Читать книгу Білім беру аймағындағы конфликтология - Әлия Құдайбергенова - Страница 6

1 – бөлім
КОНФЛИКТОЛОГИЯНЫҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
5. Тұлғаішілік конфликтер

Оглавление

5.1. «Тұлғаішілік конфликт» ұғымы.

5.2. Тұлғаішілік конфликтерді шешу тәсілдері.

5.3. Психологиялық қорғау.

5.4. Тұлғаішілік конфликт салдары.

5.1. «Тұлгаішілік конфликт» ұгымы

Бұрынғы көптеген көрнекті ойшылдардың пікірінше, конфликт адам ішінде болады және адам конфликті тасымалдаушы болып табылады. Э. Шостром адамның ішкі жай-күйін демократияның екіпартиялық жүйесімен салыстырады. «Біздің әрқайсысымызда екіпартиялық жүйе бар, оның бір бөлігі – билікте, ал екіншісі – адал оппозицияда», – дейді ол [11, 73]. Аталған іштей екіге бөлінушілік патология болып табылмайды, бұл сау организмнің қалыпты жағдайын білдіреді. Алайда оппозиция тек адалдықты (сын, бақылау және т.б.) ғана емес, сонымен қатар ымырасыз күресті, яғни конфликті білдіреді.

Біз тұлғаішілік конфликтерді қарастырамыз, олардың шешімін табу, алдымен адамның өзіне, оның өзімен және қоршаған ортамен үндестікте, үйлесімде өмір сүре алу қабілетіне байланысты болып келеді. Мұндай конфликтерді «не бар және ненің болғанын қалау арасындағы» конфликтер ретінде шартты түрде белгілеуге болады. Аталған конфликтердің басқа да нұсқалары: «сіз нені қалайсыз және нені қаламайсыздың арасындағы», «сіз кімсіз және кім болғыңыз келетіні арасындағы» және т.б. Тұлғаішілік конфликтер – екі жағымды немесе екі жағымсыз тенденцияның күресі немесе бір субъект психикасындағы жағымды және жағымсыз тенденциялардың күресі. Тенденция жағымды және жағымсыз сәттерді бір уақытта қамтитын нұсқалар да бар (мысалы, лауазымның көтерілуі ұнамсыз жаңа мекенжайға көшуді білдіреді).

Тұлға – қоғамдық қарым-қатынас, мәдениет және индивидтің биологиялық ерекшеліктері жүйесі себеп болған әлеуметтік маңызы бар ерекшеліктердің тұрақты жүйесі. Тұлғаішілік конфликт екі немесе одан да көп тараптардың өзара әрекетін білдіреді. Бір тұлғада бір уақытта бірнеше өзара бірін-бірі жоққа шығарушы қажеттіліктер, мақсаттар, құндылықтар мен қызығушылықтар болуы мүмкін. Олардың бәрі биологиялық сипатқа ие болса да әлеуметтік тұрғыдан анықталады, себебі олар нақты әлеуметтік қарым-қатынас жүйесімен байланысты. Сондықтан тұлғаішілік конфликт әлеуметтік конфликт болып табылады.

Адамның кез келген әрекеті диалог қатысушысы ретінде өзінің ішінде Өзгемен бірлескен әрекетін және Өзгеге қарама-қайшылығын білдіреді. Алайда конфликт мағынасы бойынша бір-бірін жоққа шығаратын өзара тең тенденциялардың пайда болуына себеп болады.

Білім беру аймағындағы конфликтология

Подняться наверх