшеліктеріне қарай, өзіне қолайлы болатын экономикалық жолға бағыт алды.

Нарықтық өзгерістердің бастапқы кезеңі ретінде шартты түрде 1992 жылдан бастап 1997 жылға дейінгі аралықты белгілеуге болады. Өтпелі кезеңде бұрыннан бері жинақталған экономикалық мәселелер шиеленісе түсті. Қазақстандық экономика жүйелі дағдарыс жағдайында реформалана бастады.

Классикалық нұсқада нарық үш басты элементтің болуын болжайды: капитал нарығы, өндіріс құрал-жабдығының нарығы, жұмыс күшінің нарығы. Бірақ нарық қызмет жасау үшін нарықтық қатынастар субъектілеріне сәйкес жағдай жасалуы қажет. Бұл күрделі мәселелердің бірі болып табылады, себебі бұрыннан келе жатқан қатынастар қойылған міндеттерді шешуге бағытталмаған. Сондықтан да экономикалық бостандықты жария ету ғана емес, оны жүзеге асыру үшін практикалық жағдайлар, еркін кәсіпкер, бизнесмен, жекеменшік иелерін қалыптастыру қажет болды.

Үкімет қызметі бірінші кезекте экономиканы ырықтандыруға, нарықтық қатынастардың заң шығару және институционалды базасын құруға, нарықты тұтыну тауарларымен толтыруға бағытталды.

«Есеңгіретіп емдеу» жолы бойынша экономиканы ырықтандыру үшін КСРО-ның күйреуінен кейін Ресейдің соңынан еру Қазақстан үшін, шын мәнінде, жалғыз дұрыс бағыт болды. Ресей Федерациясы 1992 жылдың қаңтар айында бағаны ырықтандыру туралы реформасын жариялады. Бағаның шектен шығуы реформаға үлкен зиянын тигізіп, өндірістің бұрын-соңды болмаған құлдырауына, терең экономикалық дағдарыстың тууына негізгі себептердің бірі болды, халықтың кедейленуін жеделдетті.

Үкіметтің экономиканы ырықтандыру кезеңіндегі негізгі әрекеттері төменде көрсетілген салаларда жедел шешімдер қабылдауына әкелді:

– көпшілік өнімдер мен қызмет көрсету түрлері бойынша бағаны мемлекеттік реттеудің күшін жою, еркін баға белілеуді орнықтыру;

– жоспарлау-үлестірушілік атқарымына ие болған мемлекеттік құрылымдарды (мемлекеттік жоспарлау, мемлекетік жабдықтау, мемлекеттік құрылыс) жою, шаруашылықпен айналысқан субъектілердің жұмысына мемлекеттің араласуын шектеу;

– көптеген тауарлардың жеткізілуіне қойылған бөгеттерді шешу (лимиттер, квоталар);

– банк жүйесін және кедендік қызметті ұйымдастыру;

– нарықтың тауарлар мен қызмет көрсету түрлерін толықтыру үшін шетелдік капиталды тарту.

Нарықтық экономиканың іргетасы жекеменшік екені белгілі. Сондықтан экономикалық қатынастарды түбегейлі өзгертудің қадамы мемлекеттік меншікті жекешелендіру болды.

Тұрғын үй купондарын жекешелендіру нәтижесінде миллиондаған қазақстандықтар мемлекеттік тұрғын үйдің меншіктенушісі болды. Жекешелендіру үрдісі сауда және тұрмыстық қызмет көрсету саласында, өнеркәсіпте, ауылшаруашылығында белсенді түрде жүзеге асты.

Жекешелендіру түрлерінің арасында ұжымдық меншік өтеуін төлеп алу және акциялау басым болды. Оның бірнеше кезеңдерінің (шағын, жаппай, дербестік) нәтижесінде 1991-2000 жылдар аралығында жаңа жекеменшіктенуші коммерциялау, инвестициялық, ашық байқаулар арқылы мемлекет меншігінің 34,5 мың нысаны жалпы сомасы 215,4 млрд теңгеге сатылды. Өткір пікір мен тасқынды дау тудырған жекешелендіру үрдісі елімізде бұрын-соңды болмаған жекеменшік иелері мен еркін кәсіпкерлердің пайда болуына алып келді. Байқау жариялау негізінде бәсеке мен тендерлер арқылы шаруа қожалығы мен фермер шаруашылығын құру үшін жеке азаматтарға таратылған совхоздардың мүліктері сатылды. Жекешелендірілген мемлекеттік кәсіпорындар акционерлік қоғамдарға, серіктестіктерге және өндірістік кооперативтерге айналды.

Осы прогрессивті дамыған материалдық негізде барлық жұмыскер мен қызметкерлер ортақ және жеке еңбегімен көбірек, әр түрлі өнім шығарып, оны нарық сұранысына сай, тауар-ақша формасы бойынша сата бастады. Олар мемлекеттік бюджетке заңмен бекітілген салықтарды және басқа міндетті төлемдерді кірістен қаржы бөліп шығарып төледі, басқа бір бөлігін өндірістің кеңеюі мен жаңғыртуына, өз отбасының үнемі өсіп отыратын қажеттіліктерін қанағаттандыруына жұмсады.

Экономиканың технологиялық іргетасын құраған көптеген жетекші кәсіпорындар қаражатты төлеуге қабілетсіз болып, толығымен өз жұмысын атқара алмады. Олардың өндірістік-техникалық әлеуеті әлсіреп, дер кезінде және тиімді өтем пұлсыз сапалылығы төмендеді.

Өкінішке қарай, жекешелендіру қорларында нақты инвесторлар болған жоқ, олардың қолында кәсіпорындарды қаржылай қолдау үшін қаражат болмады. Ол кезде қазіргідей нарықтық менеджмент, еркін капитал, дамыған коммерциялық банктер әлі бола қоймағандықтан, орта және ірі кәсіпорындарды әділ купондық жекешелендіру идеясы объективті түрде сәтсіздікке ұшырады.

Жаппай жекешелендіру кезеңінде кәсіпорындар экономиканы әлі де жандандыра алмады, оларда жеткілікті көлемде инвестиция да, шетел банктерінің несиелері мен қарыздары бойынша мемлекеттік кепілдіктері де болмады. Ал шетелдік инвесторлар ішкі және әлемдік нарықтарда төлем төлеуге қабілетті сұранымы бар салаларға, сонымен қатар экологиялық зиянды өндірістерге (1997 жылы тікелей шетелдік инвестициялардың 83,3 %-ы мұнай-газ, түсті, қара металлургиясына бағытталған) қаражат жұмсауды жөн көрді.

90-жылдары Қазақстанда өндірістің техникалық деңгейі төмендеді, жаңа озық технологиялар нашар игерілді, үдемелі өнімдер шығару төмендеді, ғылыми-техникалық әлеует қысқарды. Өндірістің құлдырауы инновацияға бағытталған ресустардың ең төменгі мөлшерге дейін қысқаруына алып келді. Экономиканың құлдырауы инновациялық дамуға кедергі жасады.

Туындаған әлеуметтік-экономикалық жағдай шапшаң, кейде қоғамда танымал емес шешімдерді қабылдауды талап етті. Жинақталған әлемдік, атап айтқанда, жапондық даму жолына түскен (Оңтүстік Корея, Сингапур, Малайзия және т.б.) мемлекеттердің тәжірибесі өтпелі кезеңде, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешуде тиімді экономикалық тетіктер қажет екендігін дәлелдеді.

1993 жылы дағдарысқа қарсы шұғыл шаралар мен әлеуметтік-экономикалық реформаларды тереңдету бағдарламасы қабылданды. Ол «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» (Егемен Қазақстан, 16.05.1992) атты ғылыми негізделген президенттік құжатта көрініс тапты.

Бұл бағдарламаны іске асыру бастамасы, нарықтық өзгерістердің маңызды кезеңін де белгіледі. Осы кезеңнің айқындаушы факторы республикалық ұлттық валюта – теңгені енгізу болды, ол Қазақстанның экономикалық тәуелсіздігін шынайы нығайта түсті, меншікті макроэкономикалық саясатты қалыптастыруға мүмкіндік берді, яғни республика экономикасы Ресейге тәуелді болудан құтылды.

Осы бағыттағы кейінгі қадам – салық салу, бюджеттік және банк салаларында, сыртқы экономикалық іс-әрекетте, инвестициялық және сақтандыру компанияларын, биржаларын, аудиторлық фирмаларын, басқа нысандарды қамтитын және нарықтық инфрақұрылымдардың даму қатынастарын реттейтін меншікті нормативті-құқықтық жүйе құрылды.

Аталмыш шараларды іске асыру нәтижесінде 1994 жылдың аяғынан бастап экономикадағы өзгерістердің бірнеше белгілері байқалды:

– жалпы өнім шығарудағы құлдырау үдерісі төмендеді;

– құнсыздану деңгейі төмендеді. Салыстыру үшін: 1993 ж. – 2263 %, 1994 ж. – 1259 %, 1996 ж. – 60 %, 1997 ж. – 30 %;

– жеке өнеркәсіп салалары жанданды;

– негізгі капиталға құйылған инвестициялар көлемі ұлғайды.

Реформаларды жүргізу барысында біршама қысқа мерзімде тұтынушылық нарықта сұраныс пен ұсынысты теңдестіруге қол жеткізілді. Тұтынушыға арналған тауарлардың көпшілігі төлем қабілеті бар сұранымды асыра түсті. Бірақ осы кезеңдегі бұл үрдіс ішкі өндірістің өсуімен байланысты болғанымен, импорттың жиілігі мен жинаған ақшаның құнсыздануы, өндірістің тоқтап қалуы мен тұтынушылық бағалардың қайта көтерілуі, көпшілік халықтың төлем өтеу қабілетінің төмендеуіне себеп болды.

1995-1997 жылдар аралығындағы жүргізілген реформалардың басты бағыты макроэкономикалық тұрақтандыруды қамтамасыз етті. Экономикалық реформалардың ұзақ мерзімді табысын қамтамасыз ететін ең маңызды фактор – республикадағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді заңды түрде бекіткен 1995 ж. Қазақстан Республикасының конституциясын қабылдауы болды.

Макроэкономикалық тұрақтандыру кезеңінде өткізілген нарықтық өзгерістердің қарқындылығы ең жоғары болды. Осы уақытта Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму саласындағы болашақ табыстарының негізі қаланды. Тұрақтандыруға қол жеткізу үшін бірқатар заңдар қабылданды: банкротқа ұшырау; монополияға қарсы әрекет; бюджеттік жүйе, Ұлттық банк; мұнай, салық пен міндетті төлемдер; жекешелендіру; тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау, бағалы қағаздар нарығы туралы және т.б.

Ұстамды, қатаң қаржы-несие саясаты мен мемлекеттік бюджеттің шығыстарын, сыртқы сауда мен бағаны ырықтандыруды орайластыратын, тұрақтандыру бағдарламасы құрылып, іске аса бастады. Салық және бюджеттік салалар кірісінің тез арада қысқарылуы, Қазақстанның тәуелсіз, егеменді мемлекет ретінде қалыптасуымен байланысты шығыстарды қатаң бақылауды қамтамасыз ету жағдайы да реформаланды.

Макроэкономикалық тұрақтандыруды қамтамасыз ету мақсатында төмен деңгейдегі бюджеттің тапшылығына біршама қолдау көрсетілді, мемлекеттік бюджетті қаржыландыру бірте-бірте икемді реттеле бастады. Мемлекеттік қарыз алулар оңтайлы шеңберден асып шыққан жоқ. Макроэкономикалық тұрақтандыру кезеңінің басты жетістігі – тауар мен қызмет көрсету өндірісінің қарқынын қысқарту тоқталды, сонымен қатар 1997 ж. инфляция 117,5 %-ға дейін төмендеді. Осы уақытта Теңіз кен орнын қалпына келтіру жұмыстары және Новороссийскіге дейін тартылған экспорттық мұнай құбырының құрылысы басталып, аяқталды. Сонымен, мұнай мен металдарды өндірудің нақты көлемі оларды өткізуден алынатын табыспен салыстырғанда озық өсуі орын алды. Шикізат емес өнеркәсіп салаларында да нақты көлемнің тұрақтануы мен өсу үрдісі 1995 жылдан бастап көрініс таба бастады.

Аталған шараларды іске асыру нәтижесінде әкімшіл-әміршіл экономикадан нарықтық экономикаға айналу үрдісі қайта айналмайтын сипатқа ие болды. Іс жүзінде жаңа әлеуметтік-экономикалық формацияға ауысу жүзеге асты.

Нарықтық реформалардың бірінші кезеңінің басты қорытындылары келесідей болды:

– КСРО-ның шаруашылықты жүргізудегі әкімшіл жүйенің ыдырауынан туындаған жағымсыз салдарын жеңіп шығу, әкімшіл-әміршіл экономика қағидаларынан біржола шегіну;

– еліміздегі әлеуметтік-саяси жағдайды тұрақты сақтау;

– қазақстандық нарықты тұтынушылық тауарлармен толтыру;

– нарықтық экономиканың нормативті-құқықтық базасын қалыптастыру;

– жеке секторларда жеткілікті дамыған экономиканың аралас түрі құрылды;

– Қазақстан әлемдік қауымдастыққа және халықаралық қаржы институттарына кірді;

– мемлекеттік қаржы, ұлттық валютаның бағамы, мемлекеттің банк жүйесіндегі қаржы тұрақтылығына қол жеткізілді.

Бақылау сұрақтары:

1. Тәуелсіздікке ие болу қарсаңындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы.

2. Өтпелі кезеңнің экономикалық қиыншылықтары және оларды еңсеру жөніндегі шаралар.

3. Н.Ә. Назарбаевтың «Әуелі экономика, сонан соң саясат» атты қанатты нұсқамасының мәнін түсіндіріңіз.

4. Экономиканы ырықтандыру және нарықтық қатынастардың заңдық және институционалдық негізін жасау.

5. Дағдарысқа қарсы шаралардың шұғыл бағдарламасы және әлеуметтік-экономикалық реформаларды тереңдету.

6. Президенттің «Егемен мемлекет ретінде Қазақстанның қалыптасу және даму» стратегиясы.

Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышарттары және қалыптасуы. 4-кітап

Подняться наверх