Читать книгу Адам және жануарлар физиологиясы пәнінен әшекейлендірілген. Оқу құралы - Н. Торманов - Страница 1
АЛҒЫ СӨЗ
ОглавлениеСтуденттерге білім берудегі дидактиканың басты принциптерінің бірі – дәріс беру кезіндегі материалды түсіндіру мен қатар, оның көрнекілігі. Студенттер тыңдап қана қоймай, көзбен көру арқылы қабылдайды. Сондықтан, тыңдаушылардың қабылдау аппараттарын дер кезінде іске қосу мұғалімнің міндеті.
Бәрімізге аян, адам баласының сыртқы ортадан алатын ақпараттарының 70 пайызы көзбен көру арқылы еске сақталады деген психо-педагогикалық мәлімет бар.
Биология және биотехнология факультетіндегі студенттерге ІІІ курста оқылатын негізгі пән Адам және жануарлар физиологиясы. Жыл сайын 150-ге жақын студенттерге дәріс оқылады, сонымен қатар IV курста студенттер ОЖСБ-дан (ВОУД) сынақ өтеді. Осы келтірілген фактылерді еске ала отырып, әшекейлендірілген электронды оқу құралын дайындап шығаруға талаптандық. Бұл оқу құралындағы көрнекті түрде «Адам және жануарлар физиологиясы» пәнінен жинақты кесте, сызбанұсқа, суреттер түрінде тиянақты мәліметтер келтірдік. Көрнекті материалдар түсінікті қысқа-нұсқа, анық, айқын берілген. Материалдар бір жерде жинақталып берілген. Іздеп табуға да оңай. Осы шаралардың бәрі теориялық материалдардың мазмұнын тиімді, оңай, ұзақ мерзімде студенттердің еске сақтауға жол ашады деген ойдамыз.
Оқу әдістемелік құралдың негізі пәнге арналған силлабусқа сәйкестелініп құрастырылған. Әрбір тараудың басында қысқаша теориялық түсініктеме беріліп, студенттердің назарын дәріс кезінде алынған мәліметтерге жалпы шолу, жан-жанжақты талдау жасап, өткен тақырыптарды оңай еске түсіруге мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар зертханалық және ғылыми тәжірибелер жүргізу кезінде алдына қойған мақсат – міндетіне жетуге және әдіс – тәсілдерін меңгеруге мүмкіндік туғызады.
Оқу құралының құрылымын қалыптастырудың принципі. Әрбір тараудың басы, сол тарауға сәйкес қысқаша теориялық мазмұнына тоқталады да, соңында студент өз білімін тексеру үшін тестік тапсырмалар берілген, сонымен қатар кейбір тараулардан кейін логикалық есептер құрастырылып оның шешу жолдарына жауабын студент өзі іздестіру керек. Берілген есептерді дұрыс, дер кезінде шешу үшін екі шартты орындау керек: бірінші сол есептің шарты жайлы сіздерде толық мәлімет болуы тиіс, толық ақпарат болмаса есепті шешу қиынға соғады. Екінші алынған ақпаратты қолдансаңыз шешу жолын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Есепті шешу әдісі мынадай. Алдымен есепті жоспарын құру керек. Содан кейін барлық ақпараттарды қарап шығу арқылы есеп шартында берілген мазмұнына мән берген жөн.
Шындығында, көптен есептерді шығару үшін практикалық іс әрекеттерді де қолдану керек. Кейбір есептерден тиісті ақпараттар жеткіліксіз болса, ізденіс жасап еске түсірген басты парыз.
Бұл құрастылылған алғашқы «Адам және жануарлар физиологиясы пәнінен әшекейлендірілген оқу құралының» кемшіліктері жоқ деп айта алмаймыз. Сондықтан өздерінің пікірлерін айтып, сын көзбен қарап көмек көрсетем деуші авторларға шынайы алғысымызды білдіреміз.