Читать книгу Кез келген адаммен, кез келген уақытта және кез келген жерде сөйлесу өнері: Тиімді тілдесу құпиялары - Ларри Кинг - Страница 6
1
101 әңгіме
ОглавлениеСәтті әңгіме негіздері
• Шынайылық
• Дұрыс көзқарас
• Сөйлесушіге деген қызығушылық
• Ашықтық
Әңгімелесу – гольф ойнау, көлік жүргізу немесе дүкен басқару сияқты, яғни неғұрлым көп жаттықсаңыз, соғұрлым жақсырақ боласыз және соғұрлым сөйлесу де қызықты болады. Бірақ ең алдымен оның негіздерін түсінуіңіз керек.
Мен сөйлесуде белгілі бір жетістікке жеткеніме қуанамын. Сіздің бұл кітапты оқып отырып ішіңізден: «Ой, әрине ол сөйлесу қызық деп айта алады. Өзі жақсы сөйлейді ғой», – деп ойлауыңыз әбден мүмкін.
Сөйлеу менің табиғи қабілетім екені рас, бірақ бір нәрсеге табиғи қабілеті бар адамдар да оны дамыту үшін жұмыс істеуі керек. Талантты шеберлікке айналдыратын да – осы. Тед Уильямс – бейсболдағы мен көрген ең ұлы шабуылшы және менің өмірімдегі кез келген адамға қарағанда көбірек табиғи қабілетке ие болған адам ретінде кезінде басқалар сияқты соққы жаттығуларын жасаған.
Лучано Паваротти керемет дауыспен дүниеге келсе де ән айту сабақтарына қатысқан. Менде табиғи қабілет, сөйлеуге бейімділік бар. Бірақ айтуға сөз таппай қалған сәттерім де көп болды.