Читать книгу Кез келген адаммен, кез келген уақытта және кез келген жерде сөйлесу өнері: Тиімді тілдесу құпиялары - Ларри Кинг - Страница 2

Оглавление

«Бұл қызықты кітапта көрсетілгендей, сөз сөйлесуде Ларри Кингтен асатын ешкім жоқ. Оның негізгі ережелері: әрқашан дайын болу, тыңдай білу және әзілді түсіне білу, бұның барлығы – әркім үшін маңызды сабақ».

Генри Киссинджер

«“Кез келген адаммен, кез келген уақытта және кез келген жерде сөйлесу өнері” – нақты және пайдалы ақпаратқа толы тамаша кітап».

Томми Лазорда

«Ларри Кингтің жаңа кітабын рахаттана оқыдым, ол осыны айтуым үшін төлеген жоқ. Ойланып қарасам, ол маған оның шоуына қатысқаным үшін де ақша төлемеген. Бірақ кітап маған бәрібір ұнады».

Джордж Бёрнс

«“Кез келген адаммен, кез келген уақытта және кез келген жерде сөйлесу өнері” – мен оқыған даналық пен практикалық кеңестерге ең толы кітап. Қарым-қатынас – қажетті дағды, ал Ларри Кинг – қарым-қатынас шебері, енді ол өз білгенімен бөлісуде. Ларри бұл кітапты ертерек жазғанда, мен қазіргіден де қызығырақ мансапқа ие болар едім».

Дэн Рэзэр

Кез келген адаммен, кез келген уақытта және кез келген жерде сөйлесу өнері: Тиімді тілдесу құпиялары

Подняться наверх